Оларды қарастырайық. Диапозитивтер кез-келген статистикалық проекция құралы сияқты экранда қозғалмайтын кескінді алуға мүмкіндік береді; өзінің мүмкіндігі бойынша диапозитвтер қабырға кестелеріне ұқсас. Бірақ диапозитвтің кескіні кестеге қарағанда ірірек бола алады дәл осы оның артықшылығы болып табылады. Диапозитивтер жекелеген кадрлар сияқты (ғалымдардың портреттері, техникалық қондырғылардың фотосуреттері, диаграммалар, графиктер және т.с.с.). Диафильмдер бейнелер мен оған байланысты текстер кадрлардың қатаң жалғасымдылығын бейнелейді. Кадрлардың жалғасымдылығы диафильмге енгізілген мәселенің логикасымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |