1.2 ІЛГЕРЛЕМЕЛІ ҚОЗҒАЛЫС ЗАҢДАРЫН ЗЕРТТЕУ
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: ПДЗМ құралы, ауа үрлегіш,
электроконтактілі секундомер.
1.2.1 ҚЫСҚАША ТЕОРИЯЛЫҚ КІРІСПЕ
Дененің санақ жүйесі ретінде қарастырылып отырған екінші бір денеге немесе денелер жүйесіне қатысты орын ауыстыруын механикалық қозғалыс деп атайды.
Ілгерлемелі қозғалыс кезінде денеде жүргізілген кез келген түзу әрқашан өзіне өзі параллель күйінде қалады.
Дененің қозғалыс кезінде сызатын сызығын траектория деп атайды. Траекторияның формасына байланысты қозғалыс түзу сызықты және қисық сызықты болуы мүмкін.
Қозғалыстың кинематикалық сипаттамаларына мыналар жатады: координата (х), жылдамдық (), үдеу (а).
Кинематика денелердің белгілі бір уақыт ішіндегі қозғалысын, ал оның туу себептерін зерттейтін бөлім - динамика.
Қозғалыстың қарапайым түрлері:
бірқалыпты түзу сызықты, бұл кезде ,
бірқалыпты үдемелі түзу сызықты, бұл кезде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |