Газет 930 жылғы қарашаның жұлдызынан шыға бастады Аудандық қоғамдық-саяси газет



жүктеу 3,3 Mb.
Pdf просмотр
бет7/11
Дата19.11.2018
өлшемі3,3 Mb.
#20901
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

7

23 сәуір 2016 жыл

жеңімпаз

оқушы

Қ.Смайылов  атындағы  жалпы

білім  беретін  №  43  орта

мектептің  2  сынып    оқушысы

Смақ  Аруана  мектебіміздің

мақтанышына айналды. Астана

қаласында  өткен    Х-шы

Халықаралық «Ақ көгершін» ба-

лалар  шығармашылығы фести-

валь-байқауына 

қатысып,

Қазақстан  Республикасы  Білім

және ғылым министрлігінің ІІ-ші

дәрежелі Дипломымен марапат-

талса, 

таяуда 


Қарқаралы

ауданының  білім  бөлімінің

ұйымдастыруымен өткізілген Ба-

лалар 


мен 

жасөспірімдер

арасындағы  аудандық  «Менің

Қазақстаным»  атты  Шәмші

Қалдаяқов әндерін орындаушы-

лар  байқауына  қатысып,  кіші

топтардың ішінен І орынды жеңіп

алды.  Аруананың  өнеріне  тәнті

болып, оның әлі де алар асулары

көп боларына сенім 

білдіреміз!

Мектеп өмірінен

М

ектеп Мақтаныштары

“Білім ап саяңда өткердік сан жылды” деп жүректері лүпілдей

соққан түлектер сүйікті мектептерімен қоштасады. Ұядан ұшып

қияға  қанат  қағады.  Алдарында  сан  белестер  күткен

түлектердің  қашанда  қадамдары  сәтті  болып,  арман-

мақсаттарына жетсе екен деген тілек баршамыздың ізгі ниеті-

мізден туындаған лебіздер.

Көз алдымызда 11 жыл бойы білім алып, сол бір шақтардың

қиыны  мен  қызығын  бірге  өткізген  түлектерімізге  деген  бір

қимастық пайда болды.

Қарқаралы қаласындағы академик О.А.Жаутыков атындағы

жалпы білім беретін №1 қазақ орта мектебінің 11 «А» сынып

оқушылары «Алтын белгі»үміткерлері Төкен Тоғжан, Зекен Ай-

герім және Назымбек Омар, Сейтов Нариман облыс көлемінде

мектеп мерейін үстем қылды. 

Төкен  Тоғжан      Қарағанды  облысының  білім  басқармасы

ұйымдастырған жаратылыстану- математика пәндері бойынша

оқушылардың VIII Президенттік олимпиадасының аймақтық

кезеңінде екінші орынға ие болып, күміс медаль иегері атанды.

Олимпиадаға дайындаған пән мұғалімдері: Айнагүл Аменова,

Гүлмайра  Бакирова,  Гүлнар  Алишева,  Қымбат  Смағұлова.

Қараша  айында    «КЛИО-2015»  Қазақстан  тарихы  бойынша

облыстық олимпиадаға қатысқан  600 оқушының ішінен тек 22

оқушы ІІ турға өткен болатын. Сол оқушының бірі осы сынып

оқушысы Назымбек Омар Мадақтамамен марапатталды. Пән

мұғалімі-  Қайрат  Омарбеков.  Төкен  Тоғжан,  Зекен  Айгерім,

Сейтов Нариман Облыстық информатикадан 27 Халықаралық

олимпиаданы ұйымдастыру шеңберінде өткізілген ауыл олим-

пиадасында информатика, биология пәні бойынша ІІІ орынға

ие болып, Дипломмен марапатталды. Пән  мұғалімдері- Думан

Ахметов, Гүлмайра Бакирова. 

Сынып жетекші ретінде барлық ұстаздарға алғыс білдіремін.

Сыныбыма ҰБТ-да үлкен биіктерден көрінулеріне  тілектеспін. 

Г.Дамиева,

11 “А” сыныбының жетекшісі.

Қарқаралы  аудандық  білім  бөлімінің  бастауыш  сынып

әдіскері Қазиева Замзагүл Оміртайқызының басшылығымен

Қарағайлы кентіндегі  №16 орта мектеп бастауыш сынып

ұстаздары  аудандық «Біздің айналамыздағы математика »

педагогикалық жобасы аясында «Дарын» зияткерлік ойы-

нын  құрастырып,  дайындады.  «Дарын»  зияткерлік

ойынының негізгі мақсаты:дарынды балалардың зердесін

кеңейтіп,  математикалық  әлемнің  қыр  -  сырын  жете

меңгерте 

отырып,оқушылардың 

функционалдық

сауаттылықтарын  арттыру.  Қиын  да    қызықты

математикалық әлемнің сырын ашуға ынталандыру.

Зияткерлік сайыс тапсырмалары  үш кезеңнен, әр кезең 15

сұрақтан тұратын деңгейлік тест тапсырмалары бойынша

дайындалды. «Дарын» зияткерлік ойынының 1,2- кезеңі мек-

тепішілік өтті. Ойынға ереже бойынша мектепішілік сайысқа

2-4  сынып    оқушыларының  50%-ы,  яғни  Қарқаралы

қаласындағы №2 орта мектебінен барлығы  69,  Егіндібұлақ

ауылындағы  №5  орта  мектебінен    31  оқушы  қатысты.

Сайысқа  барлығы  100  оқушы  қатысты.  Екі  кезеңнің

қорытындысы  бойынша    аудандық  3-  кезеңге  19  оқушы

өтті.Сайысқа  қатысқан  барлық  оқушылар  сертификаттар

мен төсбелгілерге ие болды.«Дарын» зияткерлік сайысына

арналған тест тапсырмалары оқушылардың білімін тексеріп

қана қоймай, жүйелі ойлау қабілетін және ойын дәлелдеп

талқылауға мүмкіндік берді.

Сайыс қорытындысы бойынша, Егіндібұлақ ауылындағы

№ 5 орта мектебінің   2 - сынып оқушылары  Ерғали Әдина

– ІІІ орын, Тілеубек Нұрай 60 ұпаймен –І орын, 4- сынып

оқушысы  Бекен Айбек ІІІ - орын. Қарқаралы қаласындағы

№ 2 орта мектебінің 2 -сынып оқушылары  Бекболат Марал

51 ұпаймен- ІІ орын, Ергалиев Ерслан 50 ұпаймен – ІІІ орын,

3- сынып оқушылары  Абдиман Мирас 55 ұпаймен–І орын,

Берікұлы Бексұлтан 53 ұпаймен–ІІ орын,  Мейрам Әлішер

50  ұпаймен  –ІІІ  орын,  4-  сынып  оқушылары    Мүсәніп

Нұрасыл  51  ұпаймен  -І  орын,    Байыржанова  Аружан  42

ұпаймен–ІІ орын, Пуштаева Дильназ 37 ұпаймен –ІІІ орын-

дарды  иеленіп, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапат-

талды.                                                                                                

Білім  жолында  осындай  талабы  таудай    еліміздің

болашағының иесі жас жеткіншектерге  табыс тілейміз! 

М.Б.Толендина, Л.Ж.Сайдина, Г.Р.Садикова, 

№16 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері.  

Қарағайлы кенті.    

Зияткерлік сайыс  өтті

Бүлдіршіндер топ жарды

Қарқаралыдағы «Еркетай» балабақшасының бүлдіршіндері

тағы бір үлкен жарыстан табыспен оралды. 16-сәуір күні

Қарағанды  қаласында  Тәуелсіздіктің  25  жылдығына

а р н а л ғ а н

«Маленькая

с т р а н а »

байқауында

«Сән  үлгісі»

с ы н ы н а

қ а т ы с қ а н

«Балауса»

тобы 

мен


«Қарлығаш»

тобы  І  орын

иеленіп,  ку-

бокты  жеңіп

а л д ы .

Тәрбиешілер

Анара Хами-

т о в а ,

Г ү л д а н а

Сланбекованың  жетекшілігімен  «Балауса»  тобындағы

Сәулебай  Бексұлтан,  Төлепбаева  Жанғалия,  Ыдырыс

Даяна,  Амирова  Адеми,  тәрбиешілер  Ладина  Алиева,

Айнаш  Сембаеваның  жетекшілігімен  «Қарлығаш»

тобындағы  Сағат  Марғұлан,  Санатқызы  Дария,  Сембір

Нұрасыл,  Сьезбек  Атанияз  өз  киім  үлгілерімен  қазылар

алқасы мен көрермендердің көзайымына айналып, жақсы

даярлықтарын  көрсетіп,  жеңіске  жетіп  отыр.  Бұған  сән

үлгісінің  жетекшілері  Анжела  Оспанова  мен  Зәуре

Сламбекованың  қосқан  үлесі  де  бар.  Сондай-ақ,  ата-

аналардың да көмек-қолдауы зор болды.

Бүгінде балабақша директоры Майгүл Сүлейменова мен

әдіскері  Сәуле  Темірбекқызының  басшылық  жасауымен

балабақшада тәлімі мол шаралар атқарылуда. Балалардың

әр күні қызықты да мазмұнды болып өтуіне ерекше мән бе-

ріліп келеді. Алдағы уақытта болатын түрлі деңгейдегі сын-

байқауларда,  мерекелік  шараларда  аталмыш  балабақша

ұжымы әрдайым биік көрсеткіштен көрінеді деп сенеміз.  

Өз тілшімізден.

Балуандар биігі-тек жеңіс

Жасөспірімдер арасында (1999-2000

ж/т) 24-27 наурыз аралығында өткен

Қазақстан чемпионатына Қарағайлы

кентінің  №17  орта  мектебінің  10

сынып  оқушысы  Мөлдір  Сакен  мен

Тоқтар  ауылындағы  №6  орта

мектептің 10 сынып  оқушысы Марат

Заңғар  (бапкері  Қанат  Мұхтаров)

қатысып, екі балуан да жеңімпаз боп

оралды. 

Көкшетау қаласында өткен додалы

жарыста 14 облыс және Астана мен

Алматы  қаласының  балуандары  бақ  сынады.  Айтулы  сында

Марат Заңғар 64 кг салмақта, Мөлдір 48 кг салмақта жеңімпаз

атанды. Бұл чемпионатта облыстан барған балуандар арасында екі алтын алса, екеуі де біздің

ауданнан. Мөлдірдің барып қайтуына демеуші болған Унистрой, Мұсахан фирмасына алғыс

айтқан  бапкері  Бақыт  Матышев  пен  ата-анасы  мердігер  фирма  басшылығы  мен  ұжымына

ризашылықтарын жеткізді.

Аудан намысын қорғаған Мөлдір мен Заңғарға жеңісті тұғырлардан көріне беріңдер демекпіз.



Б.Мұқашева.

ДоДалы жарыс

Тарих қоржынының бір басында жатқан Ауған

соғысының  қазақ  еліне  әкелген  зардабы  да,

қасіреті де көп. Отан үшін өз өмірлерін құрбан

етіп, ерліктің үлгісін көрсеткен барлық кезеңдегі

қаһарман жауынгерлер есімі ұмытылған емес.

Сол  соғысқа  Абай  ауылынан  да  бірнеше

өрімдей 18-19 жас аралығындағы жігіттер де ат-

танып, ерлік көрсетті. Сондай ерлеріміздің бірі-

1962  жылы  11  қаңтарда  туылған  Әлімханов

Амангелді Мақанұлы болатын. Отан алдында

борышы Ауғанстанның Жалалабад қаласында

отты соғыстың ортасында өтіп, 1982 жылы “Ер-

лігі үшін” медалімен марапатталады. Отанына

аяғынан  жараланып  оралған  соң,  Қарағанды

Мемлекеттік Университетінің биология факуль-

тетін  үздік  аяқтап,  сол  жерде  оқытушылық

қызметін бастайды. Бірақ, аяқтан тиген оқ жыл-

дар  өте  келе  сыр  беріп,  есіл  ерді  дүниеден

алып кетеді. Бүгінде әр ұрпақтың, әр адамның

қасиетті борышы  Отан үшін жанын пида еткен

азаматтарды есте сақтау керектігін жанымыз-

бен  түсіне  отырып,  №31  орта  мектепте

Әлімханов Аманкелді Мақанұлын еске алу үшін

анасы Қайныл, Әлімхан ұрпақтары демеушілік

жасап,  волейболдан  қыздар  арасында

аудандық турнир өткізді.  Турнирге  жері

шалғай  жатса  да  №8  орта  мектептің

мұғалімі Дастан Қайыров қыздар коман-

дасын іріктеп әкелсе, Қарағайлы кентінің

№17 орта мектептің қыздар командасын

бапкер Ардақ Саятұлы, №33 Балқантау

орта мектебінің бапкері Қуаныш Рашев

қыздар арасынан екі команда, №30 Те-

ректі орта мектебінен Даулет Қасымов өз

командасын,  өзіміздің  №31  орта

мектебінің  дене  шынықтыру  пәні

мұғалімі Сулешов Сейілхан екі команда

іріктеп,  жарысқа  қосты.  Ауыл  әкімі

Нүркенова  Әлия  Қамашқызы  ыстық

ықыласымен сөз сөйлеп, ашып берген

додалы  тартыста  әр  ауылдан  келген

қыздар командасы өте жақсы тартымды

ойын көрсетті. Финалға жеткен Бесоба

ауылының  №8  орта  мектебінің  командасы  ІІІ

орын, №31 орта  мектеп ІІ-орын, Балқантаудың

№33 орта мектебі І-орын иеленді. Қай мектептің

оқушылары  болмасын,  қазақ  елінің  болашақ

жас  ұландары,  ерлік  істерді  үлгі  етіп,

Отанымыздың іргесін қорғайтын патриоттары

болары  сөзсіз.  Осындай  додалы  жарыстарға

тер төгіп жүрген азаматтарға алғысымыз шек-

сіз.

Гүлайым Тұматаева,

№31 орта мектеп директорының тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары.

Мирашок деген баламын,

Балабақшаға барамын.

“Жас терек” деген 

бақшамнан,

Иісі шығады даламның.

Айнұр апай басшымыз,

Қалғанымыз қосшымыз.

Тобындамыз “қонжықтың”,

Айырылмайтын доспыз біз.

Кәкен апай алғашқы,

Тәрбиешім салмақты.

Айдана мен Арайка,

Апайларым ардақты.

Гүлнар деген апайды,

Барша бала мақтайды.

Айгүл апай біздерді 

Есінде әр кез сақтайды.

Апайым менің Байбала,

Жымияды жай ғана.

Аққу апай әдемі,

Жұрт қарайды таңдана.

Райхан апай денелі,

Құшағы неткен кең еді.

Баршамызды құшақтап,

Тәттілерін береді.

Айгүл апай дәрігер,

Бізді емдеумен әбігер.

Кәмпитін күнде береді,

Күлімтай апай тәлімгер.

Аспазшы біздің апайлар,

Тәтті тағам береді.

Кезекші болам 

күнде мен,

Апайлар маған 

сенеді.


Жақан деген ағам бар,

Мұқият оған қараңдар.

Жылуына бақшаның,

Уайым жоқ  алаңдар.

Папам, мамам жұмыста,

Тәртіп бұзсам дұрыс па?

Апай, тіліңді аламын,

Енді маған ұрыспа.



Мирас Тойынбеков.

“Жас терек” балабақшасына


жүктеу 3,3 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау