Фирмалық кестедегі деректер
Бұл деректер қосалқы бөлшектерге тапсырыс берген жағдайда және Сервис қызметі мамандары үшін құрылғыны
бірегейлендіруде өте маңызды. Фирмалық кесте двигательдің қасына орналастырылады. Төменде бейнеленген рамкаға
Сіздің мотошалғыңыздағы фирмалық кестеде келтірілген барлық деректерді енгізіңіз.
________________
________________
________________
Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық пайдаға асыру
Δ Назар аударыңыз!
Двигательдің майы қоршаған ортаға қауіп төндіреді.
Өңделген майды экологиялық пайдаға асыруға жауапты қабылдау пунктіне тапсырыңыз.
Жұмыс істеп біткен батареялар/аккумуляторлар қоршаған ортаға қауіп төндіреді.
Ескі батареялар/аккумуляторлар қандай жағдайда болмасын қоқыс шелегіне тасталмауы тиіс. Жұмыс істеп біткен
батареяларды/аккумуляторларды Өзіңіз мотошалғы сатып алған сауда ұйымына немесе арнайы қабылдау пунктіне
тапсырыңыз. Мотошалғыны металлоломға тапсырар алдында батареяны/аккумуляторды бөлшектеңіз.
Мотошалғы ұсақ жануарларға қауіп төндіреді.
Кірпілер және басқа ұсақ жануарлар сіздің қорғауыңызға мұқтаж. Сондықтан шөп шабуға кіріспес бұрын жұмыс
жүргізілетін учаскені мұқият қарап шығыңыз.
Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін
Мотошалғыны қалай дұрыс пайдалануға болады
Осы мотошалғы тек қана:
- осы нұсқаулықта келтірілген техника қауіпсіздігі туралы сипаттамалар мен нұсқауларға сәйкес пайдаланылуға;
- көгалдарда және іргелес учаскелерде шөп шабуға арналған.
Жиынтықтағы қуаттандырғыш құрылғы мотошалғыда қолданылатын аккумуляторды қуаттау үшін ғана арналған.
Аккумулятор осы қуаттау құрылғысының көмегімен ғана қуатталуы тиіс. Мотошалғыны жоғарыда айтылған келтірілген
нұсқаудан шыға отырып кез келген пайдалану мақсаты бойынша пайдаланылмаған деп қарастырылады. Осының
салдарынан орын алған жарамсыздыққа дайындаушы фирма ешқандай жауапкершілік көтермейді: барлық
жауапкершілікті пайдаланушы көтереді. Құрылғының құрылымына өз жеке бастамасы бойынша өзгерістер енгізу
осының салдарынан орын алған жарамсыздыққа дайындаушы фирма қандай да бір жауапкершілік көтермейді.
Техникалық қауіпсіздік және дұрыс пайдалану жөніндегі нұсқауды орындаңыз
Осы құрылғыны пайдаланушы ретінде оны қолданудан бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. Осы
нұсқаулықта келтірілген нұсқауға сәйкес жұмысқа кірісіңіз және оны кейіннен қажет болып қалуы мүмкін болғандықтан
сенімді жерге сақтаңыз.
Техника қауіпсіздігі жөнінде жалпы нұсқау
Осы бөлімде техника қауіпсіздігіне қатысты жалпы ақпаратты табасыз. Құрылғы құрылымының жекелеген нақты
элементтеріне, оның функцияларына немесе орындалатын жұмыстарға қатысты ескертулерді Сіз осы нұсқаулықтың
тиісті бөлімдерінен табасыз.
Құрылғымен жұмысты бастар алдында
Осы құрылғыны пайдаланушы адам қандай жағдайда болмасын алкоголь, есірткі немесе белгілі-бір дәрі-дәрмектер
секілді масайтатын заттардың әсерінде болмауы тиіс. 16 жасқа толмаған адамның шалғыны пайдалануына тыйым
салынады. Жұмысты бастар алдында барлық саймандармен және басқару элементтерімен, сондай-ақ олардың қалай
жұмыс істейтінімен жақсы танысып шығу керек. Жанармайды тек осыған арналған ыдыстарда сақтаңыз және ешқандай
жағдайда жылу көзіне жақын жерге (мысалы, ошақтың немесе ыстық суы бар бойлердің қасына) қоймаңыз. Ешқашан
жұмыс істеп тұрған шалғыға немесе әлі де суымаған двигательге жанармай құймаңыз. Шалғыға жанармайды әрқашан
ашық аспан астында құйыңыз. Егер өткізгіш труба, жанармайға арналған бак немесе оның қақпағы зақымдалған болса,
онда оларды дереу ауыстыру керек. Жұмысқа кірісер алдында:
- шөп жинауға арналған сайман жұмыс істей ме және шөп тастағыштың қақпағы жақсы жабыла ма осыны бақылаңыз. Тез
тозатын детальдарды ауыстырыңыз және құрылымдағы жоқ элементтерді құрастырыңыз;
- кескіш детальдардың, бекіткіш болттардың және бүкіл кескіш блоктың тозбағандығын, зақымдалмағанын тексеріңіз.
Тозығы жеткен немесе бүлінген қосалқы бөлшектер жөндеу шеберханаларының мамандарынының күшімен жаңасына
және толық ауыстырылуы тиіс. Бұл дисбаланстың туындауының алдын алуға мүмкіндік береді. Пайдаланылатын қосалқы
бөлшектер дайындаушы фирманың талаптарына жауап беруі тиіс. Тек фирмалық қосалқы бөлшектер ғана осы
талаптардың кепілдіктеріне жауап бере алады. Сондықтан тек фирмалық қосалқы бөлшектерді немесе дайындаушы
фирма пайдалануға рұқсат берген қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз. Шалғыны тек жөндеу шеберханаларының
мамандары жүргізуі тиіс.
Құрылғымен жұмыс істеу кезінде
Осы шалғының көмегімен жұмысты орындау кезінде немесе құрылғыға күтім жасау/жөндеу кезінде тиісті жұмыс киімін
киген жөн, мысалы:
- қорғағыш аяқ киім;
- ұзын шалбар;
- өзіне шақ киім;
- қорғағыш көзілдірік.
Барлық қорғағыш саймандар әрқашанда өз орнында тұрғаны жөн және жақсы жағдайда болғаны дұрыс. Қандай жағдайда
болмасын қорғағыш саймандардың құрылымына қандай да бір өзгеріс енгізуге болмайды. Құрылғыны пайдалануға ол
сондай техникалық жағдайда болғанда, дайындаушының ескертпелеріне сәйкес келгенде және ол пайдаланушыға қандай
жағдайда болса, сондай күйде болғанда ғана енгізуге болады. Көгалшалғының маңайында ашық жалынды, ұшқын
шығаратын заттарды пайдаланбаңыз, шылым шекпеңіз.
Мотошалғыға қызмет көрсету бойынша кез келген жұмысқа кірісер алдында
Жазатайым жағдайлардан қорғану үшін кез келген жұмысты бастардан алдын мыналарды істеу керек:
- двигательді сөндіру;
- егер мыналар болса:
оталдырғыштың кілтін шығару (арматуралық тақтада) немесе сақтандырғыш кілтті (двигательден) алу;
- құрылғының барлық қозғалғыш детальдары тоқтағанша және двигатель суығанша күте тұру;
- двигательдің байқамай қосылып кетуін болдырмау үшін двигательден оталдырғыштың тұтатқыш штекерін шығарып
қою;
- механикалық іске қосқышы бар мотошалғымен жұмыс істемек болған жағдайда жұмысты орындар алдында сайманның
серіппесін дербес қосылу үшін қосымша түсіріп қою керек (“Старттық серіппені басқару/түсіру” бөліміндегі ақпаратты
қараңыз);
- двигательді пайдалану жөніндегі нұсқаулықта келтірілген техника қауіпсіздігі бойынша қосымша нұсқауды қараңыз.
Мотошалғыға қызмет көрсету жөніндегі жұмысты аяқтау кезінде
Ешқашан двигательді өшірместен және оталдырғыш (егер арматуралық тақтада мұндайлар болса) немесе сақтандырғыш
кілтті (двигательден) кілтті алмастан мотошалғының жанынан кетпеңіз.
□
Қорғағыш саймандар
1-сурет
Сақтандырғыш тұтқа 1
Сақтандырғыш тұтқа Сіздің қауіпсіздігіңізді арттыру үшін, Сіз апат жағдайында двигатель мен кескіш механизмді дереу
тоқтату үшін қызмет етеді. Қандай жағдайда болмасын бұл сайманды істен шығаруға болмайды.
Лақтырғыштың қақпағы немесе тойтарғыш 2/3
Лақтырғыштың қақпағы /тойтарғыш Сізді кескіш механизмнен немесе шөп шабу кезінде ұшып кететін қатты заттардан
жараланудан қорғайды. Егер ол қақпақпен немесе тойтарғышпен жарақтандырылғанда ғана мотошалғыны пайдалануға
болады.
Мотошалғыдағы символдар
Мотошалғыдан Сіз әр түрлі символдары бар жапсырмаларды табасыз. Төменде символдарға түсіндірмелер берілген:
□ Жарақаттану немесе материалдық зиян шегу қаупі бар.
□ Пайдалану алдында осы нұсқаулықты оқып шығыңыз және онда келтірілген нұсқауды, әсіресе, “Сіздің қауіпсіздігіңіз
үшін” деген бөлімдегі нұсқауды қатаң орындаңыз.
□ Айналғыш пышақтармен немесе басқа детальдармен жарақаттану қаупі бар. Ешқашан қолыңызды және/немесе
аяғыңызды шалғы құрылымының айналғыш элементтеріне апармаңыз.
□ Тайғанақтау салдарынан жарақаттану қаупі бар – ешқашан дымқыл ауа-райында жұмыс істемеңіз.
□ Кескіш механизмді жөндеу бойынша жұмысқа кірісер алдында оталдырғыш свечаның штекерін алып тастаңыз.
□ Лақтырылатын шөптерден немесе қатты заттармен жарақаттану қаупі бар.
□ Жұмыс учаскесінде бөгде адамдар, әсіресе, балалар, немесе жануарлар тұруға болмайды.
□ Жайпақ еңістерде жұмыс істеу қауіпті.
□ Мотошалғымен кез келген жұмысқа кірісер алдында, ең алдымен, одан ары кетіп, двигательді сөндіріңіз және
оталдырғыш кілтті алып тастаңыз. □Сондай-ақ, “Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін” деген бөлімде келтірілген нұсқауды
қосымша орындаңыз.
□ Жарақаттану қаупі бар – орнатылған тойтарғышпен ғана жұмыс істеңіз.
□ □ □ □
□ Жарақаттану қаупі бар – орнатылған лақтырғышпен ғана жұмыс істеңіз.
□ Жарақаттану қаупі бар – орнатылған артқы скобамен ғана жұмыс істеңіз.
□ Осы барлық символдар мен бейнелердің көрініп тұруын қадағалаңыз.
Нұсқаулықтағы символдар
Осы нұсқаулықта Сіздің назарыңызды қауіпке немесе маңызды нұсқауға аударатын символдар пайдаланылған. Төменде
осы символдарға түсіндірмелер берілген:
Δ Қауіп!
Сіздің назарыңыз адамдардың жарақаттануына соқтыратын сипатталған қызметке байланысты қауіпке
аударылады.
Δ Назар аударыңыз!
Сіздің назарыңыз материалдық зиянның туындауына алып келетін сипатталған қызметке байланысты қауіпке
аударылады.
Құрастыру
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың соңында немесе нұсқаулыққа қосымшада мотошалғының құрастыру процесінің
бейнесі суреттерде берілген.
Қызмет көрсету
Δ Қауіпті!
Жазатайым жағдайдың туындау қаупі бар.
- Бөгде адамдар, әсіресе, балалар мен жануарлар шалғы жұмыс істеп тұрған кезде оның қасына жақын тұрмауы тиіс.
Олар шөп шабу кезінде ұшатын қатты заттармен жарақаттануы мүмкін. Балалардың шалғыны мүлдем пайдаланбауы
тиіс.
Құлау қаупі бар.
- Шөп шаба отырып мотошалғыны алға қарай ақырын қозғалтыңыз.
- Егер Сіз артқа қарай шөп шапсаңыз және шалғыны өзіңізге тартсаңыз өте сақ болыңыз.
- Тік еңістерде шөп шабу кезінде шалғы аунап кетіп, Сізді жарақаттауы мүмкін. Сондықтан мотошалғыны әрқашан
еңіске перпендикулярлы қалыпта жүргізіңіз. Ауыстыру бағытын өзгерту кезінде әсіресе абай болыңыз. Ешқашан
тіктігі 20% -тен асатын баурайда шөп шаппаңыз.
- Жол шетінде, бұталы немесе тік баурайларға жақын жерлерде шөп шабу кезінде жарақаттану қаупі бар.
- Дымқыл шөпті шабу кезінде жермен арадағы тұтқырлық әлсіз болғандықтан шалғы тайғанақтап, Сіздің құлауыңыз
мүмкін. Сондықтан тек құрғақ шөпті шабыңыз.
- Күндізгі жарықта немесе қолдан жақсылап жарықтандырылған жерде ғана жұмыс жүргізіңіз.
Жарақаттану қаупі бар.
Шөп жинау саймандары бар құрылғы:
- Шөп жинауға арналған сайманды алу кезінде Сіз шығарылған шөппен немесе ұшатын қатты заттармен жарақат
алуыңыз немесе басқаларды жарақаттауыңыз мүмкін. Сондықтан ешқашан жұмыс істеп тұрған двигательден шөп
жинауға арналған сайманды босатпаңыз: алдымен мотошалғыны өшіріңіз.
Мотошалғылардың барлық үлгісі үшін:
- Шалғыны жаяу жүргіншілер жолдарында немесе шығар жолдарда алып өту үшін алдымен двигательді өшіру керек.
- Шалғы пайдаланылатын учаскені бақылап шығыңыз және одан шалғы ұстап алған және лақтырып тастаған барлық
затты алыңыз.
- Шалғыны аудару үшін кескіш механизмдер толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
Тұншығу қаупі бар.
- Тұншығу көміртегі қышқылын ішке тарту салдарынан тууы мүмкін. Іштей жану двигателін жақсы желдетілетін үй-
жайда және ашық аспан астында қосқан дұрыс.
Жарылыс және өрт қаупі бар.
- Бензин буының жарылу қаупі бар. Бензиннің өзі тез тұтанатын сұйықтыққа жатады.
- Двигательдің багын оны қосар алдында толтырыңыз. Жұмыс істеп тұрған двигательдегі немесе әлі суымаған
двигательдегі жанармайы бар бакті жақсы жабылған күйінде ұстаңыз.
- Двигатель өшіріліп, суығаннан кейін багын толтырыңыз. Көгалшалғының қасында тұрып ашық жалынды, ұшқын
шығаратын заттарды пайдаланбаңыз, шылым шекпеңіз. Шалғыға үнемі ашық аспан астында жанармай құйыңыз.
- Егер жанармай төгіліп кетсе, шалғыны жанармай төгіліп былғанған учаскеден алып кетіңіз, сөйтіп жанармай
буланып ұшып кеткенше күте тұрыңыз.
- Өрттің туындауын болдырмас үшін шөптер мен жанармайдың мотошалғы құрылымының мынадай бөлшектеріне
түспегені дұрыс:
- двигатель,
- шығарғыш труба,
- батарея/аккумулятор,
- бензобак.
Шалынысу қаупі бар.
- Шалғыны тек қадамдық қарқында жүргізіңіз.
Δ Назар аударыңыз!
Материалдық зиянның туындау қаупі бар.
- Тастар, ұшатын бұтақтар немесе осыған ұқсас заттар шалғының бүлінуіне және оның жұмыс істеуінің бұзылуына
алып келуі мүмкін. Шалғыны әрбір пайдаланудың алдында жұмыс учаскесін басқа заттардан тазартқан жөн.
- Шалғыны мүлтіксіз жағдайда болғанда ғана пайдалану керек. Жұмыс басталар алдында көзбен қарап шығу керек.
Әсіресе, қорғаныш саймандарды, басқару бөлшектерін және бекіткіштердің винтпен жалғасқан жерлерінде ақаудың
жоқтығын және мықтылығын мұқият қараған жөн. Зақымдалған детальдарды құрылғыны пайдалану алдында
ауыстыру керек.
Жағдайды көрсететін деректер
Мотошалғыдағы детальдардың жағдайын көрсету кезінде (мысалы, солға, оңға) біз базалық нүкте ретінде
құрылғының тартқыш тұтқаны аламыз. Есептеу жұмыстың орындау бағытына қарай жүргізіледі.
Δ Назар аударыңыз!
Қауіпті жағдайдың туындауынан қашу үшін тасымалдау кезінде момтошалғы мотор майынсыз қойылады.
- Сондықтан шалғыны бірінші рет пайдаланар алдында двигательді пайдалану жөніндегі нұсқаулықта сипатталғандай
двигательді маймен толтырамыз.
1. Шалғыны жұмысқа дайындау
□ Бакқа “қалыпты” қорғасыны жоқ” бензин құйыңыз. Бакті ешқашанда қатты толтырып жібермеңіз. Құйғыш
патрубканың төменгі жиегіне дейін бір сантиметрге жетпейтін деңгейге дейін бензин құйыңыз.
□ Бакті үнемі қақпақпен жабыңыз.
Электр қосқышы бар құрылғы:
Δ Назар аударыңыз!
Аккумуляторды тек қана құрғақ үй-жайда қуаттаңыз.
2-сурет
□ Мотошалғыны бірінші рет пайдалану алдында аккумулятор кем дегенде 24 сағат қуатталуы тиіс. Жеткізілген
жиынтықтағы қуаттау құрылғысын ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
□ Қуаттау құрылғысын ажырату кері кезектілікпен орындалады.
Шөп жинауға арналған саймандары бар құрылғы:
2. Шөп жинауға арналған сайманды құрастыру
11-сурет
□ Лақтырғыштың қақпағын көтеріп, шөп жинауға арналған сайманды жалғаңыз.
3. Кескіштің биіктігін орнату / Алдыңғы доңғалақты оқшаулау
3-сурет
Шөп қаншалықты қысқа орылатына қарай қалауынша орнатылады.
Үлгісіне қарай:
□ доңғалақты қажетті деңгейде бекітіңіз
немесе
□ ілгішпен тартып қойып, доңғалақты қажетті деңгейде белгілеңіз
немесе
□ сайманның биіктікті орталықтандырып реттеу тұтқасын алға немесе артқа ауыстырыңыз және оны қажетті деңгейде
белгілеңіз
немесе
□ сайманның биіктікті орталықтандырып реттеу тұтқасын қажетті биіктікке жеткенше оңға немесе солға бұраңыз.
Алдыңғы доңғалақтың оқшаулағышы бар құрылғы:
4-сурет
Алға тура айналдыруға қажетті даңгейде доңғалақты оқшаулау: доңғалақты алға қарай бағыттап орнатыңыз және үлкен
саңылауына скобканы орнатыңыз.
Еркін айналатын доңғалақ:
Құлақшаны (скобка) диаметрі шағын саңылауға қойыңыз.
4. Двигательдің сақтандырғыш кілтін қалай қолданады
(тек механикалық іске қосқышы бар құрылғы үшін)
12-сурет
Двигательді іске қосуға дайындау:
□ Сақтандырғыш кілтті _____ деңгейде бұрыңыз.
Двигательді оқшаулау:
□ Сақтандырғыш кілтті _____ деңгейде бұрып, оны суырып алыңыз.
5. Двигательді іске қосу
Δ Қауіптілік!
Жарақаттанудың алдын алу үшін:
- егер Сіз шөп лақтыратын саңылаудың алдында тұрған болсаңыз двигательді іске қоспаңыз,
- аяқтарыңызды кескіш механизмнен әрірек ұстаңыз,
- ешқашанда қолыңызды, аяғыңызды немесе басқа да дене мүшелеріңізді мотошалғының айналып тұрған бөлшектеріне
жақын ұстамаңыз; шөп лақтыруға арналған саңылаудан үнемі алыстау тұрыңыз,
- двигателі жұмыс істеп тұрған кезде шалғыны ешқашанда көтермеңіз және басқа орынға апармаңыз.
Двигательдің ойламаған жерден қосылып кетуін болдырмау үшін арматура тақтадан (егер мұндайлар болса) оталдырғыш
кілтті алып қойған жөн немесе двигательден сақтандырғыш кілтті, сондай-ақ оталдырғыш тұтандырғышының штекерін
алу керек, содан кейін мыналарды бастау қажет:
- шөп тығындарын және шөпті шығаруға кедергі келтіріп тұрған заттарды жою,
- мотошалғыға бақылау, тазарту, іске қосу немесе күтім жасау жөніндегі басқа жұмыстар,
- егер басқа заттар тисе, бүлінген жерін іздестіру, жөндеу жұмыстарын орындау, содан кейін двигательді қайталап қосып,
шөп шабуды жалғастыру,
- егер ол кенеттен қатты селкілдей бастаса, мотошалғының жай-күйін дереу бақылау.
Двигательді іске қосудан бұрын барлық кескіш механизмдер мен тартпаларды жалғастырыңыз. Мотошалғыны іске
қосудан алдын оның аунап кетпеуін қадағалаңыз. Шалғыны шөбі тықыр немесе аздау тегіс жерге қойыңыз (егер
мүмкіндік болса).
Нұсқау. Кейбір үлгілерде акселератор болмайды, мұндай жағдайда двигательдің айналуы автоматты түрде реттеледі.
Іске қосу процесі
6-сурет
Күйіне келтіру
Суып тұрған двигательді іске қосу:
■ акселераторды (егер ол болса) _____ (стартері бар құрылғы) деңгейіне келтіріңіз – 5А-сурет
немесе
■ акселераторды (егер ол болса) _____ деңгейіне келтіріңіз және үш рет “Primer” (стартерсіз құрылғы) басыңыз– 5В-сурет
немесе
үш рет күшпен “Primer” (акселераторсыз құрылғы) басыңыз– 5С-сурет.
Әлі суымаған двигательді іске қосу:
■ акселераторды (егер ол болса) _____ деңгейіне келтіріңіз.
Двигательді іске қосу
Электр іске қсоқышы бар құрылғы:
5D-сурет
■ Қуаттау құрылғысын желіден ажыратыңыз.
■ Шалғының артында тұрып, сақтандырғыш тұтқаны басыңыз және оны босатпаңыз.
■ Арматуралық тақтадағы кілтті оңға бұраңыз, оны двигатель оталғанша сондай жағдайда ұстап тұрыңыз (двигательді
оталдарып көру үшін 5 секунд байқау керек, келесі жолы 10 секундтан кейін байқауға болады).
Электрлік іске қосқышы жоқ құрылғы:
5Е-сурет
■ Шалғының артында тұрып, сақтандырғыш тұтқаны басыңыз және оны босатпаңыз.
■ Трос іске қосқыштың тұтқасын қарсылықты сезінгеніңізше баяу тартыңыз. Содан кейін тросты жылдам және қатты
барынша тартып қалыңыз. Тұтқаны бірден жіберуге болмайды, оны артқа қарай жайлап босатыңыз.
Механикалық іске қосқыш құрылғысы
5F-сурет
■ Сақтандырғыш кілтті ___ деңгейге дейін бұраңыз.
■ Шалғының артында тұрыңыз.
■ Іске қосқыштың тросын серіппені тарту үшін бірнеше рет баяу тартыңыз (пайдалануға бірінші рет қосар кезде ғана
пайдаланылады – сондай-ақ двигательді пайдалану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз).
■ Сақтандырғыш тұтқадағы қоршаудан босату механизмін басыңыз және сонымен бір мезгілде тұтқаны төмен қарай
тартыңыз: двигатель автоматты түрде іске қосылады.
Нұсқау: Двигатель тоқтаған кезде іске қосқыштың серіппесі автоматты түрде жиырылады, сөйтіп двигательді іске
қосу механикалық іске қосқыш арқылы орындалады.
Двигательді қосқаннан кейін реттеу
■ Двигательді іске қосқаннан кейін акселераторды (егер ол бар болса) ___ және ___ деңгейіне қойыңыз, сонда двигатель
бірнеше минутта қызады.
Көгалдарда жұмыс істеу үшін акселератор (егер ол бар болса) толық газға қойылады.
Нұсқау: Двигательді басқаруға қатысты толығырақ ақпаратты Сіз двигательді пайдалану жөніндегі нұсқаулықтан
аласыз.
Доңғалақ тартпасы бар құрылғы:
6. Доңғалақ тартпаны қосу/ажырату
6-сурет
Доңғалақ тартпаны қосу:
■ тұтқадан тартыңыз және оны босатпаңыз.
Доңғалақ тартпаны ажырату:
■ тұтқаны түсіріңіз.
Әр түрлі жылдамдығы бар құрылғы:
Двигательдің жылдамдығын реттеу
6С-сурет
■ Кіші тұтқаның көмегімен жылдамдықтың әр түрлі сатысы таңдалады.
7. Двигательді тоқтату
7-сурет
■ Сақтандырғыш тұтқаны босатыңыз: двигатель мен кескіш механизм аз уақыттан кейін тоқтайды.
Шөп жинауға арналған сайманы бар құрылғы:
Шөп жинауға арналған сайманды алу және босату
11-сурет
■ Егер шөп жинауға арналған сайманның толғанын білдіретін көрсеткіштегі шарик (тапсырыс бойынша қойылады)
төменде тұрса немесе шабылған шөп жерде жатса:
■ двигательді тоқтатып, суығанша күте тұрыңыз,
■ лақтырғыштың қақпағын көтеріп, шөп жинауға арналған сайманды алыңыз,
■ шөп жинауға арналған сайманды босатыңыз.
Шөп жинауға арналған саймансыз жұмыс істеу
Егер Сіз шөп жинауға арналған сайманды алатын болсаңыз, онда лақтырғыштың қақпағы төмен қарай құлайды. Шөп
жинауға арналған саймансыз жұмыс істеу кезінде шұабылған шөп төмен қарай лақтырылады. Қосымша бүйірдегі
лақтырғышы бар құрылғы:
■ артқы лақтырғыштың қақпағын көтеріп, шөп жинауға арналған сайманның орнына бүйірдегі лақтырғышты бекітіңіз.
Жұмысты аяқтағаннан кейін
■ Двигательден сақтандырғыш кілтті немесе арматура тақтадағы оталдыру кілтін (егер ол болса) суырып алыңыз.
■ Двигательден оталдырғыш тұтандырғышының штекерін алыңыз.
■ Шөп жинауға арналған сайманды босатыңыз.
■ Шалғыны жабық үй-жайға қоюдан алдын двигательді суытып алыңыз.
Электр іске қосқышы бар құрылғы:
■ аккумуляторды 8-10 сағат қуаттаңыз.
Ұсақтауға арналған саймандары бар құрылғы:
Ұсақтауға арнап қайта жабдықтау
Артқы лақтырғыш:
8-сурет
■ Лақтырғыштың қақпағын көтеріңіз.
■ Шөп шабуға арналған сайманды алыңыз.
■ Ұсақтауға арналған сайманды саңылауға орнатыңыз.
■ Лақтырғыштың қақпағын босатыңыз.
Бүйірдегі лақтырғыш:
9-сурет
■ Шөп шабуға арналған сайманды алыңыз.
■ Шағыстырғышты бүйірдегі лақтырғышқа ауыстырыңыз.
Механикалық іске қосқышы бар мезанизм:
Старттық серіппені босату
(мотошалғымен кез келген жұмысқа кірісерден бұрын орындау керек)
1. Двигательді өшіріп, суығанша күте тұрыңыз.
2. Оталдырғыш тұтандырғыштың штекерін суырып алыңыз.
3. Двигательдің сақтандырғыш кілтін ____ деңгейіне келтіріңіз.
4. Сақтандырғыш тұтқада орналасқан қоршауды алу механизміне басыңыз және сонымен бір мезгілде оны іске қосқыш
жұмыс істегенге дейін төмен қарай қысыңыз.
5. Сақтандырғыш тұтқаны босатыңыз:
6. Двигательдің сақтандырғыш кілтін ____ деңгейіне келтіріп, оны суырып алыңыз.
7. Двигательді пайдалану жөніндегі нұсқаулықта келтірілген техника қауіпсіздігі бойынша қосымша нұсқауды
орындаңыз.
Көгалдарға күтім жасау жөніндегі ұсыныстар
Осы бөлімде біз Сізге көгалыңыздың күтім көрген және әдемі болуы үшін бірқатар ұсыныстар береміз.
Орақ
Көгалда әр түрлі сортты шөп өседі. Егер Сіз жиі шабатын болсаңыз, онда тамырлары мықты шым түзетін шөптер жылдам
өсетін болады. Егер Сіз сирек шабатын болсаңыз, онда биік шөптер мен басқа жабайы өсімдіктер жылдам өседі (мысалы,
жоңышқа, маргариткалар және т.б.).
Көгалдағы шөптің қалыпты биіктігі 4-5 см. Жалпы биіктіктің небәрі 1/3-ін шабу керек, яғни 7-8 см биіктіктегі шөпті
қалыпты биіктікке дейін қысқарту керек. Мүмкіндігінше, шөпті 4 см-ден қысқа шаппаңыз, өйткені құрғақшылық кезінде
түбіне зақым келеді. Сіздің кезекті еңбек демалысыңыз кезінде өсіп кеткен, биік шөпті кезең-кезеңмен қалыпты биіктікке
дейін шабыңыз.
Ұсақтау
Шөпті ұсақтау кезінде майда бөліктерге уақталады (ұзындығы 1 см-ге дейін) және көгалда қала береді, яғни топыраққа
көптеген қоректендіргіш заттар қосылады. Жоғары нәтижеге жету үшін көгалдағы шөпті үнемі қысқа қырқып отыру
керек ("Орақ" деген бөлімді де қараңыз).
Тыңайтқыш беру
Көгал шөбі үнемі топырақтан қоректендіргіш заттарды алады. Сондықтан көгалдағы топырақты тыңайту керек.
Тыңайтқышты шөптің сәуірден қыркүйекке дейін өсу фазасы кезеңінде берген дұрыс. Тыңайтқыш дайындағыштың
ұсыныстарын орындаңыз.
Түбін қопсыту
Бұл жағдайда қыртысы тігінен кесіледі. Мұндайда түк, жабайы шөптер, солған шөптер мен тамырлар жойылады. Көгал
осылайша желдетіледі, жаңбыр суын және қоректендіргіш заттарды жақсы сіңіреді, сөйтіп дереу жанданады. Осындай
жұмыстарды ең дұрысы сәуірден мамырға дейін жүргізген жөн.
Дымқылдау
Көгал үнемі ылғалдауды қажет етеді. Құрғақшылық маусымында көгалға бірнеше рет "су сепкеннен" гөрі, ең дұрысы
аптасына екі рет жақсылап суғарған жөн. Суды көгалдың бүкіл алаңына теңдей етіп бөлетін суғарғыш құрылғыны
пайдаланған дұрыс.
Тасымалдау
Δ Назар аударыңыз!
Бактан төгілген жанармайдан қоршаған ортаның бүліну қаупі бар.
Шалғыны төңкеріп тасымалдауға болмайды.
Шалғыны мысалы, жаяу жүргіншілер жолынан немесе ауладан апару немесе алып өту үшін алдымен двигательді өшіру
керек.
Шалғыны машинада тасымалдау алдында оны жүрі кетпейтіндей етіп бекіту керек.
Шалқаймалы тұтқасы бар құрылғы:
10-сурет
■ Шалғыны сақтау кезінде аз орын алуы үшін оны тартпалы тұтқасымен қоюға болады.
Техникалық қызмет көрсету
Δ Қауіп
Жазатайым жағдайлардан қорғану үшін техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмысты бастамас бұрын
мыналарды орындау қажет:
- двигательді өшіру;
- оталдыру кілтін немесе сақтандырғыш кілтті (егер осындайлар болса) суырып алу;
- құрылғының барлық қозғалып тұрған бөлшектері тоқтағанша және двигатель суығанша күте тұру;
- байқаусызда двигательдің қосылып кету мүмкіндігін болдырмау үшін двигательден оталдырғыш оттығының
штекерін суырып тастау;
- механикалық іске қосқышы бар мотошалғы болған жағдайда жұмысты орындар алдында өз бетінше іске қосуға
арналған сайманның серіппесін қосымша босату керек ("Старттық серіппені басқару/босату");
- двигательді пайдалану жөніндегі нұсқаулықта келтірілген техника қауіпсіздігі бойынша нұсқауды қосымша
орындаңыз.
Δ Қауіп!
- Кескіш механизмен жарақаттанып қалудан қорғану үшін, мысалы, кескіш пышақтарды ауыстыру немесе қайрау секілді
жұмыстар жөндеу шеберханаларының мамандарының қолымен атқарылуы (бұл үшін арнайы құралдар керек) тиіс.
Δ Назар аударыңыз!
Шалғыны әрқашанда тұтандырғыш оттық жоғарыға қарап тұратындай етіп төңкеріңіз, осылай еткенде оған жанармай
немесе май құйылу салдарынан двигатель бүлінбейді.
Әр жолы пайдаланар алдында (доңғалақ тартпасы бар құрылғы)
Муфтаның ілінісу полисін бақылаңыз:
Жұмыс істеп тұрған двигательде және өшірілген доңғалақ тартпада шалғы алға жылжытылмауы тиіс.
Жұмыс істеп тұрған двигательде және өшірілмеген доңғалақ тартпада шалғы алға жылжытылы тиіс.
■ Қажет болған жағдайда қабаттық шығыршықтың/орнатылатын гайканың көмегімен ілінісу полисін күйіне келтіруге
болады (6-сурет).
Пайдаланғандағы алғашқы бес сағаттан кейін
■ Майын ауыстырыңыз (жиынтықтағы двигатель туралы ақпараты бар брошюраны қараңыз).
Электр іске қосқышы бар құрылғы:
Әрбір шөп шабудан кейін немесе әрбір 8 аптадан кейін
■ аккумуляторды 8-10 сағат бойы қуаттаңыз.
Әрбір 25 сағат пайдаланғаннан кейін
■ Ауа сүзгішін бақылаңыз (жиынтықтағы двигатель туралы ақпараты бар брошюраны қараңыз).
Маусымына бір рет
■ Майын ауыстырыңыз (жиынтықтағы двигатель туралы ақпараты бар брошюраны қараңыз).
■ Лақтырғыштың қақпағындағы шарнирлерді және торсионды серіппелерді майлаңыз.
■ Маусымның соңында шалғыны жөндеу шеберханаларының мамандарына бақылауды тапсырыңыз.
Тазарту
Δ Қауіп!
Жазатайым жағдайлардан қорғану үшін құрылғыны тазарту бойынша кез келген жұмысты бастар алдында:
- двигательді өшіру;
- оталдыру кілтін немесе сақтандырғыш кілтті (егер осындайлар болса) суырып алу;
- құрылғының барлық қозғалып тұрған бөлшектері тоқтағанша және двигатель суығанша күте тұру;
- байқаусызда двигательдің қосылып кету мүмкіндігін болдырмау үшін двигательден оталдырғыш оттығының
штекерін суырып тастау;
- механикалық іске қосқышы бар мотошалғы болған жағдайда жұмысты орындар алдында өз бетінше іске қосуға
арналған сайманның серіппесін қосымша босату керек ("Старттық серіппені басқару/босату");
- двигательді пайдалану жөніндегі нұсқаулықта келтірілген техника қауіпсіздігі бойынша нұсқауды қосымша
орындаңыз.
Δ Назар аударыңыз!
Құрылғыны әрбір пайдаланғаннан кейін тазартыңыз. Ұзақ уақыт тазартылмаған құрылғы дұрыс жұмыс істемейді.
Сонымен бірге, зақымдануы да мүмкін.
Шөп жинау саймандары бар құрылғы:
Шөп жинауға арналған құрылғыны тазарту
Ең алдымен шөп шауып болғаннан кейін бірден тазартқан дұрыс:
■ Шөп жинауға арналған құрылғыны алып, босатыңыз.
■ Бұдан кейін құрылғыны іргелес учаскені суаруға арналған шлангіден қатты қысыммен аққан су ағынымен тазартуға
болады.
■ Шөп жинауға арналған құрылғыны қайтадан пайдаланар алдында оны әбден құрғатып алу керек.
Көгалшалғыны тазарту
Δ Қауіп!
Кескіш механизмді тазарту кезінде жарақат алуыңыз мүмкін. Сондықтан қорғаныш қолғапты пайдаланыңыз.
Δ Назар аударыңыз!
Шалғыны әрқашанда тұтандырғыш оттық жоғарыға қарап тұратындай етіп төңкеріңіз, осылай еткенде оған жанармай
немесе май құйылу салдарынан двигатель бүлінбейді.
Мотошалғыны ең дұрысы жұмысты орындап болғаннан кейін бірден тазалаған жөн.
■ Кескіш механизм мен лақтырғыштың қақпағын қойылатын бөлімшені тазартқыш щеткамен, сыпырғышпен немесе
шүберекпен тазарту керек.
■ Шалғыны доңғалаққа қойып, одан көзіңізге түскен шөп пен қоқыстар қалдығын сыпырып тастаңыз.
Пайдаланудан шығару
Δ Қауіп!
Жарылыс және өрт қаупі бар.
Жанармай (бензин) толтырылған багі бар шалғыны ешқашанда бензиннің буы ашық жалынға немесе ұшқынға тиюі
мүмкін үй-жайда сақтамаңыз.
Δ Назар аударыңыз!
Материалдық зиянға үшырау мүмкін.
Мотошалғыны (двигателі суыған) тек таза және құрғақ үй-жайға сақтаңыз. Ұзақ сақтау кезінде (мысалы, қыс
кезеңінде) міндетті түрде шалғыны таттанудан қорғау шаралары қолға алынуы керек.
Маусым аяқталғаннан кейін немесе Сіз шалғыны бір айдан астам уақыт пайдаланбасаңыз:
■ жанармайды тиісті ыдысқа құйыңыз және двигательді пайдалану жөніндегі нұсқаулықта сипатталғандай оны
пайдаланудан шығарыңыз.
■ шалғыны және шөп жинауға арналған сайманды тазартып отырыңыз.
■ таттанудан қорғау үшін барлық металл бөлшектерді майланған шүберекпен (смоласы жоқ майды пайдаланыңыз)
сүртіңіз немесе аэрозоль қораптан алып май жағыңыз.
Электр іске қосқышы бар құрылғы:
■ аккумуляторды қуаттаңыз.
Кепілдік
Кез келген елде біздің фирмамыз осы елдегі өкілдігі немесе біздің өніміміздің импортер-фирмасы шығарған кепілдік
міндеттемесі қолданылады. Жарамсыздықтарды біз, егер жарамсыздықтың себебі жарасмыз материал немесе
дайындаудағы қателік болған жағдайда, кепілдік міндеттемелер шеңберінде тегін жоямыз. Егер Сіз кепілдік қызмет
көрсету құқығын пайдалануға мәжбүр болсаңыз, онда біздің фирмамыздың өнімін сатып алған сауда ұйымына немесе
біздің фирмамыздың жақын орналасқан филиалына хабарласыңыз.
Жарамсыздықты анықтау және жою
________________________________
Шөпшалғыдағы ақаулар, әдетте, жай себептерден пайда болады. Алайда Сіз өзіңіздің мотошалғыңызды сатып алған
сауда ұйымының Сізге үнемі көмек беретініне күмәніңіз болса бірқатар ақауларды өз бетіңізше жою үшін Сіздің осы
себептерді білгеніңіз жөн.
Проблемалар
Ықтимал себептер
Жою
Стартердің тросы тартылмайды
Сақтандырғыш тұтқа әрекет
етпейді.
Сақтандырғыш
тұтқаны
мотошалғының
тұтқасына
қысыңыз.
Пышақтар қысылып қалған.
Оталдырғыш тұтатқышының
штекерін алып, оқшаулану
себебін жойыңыз.
Двигатель істен шықты.
Жөндеу
шеберханасына
хабарласыңыз.
Двигатель қосылмайды.
Акселератор
дұрыс
орнатылмаған.
Акселераторды ___ деңгейіне
немесе СНОКЕ (суыған
двигательде) келтіріңіз
Акселераторды ___ деңгейіне
немесе
START
(қызған
двигательде) аударыңыз.
Шалғы ұзын шөпте тұрып
қалады.
Шалғыны аласалау шөптерге
ауыстырыңыз.
Бакта жанармай жоқ.
Бакты таза жанармаймен
толтырыңыз.
Оталдырғыш тұтатқышының
штекері
двигательге
орнатылмаған.
Оталдырғыш тұтатқышының
штекерін двигательге орнатыңыз.
Оталдырғыш тұтатқышы
ластанған немесе ақауы бар,
электродтар аралығындағы
қашықтық дұрыс қойылмаған.
Оталдырғыш тұтатқышын
бөлшектеңіз, жағдайын қарап,
тазартыңыз, қажет болса,
ауыстырыңыз; электродтарды
күйіне келтіріңіз.
Жанармай тұрып қалған немесе
ластанған.
Жанармайды ауыстырыңыз.
Ауа сүзгіші ластанған.
Ауа сүзгішін тазартыңыз.
Дроссельді қалқалағыш басқару
тросы дұрыс орнатылмаған
немесе бүлінген.
Дроссельді қалқалағыш басқару
тросын дұрыс орнатыңыз, қажет
болса, ауыстырыңыз.
Проблемалар
Ықтимал себептер
Жою
Двигатель қосылмайды.
Шалғы тазартылу үшін тиісті
жағына қойылмаған.
Ауа сүзгіші мен оталдырғыш
оттығын тазалаңыз, егер
бөлшектерді толық тазартуға
мүмкін
болмаса,
оны
ауыстырыңыз.
Карбюратор "тығындалса".
Оталдырғыштың оттығын бұрап
шығарыңыз,
құрғатыңыз,
акселераторды ең төменгісіне
қойыңыз, бірнеше рет іске
қосуды қайталаңыз, оттықты
орнына салыңыз, двигательді
оталдырыңыз.
Карбюратор немесе жанармай
бергіш түтікше толып қалса.
Жөндеу
шеберханасына
тазартуға тапсырыңыз.
Салқын двигательді іске қосу
кезінде "Primer" басылмаса
"Primer"-ді үш рет басыңыз.
Электр іске қосқышы бар
құрылғыда:
Аккумулятор нашарласа.
Жеткізу жиынтығындағы қуаттау
құрылғысының
көмегімен
аккумуляторды қуаттаңыз.
Электр сымы бүлінсе.
Электр сымының дұрыс
тұрғанын тексеріңіз.
Механикалық іске қосқышы бар
құрылғыда:
Сақтандырғыш кілт дұрыс
орнатылмаған.
Сақтандырғыш кілтті
____
деңгейіне келтіріңіз.
Дағдылы емес шуыл (тоқылдау,
селкілдеу, тарсылдау)
Винттер, гайкалар немесе басқа
бекіткіш бөлшектер нашарлаған.
Бөлшектерді бекітіңіз. Егер шу
сол қалпынша қалса, онда
жөндеу
шеберханасына
хабарласыңыз.
Сілкілену, тербелу
Пышақтар бекітілмеген
Жөндеу
шеберханасына
двигательді бекіткіш винттерді
бекітуге тапсырыңыз.
Пышақтар бүлінген.
Жөндеу
шеберханасына
пышақтарды
ауыстыруды
тапсырыңыз.
Пышақтар
дұрыс
теңестірілмеген.
Жөндеу
шеберханасына
пышақтарды ауыстыруды немесе
теңестіруді тапсырыңыз.
Двигательдің
бекіткіші
нашарлаған.
Жөндеу
шеберханасына
двигательді
бекітуді
тапсырыңыз.
Двигательдің ырғақты жұмысс
істемеуі немесе айналысыың
бәсеңдеуі
Шөп тым биік
Кескіш
биіктігін
жоғарылатыңыз, қажет болған
жағдайда, оруды қайталаңыз.
Шөп тым дымқыл
Шөпті кепкенше күтіңіз
Лақтырғыш шөпке тығындалып
қалған
Двигательді өшіріп, тығынды
алыңыз.
Пышақтар өтпей қалған.
Жөндеу
шеберханасына
пышақтарды ауыстыруды немесе
қайрауды тапсырыңыз.
Двигательдің қуаты өте төмен.
Жиірек орыңыз, кескіш биіктігін
жоғарылатыңыз.
Проблемалар
Ықтимал себептер
Жою
Шөп жерде қала береді
Шөп жинауға арналған сайман
толып кеткен.
Двигательді өшіріңіз, шөп
жинауға арналған сайманды
босатыңыз.
Лақтырғыш
шөппен
тығындалған.
Двигательді өшіріңіз, тығынды
тазалаңыз.
Шөп жинауға арналған сайман
соңына дейін толмайды
Шөп тым биік.
Кескіштің
биіктігін
жоғарылатыңыз, қажет болған
жағдайда қайта орыңыз.
Шөп жинауға арналған сайман
ластанған.
Двигательді өшіріңіз, шөп
жинауға арналған саймандағы
желдеткіш
саңылауды
тазартыңыз.
Лақтырғыш
шөппен
тығындалған.
Двигательді өшіріңіз, тығынды
тазалаңыз.
Шөп тым ылғалды.
Шөп кепкенше күте тұрыңыз.
Пышақтар өтпей қалған.
Жөндеу
шеберханасына
пышақтарды ауыстыруды немесе
қайрауды тапсырыңыз.
Доңғалақ тартпа жұмыс
істемейді
Тартқыш тростар нашарлаған.
Тросты ақырын тартыңыз, егер
бұл көмек бермесе, жөндеу
шеберханасына хабарласыңыз.
Сына тартпа үзілген немесе
редуктор істен шыққан.
Жөндеу шеберханасына бүлінген
бөлшекті
ауыстыруды
тапсырыңыз.
Document Outline - Фирмалық кестедегі деректер
- Қоршаған ортаны қорғау, экологиялық пайдаға асыру
- Техника қауіпсіздігі жөнінде жалпы нұсқау
- Құрылғымен жұмысты бастар алдында
- Құрылғымен жұмыс істеу кезінде
- Мотошалғыға қызмет көрсету жөніндегі жұмысты аяқтау кезінде
- Қорғағыш саймандар
- Лақтырғыштың қақпағы немесе тойтарғыш 2/3
- Мотошалғыдағы символдар
- Нұсқаулықтағы символдар
- Құрастыру
- Қызмет көрсету
- Δ Назар аударыңыз!
- Іске қосу процесі
- Двигательді қосқаннан кейін реттеу
Достарыңызбен бөлісу: |