Газдар туралы айтқанда, оқушылардың қатты денелер мен сұйықтарға қарағанда газдар жайында едәуір аз білетінін ескере отырып, олардың «Дүниетану» курсынан алған білімдерін қайталап алған жөн. Қайталау материалдарына сүйене отырып, газдардың негізгі қасиеттері: сығылғыштығы, шексіз ұлғая алатындығы көрсетіледі. Газдың сығылғыштығына допты қысу арқылы көз жеткізеді. Ал газдың өзіне берілген көлемге тегіс жайылатынын былай көрсетеді: резеңке шарды ортасынан буып қойып, бір жартысын үрлейді, сонан соң буылған жерін босатып жіберсе, ауа шардың бүкіл көлеміне жайылады.
Достарыңызбен бөлісу: |