Тапсырмалар
1. (a) Абсолют жұлдыздық шама мен көрінерлік жұлдыздық шаманың айырмашылығы неде?
(b) Жұлдыздардың негізгі сипаттамасы, оның жарқырауы.
(i) Жұлдыздардың жарқырауының температурадан тәуелділігін сипаттаңыз. (ii) Жұлдыздардың жарқырауының жұлдыз өлшеміне тәуелділігін сипаттаңыз.
(с) Күн – аспандағы жарық жұлдыздардың бірі. Күнге қарағанда Сириустың жарықтылығы 25 есе, ал Ригельдыкі – 130 мың есе күшті. Аспанда неліктен Сириустың жарқырауы жоғары?
2. (а) Аспан сферасы дегеніміз не?
(b) Аспан сферасының негізгі элементтерін атаңыз. (c) Эклиптика дегеніміз не?
3. Жерден Күнге дейінгі орташа қашықтық 1,5∙1011 м болса, парсек неге тең екенін есептеңіз.
4. Белгісіз бір Х жұлдыздың жылдық параллаксі 0,5//. Бұл жұлдыз Күнмен салыстырғанда бізден неше есе қашық жатқанын анықтаңыз.
8
|