2. Микроскоп тубусын көтереді. Одан соң микроскоп столигіне белгіленген жағы үстіне қарайтындай етіп, шыны пластинканы қойып, белгінің кескінін аламыз. Осы кезде кішкене стрелкасы бүтін миллиметрді (немесе нөльді), ал үлкен стрелкасы миллиметрдің жүздік бөліктері нөлді немесе қандай да бір бүтін бөлік шкаласын көрсетіндей болу керек. Индикатор көрсетуі -ді 2-кестеге толтырамыз. Бұдан соң индикатордың өлшеу штифін жоғары көтеріп микроскоп столигіне белгіленген жағы астыға қарайтындай етіп шыны пластинканы қоямыз.
Шыны пластинканың орналастырып алғаннан кейін микроскоп тубусын ақырындап түсіреміз, белгінің анық кескінін аламыз да индикатор көрсетуін жазып аламыз. Осы алынған екі мәндер арқылы шамасын табамыз. Жоғарыда көрсетілген өрнекке қойып шынының сыну көрсеткішін анықтаймыз. Осы тәжірибені бірнеше рет қайталап, өлшеу нәтижелерін 5.4.2-кестеге толтырамыз.
5.4.2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |