ГАЖ туралы деректер 50 жылдың аяғы 60 басында пайда болды;
ГАЖ-дың шығуы және жылдам таралуы бірнеше себеп болды:
- топографиялық жұмыстардың мол тәжірибесі, әсіресе тематикалық картографияның;
- картографиялық процесстерді автоматтандыру;
- компьютерлі
технологиялық
мол жетістіктері
ГАЖ дамуы өткен ғасырдың 50 жж. басталып бүгінгі күні өндірісте, күнделікті өмірде кеңінен қолданылады. ГАЖ даму кезеңдерін шартты түрде 4-ке бөлуге болады, олар келесегідей:
1. Бастапқы кезең 1950 жж. соңы мен 1970 жж. басы жатады. Осы кезде негізгі мүмкіндіктерді, шекаралас білімдер мен технологияларды зерттеу, эмпирикалық тәжірибе жинақтау, алғашқы үлкен жобалар және теоретикалық жұмыстар жүргізілген. Жердің алғашқы жасанды серігі жіберілді, 50-жж. электрондық санау машиналар пайда болды (ЭСМ), 60-жж. плоттерлерді, графикалық дисплейлерді және басқа құрылғыларды сандау пайда болды, дисплейлерде және плоттерлердің көмегімен ақпараттың графикалық көрсетілу бағдарламалық алгоритмдер және процедуралар жасалды, кеңістікті талдаудың формальдық әдістері пайда болды, мәліметтер базаларын басқару бағдарламалық құралдары жасалды. 1963-1971 жж. Р. Томлисон Канадада алғшқы ГАЖ жасап шығарған.
2. Мемлекеттік бастамалар кезеңі 1970 жж. – 1980 жж. басына жатады. ГАЖ мемлекеттік қолдау ГАЖ саласында қалалық желілер өтетін мәліметтер базаларын қолдануға негізделген тәжірибелік жұмыстардың өткізілуіне жағдай жасалды. Соның ішінде навигация жүйесін автоматтау, қалалық қоқыстарды шығару жүйесін ұйымдастыру, қауіпті жағдай кезінде көлік қозғалысын реттеу және т.б.
3. Коммерциялық даму кезеңі 1980 жж. басында бастау алып қазіргі кезге дейін жалғасын табуда. Алуан түрлі бағдарламалық құралдардың үлкен нарығы, үстел үстілік ГАЖ, тікелей мәліметтер базаларымен байланыс нәтижесінде қолданудың кеңеюі, торлық қосымшалардың пайда болуы, кәсіби емес қолданушылар санының көбеюі, жеке компьютерлердегі мәліметтерді жинау мүмкіндіктерін қолдайтын жүйелердің пайда болуы, мекемелердің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін ГАЖ түрлерінің пайда болуы.
4. Қолданушы кезеңі 1980 жж. соңында басталып қазіргі кезге дейін жалғасып жатыр. Осы кезең геоинформациялық технологияларды коммерциялық жасап шығарушылар арасында жоғары бәсекелестіктің болуы ГАЖ қолданушыларына қосымша мүмкіндік берді, бағдарламалық құралдардың қол жетімділігі және «ашықтығы» бағдарламаларды қолдануға және жетілдіруге мүмкіндік берді, қолданушылық «клубтары», телеконференциялары, әр түрлі территорияда орналасқан бірақ ортақ тақырыпппен біріккен пайдаланушылар топтары пайда болуымен, геомәліметке деген сұраныстың өсуімен, әлемдік геоақпараттық инфрақұрылымның пайда болуымен ерекшеленеді.
Географияда пайда болған теориялық жұмыстар және Геоинформатика мен ГАЖ-дың шартты дамуына және жетістігіне ықпал еткен Канаданың ГАЖ-ның “атасы” болып Роджер Томплинсон болып табылады
ГАЖ жүйесі экологиялық жағдайлардың, табиғи ресурстарды орынды пайдалану мониторингінің ғылыми және қолданбалы мәселелерін шешу мақсатында және де инфрақұрылымдық жобалау үшін, қалалық және аймақтық жоспарлау, төтенше жағдайлардағы жедел шара қабылдау үшін пайдаланылады. Өмірде кездесетін алуан түрлі мәселелер келесі белгілер бойынша жіктелетін ГАЖ құруға алып келді
Функционалды мүмкіндіктері бойынша:
- Жалпы мақсаттағы толықфункционалды ГАЖ;
- Маманданған ГАЖ қандайда бір саладағы нақты мәселелерді шешуге бағытталған;
- Үйде және ақпараттық-анықтамалық қолдануға арналған ақпараттық анықтамалық жүйелер;
Бүгінгі күні ГАЖ келесі классификацияға ие. Территорияның қамтылуына байланысты – ғаламдық (global GIS), субконтиненталдық, ұлттық (мемлекеттік мәртебеге ие), аймақтық (regional GIS), субаймақтық, жергілікті (local GIS). Ақпараттық модельдеу саласының пәніне байланысты – жер қойнауын пайдаланушы қалалық (муниципалды) ГАЖ (urban GIS), таулы-геологиялық ГАЖ, табиғатты қорғау ГАЖ (environmental GIS) және т.б., олардың арасында кеңінен таралған геоақпараттық жүйелері. Мәселелік бағытына қарай – алдына қойған мақсатына байланысты (ғылыми және қолданбалы), олардың арасында ресурстарды инвентаризациялау (соның ішінде кадастр), талдау, бағалау, мониторинг, басқару және жоспарлау, шешім қабылдауды қолдау деп бөлінеді.
Географиялық ақпараттарды автоматты түрде өңдеу
үшін берілген мәліметтерді компьютерлік өңдеуден
өткізу жүйесін құру керек. Ол үшін ГАЖ – автоматты жинақтау, сақтау, өзгерту және геоақпараттарды беру ЭЕМ және автоматтандырылған ГАЖ – дың құрылымын В. Г. Линниктің төмендегідей жобасы ретінде құруға болады. Көп мақсаттағы ГАЖ – дар көптеген жұмыстарды шешуде қолданылады. Осы атқару барысында төмендегідей функционалдық мүмкіндіктер пайдаланылады:
- Белгілі бір заттың банкідегі дайындығы және кіріспесі; - Ақпараттық – анықтамалық үлгілеу; - Имитациялық үлгілеу; - Эксперттік үлгілеу; - Автоматтандырылған карта құру; - Картометриялық есептеу;
Қорытынды:
Қазіргі таңда геоақпараттық жүйелер - әлемнің әр түпкірінде әр түрлі салада жұмыс істеп жүрген жүздеген адамдарды қамтып отырған ауқымды индустрия.Геоақпараттық жүйелерді универсеттерде, колледждерде, тіпті мектептерде оқытуда. Бұл технологияларды адамзат әс-әрекетінің барлық салаларында: халықты көшіру, аумақтың ластануы, ормандардың азаюы, табиғат апаттары сияқты жаһандық мәселелер мен жаңа кеңсені дұрыс орналастыру, пунктер арасында маршрутты іздеу, уйді мекен-жайы бойынша табу, жергілікті жерге құбыр жолдарын орнату, әр түрлі муниципалды міндеттер сияқты жекеленген мәселелерді шешуде қолданылады.
Назар аударып,
тыңдағандарыңызға
РАХМЕТ!!!
Достарыңызбен бөлісу: |