72
-
оқу тапсырмаларының көлемі азаяды;
-
мұғалімнің арнай дайындалған тапсырмалары қоладанылады;
-
тапсырмаға нақты нұсқау беріледі, нақты сұрақтар қойылады.
Әрине, бұл оқушылар мұғалімнің, ата-ананың көмегін көп қажет етеді, сондықтан әр пәннен
деңгейіне қарай жеке тапсырма беріп, оқулықтағы тапсырмалардың көбі мұғалімнің өзі дайындаған
тапсырмалармен алмастырылады.
Сонымен қатар, мектепте әлеуметтік көмек, педагогикалық-психологиялық қолдау,
дефектолог, педагог-логопед көмегі, қашықтықтан оқыту жағдайында компьютерлік техникамен
қамтамасыз ету қарастырылған.
Ерекше білімді қажет ететін баланы оқытар алдында төмендегідей талаптар ескерілді:
баланың мектепке, арнайы пәнге дайындығын, даму ерекшелігі бақыланды;
бала тәрбиесіндегі кемшіліктер анықталды;
сабақты жүйелі жоспарлау көзделді;
оқу- үлгеріміне талдау жүргізу жоспарланды.
Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың оқытудағы қиындықтарын мен себептерін пән
мұғалімдерінің сауалнама жүргізу және әңгімелесу, оқушының сабақтарын бақылау барысындағы
зерттеулерінің нәтижесі:
Оқытудың қиындықтарының байқалуы
мен себептері
Күшті
жақтары,
қызығушылығы
психологиялық (эмоционалдық, мінез-
құлық) ерекшеліктері
Қиындықтары:
кей
сөздерге
тілі
келмейді; сөздердің айтылуы қиын,
түсініксіз, баяу оқиды, сөздерді дұрыс
айтпайды, есеп шығарғанда сандарды
ойша қоса алмайды;
Себептері:
ойлау қабілеті, сөйлеу тілінің
сапалағы төмен, әрекеті баяу.
Оқуға қызығушылығы бар, ән
тыңдағанды
ұнатады,
бау-
бақшада еңбек еткенді жақсы
көреді,
табиғат
аясында
спортпен (велосипедпен)
шұғылданғанды ұнатады.
Сөйлескенді жақсы көреді, мейірімді,
ешкімге зияны жоқ, орнықты, үнемі
күлімсіреп жүреді, көпшіл, жүрегі нәзік,
үй жануарларын жақсы көреді.
Мектебімізде аталған оқушылар мен мұғалім-логопед, педагог–психологтың жұмыс
жоспарына сай, бірнеше бақылау түрлері жүргізілді. Атап айтсақ, «Сабақта оқушының әрекеті мен
мінез-құлқын психологиялық-педагогикалық бағалау» тақырыбында ерекше бақылауды қажет
ететін оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекетін бағалау келесідей критерий арқылы жүргізілді:
сыныпта өзін-өзі ұстау (мінез-құлқы);
қызмет қарқыны;
танымдық дамуы;
сөйлеу тілінің дамуы;
құрдастары арасында және үлкендермен қарым-қатынасы;
эмоционалдық ерекшеліктер;
әлеуметтік-тұрмыстық дағды.
Сонымен қатар, сынып жетекші, сабақ беретін пән мұғалімдері осы оқушылардың ата-
аналарымен тығыз байланыс орнатып, олардың отбасындағы баланың жағдайымен хабардар болып
отырады. Дені сау, салауатты, білімді, өмірге бейімделген жеке тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуде
ұстаздарымыздың қосар үлесі зор.
Қорыта айтқанда, мемлекетіміздің әрбір азаматы - ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы
еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір ерекше білімді қажет ететін балалардың сапалы білім алып,
азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.
Достарыңызбен бөлісу: