Француз тіліпјні бойынша



Дата05.03.2018
өлшемі67 Kb.
#11364
түріБағдарламасы

«Бекітемін»

ҚР БҒМ вице-министрі ____________ Иманғалиев Е.Н.

«___»___________2016 ж.


Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау бойынша

француз тілі пәнінен тест спецификациясы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, Жалпы білім беру ұйымдарына білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына және Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары негізінде құрастырылған құжат.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2013 жылы Ұлттық тестілеу орталығында оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларының базасы қалыптастырылды.

Функционалдық сауаттылық бойынша әзірленген тест тапсырмаларының түрлері:

1) математикалық сауаттылық адамның қоршаған әлемінде математиканың рөлін түсіну және анықтай алу, жақсы негізделген математикалық пайымдарды айта алу, жасампаз, қызығушы және ойлаушы азаматқа тән қазіргі кездегі және болашақтағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттілігі;

2) жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (биология, химия, физика, география) – қоршаған ортаны, ондағы адамның қатысуымен туындайтын түрлі өзгерістерді түсініп, ғылыми әдіс-тәсілдер арқылы зерттеп, түрлі бақылаулар мен тәжірбиелер негізінде шешімін тапқан мәселелерді өмірлік жағдайларда жаратылыстану-ғылыми білімдері негізінде қолдана білу қабілеттілігі;

3) оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі) мәтін мазмұнын көздеген мақсатына жету үшін қолдана білу, қоғамдық өмірге белсенді араласуы үшін білімі мен мүмкіндіктерін дамыту мақсатында жазбаша мәтіндерді түсіну, ұғыну қабілеттілігі.

Тест базасын қалыптастыру Ережесіне сәйкес барлық тест тапсырмалары екі сараптамадан және апробациядан өткізілді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалауға арналған тест тапсырмаларының мазмұны халықаралық салыстырмалы (PISA, PIRLS т.б.) зерттеулерде қолданылатын тапсырмаларға ұқсас келеді.

1. Мақсаты: 9 сынып оқушыларының француз тілі пәні бойынша дайындық деңгейі мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасқандығын бағалау.

2. Тест мазмұны. Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде – 21, екінші деңгейде – 12, үшінші деңгейде – 7 тапсырма.

Француз тілі пәні бойынша тест тапсырмалары Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасалған оқу бағдарламасына сай құрастырылған.





Бөлім



Тақырып



Тақырыпша

01

Морфология

01

Етістік

01

Ашық рай (жай шақтар). Осы шақ. Өткен шақ (ауыспалы). Жай өткен шақ, жай келер шақ. Ашық рай (күрделі шақтар). Күрделі өткен шақ. Бұрынғы өткен шақ. Жедел келер шақ. Жедел өткен шақ. Етістіктің болымсыз түрі. Ырықсыз етіс. Жақсыз етістік. Тұйық етістік. Есімдіктік етістіктер

02

Осы шақ есімшесі. Өткен шақ есімшесі. Көсемше

03

Бұйрық рай. Бұйрық райдағы сөз тәртібі. Шартты рай. Қалау рай. Сабақтас құрмалас сөйлемде шақтардың қиысуы

02

Сын есім

01

Сын есімдер. Сын есім женский және мужской родтары. Сын есімдердің көпше түрлері. Сілтеу сын есімдері. Тәуелдік сын есімдер. Сұраушы сын есімдер. Сын есім шырайлары

03

Зат есім

01

Зат есім. Зат есімнің родтары. Зат есімнің көпше түрі

04

Қызметтiк сөз таптары

01

Артикльдер. Белгілік артикльдері. Белгісіздік артикльдері. Слитный артикль. Частичный артикль. Предлогтар. Предлогтардың қолданылуы. Етістіктерді меңгеру. Шылаулар

05

Сан есім

01

Сан есімдер. Есептік сан есімдер. Реттік сан есімдер

06

Есімдік

01

Есімдіктер. Толықтауыш есімдіктер. Қатыс-тық есімдіктер. Тәуелдік есімдіктер. Сілтеу есімдіктер. Белгісіздік: - Р жекелі: "on" есім-дігі, жіктеу есімдіктері, "En"Y" адвербаль-дық есімдіктер есімдігі, Сұраулы есімдіктер

07

Үстеу

01

Үстеу. Үстеу құрлымы. Үстеу шырайлары

02

Лексика, аударма, фонетика

01

Лексика, аударма, фонетика

01

Лексика, аударма, фонетика

02

Сөз құраушы элементтер. Зат есім жұрнақтары. Сын есім жұрнақтары. Үстеу жұрнақтары

03

Синтаксис

01

Сөйлем

01

Сұраулы сөйлемдегі сөз тәртібі. Жалпы, арнайы, альтернативті сұрақ қою. Төлеу сөз

04

Елтану

01

Елтану

01

Франция, француз тілінде сөйлейтің елдер

02

Казахстан

05

Мәтінмен жұмыс

01

Мәтінмен жұмыс

01

Мәтінмен жұмыс

3. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

Морфология:

- лингвистикалық білімдерді сөзге, сөз табына қатысты қолдану;

Лексика, аударма, фонетика:

- лингвистикалық білімдерін сөзге қатысты қолдану;

- оқылған лексикалық бірліктердің (сөз, сөз тіркесі)негізгі мағыналары;

- тілді оқытатын елдегі сөздік этикеттің негізгі шамалары. (репликалар, кең таралған лексикалар);

- орфографиялық біліктіліктері;

- француз тілінің барлық дыбыстарын меңгеру;

Синтаксис:

-лингвистикалық білімдерді тілдік материалға қолдану;

Елтану:


- оқығаны, естігені бойынша өзінің дұрыс бұрыс көзқарасын білдіру;

- француз тілінің тарихы,француз тілді мемлекеттер,Қазақстан мен Франциядағы білім жүйесі;

- тілді оқып жатқан елдің білімін қалыптастыру;

- саяси мемлекеттік құрылымы;

- тарихи оқиғалар,салт дәстүрлер,халықтың өмір сүру ерекшеліктері;

Мәтінмен жұмыс:

- түпнұсқа мәтіннің негізгі мазмұнын түсіне отырып оқу (тақырыпты анықтау,негізгі ойды белгілеу,басты фактілерді анықтау, мәтіндегі негізгі фактілердің логикалық тізбектілігі).

4. Тапсырмалар формасы:

Тест бір дұрыс жауапты (берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау) 25 тапсырмадан және бір немесе бірнеше дұрыс жауапты 15 тапсырмадан тұрады. Таңдаған жауапты жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет. Тест тапсырмасын толығымен орындау - 90 минут.

5. Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған бір дұрыс жауапты тест тапсырмасы үшін оқушы 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл алады.

Дұрыс орындалған бір немесе бірнеше дұрыс жауапты тест тапсырмасы үшін оқушы 2 балл, бір қате үшін – 1 балл, екі және одан да көп қате үшін– 0 балл алады. Толық тест бойынша максималды балл – 55.

6. Тест тапсырмаларын апробациядан өткізу:

Тест тапсырмалары ҚР мектептерінің 9 сыныптарында апробациядан өтеді.




Ұлттық тестілеу орталығының директоры

Қ. Әбдиев




Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау