Лекланшенің құрғақ элементі; элементтің жұмыс істеуі көрсетіледі және сонымен бірге барлық құрамды бөліктері көрінетін элемент қимасы беріледі. Қалта фонары батарейкасының жеке бөліктерін таратып берілетін материал ретінде қолданған пайдалы. Гальвани элементтерінде электродтар мен электролиттер шығындалып, мұнда химиялық энергия электр энергиясына айналатынын оқушыларға түсіндіру қажет. Лекланше элементінде цинк шығындалатыны айқын көрінеді. Ескі элементтің (қалта фонары батарейкасының қорабын) цинк электродының мүсәтірмен өзара әсерлесуінің нәтижесінде жартылай шығындалғанын (бұзылғанын) оқушыларға көрсеткен жөн;
Достарыңызбен бөлісу: |