Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования


Тарихи мәліметтерге сүйенетін болсақ, құрақ құрау



жүктеу 12,08 Mb.
Pdf просмотр
бет114/271
Дата10.04.2023
өлшемі12,08 Mb.
#42092
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   271
Тарихи мәліметтерге сүйенетін болсақ, құрақ құрау 
көптеген ұлттарға тән екендігін білеміз. Мысалы, Шығыста, Мысырда, 
Каир төңірегінде үшмың жыл бұрын төртбұрыштардан тігілген құрақ 
бұйымдары табылған. Сол сияқты Америка елінде де, көршілес орыс 
халқында да құрақ құрау өнері ертеден дамыған.
 
Сонымен бірге ерте кездегі «жұп», «су» секілді мағыналы құрақтар күні бүгінге дейін өз мән- 
мағынасын жоғалтпады. Бүгінде құрақ қолөнерінде қолданылып жүрген «су символы» деп құрақ 
құрау қолөнерінде жүргізілетін түрлі түсті матадан кесіліп алынған жіңішке жолақты айтады, 
яғни тік төртбұрыштардан құралатыны белгілі. 
Әрбір құрақ түрін жасаған кезде одан қандай да бір нәтиже шығу керек. Құрақ үлгісін 
дайындау кезінде бірнеше нәтижеге жету үшін, біріншіден құрақтың шығу тарихы зерттей келе 
қажеттілігін, сұлулығын үйрену қажет. Екіншіден, құрақ бөліктерін дәстүрлі өлшем түрлерімен 
көпбұрыштар түрлерін (үшбұрыш, шаршы, тік төртбұрыш, ромб, параллелограмм, трапеция, 
бесбұрыш, алтыбұрыш)-ты пайдаланып дайындау жолдарын үйрену қажет. Ол үшін құраушы 
адамның логикалық ойлау қабілетінің жоғары болуы шарт.
Үшіншіден, осы логикалық ойлау арқылы құрақтың небір әдемі, халық тұтынатындай түрлерін 
ойлап шығару керек. 
«Аққу» құрағы
Сонымен қатар құрақ өнері арқылы жануар, құс бейнелерін де мата бетіне 
салуға болады екен. Қашанда әдемілік пен сұлулыққа құштар ата-бабамыз 
ұзатылған қыздың артынан жасау апарғанда махаббат нышаны ретінде 
«Аққу құрақ» көрпесін апарған. «Аққу» құрақ геометриялық 
паралелограммнан, тіктөртбұрыштардан құралады. 
 
«Бал арасы» құрағы 
Бал арасының ұясы негізінде «Алты табақ» құрағы пайда болған. 
Мағынасы, тәттілік пен молшылықты білдіреді. Бұл геометриялық дұрыс 
алтыбұрыштан құралады.
«Құрақ көрпе -
отбасындағы береке бірліктің белгісі » деп тегін 
айтылмаса керек.Қонағын төрге шығаратын халқымыз құрақ көрпесін 
төрге төсеген. Ол – сыйластықтың белгісі. Дүниедегі әрбір зат майда бөлшектерден құралады. 
Сол секілді әр үйде құрақтан жасалған бұйымның болуы отбасының берекесі мен ынтымағын 
құрайды 
Тіпті біздің әжелеріміз ерте кезде балалары өліп тоқтамаған отбасылардың үйін «тіл-көзден 
аман болсын» деп ырымдап, «қырық құрақ» құрап, баласын соған ораған екен. 
Құрақ құрау қолөнерімен кез келген адам айналыса алмайды. Өйткені бұл қолөнердің де өз 


233 
қиындығы бар. Сондықтан бұған шыдамды, төзімді, терең ойлайтын, бастаған жұмысын аяғына 
дейін апаратын, логикалық ойлауды, сонымен бірге аз да болса геометриялық фигуралардың 
қасиеттерін меңгеру керектігін талап етеді. Мысылы: Көпшілігінде құрақта төртбұрыштар 
диогональ бойынша, ал үшбұрыштар мен трапециялардың орта сызықтарының қасиеттері 
қолданады. Құрақ өнерімен айналысудың пайдасы – адамды шыдамдылыққа, үнемділікке, 
төзімділік пен сабырлылыққа, тазалық пен әсемдікке баулып, жан дүниесін байытып, ой-өрісін 
кеңейтеді. 
Ерте заманда қыз балалар кішкентайынан құрақ құрауды біліп, үйренуге тиіс болған. Бір 
өкініштісі казіргі кезде бұл қолөнермен ісмер қыз-келіншектер мен көне көз әжелеріміз ғана 
шұғылданады 
Кәзіргі заман талабына сай бұйымдар жасауда құрақ өнері 
бүгінде өріс алып келе жатқанға ұқсайды. Мына 
өндірілген бұйымдар осының дәлелі дерсің. 
Қазақтың дәстүрінде бар осынау қолөнер түрін әлем 
елдерінің біразы қолданады екен. Мәселен, құрақ өнерін 
орыстар «лоскутное шитье», жапондықтар «сашика», ал 
ағылшындар «почворк» дейтін көрінеді. 
 
Құрақтардың мың құбылған сәні мен сұлулығына қарап тұрғаныңда, Егер, қазақтың бұл 
құрақтары мен ою-өрнегіне тіл бітсе, олар мәңгілік ғұмыр, асыл махаббат, өшпес сұлулық 
туралы бізге таусылмас сыр мен жыр толғар еді. Яғни, құрақ құрау, оны тамашалау қыз-
келіншектерді сұлулықпен сырласуға, оны өн-бойыңа сіңіруге, бояулар әлемін танып, түсінуге 
үйретеді. Ал жаны сұлу адамның ісі де, мінез-құлығы да, сөзі де, отбасы да сұлу. 
Құрақ адамды үнемділікке үйретеді, кішкентай мата қиындысынан сәнді зат жасау өмірге 
қабілеттілікке тәрбиелейді. Өз қолдарыңнан жасаған бұйым әрқашан да ыстық болады. Сонымен 
бірге кәзіргі заман талабына сай үйде отырып табыс табудың бірден бір таптырмас құралы.
Жұмысты жазу барысында көптеген іздестіру жұмыстарын жүргіздім. Өз жұмысымның 
ерекшелігі қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық қолөнер-құрақ өнерін меңгергенімді түсіндім. Қоғам 
үшін құрақ өнерінің жасалуын зерделей келе қолөнер байлығымыз екенін білдім. Құрақ – қызық, 
әрі құнды өнер. Ол ұзақ ізденісті, ыждағатты қол еңбегін қажет ететін іс екеніне көзім жетті. 
Шын шеберлікке қоса табандылықты талап ететінін білдім. Қазақ халқының қолөнерінің аса 
қымбат, қайталанбас сұлулығын, ғажайып көркін құрақөнеріненкөреміз. Осы жазбамды 
қорытындылай қеле, түйген ой-пікірім: 
1) көпбұрыштарды пайдалану арқылы, функционалдық сауаттылықты дамытуға ой түйдім; 
2)құрақ өнері арқылы халықтың қолөнерін, салт-дәстүрін терең түсініп білдім; 
3)құрақ 
өнері 
– 
өте 
нәзіктікті, 
әдемілікті, 
шыдамдылықты, 
шеберлікті 
талап 
ететінінекөзжеткіздім 
Қазақтың қолөнері бүгінгі жаһанданған заманда да өз мәнін жоғалтпай, жалғасын тапса, нұр 
үстіне нұр болар еді. 

жүктеу 12,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   271




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау