|
«Газтурбиналы қондырғылар (ГТҚ)» пәні
|
Дата | 25.11.2017 | өлшемі | 12,84 Kb. | | #1501 |
| «Газтурбиналы қондырғылар (ГТҚ)» пәні - Төлеуов Қалдыбай Төлеуұлы педогогикалық жұмыс стажы - 35 жыл
- Әбдікәрімов Садратдин Әбдікәрімұлы - педогогикалық жұмыс стажы - 30 жыл.
- Алин Жұмағұл Құлахметұлы
- - педогогикалық жұмыс стажы - 25 жыл.
-
- «Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтар» кафедрасының профессоры мен доценттері.
- Барлығы 3 кредит
- Курс 3
- Семестр 5
- Емтихан тест
Аңдатпа - Аңдатпа
- “Газтурбиналы қондырғылар” пәнінің ОӘК – ні Қ.И.Сатбаев атындағы ҚазҰТУ – дың ОӘД – нің көрсетпесі негізінде кредит жүйесінде оқитын студенттерге арналып жазылған. Мұнда қажетті материялдар мен пәннің оқу бағдарламасы – Sillabus берілген. ОӘК – де магистральды газ құбырларының компрессор станцияларында қолданылатын газайдағыш агрегаттар мен газтурбиналы қондырғылардың түрлері, жұмыс схемалары толық келтірілген.Студенттер пәнді оқу барысында ГТҚ – дың құрылысы мен жұмыс істеу принциптерін және оларға қажетті есептеулер мен өзіндік жұмыстарды орындауға мүмкіндік алады.
- Пәнді оқыту мақсаты
- Пәнді оқыту мақсаты – студентерді мұнай және газ өнеркәсібінде, сондай-ақ ,магистальды газ құбырларының компресорлық бекеттерінде қолданылатын газтурбиналы қондырғыларды (ГТҚ) пайдаға асырумен байланысты практикалық есептердің шешімін табуға дайындау болып табылады.
- Пәнді оқыту міндеттері
- Пәнді оқыту міндеттеріне әртүрлі үлгідегі(схема) және әртүрлі циклді ГТҚ конструкцияларымен және жұмыс істеу принциптерімен таныстыру, олардың термодинамикалық есептеу әдістерін, жетектегі агрегаттың негізгі параметрлері мен жұмыс тәртібін бақылау дағдысын, газшығырлы қондырғылардың ақауын анықтау(диагностика) әдістерін меңгеру жатады.
- Пәннің ролі мен маңызы
- Газтурбиналы қондырғылар «Технологиялық машиналар мен жабдықтар», «Газмұнай құбырлары мен газмұнай қоймасы құрылысы» мамандықтары бойынша бакалаврларды дайындауға негізгі пәндердің бірі болып есептеледі. Ол жоғарғы математика, физика, жылу техника, гидравлика және гидравликалық машиналар, есептеу техникасы және бағдарламалау пәндері бойынша білімдермен негізделеді және профильдік(мамандық) пәндермен байланысты.
Материялды негізгі сұрыптау және құрастыру принциптері. - Материялды негізгі сұрыптау және құрастыру принциптері.
- Табиғи газды тасымалдаудың негізі құбырлы тасымалдау. Табиғи газды құбырлы тасымалдау үшін компрессорлы станциялар қолданылады. Газ кәсіпшілігінде магистральды газ құбырларында газайдағыш агрегаттар (ГАА) ретінде газтурбиналы жетекті (80% аса) ортадан тепкіш айдағыштар (ОТА) қолданылады. Сондықтан : магистральды газқұбырларының жұмыс тәртібімен көрсеткіштері: Әртүрлі газтурбиналы қондырғылардың (ГТҚ) принципиялдық схемалары, құрылымдары, сипаттамалары; ОТА құрылымдары және сипаттамалары; ГТҚ – ның және ГАА – ның техникалық күйінің диагностикасы; ГТҚ – ды магистральды құбырларында пайдалану; КС – дағы ГТҚ – дан шығатын газдардың жылуын қайта пайдалану жолдары мен тәсілдері.
- Пәнді оқыту түрі және әдісі.
- - күндізгілік және аудиториялық ( теориялық, практикалық сабақтар: өткізілетін сабақтардың түрлері – дәрістер, практикалық сабақтар, семестрлік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, СӨж, СӨӨЖ; оқу процесінде интерактивтік тақталар, плакаттар, схемалар, ОӘК, әдістемелік оқу - әдістемелік нұсқаулар қолданылады.
- Нәтижелер – мұнай және газ кәсіпшілігінде ГТҚ – ды пайдалануға байланысты теориялық және практикалық білім алуға дағдыландыру, сонымен қатар магистральды газ құбырларындағы КС – ды оқып уйренеді. Әртүлі үлгідегі және циклдағы ГТҚ – дың конструкциялары мен жұмыс істеу принциптерін, олардың негізгі параметрлері мен жұмыс тәртібін бақылауды және ГТҚ - ныңдиагностикалық әдістерін меңгеру.
- Білімді бақылау және бағалау
- Қ.Ә.Сәтпаев атындағы Қазақ-ұлттық техникалық университетінде несиелік технологиямен оқитын барлық курстарда және барлық пәндер үшін студенттер білімін рейтингтік бақылау қолданылады. Білімдерін бағалау туралы барлық мәліметтер барлық бақылау түрі көрсетіп тұратын шкала түрінде балдық рейтингтік жүйе бойынша орандалады.
- Әр пән рейтингі-100 балдық жүйе бойынша. Әр пән үшін бақылаудың келесі түрлері тағайындалады: ағымдағы, аралық бақылау, қорытынды бақылау.
- Ағымдағы бақылау түріне: бақылау жұмыстары және зертханалық жұмыстарды орындау және семестрлік тапсырмаларды орындау жатады. Аралық бақылау тесттік немесе ауызша сұрау ретінде жүреді. Қорытынды бақылауға емтихан жатады. Балдарды қою төмендегі кестеде келтірілген.
- кесте
- Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдардың бөлу
Негізгі ғылыми жұмыстардың бағыттары. - Негізгі ғылыми жұмыстардың бағыттары.
- Ғылыми жұмыстардың негізгі бағыты жылу қозғалтқыштарының жұмыс процестерін, жылу алмасуды және олардың тиімділігін арттыру жұмыстарын зерттеу.
- Ұсынылатын дипломдық жоба тақырыптары.
- - Университеттің білім порталында www.kazntu.kz. “страница кафедры” және “страница преподователья” рубрикаларында көрсетілген. Пән бойынша студенттердің үлгерімдерінің орташа балы 80-90 %.
- Курстың политикасы және процедурасы
- * Міндетті түрде барлық дәрісханалық сабақтарға, соның ішінде күнтізбелік cабақ кестеге кіргізілген СӨОЖ дәрісханалық сабақтарға қатысу.
- * Студенттер СӨЖ орындауға берілген семестірлік жүмыстарын офистік СОӨЖ ың уақытында күнтізбелік сабақ кестесіне сәйкес қорғайды;
- * Аралық бақылаулар ( тестілік немесе сұраулар), күнтізбелік кестеге сәйкес СОӨЖ кезде аудиторияда орындалады.
- * Үй тапсырмаларын студент өзі СӨЖ шеңберінде орындайды және күнтізбелік графикке сәйкес СОӨЖ кезінде офиста тапсырады;
- * Студент қандай да бір бақылау түрі кезінде тапсырмаса, онда оны офисте СОӨЖ кезінде, бірақ осы бақылау түрі бойынша логикалық тізбек тәртібімен тапсыруына болады;
- * Күнтізбелік графикте келтірілген барлық бақылау түрлерін тапсыру реті пәнді оқу тәртібіне және оның модульдік жүйе құрылысына сәйкес болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|