Физикалық (лабораториялық) практикум оқу жылының аяғында 9-10-11-сыныптарда, 1-2 сағат бойы өткізіледі (мысалы дененің еркін түсу үдеуін өлшеу, шала өткізгіштіктердің вольт-амперлік сипаттамаларын алу, электрорезонансты зерттеу). Мұндай лабораториялық практикумдар күрделі аппаратуралармен жасалады, физикалық құбылыстар терең зерттеледі, оқушылардың өз бетінше ізденушілікпен істеуін талап етеді, оларды ғылымми-зерттеу және өлшеу әдістерімен таныстырады. Зерттеушілік лабораториялық жұмыстар – металдар мен шала өткізгіштіктердің кедергілерінің температураға байланыстылығын зерттеу (10-сынып), эврикалық – Бойль-Мариотт заңын анықтау (9-сынып), иллюстративтік – Ньютонның екінші заңын тексеру (9-сынып) сияқты болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |