Энергия жойылмайды, ол бір түрден екінші түрге айналуы мүмкін. Кинетикалық энергия потенциалдық энергияға және потенциалдық энергия кинетикалық энергияға айналуы мүмкін, бірақ қосындысы тұрақты болады.
Механикалық энергия үйкеліс әсерінен басқа энергияға айналуы мүмкін (мысалы, жылу энергиясына), мұны энергияның дисципациялануы (шашырауы) деп атайды.
Абсолют серпімді және серпімсіз соққы
Энергияның және қозғалыс мөлшерінің сақталуы заңдарының мысалы ретінде соққы құбылысын қарастырайық.
Қозғалыс күйін елеулі өзгертетін түйіскен денелердің қысқа мерзімдегі әсерлесуін соққы деп атайды.
Массалары және болатын шарлардың соқтығысуға дейінгі жылдамдықтары және болсын. Абсолют серпімсіз соққыда денелердің (соқтығысудан кейінгі денелер бірдей жылдамдықпен қозғалады). Сонда қозғалыс мөлшерінің сақталу заңы былай жазылады
Достарыңызбен бөлісу: |