«Жылу мөлшері» ұғымын қалыптастыру кезінде, сондай-ақ балқу, қайнау және булану процестерін меңгертуде демонстарциялық эксперименттің маңызы зор. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі Дененің ішкі энергиясын екі жолмен өзгертуге болатындығын тағы да қысқаша қайталаймыз. Жұмыс жасау нәтижесінде ішкі энергияның өзгерісін жасалған жұмыстың шамасысен өлшейміз де, ал жылу берілу жолымен ішкі энергияның өзгерісін жылу мөлшері ұғымы көмегімен өлшейміз. Жұмыстың әсер етуші күштің шамасы мен жүрілген жолға байланысты болатындығы тәріздес, жылу мөлшері де бірнеше физикалық шамаларға байланысты болады. Қандай шамаларға байланысты болатындығын жеке-жеке қарастырайық..
Алдымен оқушылармен бірге дененің ішкі эенргиясы мен оның температурасының арасындағы байланысты еске түсіреміз. Олай болса денеге жылу бергенде оның температурасы артады, ал денеден жылу алып кетсе – оның температурасы төмендейді. Оқушылардың өмірден көріп жүрген тәжірибелеріне сүйеніп, дененің ішкі энергиясының өзгерісі мен оның температурасының өзгерісі арасындағы тура пропорционалдылықты оңай түсіндіруге болады. Қорытынды жасаймыз: дененің температурасын көбірек өзгерту үшін оған соғұрлым көбірек жылу мөлшері берілуі керек.
Мұнан кейін тағы да оқушылардың күнделікті өмірден көріп жүрген құбылыстарына сүйене отырып, денеге берілген жылу мөлшерінің дене температурасын өзгертуі дененің массасына тәуелді екендігіне олардың көзін жеткіземіз.
Дене температурасын (ішкі энергиясын) белгілі шамаға өзгерту үшін берілетін жылу мөлшері дене затының тегіне тәуелді болатындығын тәжірибе жасап көрсеткен дұрыс. Ол үшін оқулықта келтірілген тәжірибені немес соған ұқсас массалары бірдей, бірақ әртүрлі заттан дайындалған денелер мен тәжірибені көрсетуге болады.
Сөйтіп жалпы қорытынды жасалады: денені қыздыру үшін қажетті немесе ол суығанда бөлініп шығатын жылу мөлшері дене затының тегіне, оның массасына және температурасының өзгеру шамасына тәуелді екен.
Меншікті жылу сыйымдылығы
Жылу берілу нәтижесінде дененің ішкі энергиясының өзгеруінің дене затының тегіне байланыстылығы меншікті жылу сыйымдылық деп аталатын шамамен сипатталатындығы айтылады. Мысалдар келтіру арқылы меншікті жылу сыйымдылық ұғымының анықтамасы беріледі, заттардың меншікті жылу сыйымдылығының кестесі талқыланады. Сонан соң Тиндаль приборының көмегімен, денелер қыздырғанда қанша жылу мөлшерін алса, суығанда сонша жылу мөлшерін қайтадан бөліп шығаратындығын, тәжірибе жасап көрсету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |