Геологиялыќ Б¤лім


Айдау ұңғыларының қоры бойынша ұйымдастырушылық-техникалық шараларының орындалуы және олардың тиімділігі



жүктеу 2,3 Mb.
бет11/23
Дата05.02.2018
өлшемі2,3 Mb.
#8598
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23

1.6.3 Айдау ұңғыларының қоры бойынша ұйымдастырушылық-техникалық шараларының орындалуы және олардың тиімділігі.

Айдау ұңғыларының қабылдағыштығын өсіруіне байланысты, оларда жоспар бойынша 55 ұңғ./опер. тұз қышқылымен өңдеу жүргізілуі тиіс еді, бірақ іс жүзінде 56 ұңғ./опер. жүргізілді. Соның арқасында қосымша тиімділік 471,925 мың мсу көлемінде жеткізілді. Айдау қорындағы 1 ұңғыма (№ 2460) бөліп су айдауға көшірілді.

2003 жылы НҰТШ байланысты жоспар бойынша 10 ұңғымаға әмбебап сораптарды орналастыру көзделген еді, бірақ 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 4 ұңғымада (№№ 2351, 2352, 2385, 2002) ғана жасалды.

2003 жылы № 2 және № 4 БКНС – та таза суды дайындайтын қондырғы пайдалану үшін іске қосылды.

2003 жылы 19 ұңғыманы айдау үшін көшіру жоспарланса, бірақ іс жүзінде 16 ұңғыма көшірілді.

Кесте 1.6.3.1 - 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша “Октябрьскнефть” МГӨБ – ғы ұңғылар қорының жағдайы.


Аталуы

Ұңғылар саны

1

2

Істеп тұрған қор бойынша уақытша тоқтап тұрған ұңғымалар

а) фонтанды

Жаңа

Ескі


б) терең-сорапты

Жаңа


Ескі

в) үздіксіз-дискретті газлифт

Жаңа

Ескі




14

9



-

9

1



0

1-(ЗКН)


2

-

2



Кесте 1.6.3.1 жалғасы

г) компрессорлы газлифт

Жаңа


Ескі

д) БОТЭС


Жаңа

Ескі


е) плунжерлі газлифт

Жаңа


Ескі

0

-

-



1

1

-



1

1

-



Істемей тұрған ұңғымалардың қоры

а) фонтанды

б) терең-сорапты

в) үздіксіз-дискретті газлифт

г) компрессорлы газлифт

д) ӘЭОТС

е) плунжерлі газлифт

Бұрғылаудан кейінгі игеруде

Соның ішінде фонтанды ұңғымалар


33

25

4



-

-

-



2

2

-



Жабулы тұрған ұңғымалар

жоқ

Кесте 1.6.3.1 жалғасы



Айдау қоры

Соның ішінде айдауда

Уақытша тоқтап тұрған

Игеруде


Істемей тұрған ұңғымалар

134

117


7

-

10



Бақылау қоры

Пьезометрлік

Бақылайтын


12

9

(№№ 393, 502, 326, 359, 541, 555, 745, 44, 2226.)



3-№№ 2237; 170; 364.

Арнайы ұңғымалар

жұтатын


1-(№ 2301-тұзды)

-


Барлық ұңғымалар

593

Істен шығарылған ұңғымалар

Геологиялық себептерге байланысты

Техникалық себептерге байланысты


17

7

(№№ 111, 120,122, 148,200, 303, 2459.)



10

(№№ 164, 205, 290, 216, 2024, 2210, 2436, 2213, 2205, 2399.)




Барлау ұңғымалар

7-(№№ 23, 24, 27, 28, 30, 43, 69.)

1.6.4 Жаңажол кен орынындағы ұңғыларды пайдалану әдістері.

1.6.4.1 Пайдалану әдісін негіздеу.

Мұнайды өндіру үрдісі қабаттан ұңғымалардың түбіне ағып келетін сұйықтардың қозғалысын (мұнай, газ және су), өндірілетін мұнайды ұңғыманың түбінен жер бетіне шығаруын, ұңғыма өнімдерін кәсіпшіліктік жинауын қамтиды. Пайдалану әдісі деп ұңғыма оқпанынан мұнайды көтеруді айтады. Әрқашан қабат энергиясын пайдалануға және оны ұңғымаға беру әдісіне байланысты мұнай өндіру әдістері де бәлінеді. Фонтанды мұнай өндіру әдісі деп, қабат энергиясының есебінен сұйықтың ұңғымадан көтеруін айтады, ал механикалық мұнай өндіру әдісі деп, қабатқа жасанды энергияны айдаудың есебінен сұйықтың ұңғымадан көтеруін айтады.

Жаңажол кен орнын игеру жобасы кенорынды газлифтпен, щтангалы сораппен және штангасыз сораппен пайдалануын қарастырады.

Газлифті пайдалану фонтанды пайдаланудың логикалық жалғасы болып табылады, онда жетпейтін газдың мөлшері ұңғымаға жер бетінен айдалады. Бірақ, Жаңажол кен орынның аумағында, сексенінші жылдардың аяғында газды өңдейтін зауыт салынып, соның арқасында өңделген газ магистралды құбырлар арқылы Ақтөбе облысының тұрмыстық қажеттіліктерін өтеуге тасымалданады. Сондықтан 1990 жылдан бастап, кенорын ШТС – қа көшірілсе, ал 2003 жылы 6 ұңғыма БОТЭС – қа көшірілді.



1.6.4.2 Штангасыз ұңғымаларды пайдалану.

Ортадан тепкіш түріндегі жұмыс дөңгелектері бар лопасты сорапты көп мөлщердегі сұйықты ұңғымалардан алу үшін пайдаланады. Ол өз кезегінде өзінің өлшемдеріне және сұйықты алуына байланысты үлкен арынды қамтамасыз етеді. Осы қондырғыларды электртүптік сораптар деп атайды.

Түсірілетін электрқозғалтқыш арқылы ұңғыманың ортадан тепкіш сораптары іске қосылады. Қозғалтқышқа электр энергиясы арнайы желі арқылы беріледі. БОТЭС қондырғыларына қызмет көрсету жеңіл, өйткені жер бетінде басқару станциясы мен трансформатор бар. БОТЭС – тың көп мұнайды алу қабілетіне байланысты ПӘК – ті де үлкен, сондықтан бұл қондырғылар штангалы қондырғылармен, газлифтпен бәсекеге түсе алады.

Пайдаланудың мұндай әдісінде парафиннің түзілімдерімен күрес автоматты сымды скребтердің көмегімен, сонымен қатар СКҚ ішкі бетін жалатудың көмегімен тиімді жүргізіледі.



Ұңғыманың сорабында 80-400 саты бар. Сораптың төменгі бөлігіндегі тордан сұйық келеді. Түсірілетін электрқозғалтқыш майға толы, саңылаусыздандырылған болып келеді. Электрқозғалтқышқа қабаттың сұйығын болдырмау үшін, оған гидроқорғаныс жібі қондырылады. Жер бетінен электрэнергия дөңгелек желімен, ал сораптың маңында жазық желімен таралады. Қозғалтқыштағы токтың 50 Гц жиілігінде, біліктің айналу жиілігі 3000 мин және 2800 – 2950 мин құрап, сонымен қатар осы біліктің айналу жиілігі синхронды болып табылады.

Токтың кернеуін 380 В – тан 400 – 2000 В-қа дейін көтеру үшін трансформатор (автотрансформатор) пайдаланады.

Басқару станциясында токтың күшін және кернеуді көрсетіп тұратын құралдар болғандықтан, қондырғыны қолдан немесе автоматты түрде сөндіруге болады.

СКҚ тізбегі кері және ағызып жіберу клапандармен жабдықталған. Сорап тоқтаған кезде кері клапан сұйықты СКҚ – да ұстап қалады, бұл өз кезегінде қондырғының іске қосылуын жеңілдетеді, ал ағызып жіберу клапаны, кері клапан орнатылған агрегатты көтерудің алдында сұйықты СКҚ – дан босатады.



2003 жылдан бастап 6 ұңғыма БОТЭС – қа көшірілді. 225УЭЦНАКИ5 -125 – 1950 орнатылған қондырғысы бірінші кезеңде, электрлі қоректендірудің 50 Гц жиілігінде өндіру шығымын 105 – 160 м/тәу. қамтамасыз етеді.

Бірақ ұңғымадан сұйықты алу кезіңде, үлкен және бірқалыпсыз газ факторында сораптың іліну аймағында мұнайдың газсыздандыруы туу мүмкін. Мұндай әсерді болдырмау үшін, жиілікті ауыстыруды қамтамасыз ететін басқару станциясы арқылы, қондырғының кернеулік жиілігін өзгерту арқылы пайдалану әдісін таңдап алуымыз керек.

Обьектілер бойынша өнімнің сулануы 50 % болған кезде, өнімдегі газдың құрауы келесідей тереңдіктерге сай келеді:

А жиынтығы - 10 % -2042 м, 25 % -1242 м;

Б жиынтығы - 10 % -2060 м, 25 % -1160 м

В жиынтығы - 10 % -2000 м, 25 %-1060 м;

Г жиынтығы - 10 % -2300 м, 25 %-1400 м;

Д ж. жиынтығы - 10 % -2600 м, 25 %-1700 м;

Д т. жиынтығы - 10 % -2815 м, 25 %-1815 м.

1.7 Арнайы бөлім

Газды фактор БОТЭС – тың жұмысына әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Ұңғыма жұмысының оптималды режимін және пайдалану әдісін таңдаған кезде газды факторға үлкен мән беріледі.

Сумұнайлы қоспасының құрамында газдың болуы, сол қоспаның қасиетін және сораптың жұмыстық сипаттамасын өзгертеді. Қоспадағы оптималды газ мөлшерінің болуы мұнайдың қасиетіне және сол қоспада судың болуына байланысты.

Қондырғыны пайдаланудың техникалық шарттарына байланысты сораптың ішіне мұнайдың кіруі алдында, мұнайдың құрамында газдың мөлшері 25 % - дан артық болмауы керек, бірақ іс жүзінде өндірілетін өнімнің құрамындағы газдың мөлшері

5 – 25 % аралығында болады.

БОТЭС – пен пайдаланатын, ұңғымалардағы газбен күресетін келесідей әдістер белгілі:

- сораптың оптималды өнім беруін және оның тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін аймаққа түсіру;

- әр түрлі құрылымдағы айырғыштарды қолдану;

- сораптың қабылдау бөлігіндегі жабдықтарды монтаждау;

- құбыр аралық кеңістікке мүмкіндігінше газды жіберу;

- комбинирленген, яғни сатылы сораптарды пайдалану.

Сораптың қабылдау бөлігінде қанығу қысымына тең болатын немесе сол шамаға жуық болатын қысымды тудыру. Бұл әдіс технологиялық және ұйымдастырушылық жағынан қарапайым, бірақ тиімді емес, өйткені сорапты ұңғыманың тереңдігіне пара-пар келетін тереңдікке түсіруге тура келеді.

Бұл дегеніміз СКҚ-ға, желіге, электр энергиясына және түсіріп-көтеру жұмыстарына кететін шығындар да, ұңғыманың тереңдігіне сәйкес арта түсетінің көрсетеді, кейде техникалық себептерге байланысты бұл шара жүзеге асырылмай қалады.

Айырғыштарды пайдалану. Бұл әдіс сораптың қабылдау бөлігіндегі арнайы жабдықтардың көмегімен, сақиналы кеңістікке газдың жіберуін, сұйықтан газды айыруын қарастырады.

Диспергаторларды қолдану. Жұқа дисперті ортадағы ұсақ дисперсті құрылымның пайда болу есебінен, диспергаторлар сораптың қабылдау бөлігінде қабылдайтын газ мөлшерін 0,1- ден, 0,25-ке ұлғайту үшін пайдаланады. Диспергаторлар сораптағы бірнеше сатылардың орнына, сораптың ішкі жағына немесе сыртқы жағына орнатады. Тұтқыр эмульсияны түзейтін, суланған ұңғымаларда диспергаторларды пайдалану тиімді, өйткені ол өз кезегінде эмульсияның бұзылуын қамтамасыз етеді.

Диспергатор ағынның күшті турбулизаторы болып табылады,сондықтан газсұйықты қоспаның құрылымын тиімді түзетеді.

Құбыр аралық кеңістікке газды жіберу. Ұңғыманы пайдалану үрдісінде, құбыр аралық кеңістіктегі қабылдау облысында газдың бір бөлігін сұйықтан айырады. Кабылдау облысында газ жинала келіп, сорапқа сұйықтың келуін қиындатады, бұл өз кезегінде сораптың беруін төмендетіп, ондағы құрғақ үйкеліс әлпінде апатты жағдайға алып келуі мүмкін. Сонымен қатар газ қабатқа қарсы қысым туғызып, сұйықтың ағынын төмендетеді.

Құбыр аралық кеңістіктен газды сорып алатын, автоматты жұмыс істейтін сағалық немесе ұңғымалық эжекторларды және кері клапандарды пайдалану әдістері белгілі.

Комбинирленген сораптарды пайдалану. Егер сораптың қабылдау бөлігінде кейбір сатыларды, өнімді көп беретін сатылармен алмастырсақ, онда газдың зиян әсері төмендейді. Мұндай сатыларда каналдар көп болғандықтан, сорапқа келетін газсұйықты қоспаның мөлшері де көп болмақ. Сораптағы сериялы сатыларға қоспа тиген кезде, оның көлемі газдың еруі және сығылуы есебінен төмендейді, соның арқасында сораптың оптималды беруіне қол жеткізіледі.

БОТЭС-тың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін, сораптың түріне байланысты, сорапқа келетін қоспаның құрамындағы еркін газдың мөлшері 5 пайыздан, 25 пайыз аралығында болуы керек немесе еркін газдың ұлғаюы сорап жұмысының қиындауына әкеліп соғады. Газдалған сұйық ұсақ дисперсті ортада болып, құрамындағы газдың мөлшері, рұқсат етілген газдың мөлшерінен аспаса, онда сорап та бір қалыпты жұмыс істейді, өйткені сорапта қоспаның тығыздығы және тұтқырлығы азаяды. Көбінесе сорапқа келетін газдың көп болуына байланысты, сораптағы жұмысшы дөңгелектердің каналдары жартылай немесе толығымен жабылып қалады, бұл сораптың өнім беруінің азаюына, оның істен шығуына әкеліп соғады. Кейбір жағдайларда сұйық ағынының жетіспеушілігінен, сораптағы электрқозғалтқыш нашар суытылып, істен шығады.

Жоғары газдалған сұйықты айдау үшін, батпалы сораптың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін, газ айырғыштары пайдаланады.

Газ айырғыштар мен диспергаторлар сораптың ПӘК-ін ұлғайтуға, қажетті өнімділігін қамтамасыз етуге, сораптың жұмыстық мүшелерін газдың жабуынан және кавитациядан алдын алуға мүмкіндік береді.

Диспергаторлардың жұмыс істеуінің негізгі мақсаты, айдалатын газсұйықты қоспадағы газ көпіршіктерін қажетті диаметрге келтіру болып табылса, ал газ айырғыштардың жұмыс істеуінің негізгі мақсаты, айдалатын қоспадағы газ фазасын жою болып табылады.

Жоғарыда аталған жабдықтар негізінен сораптың бірінші сатысында орналасады, яғни сораптан өтетін сұйық ең алдымен сорапқа келместен бұрын, жоғарыда аталған жабдықтар арқылы өтеді деген сөз.

Газ айырғыштардың үш түрі шығарылады:

1) гравитациялы;

2) вихревті;

3) ортадан тепкіш.

Ортадан тепкіш газ айырғыштар ЭОТС- ты еркін газдың зиян әсерінен берік қорғайды. Пайдаланудың параметрлері және ұңғымадағы батпалы сораптың жөндеу уақытынан ерте істен шығуы, осы газ айырғыштарының жұмысының тиімділігіне байланысты болады.

Газ айырғыштарда туатын ортадан тепкіш немесе гравитациялық күштерінің әсерінен пайда болатын газ көпіршіктерінің жүзбелілігін, сұйықтан газды бөлу үшін

пайдаланады.

Гравитациялық айырғыштың айыру коэффициенті төмен, ортадан тепкіш айырғыштың айыру коэффициенті жоғары болып келсе, ал вихревті айырғыштың айыру коэффициенті, гравитациялық айырғыш пен ортадан тепкіш айырғыштың айыру коэффициенттерінің аралығында болады.



жүктеу 2,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау