|
 «Физика» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып«Электромагниттік индукция» бөлімі бойынша жиынтық бағалау10 сынып бжб жинак КГБ
Оқу мақсаттары 10.3.5.1 - магнит ағыны өзгеруі салдарынан электр қозғаушы күштің пайда болуын түсіндіру
10.3.5.2 - Ленц ережесін түсіндіру
10.3.5.3 - электромагниттік құралдардың
(электромагниттік реле, генератор,
трансформатор) жұмыс істеу принципін түсіну
Электромагниттік индукция құбылысын түсіндіреді
Ленц ережесін қолданады
Трансформатордың жұмыс істеу принципін
сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейлері Орындау уақыты 25 минут
1- және 2- суреттерде берілген контурларда пайда болатын индукциялық токтар бағытын анықтап, суретте белгілеңіз.
Суретте бір орамды катушкасы бар екі полюсті электрқозғалтқыш берілген.
Коллектор үзік сақина түрінде жасалған және катушка айналған кезде, ондағы токтың бағытын өзгертеді. Егер катушка бір рет айналым жасаса, ток бағыты неше рет өзгереді? A)1
2
3 D)4
Жолақ магнит стержені металдан жасалған. Суретте катушкаға қарай қозғалып келе жатқан магнит стержені көрсетілген. Магнит полюстері белгіленген.
Катушкаға гальванометр жалғанған.
Түсіндіріңіз, неліктен магнит стерженді катушкаға енгізу кезінде гальванометр тілшесі ауытқиды?
Гальванометр тілшесінің ауытқу бағытын өзгертуге бола ма?
Трансформатордың бір орамасы ойыншық пойыз жиынтығына, ал екінші орамасы 240 В айнымалы ток көзіне суретте көрсетілгендей қосылған.
Суретке қарап берілген трансформатордың төмендеткіш екенін қалай айтар едіңіз?
Ойыншық пойызға түсірілген кернеуді есептеңіз.
Қоректендіруші ток көзіндегі кернеу төмендейді. Пойыз жиынтығына түсірілетін кернеуге не болады? Ұяшыққа белгілеңіз.
Пойыз жиынтығын ток көзінің кернеуі 110 В болатын елде қолдануға әрекет жасалды. Ойыншық пойыз жұмысында байқалатын айырмашылықтың бірін ұсыныңыз.
Трансформатордың жұмыс істеу принципі туралы қай тұжырым дұрыс?
Бірінші орамға айнымалы кернеу берген кезде, екінші орамда үнемі айнымалы ток ағады.
Екінші орамдағы ток үнемі бірінші орамдағы токтан үлкен.
Бірінші орамға айнымалы кернеу берген кезде, екінші орамда индукциялық ЭҚК пайда болады.
Бірінші орамда тұрақты ток бар болса, екінші орамда индукциялық ЭҚК пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|