І заңы: Бірлік уақытта катодтан ұшып шығатын фотоэлектрондардың саны түскен жарықтың қарқындылығына байланысты (қанығу тоғының шамасы катодтың энергетикалық жарықтануына тура пропорционал).
ІІ заңы: Фотоэлектрондардың максимал бастапқы жылдамдықтары түскен жарық қарқындылығына байланысты емес, ол оның жиілігіне байланысты (жиілік артқанда бастапқы жылдамдық та сызықты түрде артады).
ІІІ заңы: Әрбір зат үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы, яғни минимал жарық жиілігі болады (ол заттың химиялық табиғатына, бетінің күйіне байланысты). Осы жиіліктен төмен жиіліктегі кез келген қарқындылықтағы жарық фотоэффект құбылысын тудырмайды.
Ыршып шыққан электрондардың кинетикалық энергиясын тікелей өлшеуге болады. Ол үшін анод пен катод аралығына кері кернеу беріп, ток жойылғанша арттыра отырып бөгеуші потенциал анықтау керек, сонда
(5.5.6)
Достарыңызбен бөлісу: |