Сыныптан тыс жұмыстар көбіне үйірме түрінде өткізіледі.Үйірмелер физикалық және физика-техникалық болып бөлінеді.Үйірмелерге қатысатын оқушылар саны 10-15-тен аспауы керек.Үйірме жұмысы барлық пәннен мектеп бойынша жоспарлануы қажет. Физика үйірмесінің күнтізбелік (календарлық) жоспары, оған қажетті әдебиеттер тізімі физика кабинетінде ілініп тұруы тиіс. Физика және техника бойынша үйірмелер Физикалық үйірмелер – оқушылардың сыныптан тыс өзіндік жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқушылар үйірмеге өз тілегі бойынша жазылады. Үйірме жұмысының мазмұны оқушының ғылымға қабілетін ашуды, болашақ мамандығын сенімді таңдауына көмектесуді қамтамасыз етуі тиіс. Көптеген мектептерде тұрақты, табысты жұмыс істейтін үйірме аттары «Радиоэлектроника», «Информатика», «Техникалық моделдер» тәріздес болады.
Достарыңызбен бөлісу: |