Не себепті жарық құбылыстары бірінші және екінші басқыштарда да оқытылады? Мұның дәлелін тек ғана физиканы оқыту әдістемесі курсынан табамыз. 2.Оқу материалын баяндаудың жүйелілігін анықтау. Оқытылатын материалдың бірізділігі, оңайдан қиынға қарай бірте-бірте өсіп отыруы тиіс. 3.Оқушылардың оқу материалын оңай меңгеруінің тиімді әдістері мен тәсілдерін және мұғалімнің әр түрлі әдістемелік түсіндіру амалдарын көрсету. Мәселен, ауызша баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, эксперимент, анализ және синтез, индукция және дедукция, аналогия мен нобайлау, т.т.
Достарыңызбен бөлісу: |