Г. Ж. Сұлтанғазина Дәрілік өсімдіктер



жүктеу 2,15 Mb.
бет2/10
Дата04.12.2017
өлшемі2,15 Mb.
#3170
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Минералдық заттар – өсімдіктерде болады, олар әр алуан реттеуші қызмет істеп, фармакологиялық келелі роль атқарады. Өсімдіктер бойындағы мөлшеріне қарай, олар макроэлементтер мен микроэлементтерге бөлінеді. Макроэлементтер – калий, кальций, магний, кремний, фосфор, темір және басқалары өсімдіктерде айтарлықтай көп кездеседі. Әсіресе калийдің маңызы орасан зор: ол барлық дерлік физиологиялық процестерге қатысады. Калийдің тұзы организмнің қышқыл-сілтілік жағдайын реттеп отырады, денедегі басы артық сұйық пен натрий тұзынынан құтылуға көмектеседі. Калийі көп өсімдіктер ісікке, гипертония ауруына, жүрек, бүйрек, бауыр ауруларына арналған емдік тағамдарда кең пайдаланылады. Ондай өсімдіктерге мыналар жатады: татымды хош иістілер – пияз, кресс-салат, салат, ақжелкен, бұрыш, балдыркөк; көкөністер – сәбіз, баклажан, асқабақ, шалғам, шомыр, капуста, томаттар; жемістер –алмұрт.

Кальций фосфор қышқылымен және магниймен қосылып, сүйек қаңқасының құрамына белсенді қатысады, қанның сарысуында болады. Ол калиймен бірге қанның ұюына, нерв жүйесі мен бұлшық еттердің қозуына қатысады, жүрек бұлшық еттерінің тонусын күшейтеді. Басты және жапырақты салатта, капустада, көк пиязда, порей пиязында, ақжелкенде, шалғамда, шомырда, сәбізде кальцийдің айтарлықтай көп мөлшерде болатыны анықталды. Темір гемоглабиннің жасалуына негіз болып қызмет етеді: ал гемоглобин жеткіліксіз болса, әлсіздік, қаны аздық пайда болады. Адамның организмінде С витамині болған күнде ғана темір бойға дұрыс сіңеді. Темірі бар өсімдіктерді анемия (қаны аздық) кезінде пайдаланған жөн. Темір алмаларда, құлпынайда, қарлығанда, сондай-ақ татымды өсімдіктерде (ақжелкеннің көгінде, балдыркөкте), желкекте, шалғамда, шомырда, пиязда (порей пиязда, басты пиязда), салатта, шпинатта, томаттарда бойға сіңімді түрінде мол болады.



Микроэлементтер – бұларға мыс, марганец, никель, мышьяк, кобальт, молибден, қалайы жатады, олар өсімдіктерде бәсең шоғырланады (әдетте проценттің мыңнан бірі). Ферменттердің, витаминдердің, гормондардың құрамына кіретін микроэлементтер негізінен зат алмасуға, клетка ішіндегі алмасуға, ткань тынысына, қанның жасалуына, бойдың өсуіне әсер етуімен байқалады. Қайсыбір микроэлементтердің әсер күші басқа микроэлементтердің организмде болуына байланысты. Мәселен, кобальт организмде мыс пен қалайы жеткілікті мөлшерде болған күнде ғана жақсы әсер ете алады. Бойында микроэлементтер бар өсімдіктер медицинада макроэлементтер сияқты дәрі-дәрмектер ретінде пайдаланылады, өйткені бірталай аурулар қайсыбір элементтің жетіспеуіне байланысты болады. Соңғы кезде қан ауруын емдеуге кобальт бар өсімдіктен жасалған дәрі-дәрмектерді пайдаланып жүр, оның үстіне кобальт В12 витаминінің құрамына кіреді. Ал қалайы қарын асты безде инсулиннің құралуында маңызды орын алады, ал инсулин қант диабеті ауруларына аса қажет.

Қалайы жетіспеген күнде бой өсуінің тежелуі, терінің кедір –бұдыры, инфекцияларға аса бейімділік, ұйқы басу, депрессияға ұшырау байқалады. Бұршақ тұқымдастарының қабығы аршылған дәні осы микроэлементтің негізгі көзі болып таылады. Ал мыстың жетіспеуінен анемия болады, шаш пен тері депигментацияға ұшырайды, орталық нерв жүйесінің қызметі бұзылады. Мыс бұршақ тұқымдастар мен жаңғақ жемісті өсімдіктерде анағұрлым көп мөлшерде болады.

Тіпті тіршілікке аса маңызды микроэлементтердің тағамда әр түрлі себептерге байланысты (ластанған ортада болуы, қалайы немесе қалайымен қапталған ыдыста сақталуынан) мөлшерден артық болуы адам организміне зиянды әсер ететінін атап айтқан жөн.

Өсімдіктер жөнінде жазғанда басқа да биологиялық белсенді қосындыларды, атап айтқанда, гликозидтерге жататын заттардың үлкен тобын, кумарин туындыларын, сондай-ақ алкалоидтерді де айта кету керек.



Пысықтау сұрақтары:

1 Майда еритін витаминдерді атаңыз?

2 Суда еритін витаминдерді атаңыз?

3 Витамин тәріздес заттарды атаңыз?

4 Қандай органикалық қосылыстарды витаминдер деп атайды?

5 Витаминдер өсімдіктерде қандай қызмет атқарады?

6 Витаминдердің жіктелуі.

Дәрілік өсімдіктердің таралуын зерттеу әдістері
Егерде зерттелетін алаңды не ауданды зерттеуші бұрын көрмеген, білмеген болса, ол сол ауданның картасымен танысады. Жердің картасы болмаған жағдайда зерттеуші экскурсия өткізбек болған жерге барып кемінде екі бағытта (ұзынынан және көлденеңінен) бір рет яки бірнеше рет аралап, сол ауданның жер бедеріне, өсімдік жамылғысына ерекше назар аударады. Осы жолы болмаса кейіннен ол территорияны шамамен съемкалап, жер бедерінің ерекшеліктері: сай-сала, өзен, бұлақ, суат, орман-тоғай, егістік даласы, жол, қыр, төбе, беткей т.б. планға түсірілсе, өте жақсы болады.

Экскурсия жоспары терең ойланып жасалса ғана нәтижелі болады. Мұндай жоспарда зерттелетін жерді әр түрлі бағытта, жылдың түрлі мезгілінде (көктемде, жазда, күзде) бір рет емес, бірнеше рет аралап өткен дұрыс. Жер бедері адырлы, өзенді, тау-тасты болып келсе, эскурсия маршрутын біріне-бірін таяу етіп жиі сызу керек. Себебі жер бедері тегіс болмаған жердің өсімдік жамылғысы да алуан түрлі болады. Осы алуан түрлілікке көңілін аудара білген зерттеуші ғана өсімдіктердің осы жерде таралу заңдылығын аша алады. Осы жерде кездесетін барлық өсімдіктерді толық қамтуда эскурсияның маршрутын дұрыс белгілеудің ерекше маңызы бар. Маршрутты белгілегенде зерттейтін жерді көбірек аралау жағы көзделеді. Өзеннің жағалары мен суаттары, қыр мен сайлы; қойнау мен ойпатты, батпақты, тоғайды бірнеше жерден зерттеуші көлденеңінен жиі-жиі қиып өткенде, түрліше экологиялық жағдайда кілемнің түріндей құлпыра өскен әр алуан өсімдік жамылғысын кездестіреді.

Егерде зерттеуге арналған жер теп-тегіс, біртекті, шөл, дала, егістік жазық болғанда, өсімдіктері де жер бедеріне сай, біркелкі келеді, онда маршрут қалай сызылуы керек? Мұндай жағдайда да маршрутты иір-иір етіп, ұзартып сызу керек. Өйткені көптеген өсімдіктер жамылғысы бүкіл жапан даланы алып жатпайды, кейде үй орнындай, болмаса «аттың төбеліндей» жерге шоқ-шоқ болып өсе береді. Маршрутты иреңдетіп, ұзын алу арқылы осында оншалықты жиі кездеспейтін өсімдіктердің тобына кездесіп қалуымыз ықтимал. Бір бағыттағы маршруттан қайтқанда барған жолмен жүрмей, бұрын жүрмеген жолмен, басқа бағытпен, жүруге тиістіміз. Өйткені кейін қайтқан жолымызда да бұрын кездеспеген өсімдіктердің үстінен шығуымыз мүмкін.

Сонымен бірге маршрут сызғанда және оны іс жүзіне асырғанда мынадай екі ережені есте сақтауымыз керек: а) өсімдіктердің әр түрлі экологиялық участокта ұшырасатын жерлерде болу; ә) осындай жеке экологиялық участоктың өзін бүге-шігесін қоймай зерттеп отыру.

Балды өсімдікті іздеудегі (басқа өсімдіктерді табуға да) маршрут белгілеудің негізгі принципі осылай; осы көрсетілгендей, болмаса осы типтес маршрут жасап зерттеуші әр алуан өсімдік жамылғысын құраған формациялармен, ассоциациялармен (өсімдік бірлестіктерімен) жете танысады.

Пысықтау сұрақтары:

1 Өсімдіктердің таралуын зерттеу әдістерін атаңыз?

2 Өсімдіктердің жер бетінде таралуы қандай факторларға байланысты?

3 Жер шары өсімдіктерінің таралу заңдылықтары.


Дәрілік өсімдіктерді жинайтын орындар мен жинау мерзімдері
Алдымен жақын маңайдағы өсімдіктерді жинау керек, ал олармен танысып болысымен алыстау жердің өсімдіктерін жинаймыз. Жоғарыда айтылғандай зерттелетін участокты барлық бағытта да аралап, оның егжей-тегжейінің бәрін қалдырмай, кездескен өсімдік түрлерін жинап беру керек. Бұған өзен жағасында, көлде, сазда, сайда, қырда, беткейде, құмда, ферманың, ескі үйлердің жұртында, сыпырындылар тасталған жерлерде, огородта, бау-бақшада т.б. жерлерден жинау керек. Осы айтылған жерлерде өсімдік түрлері өте көп және жиі өседі.

Өсімдіктерді жинағанда оның вегетациялық дәуірінің қай кезінде жинаған қолайлы? Балды өсімдіктердің гүлдеу, жеміс беру дәуірінде жиналатыны бұрын айтылған. Бірақ балды өсімдіктер өте, көп түрлі және бәрібір мезгілде гүлдемейді. Тіпті әрбір ай, әрбір онкүндікте гүлдейтін өсімдіктер бар. Міне, осы жағдайларды есте ұстап, зерттеуші өсімдігін жинаған жеріне, қайта-қайта айналып соғып отыруға тиісті. Ең болмағанда бір орынға ерте көктемде, жазда, күздің бас кезінде оралып соғып отырған орынды. Тек бір жерге қайта- қайта келіп, ол жерде өсіп тұрған балды өсімдікті қадағалап зерттеген зерттеуші ғана «бұл аудандағы барлық балды өсімдікті таптық және толық жинадық» деп сеніммен айта алады.

Гербарий жинауға шыққанда ауа райының қандай күйде екеніне де көңіл бөлуге тура келеді. Ауа райының ашық мезгілінде жинаған гербарий тез кебеді, сапалы болады; бірақ ашық күнде де, жауын-шашын күндері де, ертелеп те, түсте де, кешке де жинай беруге болады. Тек жауын-шашында жиналған өсімдіктерді кептіруге қағаз көбірек керек. Құрғатуға керекті қағаз (ескі газеттер) көп болып, олар жиі ауыстырылып отырылса, ол өсімдіктердің сапасы ашық күнгі жиналып, кептірілген өсімдіктен төмен болмайды. Тәжірибесіз, өсімдік жинауды өмірінде бірінші бастаған адам балды өсімдіктің түрін танымаса, атын білмесе де оны зерттеуге кірісе беруіне болады. Бірақ табиғатты зерттеуші өсімдіктің нашарын, мал жеп, аяғымен таптап тастағанын дертке ұшырап, зақымданғандарын алмай ең жақсы және толық жетілген өсімдікті жинап алу керек. Бірақ өсімдіктің осы түрі сол маңда біреу ғана болып, онан жақсы данасы табылмаса, онда табылғаны алынады. Мұндайда мынадай маңызды ереже естен шықпасын. Бұрын жиналмаған өсімдікті көзге көрінісімен ал, кейінге қалдырма! Ол өсімдік алғаш кездескенінде алынбаса, бұдан былай тіпті ұшырамай қойса, оның өкініші ойдан кетпей қояды.

Әдебиеттер тізімі: 8, 22-40 бет.

Пысықтау сұрақтары:

1 Вегетациялық дәуір дегеніміз не?

2 Өсімдікке ауа-райының, судың, ашық аймақтың әсерін көрсет.

3 Топырақтың, жарықтың, ылғалдылықтың өсімдікке әсері қандай?




Дәрілік өсімдіктерді жинау әдістері

Жинағанда өсімдіктің барлық вегетативтік мүшелерінің түгел болуын қарастыру керек. Өйткені өсімдікті дәл анықтап шығу үшін, оның тамырының, сабағының, жапырағының, гүлінің және жемісінің алуан түрлі белгілерін сүйену керек болды. Кейде жапырақтың сабаққа, бұтаққа орналасуы, оның жемісінің, тұқымының түсі, формасы тағы басқа белгілері өте-мөте қажет.

Тамырын қазып алған өсімдіктерді оның жапырағына, сабағына, тамырына жабысқан лайдан, жәндіктердің лечинка, жұмыртқаларынан мейлінше тазалап қайта-қайта жуу керек. Оларды орайтын қағаздың арасына саларда тамыр, сабақ, жапырақтың суын сығып тастаған жақсы. Қазып алған өсімдікті топырақтан тазартып болысымен қағаздың арасына, папканың ішіне солдырмай дереу салу керек. Солған өсімдіктің жапырағын, гүл күлтелерін жазып, табиғи қалпына келтіру өте қиын да, кейде тіпті мүмкін емес.

Ағаштан, бұтадан гербарий жасағанда олардың жайқалған жапырағы бар яки жеміс салып тұрған бұтағын алады. Гербарий үшін өсімдіктердің аса жақсысын да, солғын тартқан, мүжілген, көріксіз, өте жаманын да алмай, қалыпты өсімдіктерді, орта өсімдіктерді алу керек.

Гербарий жинағанда ерекше көңіл аударуды талап ететін өсімдіктерге тал, терек, шегіршін сияқты ағаш өсімдіктері жатады.

Экскурсиядан қайтып, палатка тұрған жерге келгеннен кейін күні бойы папкаға жиналған, газетке оралған ылғал жасыл өсімдікті жинаушы алдына өсімдігі бар папканы алып, жайғасып отырады; оны ашып, ішіндегі өсімдігінің қайырылған, бір-біріне жабысқан жерлерін ажыратып, реттеп, құрғақ газеттің бетіне этикеткасымен бірге ауыстырып салып, тегіс жерге қатарластырып қояды. Кездейсоқ құйыннан, жайлап, соққан желден газетті, газеттің араларындағы өсімдіктерді аман сақтау үшін, жағалай жерге жая жиналған гербарийдің осылай түнгі салқынмен (күн көзіне шалдырмай) жайып алу, оларды шіруден аман сақтайды және кебу процесін тездетеді. Түні бойына жаюлы жатқан жас өсімдігі бар газет бірқатар желдеп, кеуіп қалады; таңертең осы жас гербарийлерді жинап, темірден яки тақтайдан істелген престің арасына салып, кендір жіппен немесе қайыспен қатты қысып байлап тастайды.

Пресс жоғарыда көрсетілгендей темірден және сым тордан да жасалады. Ал қарапайым престі екі тақтайдан да істеуге болады.

Практикалық жағынан өсімдікті кептіруге аса қолайлы құрал металл пресі сықылды бұл да аса қолайлы, өсімдікті өте жақсы кептіреді. Мұндай пресс екі бөлек тордан жасалады. Металды тор былай істелінеді: қалыңдығы 2,5см, енділігі 5-6см ағаш не темірден ұзындығы 44см, көлденеңі 35см (көлемі 55х35см) етіп рама жасайды. Раманың ұзын және көлденең бойына 5см қашықтықта ерсілі-қарсылы тесік тесіп, одан мыс сым өткізеді; әрине мыстың орнына темір сым өткізсе де болады; бірақ мыс сымды тот баспайтындықтан практика жүзінде ол қолайлы болады.



Пысықтау сұрақтары:

1 Өсімдіктерді жинаудың қандай тәсілін білесің?

2 Ағаштан, бұтадан гербарий жасағанда неге назар аудару керек?

3 Әдетте өсімдікті қандай фазасында жинаған дұрыс?



Жабайы дәрілік өсімдіктерді сақтаудың жалпы ережелері
Қоршаған ортаға адамзаттың тигізіп жатқан әсерінің көлемі жыл сайын үдеп келе жатпаса кемімей отыр. Сондықтан табиғи флораның генофондын немесе көптүрлілігін сақтау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін жекелеген аймақтардың флорасын түгелдеу ондағы тұқымдастар мен туыстарды тереңдетілген ғылыми тексерулер жүргізілуін қажет етеді. Әсіресе ауыл-шаруашылық айналымындағы жерлерді тиімді пайдалану, қалпына келтіру, сақтау, қорғау мәселелері қатар жүргізілуі қажет. Солтүстік Қазақстанның табиғи-байлығы ежелгі уақыттан бері өндіріс, өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығында пайдалануына байланысты антропогендік өзгерістерге ұшырағанын өсімдіктер жабындысынан байқауға болады. Ғылыми-зерттеу жұмысы барысында Қостанай флорасында сирек кездесетін, өз ареалының бір шетінде орналасқан немесе жойылып кету қаупі төнген түрлері қарастырылып отыр.

Сирек кездесетін өсімдіктерді қорғауда «Қызыл кітапқа» енгізу, ботаникалық бақтарға интродукция жасау, әр түрлі мерзімдік ботаникалық қорықтар (заказниктер) ұйымдастырудың маңызы үлкен. Дегенмен барлық сирек кездесетін өсімдіктердің қорғауға жарамды жан-жақты тәсіл жоқ. Әр ерекшелігі және шаруашылық пайдалылығына байланысты өзіндік қорғау тәсілдерін қолдауды керек етеді. Сондықтан түрді қорғап сақтау үшін биоценоздарды да сақтау қажет, өйткені түрлердің бүкіл эволюциясы биоценоздарда өтеді, сондықтан қорғауға алынған биоценоздарда түрлердің жақсы, сенімді сақталатыны анық.

Қазіргі уақытта сирек өсімдіктердің популяцияларын табиғи жағдайда сақтау үшін олардың географиялық таралуы қарастырылып өсетін жерлері карта-схемаға түсіріліп ұсынылып отыр.

Жасанды көшеттер арасында жол бойы эстрагон-жусан Artemisia dracunculbs L., далалық сәлбен Salvia steppose shost. Азық дақылдар бірлестігінде кездеседі.

Экспедиция кезінде дәрілік өсімдіктердің интродукциондық тәлімбаққа енгізілген, 60 үлгі жиналды. Сонда оларды зерттеу жалғасады.

Қазіргі кезде Қазақстан солтүстігінде дәрілік өсімдіктердің көпшілігі өнеркәсіптік тоғайларда жасамайды, кішкентай популяциялар құрайды, жаратылыс өсімдік бірлестігінің құрамында кездеседі. Құм салаубас Helichrysum arenarium (Z) Moench қоры және таралу аумағы күрт азайды; табиғи фитоценоздарда аңдасанда популяциялар қалды, жиі бірлі жарым өсімдіктермен Қостанай облысының Тобыл ауданында бытыраған түрінде кішкентай топтары кездеседі. Оның шектеулі таралуы қазірдің өзінде осы өсімдіктімәдени түріне айналдыруының артықшылығын анықтайды.

Жалаңаш мияның Clycyrrhiza glabra L. табиғи популяциясының көлемі қысқартылып жатыр. Орал мия Glycyrrhiza uralesis Fisch ұлан-байтақ тоғайлары Қостанай облысы Боровой орманшаруашылығында кездеседі. Ең типтілік мекендейтін жері дала, ойыс жер, сортаңдық шалғындар.

Шегіршін жапырақты жұлдызгүл filipendula ulmaria (L) Maxim. ценеореалы Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысының ормандыдалалы аумағында бар.

Халық және ғылыми медицинасында кең пайдаланатын басқада дәрілік өсімдіктердің таралу ареалы қысқарды. Олар кәдімгі мыңжапырақ Achilleа millefolium L., птармик мыңжапырағы Achilleа ptarmica L.,танап қырықбуын Equisetum arvense L.,майда жапырақты күреңот Chamerion angustifolium (L.) Holub , aтқұлақ Rumex confertus, солтүстік қызылбояу Galium boreale L., кәдімгі түймешетен Tanacetum vulgare L., үлкен бақажапырақ Plantago major L., түйнекті әрем Plomis tuberosa L., жатаған жебір Thymus seppyllum L., Жұмыр басты лаңса Echіnops sphaerocephalus және тегіс жапырақты көкбас өсетін тоғайлар табиғи фитоценоздарда Қостанай облысының Октябрь ауданында кездеседі.

Иілтек сәлбен Salvia nutans L, кәдімгі шашыратқы Cichorium intybus L, танап жалбыз Menta arvensis, сасық маралоты Thalictrum foetidum L, әптек бүршікгүл Sanguisorba offieinallis L., популяциялар азын-аулақ.

Дәрілік өсімдіктердің табиғи қоры шектеулі болғандықтан қазіргі зерттеулердің мақсаты оларды мәдени түріне айналдыру. Сонымен, сирек кездесетін және жабайы өсетін дәрілік өсімдіктердің экологиялық-биологиялық ерекшеліктерін зерттеу, табиғи жағдайларда олардың санын қалпына келтіру фитохимиялық сипаттамаларын жақсарту мақсатымен дақылдарды іріктеу әрбір аумақтарда өсіруге адаптация жұмыстарын өткізу генофендты сақтаудың мүмкіншіліктің бірі.

Пысықтау сұрақтары:

1 Өсімдіктердің таралу ареалы дегеніміз не?

2 Өсімдіктерді табиғатта сақтаудың маңызы қандай?

3 Өсімдіктің шектеулі таралуы дегеніміз не?


Жабайы дәрілік өсімдіктерді кептірудің жалпы ережелері
Өсімдіктерді престе кептіру олардың арасындағы төсеніштерді алмастыру есебінен жүргізіледі. Алғашқыда төсеніштерді күнде алмастырады, ал өсімдіктер кебе келе – күнара. Өсімдіктер салынған престерді жел қағып, күн түсетін жерлерге іледі. Дымқыл төсеніштерді күнге кептіреді.

Өсімдіктердің дайын екендігі, әдетте, жасыл түстін өзгеруі бойынша анықталады, сондай-ақ кепкен өсімдіктерді сабағынан көтергенде оның бөліктері жапырылмайды; кепкен өсімдіктерді ерінге жанастырғанда салқындық сезімі тумайды. Сәтсіз кептірілген өсімдіктерді дымқыл соғыш қағазға салып, төсеніштерді жиі ауыстырыпкептіреді.

Өсімдіктерді толық кептірмеуге немесе өте құрғатып жіберуге болмайды, өйткені толық кептірілмеген өсімдіктер шіриді де, өте құрғап кеткен өсімдіктер үгіліп кетеді. Көпшілік өсімдіктер әдетте 4-7 күнде кебеді.

Жақсы кепкен өсімдіктерді қалындығы 20-25см тешеге қаттап салады да, қалын екі мұқабаның арасына орналастырып байлайды. Әрбір байланған текшеге өсімдіктін жиналған жерін, күнің, айын және жылын жазады, содан кейін тасымалдау үшін жәшікке салады.

Өсімдіктерді басқа әдістерменде кептіруге болады, мысалы, ыстық үтікпен, құмда т. б. Үтікпен кептіру гүлдері әдеттегіндей кептіргенде оңып кететін өсімдіктер үшін қолданалады. Үтікпен кептіруге арналған өсімдіктерді алдымен 2-3 күн преске салады, содан кейін үстінен қағаз салып, үтікпен абайлап үтіктейді. Осылайша кептірілген гүлдер өздерінің түсін жақсы сақтайды. Құмда кептіру өсімдіктер бөліктерінің көлемдік ара қатысың сақтайды да, бұл әдісті көрнекті құралдар және көрме экспонаттарының жиынтығын дайындауға қолданады. Кептірудің бұл түрі үшін бір келкі өзен құмын алады. Құмның салмағынан өсімдік немесе гүлдің сыртқы түрі өзгермеу үшін оларды «фунтиктің» (шөлмек тәрізді воронка қағаз қалтаның) көмегімен ұқыпты түрде үстін құммен жабады. Ірі шырынды өсімдіктер 50-600С температурада 7-8 күнде, ал ұсақ өсімдіктер 1-2 күн шамасында кеуіп үлгереді. Кепкен өсімдіктерді құмнан үлкен ұқыптылықпен алу керек. Ол үшін қағаз қорапшаның түбі бірнеше жерден тесіледі, осы тесіктерден құм түседі, ал қалдығын бояу жаққышпен (кисточкамен) қағып түсіру керек. Осындай тәсілмен кептірілген өсімдіктер түрлі көрнекті құралдар ретінде пайдаланады.

Пысықтау сұрақтары:

1 Өсімдіктерді кептіру тәсілдері қандай?

2 Өсімдіктердің кебу процесін тездетін қандай факторларды білесің?

3 Өсімдікті кептіру үшін қандай құрал-жабдықтар қажет?


Дәрілік ретінде пайдаланатын мәдени дақылдар
Уытты өсімдіктер жер шарының барлық аймақтарында кең таралған. Өсімдіктердегі алкалоидтардың ашылуы өткен ғасырдың бас кезіне жатады, бірақ олардың өсімдік тіршілігіндегі маңызы әлі толық зерттелмеген. Сондай-ақ, өсімдік ағзасындағы алкалоидтардың түзілу заңдылығы мен жинақталуы да толық зерттелмеген.

Ашылған уытты өсімдіктердің саны, флора түрлерінің жалпы санына қарағанда, көп емес, бірақ жыл сайын олардың саны тез көбеюде. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 15 мың түрлерінің ішінен 600-дей уыттылар табылған. Толық зерттелгені осы санның ең көп дегенде 20%-тін құрайды. Уытты өсімдіктердің көпшілігі мына тұқымдастарға жатады: күрделігүлділерге (Compositae), бұршақтыларға(Leguminosae), сарғалдақтарға (Ranunculaceae), лалагүлдерге (Liliaceae), көкнәрлар (Papaveraceae), алабұталар (Chenopodiaceae), алқалар (Solanaceae) және айлауықтарға (Borraginaceae). Бірақ бұл, басқа тұқымдастарда алкалоидтар кесдеспейді деген мағынада емес. Бар болғаны, СССР флорасы сапа жағынан әлі аз зерттелген, әсіресе бәзді қызықтыратын бағытта. Айтылғандарға анық мысал ретінде алабұталар (Chenopodiaceae) тұқымдасын жатқызуға болады, олар уыттылар тұқымдастардың тізімінде осы жылдарға дейін болмаған .

Өсімдіктерді көлеңкеде немесе желдетіліп отыратын бөлмеде кептірген дұрыс. Күннің көзінде, пеште және тағы басқа жерлерде кептіруге болмайды. Кептіруді тез жүргізу керек. Бұл уытты өсімдіктердің шикізатының басқа да кептіру амалдарына жатады. Өсімдік материалының баяу кептірілуі кезінде туындайтын ферментативтік және энзиматикалық процесстер, әсіресе айналадағы ауаның ылғалдылығының көп болуына байланысты, оның алкалоидтылығының төмендеуіне әкеліп соғады. Алкалоидтылыққа өсімдікті зерттеу барысында міндетті түрде қажетті жазбалар жүргізу керек.

Эфир майы өсімдіктің барлық мүшесіне тән және гүлдерде, жемісінде, жапырақтарында, сабағында, жуашықта, тамырларында, тамырсабақтарында және басқаларда болуы мүмкін. Олар әдетте өсімдік ұлпасында (мысалы раушангүлдің күлтежапырақшасында) немесе ерекше сыртқы жерлерде (безді түктер).

Біреулері, эфир майы өсімдік өміршеңдігі деп есептесе, ал кейбіреулері күрделі химиялық қосылыстардың ажырауы деп ойлайды, кейбір жағдайларда өсімдікпен регенерирленуі мүмкін және азықтық заттардың қоры ретінде пайдаланылуы мүмкін. Берілген сұрақтың шешімі бізге тым алыс екенін айтып кеткен жөн.

Өсімдіктердегі эфир майы ерекше жерлерде (өсімдік бездерінде) немесе жапырақтарында болады, тек кейбір өсімдіктердің жемістерінде (мысалға Umbelliferae), сондай–ақ безді түктерде болады. Негізгі ұлпада эфир майы сирек кездеседі.

Эфир майын түгелдей меңгеру үшін бірнеше жүздеген грамм үлгісін алу қажет (оны айтылған құралдан алу мүмкін емес). Буқалыптастырғыштан бу материалдың астына булағыштың төменгі бөлігіне бу жіберетін түтік арқылы өтеді, сол арқылы және эфир майымен бірге жоғарғы тесік арқылы тоңазытқышқа өтеді. Тоңазытқышта салқындатылған су және эфир майы буының қоспасы конденсірленеді, ағады және қабылдағышқа түседі. Қабылдағыш ретінде флорентинді ыдыс жүреді. Эфир майы қабылдағыштың кеңейтілген бөлігінде ериді, артық су түбінен қосылып тұрған талшықпен қосып тұрған бүйірдегі түтік арқылы ағып кетеді.

Пысықтау сұрақтары:

1 Алколоидты өсімдіктер, олардың биологиялық ерекшеліктері.

2 Эфирмайлы өсімдіктердің дәрілік қасиеттері.

3 Дәрілік ретінде пайдаланатын мәдени дақылдарға қандай түрлер жатады?



Дәрілік өсімдіктерді жерсіндіру
«Интродукция» латынша – «introducto» деген сөз, орысша «введение» - жерсіндіру деген мағынаны береді. Жерсіндірудің негізгі мақсаты белгілі бір жерге лайықтап жабайы өсімдікті мәдени түрге қалыптап, шаруашылыққа пайдалану.

Қысқаша айтқанда, жерсіндіру кезінде қоршаған ортаның климат және басқа да ерекшеліктері өсімдіктің тұқым қуалау қасиетіне әсер етіп, оны сол ортада жақсы өсуге бейімдейді.

Жерсіну жұмыстарының жетістігі көбінесе тұқымнан өсімдік алу мүмкіндігімен анықталады. Интродукциялық жұмыста ең маңыздысы тұқымдық дәннің өзін анықтау болып табылады, ол осы тұқымдық өсімдіктің қандай түріне, туысына, әртүрлілігіне, типіне немесе сортына жататындығын көрсетеді.

Интродуценттермен жұмыс істегенде көбінесе ГОСТ –та көрсетілмеген өсімдіктің тұқымдары зерттеледі, сондықтан сол түрдің систематикасына жақын келетін тұқымдарға арналған әдістемені қолданады.

Интродуцент тұқымдарының сапасы жемістері пісіп жетілгеннен кейін немесе тұқым мен қалыптастыру мүшелерінің процесі кезіндегі зерттеу міндеттеріне байланысты анықталады. Тұқымның егінге жарамдылық сапасын келесідей анықтайды: салмағы 1000 штук, өсудің өңгіштігі және қуаттылығы, өміршеңдігі, ылғалдылығы және аурумен немесе зиянкестермен зақымдалған тұқымдар. Осы әдістемелермен қатар тұқым сапасының анализі әртүрлі бояғыш заттармен бояу жолымен, сонымен қатар, бірнеше физикалық әдістермен жүргізіледі.

Салмағы 1000 тұқым-грамм түрінде көрсетілген тұқымның ылғалдылығы мен ірілігінің көрсеткіші болып табылады. Шектелген тұқымның санындағы интродукциялық жұмыстың құрылымын ескере отырып, салмағы 1000 штук тұқым, олардың жалпы санының пропорционалдылығымен есептелінеді. Ол үшін: 1) әрқайсысында 500 тұқымнан екі проба және олардың салмағының қосындысы өлшенеді, есептелінеді; 2) әрқайсысында 250 тұқымнан екі проба өлшеніп, есептелінеді және проба салмағының қосындысы 2-ге көбейтіледі; 3) 250 тұқымнан тұратын бір проба өлшеніп, есептелінеді және оның салмағы 4-ке көбейтіледі; 4) әрқайсысында 100 тұқымнан екі проба өлшеніп есептелінеді және олардың салмағы 5-ке көбейтіледі.

Өнгіштігі деп - өсіруге қолайлы ортада белгілі уақыт ішінде (әрбір дақылға қарасты) тұқымның жақсы өскін бере алатын қабілеттілігі. Өнгіштіктің проценттік көрсеткішін өсіп жетілген тұқымдардың жалпы санына қарасты анықтайды. Өнгіштіктің қуаттылығы деп - әр дақылға тән белгі бір уақыт аралығында тұқымдардың бір уақытта өсіп жетілуі.

Өнгіштікке анализ жасау үшін 100 штуктан (немесе 25-50 қайта есептеумен) 3-4 проба таза тұқым алынады. Әр пробаны Петри табақшасына орналастырады. Тұқымды 0,5-1,5см аралықта біркелкі араластырады. Құмда өсіргенде оларды қалыңдығына тең тереңдікте орналастырады. Әр пробаға оның номерін, күнін, түрін жай қарындашпен этикеткаға жазып қояды. Төсек ретінде сүзгіш қағазды (аз дегенде 2 қатар) марлі немесе қыздырылған құмды қолданады. Төсекті ылғалдандыру үшін сүзгіш қағазды және марліні суға салады да, артық суын жылжытып шығарады, құмды 60%-ке дейін ылғалдандырады (дәнді бұршақ дақылдар үшін 80%-ке дейін). Тұқымдардың өсіп жетілуі тұрақты және өзгермелі температурада да жүргізіле береді. Сондықтан да міндетті түрде термостатта немесе тоңазытқышта қажетті температураны күнделікті ұстап тұру қажет; кеуіп кетуге немесе тым ылғалдануға (бір термостатқа су құйылған ыдысты қойып, оны 3 күн сайын ауыстырып отыру керек) жол бермеу; термостаттарды желдетіп тұру, күнделікті Петри табақшаларының қақпақтарын бірнеше секундқа ашып отыру; декадада бір рет термостатты сумен шаю және дезинфекциялау; Петри табақшасына тұқымды салмас бұрын, оны спиртпен немесе 1800С-тан төмен болмайтын температурада ұстап дезинфекциялау керек.

Әр түрлі түрлердің тұқымдарының өсіп жетілу кезеңі ұқсас емес, сондықтан олардың өсіп жетілу қуаттылығы мен өнгіштігін анықтауда өсіп жетілген тұқымның әртүрлі мерзімде есептелуі орнатылады. Көптеген тұқымдарда өсіп жетілу қуаттылығын 3-7 тәуліктен кейін есептейді, кейбір дәрілік және гүлді өсімдіктердің түрлері үшін соңғы мерзімде анықтау жүргізілді. Көптеген түрлерде соңғы өнгіштігінің есебі 7-14-тен 21-28 және одан да көп күнге жүргізіледі.Өнген тұқымдар санына жақсы өсіп жетілгендерді кіргізеді, яғни тұқымның ұзындығындай өскін мен тамыршасы бар.

Тұқымдарда және ложаларда зеңдер пайда болғанда ложаны ауыстыру керек, ал тұқымды сумен шаю қажет. Өсіру нәтижесін ГОСТ-та бекітілген түрлеріне сәйкес тұқымдарға орнатылған күндерін есепке алады.

Өсіп жетілу қабілеттілігінің потенциалдығы деп түсіндірілетін өсімдіктің тіршілік шеңдігін анықтау бояу әдісімен жүргізіледі және өсірілетін тұқымның жалпы санынан %-түрінде көрсетіледі. Тұқымдарды тетразолмен, индигокарминмен және йодпен бояу әдісі әзірленген. Анализге суда тұрған 100 тұқымнан екі проба алады. Әрбір тұқымды қаққа екі бөлікке бөледі, анализге біреуі пайдаланылады, екіншісін суға салады, судан кейін бір сағат көлемінде боялады, аз болған жағдайда 1-2 тәулікке дейін ұзартады.

Жасыл ұрықты тұқымды бояу үшін көбінесе тетразолдың 0,5% ертіндісін пайдаланады (тірі жасушаларды қызыл немесе қызғылт түске бояйды), ақ немесе сары түсті ұрыққа индигокарминнің 0,05-0,1% ертіндісін пайдаланады, өсімдіктердің түріне байланысты 10-15 минуттан 2 сағатқа дейін бояйды.

Йодпен бояу әдісі ұрықтың крахмалын бояуға негізделген (100мл суға 1,3г КУ және 0,3г йод кристалды бояу 30 минут ішінде).

Жақсысын анықтау ұзақ мерзімде өсетін ағаш пен бұтақтардың тұқымдарында жүргізіледі, олар үшін өнгіштік және тіршілікшеңдігі анықтау әдісі орнатылмаған.

Тұқымдардың жақсысы – ол анализге алынған тұқымдардың жалпы тұқымдардың саны. Анықтау әдетте дымқылды жерде ұстағаннан кейін тұқымды кесу жолымен жүргізіледі. Тұқымды дайындау шарттары және өсімдіктердің бөлек түрлері бойынша олардың жақсысының белгілері ГОСТ-та келтіріледі.

Жақсысына ұрығы сау, ішкі жағдайы қалыпты және сипаттамалық белгісі бар толық дәнді тұқым кіреді.

Нашарына иірілген, зиянкестермен зақымдалған, бос және ұрықсыз тұқымдар жатады.

Анализге 100 тұқымнан 3-4 проба алады, нәтижесі әрбір пробаға бөлек жазылады, содан кейін олардан бүтін процентке дейін шектелген арифметикалық орташасын алады.

Интродукционды жұмыста жеміс беруін зерттеу өсімдіктің аз санында жүргізіледі, сондықтан жеміс және тұқымды қалыптастыру процесінде жеміс беру ерекшеліктерін игеруде мән мағына бар, ол әртүрлі түрде және түр ішінде жеміс беру динамикасында маңызды мағлұмат береді. Жемістерін әртүрлі қатардағы өркеннен алады. Алғашқы пробаны түйінделгеннен кейін 3-5 күннен соң, келесісін 3-5-10 интервалында және одан да көп күндерде тұқымның қалыптасу типіне байланысты алады.

Пробаның көлемі олардың саны, мөлшері және ондағы тұқымның санына байланысты болады. Жеміс пен тұқым келесі көрсеткіштермен сипатталады: а) жеміс көлемі және оның массасы салмағы; б) тұқым саны және олардың массасы; в) түйінделген тұқымның саны; г) жеміс пен тұқымдағы құрғақ заттың құрамы; д) тұқым және ондағы ұрықтың көлемі.

Жемісті өлшеп, содан кейін тұқымын ашып өлшейді. Жеміс пен тұқымның құрғақ салмағын анықтау үшін кептіреді: 1050С-дан тұрақты салмағына дейін, содан кейін өлшенеді (ұрықтарды дымқыл шыныда өлшеген жақсы). Егер де бірден өлшеуге мүмкіндік болмаса, онда ұзақ уақытқа спиртте және глицерин қосылған спиртте ұстауға болады.

Алынған мәліметтер жеміс, тұқым және ұрықтың өсу динамикасын зерттеуге, олардан органогенез этапының ұзақтылығын және өзгермелігін анықтауға көмектеседі. Потенциалды және шынайы тұқымдық өнімділік деп айырады. Біріншісі тұқым бүрімен анықталады, екіншісі – жақсы дамыған тұқым санымен анықталады. Проценттік түрде көрсетілген шынайы тұқымдық өнімділіктің (ШТӨ) потенциалдығы (ПТӨ) көрсеткіштік қатынасын «өнімділіктің коэффиценті» (Кон) деп атауға болады.

Түйінделген, бірақ кесілмеген тұқымдардың, сондай-ақ кесілген бірақ зақымдалған тұқымдардың процентін ескеру қажет.

Тұқымдардың өнімділік көрсеткіші жыл сайын құндылануда және өсімдік жасымен өзгереді. Бұл зерттеу программасын әзірлеуде ескерілуі қажет. Бұл тұқымдық өнімділікті оқуда ақырғы этап болып тұқым сапасын анықтау болып табылады.

Тұқымдық өнімділікті зерттеуде 100 дара немесе генеративті өркендерді таңдау жеткілікті. Бұл тұқымды жемісі бар түрлерде потенциалды тұқымдық өнімділік гүл санына сәйкес келеді. Егер тұқым бүрінің саны түйінде қатаң тіркелсе (шатыршагүлділер, ерінгүлділер және тағы басқа) гүлдердің орташа санын түйіндегі тұқым бүрінің санына сәйкес санына көбейтеді. Анықталмаған тұқым санымен көп тұқымды жемістерде тұқымдары және әрбір жемістегі тұқым бүрі саналады.

Шынайы тұқымдық өнімділікті есепке алу үшін таңдауды 200-300 жеміске дейін көбейту керек, әйтседе соңғысы әртүрлі қабатты немесе генеративті өркеннің барлық гүл шоғырының зоналарын қамтуы керек. Жеміс (тұқым) анализі үшін проба алуға нақты әдістеме гүл шоғырының морфологиялық ерекшеліктерімен анықталады.



Әдебиеттер тізімі: 13, 32-58 бет.

Пысықтау сұрақтары:

1 Өсімдікті жерсіндірудің ғылыми – практикалық негіздері.

2 «Интродукция» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

3 Жерсіндірудің негізгі мақсаты қандай?

4 Жерсіндіру жұмыстарын қалай жүргізеді?

5 Жерсіндіру жұмыстарының қандай әдістерін білесіз?

6 Өсімдіктерді жерсіндірудің маңызы қандай?

Өсімдік систематикасы туралы қысқаша түсінік
Қазіргі ғылыми мәлімет бойынша, дүние жүзінде өсімдіктердің 300 мыңнан астам түрі бар. Оның жарымына жуығы, 150 мыңдайы, гүлдейтін, тұқым жеміс беретін – гүлді өсімдіктер.СССР териториясында гүлді өсімдіктердің 15 мыңдайы бар десек, соның 6 мыңға жуығы Қазақстанның жерінде өседі. Ал Қазақстандағы өсімдік түрлерінің басым көпшілігі-ақ балды өсімдіктер, немесе тозаң тұтушы, шайыр шығарушы өсімдіктер болып есептелінеді. Халық бір өсімдіктің өзіне алуан түрлі ат қояды. Әсіресе біздің Отанымызда өсімдіктің бір түріне көптеген жергілікті ат қойылған.

Орыс халқы, мысалы, кәдімгі бақбақты (одуванчик обыкновенный) бір облысында дойник, подойница, подянка, басқа облысында зубник, зубец, т.б. түрде атайды. Қысқасы бақбақтың 25-тен астам аты бар. Қазақ халқының өсімдікке қойған аттары да түрліше.

Өсімдіктің латынша аты әдетте екі сөзден құралады: біріншісі – туыс (род), екіншісі – түр (вид) аты. Бірақ қазақ тілінің өзіндік заңына орай айтылған ережеге байланысты керсінше, бірінші– түр, екінші– туыс атын айтып сөйлейміз және жазамыз. Организмдердің өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарына қарай топ-топқа бөлуді систематика ғылымы зерттейді. Систематикадағы негізгі систематикалық бірлік – түр (вид). Түр деп аралары анық, негізгі тұрақты морфологиялық, физиологиялық белгілері әрқашан тұқым қуалайтын, өзара будандасудан өсімтал ұрпақ шашатын өсімдік, жануар және микроорганизм особьтарының (жеке организмдерінің) жиынтығын айтамыз. Бір түрге жататын әрбір жеке өсімдіктердің сыртқы морфологиялық және анатомиялық белгілерімен қатар оның жасаған ортаға деген физиологиялық (қоректену, өсу, көбею т.б.) талаптары да бірдей болады. Бір түрге жататын жеке өсімдіктер өзара сөзсіз будандасады, ал будандасудан пайда болған ұрпақтар да өніп-өсіп артында ұрпақ қалдыра алатын болады. Көрсетілген белгілердің бәрі де ұрпақтан- ұрпаққа тұқым қуалап отырады. Бір түрге жататын жеке өсімдіктердің тараған алаңы – ареалы да бір болады. Міне осындай белгілері бар жеке өсімдіктердің бәрі де бір түрге жатады.

Түр – систематиканың ең кіші бірлігі. Одан жоғары, ірі бірлік – туыс (род), тұқымдас (семейство) т.б. систематикалық бірліктер болады. Туысқа ата-тегі бір болған түрлер біріктіріледі, сондай-ақ өзара ұқсас туыстар тұқымдасқа біріктіріледі.

Мәдени өсімдіктерді бір-бірінен ажыратып тану үшін, сорт деген ұғым қолданылады. Сорт деген сөз ішкі және сыртқы белгілері өзара ұқсас өсімдіктерге, олардың дәндеріне не жемістеріне бірдей қолданыла береді.

Пысықтау сұрақтары:

1 Өсімдіктер систематикасының міндеттері.

2 Өсімдіктер систематикасының практикалық мәні қандай?

3 Систематика, классификация және номенклатура деген ұғымдардың арасындағы байланыстар?


Сарғалдақтар тұқымдасы
Сарғалдақтар тұқымдас өсімдіктердің түрлері шөптесін, лианалар түрінде кездеседі. Жапырақтары кейбіреулерінде кезектесіп отырады. Гүл симметриясы актиноморфты және зигоморфты түріне, гүлсерігі жай және' қосарланған болыпта кездеседі. Кейбір түрлерінің күлтелерінде шірнеліктер, жиналатын мүйіз шақшаға ұқсас өсіндісі болады. Шірнеліктердің құрамында хош иісті тәтті шырындары болады, осы шырындармен қоректенуге ұшып келген бунақденелілер өсімдіктерді тозаңдандырады, кейбір түрлері жел арқылы да тозаңданады. Гүлдерінде аталықтары да, аналықтары да болады. Жемістері көп тұқымды топтама және көп тұқымды жаңғақ болып келеді.

Көктем жанаргүлі. Биіктігі 40 сантиметрге дейін жететін қоңырқай қара түсті,жуан тамырсабақты көпжылдық шөптесін өсімдік.Сабағы 3-4-тен топтанған,тік,кейде аздап көлбеулеу өседі.Жапырақтары жұмыртқа пішіндес

,тақталары жіңішке,майда бөліктерге бөлінген.Сабағының түп жағындағы жапырақтары саусақ салалы,ұзындығы 1-2 см,ені 0,5-1,0см,жылтыр.Гүлдері ашық сары түсті,ені 4-4,5 см,тостағанша жапырақшаларының саны 12-20,сопақша пішінді,ұшы тіс тәрізді үшкір,ұзындығы 1,5-3,5 см,ені 0,5-1 см.



Жемісі-жұмыртқа пішіндес,ұзындығы 3,5-5,5 см,қатпарлы,түкті,әр жемісшесінің ұшында иілген ілмешектері бар,бірнешеуі бірігіп,ұзындығы 2 см,ені 1,2 см шоқпарбас құрайды.Көкек,мамыр айларында гүлдеп,маусым-шілдеде жемістенеді.

Медицинада гүлдей бастағанда жер үсті шөбін пайдаланады.

Таралу аймағы.Солтүстік,Солтүстік-Шығыс Қазақстан аудандары.Тобыл-Есіл,Ертіс,Каспий,Алтай

Экологиясы.Далалы ормандардың жиектері мен бұталардың арасында өседі.

Қоры.Қазақстан территориясында көп өспейді.Сирек түр ретінде «Қазақстанның қызыл кітабына» енгізілген

Химиялық құрамы.Шөбінде карденолиттер:адонитоксин,адонитоксол,цимарин,гидроксистрофан,тидин,0,015-0,17 процент алкалоидтар бар.Тамырында карденолидтерден:адонилид,

Фукуюзол,линеолон және кумарин,алколоидтар бар екендігі анықталды.Жер үсті мүшелерінде флавоноидтар,стероидтар,дәрумендер бар.



Қолданылуы.Жанаргүлден жасалған адонизид препаратын жүрек тамыр,жүйке жүйесі ауруларына кеңінен қолданады.Көктем жанаргүлі халық медицинасында ерте кезден бері жүрек тамырлары ауруына ем ретінде пайдаланып келеді.Препарттарының адам ағзасына еш зияны жоқ.Жүрек және жүрек жүйкелерінің қызметі нашарлағанда көмегі болады.Жүйке жүйелері қозғанда,ұйқы қашқанда және қояншық ауруы ұстағанда броммен қосып ішуді ұйғарады.

Шөбінің құрамындағы гликозидтер бұзылмау үшін жылдам кептіру қажет.Шикізатының жарамдылығын білу үшін жылда биологиялық белсенділігін тексеру қажет. Жүрек тамырларын және бүйрек ауруларын емдейтін қоспалардың құрамына енеді:17,27,196.



Басқа түрлері:Республикада көктем жанаргүлінен басқа 7 түрі өседі. Солардың ішіндеСібір жанаргүлі,Волга жанаргүлі және Тянь-Шань жанаргүлі тиімді.Әсіресе, Тянь-Шань жанаргүлін көктем жанаргүлінің орнына қолдануға болады.Тау беткейлері мен тау жоталарында,Жоңғар,Іле,Күнгей,Көтпен,Теріскей Алатауларында өседі.

Тянь-Шань жанаргүлінің қоры Иірсу-Қарқарада 50 тоннадан асады,жыл сайынғы дайындалу мөлшері 14-18,8 т.Ретсіз қзып алу салдарынан қоры азайып бара жатқандықтан «Қазақстанның қызыл кітабына» енгізілді.



Өсімдікке морфологиялық талдау мынадай схемамен жасалады:

  1. Өсімдік түрі (қазақша, орысша, латынша)

  1. Өсетін жері (орман, жайылымдық, дала, батпақ, су қойнау, тау шатқалы т.б.)

  1. Жер бедері (ойпат, қырат, тау, төбе, тау етегі, тау беткейі т.б.)

  2. Топырағы, оның ерекшелігі мен ылғалдылығы (құмақ, саздақ, құрғақ, орта дәрежелі ылғалдылық, сортаң т.б.)

  3. Экологиялық тобы (мезофит, ксерофит,склерофит, суккулент, гидрофит т.б.)

  4. Биологиялық типі (ағаш, бұта, жартылай бұта, шөптектес өсімдіктер)

  5. Өмір сүру ұзақтығы (бір жылдық, екі немесе көп жылдық)

8 Қоректену тәсілі (автотрофтық, гетеротрофтық, сапрофиттік, паразиттік, жартылай паразиттік, селбесіп тіршілік ету немесе симбиоздық, насекомдармен қоректенетін)

9 Тамыр (тамыр жүйесі, ұзындығы, түрі, түсі, көлденең қиындысы)



  1. Тамырдың түр өзгерісі (метаморфозы). Микроза.

  1. Сабақ (өсу жолы, биіктігі, көлденең қиылысы, сыртқы құрылысы, түсі, консистенциясы)

  1. Сабақтың түр өзгерісі

  2. Жапырақ (жапырақ сағағы - морфологиясы, қынапты, тілшелі). Жапырақ тақтасының негізгі яғни сабақка немесе сағаққа бекитін жерінің пішіні, жәй немесе күрделі жапырақ, жалпы жапырақтың пішіні, жиегі, ұшы, тілімденуі, түсі, бетінің сипаты түкшелері, категориясы, гетерофиллия, ішкі құрылысы, жүйкеленуі т.б.

  3. Жапырақтың түр өзгерісі (метаморфозы)

  4. Өркен (бұтақтануы, жапырақтың онда орналасуы кезектесіп, қарама - қарсы т.б.)

  1. Гүл (орналасуы, гүл жапырақ немесе жабын жапырақ, гүл серігі) жәй, қос қоршаулы, біріккен, кіріккен желекті немесе дара желекті, гүл бөлімдерінің саны, пішіні, қос жынысты, дара жынысты гүл, гүлдің симметриясы (дұрыс, бұрыс, ассиметриялы), аталықтың типі, саны, тозаң жіпшесінің, тозаң қабының құрылысы, ашылу жолы. Аналық (гинецей), түйіні (жатыны) - апокарпты, синкарпты т.б. орналасуы (ортаңғы, үстіңгі, астыңғы), аналықтың ауызы, оның үстіңгі бетінің құрылысы, мойны т.б. морфологиялық сипаттамалар.

  1. Гүл шогы, типі (моноподиалдық - бүйір гүлді, симподиалдық - төбе гүлді гүл шоғы) т.б.

  2. Гүлдің формуласы мен диаграммасы.

19 Тұқыммен жемістердің типі, морфологиясы (нағыз, жалған, құрғақ,
шырынды жемістер т.б.), таралу жолдары, жеміс шоғыры (соплодие).

  1. Жалаң тұқымды өсімдік болса, жаңғағының морфологиясы, антеридиймен архегонийінің т.б. сипаттамасы.

  1. Жабық тұқымды өсімдіктердің тұқымына морфологиялық сипаттама (саны, пішіні, көлемі, түсі, сыртқы беті, құрылысы, таралу жолы)

  1. Өсімдіктердің пайдалануы (азықтық, улы, малазықтық, техникалық, дәрілік, илік, бояу алынатын т.б.) өсімдіктің аты толық анықталған соң жазылады.

Жұмыстың барысы

1 Тірі немесе кеппешөп даналарынан сарғалдақ тұқымдаска жататын дәрілік өсімдіктердің жапырақтарына, сабақтарына, тамырларына сипаттама беру

2 Гүл шоғырларының түрлерін анықтау

3 Гүлдерінен гүлсерігінің қандай болып келетіндігін анықтап, күлтеріндегі шірнеліктерді, шпорценді көрсету

4 Гүлдеріндегі аталық, аналық сандарын анықтап, құрылыстарындагы ерекшеліктерді көрсету

5Дәрілік өсімдіктердің жеміс түрлерін анықтау


Сарғалдақ (Ranunculaceae) тұқымдасына жататын дәрілік өсімдіктер тізімі

Көктем жанаргүлі (Адонис весенний) - Adonis vernalis L.

Ақезу бәрпі (Борец белоустый) – Aconitum leucostomum Worosch.

Жоңғар уқорғасыны (Борец джунгарский) – Aconitum soongaricum Stapf.

Биік тегеурінгүл (Живокость высокая) – Delphinium elatum L.

Төржеміс тегеурінгүл (Живокость сетчатоплодная) - Delphinium dictyocarum Dc.

Күмән тегеурінгүл (Живокость спутанная) – Delphiniumconfusum M. Pop.

Батпақ қалтагүлі (Калужница болотная) - Caltha palustris L.

Алтай күнгелдісі (Купальница алтайская) - Trollius altaicus С.А.Меу.

Сарғылт құндызшөп (Прострел желтеющий) - Pulsatilla flavescens (Zucc.) Juz.

Сасық маралоты (Василистник вонючий) - Thalictrum foetidum L.

Даур кандалашөп (Клопогон даурский) – Cimicifuga dahucica Maxim

Жай маралоты (Василистник простой) – Thalictrum simplex

Кәдімгі таушымылдық (Пион уклоняющийся) - Paeonia anomala L.

Қайталау сұрақтары:

  1. Саргалдақ тұқымдас өсімдіктер қандай тіршілік жағдайында кездеседі?

  1. Гүл симметриясы қандай?

  1. Гүл құрылысында қандай ерекшеліктер бар?

  1. Гүлінде аталық, аналық саны қанша?

  1. Сарғалдақ тұқымдасын анықтағанда қандай белгілеріне көңіл аудару керек?



Бұршақ түқымдасы
Бұршақ тұқымдас өсімдіктер тіршілік формасына карай ағаш, бұта, лиана, шала бұта, көпжылдық және бір жылдық шөптесін болып келеді. Бұл тұқымдас өсімдіктердің шаруашылық мәні зор. Бағалы азық-түлік және жемшөптік дақыл ретінде өсіріледі. Қазақстанда егістік және көкөністік мәдени бұршақ тұқымдас өсімдіктерден асбұршақ, үрмебұршақ, соя, жамбас бұршақ өсіріледі. Кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктер әсемдік үшін өсіріледі. Оларға сары қараған, ақ қараған және бұршақтарды атауга болады.

Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің бір тобының сабағы мықты емес, жер бауырлап өседі. Ал екінші бір тобының сабағы мықты, тік өседі. Енді бірінің сабағы мұртшаға айналып, өрмелеп өсуге бейімделген.

Бұршақ тұқымдас* өсімдіктердің жапырагы бірнеше кішкене жапырақтардан құралатын қауырсын тәрізді, күрделі жапырақ, үшқұлақты, саусақ салалы болып келеді.

Гүлі дұрыс құрылмаган зигоморфты, гүл қоршауы,

күлтежапырақшасының мөлшері, пішіні де бірдей емес. Гүлсерігі қосарланган, біріккен тостағанша жапырақтардан 5, тостағанша, күлтежапырақшадан 5 күлте түзіледі. Күлтежапырақшалардың пішініне қарай аттары бар. Ең ірі жоғарғы күлтежапырақша - желкен, бүйіріндегісі - ескек, төменгі біріккен екі күлте жапырақша қайықша деп аталады.

Қайықша күлтесінің ішінде 10 аталық, бір аналық болады. Аналықтың бір ғана ұялы түйіні және бірнеше тұқым бүрлері болады. Андроцейіндегі аталық құрылысы туыстарында әр түрлі болады. Ақмия, тентекмия (термопсис) туыстарындағы андроцейіндегі 10 аталығы да бірікпеген бос болады, ал бөрі бұршақ ,'бекіш туыстарындағы андроцейдегі 10 аталықтары да аталық жіпшелері арқылы бірігіп кетеді. Бұршақ, жоңышқа, сиыржоңышқа туыстарының түрлерінде 10 аталықтың 9 бірігіп, 1 бос болады. Күлтенің түсі әр түрлі: ақтан қызыл және күлгін түске дейін өзгереді. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің гүл шоғырлары шашақ, шатырша, жұмыргүл т.б. болады. Жемісі - бұршаққап.

Бұршақтың дәні екі қабыршақ болып ашылады және ішінде бірнеше ұрық болады. ұрықтарының түсі, пішіні және мөлшері әр түрлі болып келеді. Дәнінің негізгі ерекшелігі - оларда акуыздың көп болуы.

Дәрілік түйежонышка. Биіктігі 30-100 сантиметрге жететін екі жылдық шөп тектес өсімдік. Сабағы тік, жылтыр. Тамыры кіндіктеле тарамдалған. Жапырақтары күрделі ұшқұлақ, ұзын сабақты, өркен бойына кезектесіп орналасқан. Жеке жапырақтары дөңгелек, жиегі тіс тәрізді иректелген, тақтасының үстінгі беті жылтыр, астыңғы жақында қысқа түктері бар Гүлдері шошақ гүлшоғырын құрайды, жапырақ қолтығынан шығады. Тостағанша жапырақшалары 5, ақшыл-жасыл, күлтелері де 5, сары түсті. Жемісі-бұршаққап, сыртыңда көлденең қатпарлары бар, ішінде бір тұқым болады. Мамырдан шілдеге дейін гүлдейді.

Медицинада гүлдегенде жинап алып, сабағының жоғарғы бөлігін пайдаланады (жуан сабағы жарамайды)



Таралу аймағы. Қазақстанның биік таулы аймақтарынан басқа жердің бәрінде бар.

Экологиясы. Шалғындықтарды, өзен аралдарында, тоғайларда, сортаң топырақта өседі, өте сирек арамшөп ретунде егістіктерде кездеседі.

Қоры. Батыс Тарбағатайда кепкен шөбінің өндірістік қоры 18 гектар жерде 2,02 тоннаға тең.

Химиялық құрамы. Өсімдікке хош иіс беретін, кепкен шөбінде 04,-0,9 процент кумарин (дигидрокумарин, мелилотозид) сілекейлі зат, холин, аллатоин болады. Тұқымының құрамында пальмитинді (4,6 процент) стеаринді (3,36 процент), олиенді(12,7 процент), минольді(63,3 процент), қышқылдары бар май, т.б. заттар бар.

Қолданылуы. Медицинада түйежонышқадан алынатын препарат орталық жүйе жүйесінің жұмысын бәсеңдетіп, сіңір тартылып тырысқанда жазады және наркотикалық әсері де күшті. Сәуле терапиясынан пайда болған қан аз ауруына қарсы қолданылғанда кумарин қанның ақ түйіршіктерін (лейкоциттер) көбейтеді.

Халықтық медицинада ұйқы қашқанда, метеоризге, тыныс алу жолдары мен өкпе ауруларын емдейді. Қайнатындысы мен тұңдырысын іріндетіп жараны жазу, қабынуды басу үшін теріге жағады. Шөбінің ірін шығару үшін жасыл пластырь жасайды. Жапырақтарынан алынған мелиоцин препараттарының әсері алоэ экстрактысынан әлдеқайда жоғары. Парфюмерия өнеркәсібінде кеңінен пайдаланады.



Жұмыстың барысы

  1. Дәрілік өсімдіктердің гүл құрылысын зерттеп, суретін салу

  1. Гүлдерінің формуласын жазып, суретін салу

  1. Бұршақ тұқымдастарды басқа тұқымдастармен салыстырып гүлдері ерекшелігін анықтау

  2. Дәрілік бұршақ тұқымдас өсімдіктерінен немесе кеппешөп даналарынан жапырақтарының жай, күрделі, орналасу тәртібін, бөбе жапырақтарының бар жоқтығын анықтау

  3. Тамыр жүйесін анықтап қарау. Тамырларынан кішкене түйнекшелерге ұқсайтын төмпешіктерді табу, ылғалды препараттағы түйнектермен салыстыру


Бұршақ (Fabaceae)тұқымдасына жататын дәрілік өсімдіктер тізімі
Егістік қуаңдәрі (Стальник пашенный) - Ononis arvensis L.

Дәрілік түйежоңышқа (Донник лекарственный) - Melilotus officinatis (L.) Pall.

Орал миясы (Солодка уральская) - Glycyrrhiza uralensis Fisch.

Коржин миясы (Солодка Коржинского) - Glycyrrhiza korshinskyi Grig.

Жалаң мия (Қызыл мия) (Солодка голая) Glycyrrhiza glabra L.

Кәдімгі түйежантақ (Верблюжья колючка) Alhagi pseudoalhagi Des. V.

Сортаң айбатмия (Сферофиза солонцовая)Sphaerophysa salsula Pall DC.

Сүйекті аққүрай (Псоралея клстянковая)Rsoralea drupacea Bunge.

Есек мия (Софора толстоплодная) Goebelia pachycarpa Schrek Bunge.

Улы термопсис (Термопсис ланцетный) – Thermopsis lanceolata R. Br.

Түкті қуандәрі (Стальник колючий) – Ononis spinosa L.

Түктігүлді (Астрагал пушистоцветковый) – Astragalus dasyanthus Hall.
Қайталау сұрақтары:

1 Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің вегетативті мүшелерінде қандай ерекшеліктер бар?



  1. Қандай гүл бөлімдері болады және күлте пішіндері кандай болып келеді?

  1. Тамыр жүйесінің қандай маңызы бар?

  1. Туыстарының андроцейлері кандай кұрылысты болып келеді?

5 Егістік жоңышқаның вегетативтік және гүл мүшелерінің қандай~ерекше-ліктері бар?
Құлқайырлар тұқымдасы
Осы тұқымдасқа шөптесін, бұталы, ағашты өсімдіктер жатады. Ағаштардың жапырақтары кезекті, жай, бүтін болып келеді. Гүлдері екіжынысты, дұрыс, өлшемдері үлкен және орташа, әр түрлі түсті,. жалғыз немесе тирсонды гүлшоғырлы болып келеді. Гүл серігі күрделі (екіеселенген), 5 мүшелі. Тостағанша жиынтығы біріккен немесе бірікпеген, кейбір кезде тостағанша жиынтығының астары болады. Күлтежапырақшалары бос немесе негізінде біріккен бітеугүлдері бар. Аталықтары көп, түтікше тәрізді біріккен. Тозаңқаптары 2 ұялы. Гинецей ценокарпты, 5 және одан да көп жемісжапырақтардан тұрады. Жатын үстіңгі, 5 немесе көп ұялы, бір немесе бірнеше 2 интигументті ұрық бастамасы бар. Жемісі - кауашақ. Тұқымы эндосперлимен болып келеді. Тозаң түйіршіктері ірі, тікенді, кейбір кезде талшықты.

Тұқымдастың құрамынада 85 туыс жэне 1500-ден астам түр кіреді. Негізінен құлқайыр тұқымдасы тропикті және субтропикті аймақта, ал кейбіреулері -орташа жағдайлы аймақта кездеседі.

Тұқымдас өкілдері жылы жағдайды сүйгіш болады. Көбінесе ормандарда, батпақ жерлерде, теңіз жағажайларында кездеседі.

Дәрілік жалбызтікен. Биіктігі 60-150 сантиметрге жететін өн бойын түк басқан көп жылдық шөптесін өсімдік.Сабағы тік,жұмыр,аздап қана бұтақтанған,жапырақтары ұзын сағақты,сағағының ұзындығы 2,5-14 см,ені 3-11 см,жұмытқа пішіндес,өркен бойына кезектесіп орналасады.Гүлдері 2-3-тен жапырақ қолтығынан шығады,тостағаншаның астыңғы жағндағы қаптай орналасқан жапырағының ұзындығы 6-12 мм,ұш жағы үшбұрыштанып тілімделген.Жемісінің диаметрі 7-8 мм,әр қайсысы 15-25 жемісшеден біріккен,тұқымы бүйрек пішіндес, ұзындығы 2-2,5 мм,ені 2 мм,қоңырқай түсті,сырты жылтыр.Маусымнан бастап қыркүйекке дейін гүлдейді.

Медицинада дәрілік жалбыз тікенмен армян жалбызтікенінің тамыры мен тамырсабағын пайдаланады.

Таралу аймағы:Қазақстанның барлық аударында кездеседі.

Экологиясы.Далалы аймақтар,ылғалды сортаң шалғындықтарда,өзен арнасы,көл жағасы,тоғайлы жерлер,бұталар мен шилердің арасында өседі.Қалың болып тұтасып өспей,әр жерде топтанып өседі.

Қоры.Зерттелмеген.

Химиялық құрамы.Тамыры мен тамырсабағында көмірсулар,сілемейлі заттар,органикалық қышқылдар,илік заттар,майлар болады.

Қолданылуы.Дәрілік жалбызтікеннен жасалынған препарат мемлекеттік фармакопеяға енгізілген.Ұнтақ,тұндырынды,сұйық экстракт,сироп түрінде тыныс жолдары қабынғанда,іш өткенде,асқазан,бауыр ауруларына қарсы қолданады.Басқа өсімдіктермен қосып қақырық түсіру үшін шайға салып ішеді.

Жұмыстың барысы

1 Тірі немесе кеппешөп даналарынан құлқайыр тұқымдасқа жататын дәрілік өсімдіктердің жапырақтарына, сабақтарына, тамырларына сипаттама беру

2 Гүл шоғырларының түрлерін анықтау

3 Гүлдерінен гүлсерігінің қандай болып келетіндігін анықтап, күлтеріндегі шірнеліктерді, шпорценді көрсету

4 Гүлдеріндегі аталық, аналық сандарын анықтап, құрылыстарындағы ерекшеліктерді корсету

5 Дәрілік өсімдіктердің жеміс түрлерін анықтау



Құлқайырлар (Malvaceae) тұқымдасына жататын дәрілік өсімдік
Дәрілік жалбызтікен (Алтей лекарственный) - Althaea officinalis L.
Қайталау сұрақтары:

  1. Құлқайыргүлділер қатарына енетін тұқымдастарының санын атаңыз?

  1. Құлқайыргүлділер қатарына жататын өсімдіктердің гүлінің құрылысы қандай?

  1. Құлқайыр тұқымдасының құрылысының морфологиялық ерекшеліктерін, анатомиялық ерекшеліктерін атаңыздар?

  2. Құлқайыр тұқымдасының негізгі өкілдерін келтіріңіздер?

  3. Кұлқайыр тұқымдастарының табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы?

  4. Жөкеағаштар тұқымдасының кұрылысының морфологиялық ерекшеліктерін атаңыздар?


Балдыркөк тұқымдасы (Шатыргүлдер немесе сельдерейлер)
Тұқымдастың құрамына 430 туыс, 3 мың түр енеді. Гүлінің формуласы -*Ca(5.o)Co5A5G(2). Тұқымдас өкілдері барлық әлемде тараған. Өмірлі формалары біржылдық, көпжылдық, шөптесін өсімдіктер, кейде ағаштектес болып келеді. Әсіресе жәндіктермен тозаңданады. Жемістері -желекжемісті, әсіресе желмен, сумен, аңдармен жайылады.

Негізгі және маңызды туыстар - Algopdium, Antbriscus, Carum, Conium, Erjhgium, Heracleum, Peuadanum, Pimpinella, Seseli, Sium.

Шатыршагүлділер тұқымдасы Apiales (Araliales) қатарына енеді. Гүлдері 5 мүшелі, гүл шоғыры - күрделі шатырша. Гүлдері актиноморфты, зигоморфты. Күлте жапырақшалары ақ түсті немесе сары түсті, тостағаншасының жапырақшалары тісшелі, аталығы шырынды дискке бекітілген, жатыны астыңғы және екі ұялы болып келеді.

Жемісі кұрғақ, желек тәрізді. Піскен кезде екі бөлікке бөлінеді: мерикарпий. Мерикарпий карпафорға кейбір уақыт бекітіледі.



Тұқымдастарының кұрамына 130 туыс, 2500 түр енеді. Гүлінің формуласы *Ca(5)Co5A5G(2), кейбір кезде зигоморфты болып келеді. Тұқымдас өкілдері тропик, субтропик, орташа климатты аймақтарда тараған. Өмірлік формалары ағаштар, бұталар, көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Әсіресе жәндіктермен тозаңданады. Жемісі - ценобий, 4 эремге бөлінген. Көбінесе ауамен, сумен, жануарлармен жайылады.

Жұмыстың барысы

  1. Гүлдер формулаларын жазып, диаграммаларын жасау

  1. Дәрілік өсімдіктер жемістері коллекцияларынан жемістерді сипаттап, суретін жасау

  1. Тірі өсімдіктерден немесе кеппешөп даналарынан балдыркөк тұқымдаска жататын дәрілік өсімдіктердің вегетативтік мүшелерін сипаттау

  2. Балдыркөк тұқымдасының қандай тұқымдас тармақтары бар?

  3. Балдыркөк тұқымдасының дәрілік өсімдіктері қандай белгілерімен сипатталады?


Балдыркөк (Аріасеае) тұқымдасына жататын дәрілік өсімдіктер тізімі
Кәдімгі фенхель (Фенхель обыкновенный) –Foeniculum vulgare Mill.

Кәдімгі анис (Анис обыкновенный) – Pimpinella anisum L.

Кәдімгі тмин (Тмин обыкновенный) – Carum carvi L.

Улы утамыр (Вех ядовитый) - Cicuta virosa L.

Жабайы сәбіз (Морковь дикая) - Daucus carota L.

Убалдырған (Болиголов крапчатый) – Gonium maculatum L.

Дәрілік сүйментамыр (Любисток лекарственный) – Levisticum officinalis Koch.

Сасық курай (Ферула вонючая) –Ferula assa foetida L.

Кәдімгі петрушка (Петрушка кудрявая) – Petroselinum crispum Mill. Nym.


Қайталау сұрақтары:

  1. Сельдерейгүлділер қатарының сипаттамасының басты ерекшеліктерін анықтаңыздар?

  1. Шатыршагүлділер тұқымдасының морфологиялық, анатомиялық ерекшеліктерін атаңыздар?

  1. Шатыршагүлділер тұқымдасы тараған аймақтарды айтыңыздар?

  2. Сельдерейгүлділер тұқымдасының негізгі өкілдерінің гүл шоғыры қаңдай болып келеді?


Алқа тұқымдасы
Алқа тұқымдас өсімдіктер негізінен үш мақсатта өсіріледі:

  1. Тағамдык: картоп, баклажан, қызғанақ, бұрыш т.б.

  1. Дәрілік: итжидек, сасық меңдуана, қара алқа т.б.

  1. Сәндік: жүпар иісті темекі, петуния т.б.

Өсімдіктерді анықтағанда жапырақ, гүлдерінің, жемістерінің
ерекшеліктеріне қарайды. Алқа тұқымдас өсімдіктерге мысал ретінде
қызганақты - Lycopersicum esculentum (помидорды) алып қарайтын болсақ
мәдени түрінде кең таралған, табиғи түрі тек Перуде өседі. Биіктігі 60 см
болатын бір жылдық, өткір иісті, шөптесін өсімдік. Тамыр жүйесі кіндік тамыр.
Сабағы тік, бұтақталған. Жапырақтары кезектесіп орналасқан,

тілімделген, бөбе жапырақтары болмайды.

Гүлдері майда, сары түсті шашақ гүлшоғырына жиналған, симметриясы актиноморфты. Гүлсерігі қосарланған. Тостағаншасы жасыл, түбінен бірігіп өскен 5-10 тостағанша жапырақшадан түрады, күлтесі түп жағынан бірігіп өскен, жоғарғы жағынан иілген 5-10 үшкір күлте жапырақшалардан тұрады.

Андроцейі 5-10 аталыктан түрады, аталықтары бір-біріне жанаса өсіп, түтік тәрізді көрінеді. Гинецейі синкарпты, 2-10 жеміс жапырақшадан түрады. Үстінгі жатын, екі немесе көп ұялы, көптеген тұқым бүрлері болады, аналық мойны ұзын, аналық аузы екіге айрылған. Гүл формуласы:

* Са(5.іо) Со(5_іо) А 5-ю G (2-ю) Жемісі - қызыл немесе сары түсті етті шырынды жидек.

Қара мендуана - биіктігі 20-115 сантиметрге жететін жағымсыз иісті екі жылдық өсімдік. Сабағы жиі бұтақталған,өн бойын түгелдей жабысқан жұмсақ түк басқан. Жапырағының үстіңгі беті қою жасыл түсті,жиектері тіс тәрізді ойықталған.

Сабақтың түбіне дөңгелектене өскен жапырақтары ұзын сағақты жұмыртқа пішіндес,жоғарылаған сайын сағақсыз,өркен басына кезектесіп орналасқан.Гүлдері сабақ ұшында.Тостағанша жапырақшасы гүлдеген соң ұзарып 10-22мм-ге жетеді,түп жағы кеңейген түтіктей,қоңырау пішінді,ұшы үшкір тікенектерімен бітеді.Күлтесі тостағаншадан екі есе ұзын,ақшыл түсті,арасында күлгін дақтармен торланған өрнектері бар.Аталықтарының екеуі қысқа,жемісі-көп тұқымды қауашақ, ұзындығы 15-18 мм,тұқымдары өте майда,қоңыр-сұр түсті.Маусым мен шілде айларында гүлдейді,шілде мен тамызда тұқымдары піседі.

Медицинада бірінші жылы өсіп тұрған өсімдіктің сабақ түбіндегі дөңгелене орналасқан жапырақтары пайдаланылады,оны жаздың аяғы,күздің басында жинайды.

Таралу аймағы. :Қазақстанның барлық аударында кездеседі.

Экологиясы.Жол жиегінде,қоңысты жерлер,ескі жұрттар,тұрғын үйлер маныңда,бақшада,егістікте өсетін арамшөп.Қалың өспей,әр жерлерде азғана топ болып өседі.

Қоры.Зерттелмеген.

Химиялық құрамы.Барлық мүшесінде атропин тобына жататын алколоидтар кездеседі,тұқымында 34 процентке дейін эфир майы,жапырағында флавоноидтар (рутин) бар.

Қолданылуы. Мендуана препараты медицинада қатты қулап жарақаттанғанда,подагра ауруларына тыныштандыру үшін қолданылады.Бронхы демікпесіне ішетін астматол дәрісінің құрамына қосады.

Мендуана алкалоидын-гиосциаминді ұшақпен ұшқанда құсуға қарсы қолданатын аэрон таблеткасының құрамына қосады.Қара . мендуананың

Жапырағынан жасалған майын,экстрактысын сыртқы ауруларға,жүйке,бұлшық ет және буын ауруларына жағады.

Мендуананың барлық препараттары өте улы,пайдаланғанда өте сақ болу қажет.



Басқа түрлері. Қазақстанда аласа мендуана деген түрі солтүстік аудандардан басқа жерлердің бәрінде өседі.
жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау