5.7 ЖАРЫҚТЫҢ ЖҰТЫЛУЫН ЗЕРТТЕУ
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: фотометр ЛМФ-72, микрометр,
шынылар жинағы.
5.7.1 ҚЫСҚАША ТЕОРИЯЛЫҚ КІРІСПЕ
Жарық затқа түскенде шашырайды, шағылады және жұтылады. Бұл құбылысты электромагниттік толқынның (немесе фотондардың) зат құрамындағы зарядталған бөлшектермен (электрондар, иондар) өзара әсерлесуі нәтижесі деп түсіндіруге болады.
Жарықтың жұтылуы деп басқа энергия түрлеріне (заттың ішкі энергиясына, екінші реттік толқындар энергиясына және т.б.) айналуы нәтижесінде жарық толқыны энергиясының жоғалу құбылысын айтады.
Жұтылу нәтижесінде зат арқылы өткен жарықтың қарқындылығы азаяды.
Толқын ұзындығы параллель монохромат жарық шоғының біртекті заттан өтуін қарастырайық. Осы зат қабатын қалыңдықтары бірнеше элементар қабаттарға бөлейік (5.7.1-сурет).
5.7.1- сурет
Осындай қабат арқылы өткен жарық шоғының қарқындылығы түскен жарық қарқындылығы мен қабат қалыңдығына пропорционал азаяды
(5.7.1)
Достарыңызбен бөлісу: |