Алғы сөз
Физика гректің физис – табиғат деген сөзінен шыққан. Физикалық
құбылыстар космоста, микроәлемде, бейорганикалық және органикалық заттарда, өлі және тірі табиғатта болып жатыр. Қазіргі кезде физиканы материяның құрылысы мен қасиеттерін, материяның қарапайым және кұрделі қозғалыстарын зерттейтін ғылым деп айтуға болады. Сондықтан физика заңдары бүкіл табиғат танудың негізі болып табылады.
Өсімдіктер мен жануарлар өзін-өзі басқаратын биологиялық жүйелерге жатады, оларда әртүрлі физикалық процестер – механикалық, жылулық, электрлік, оптикалық, сонымен қатар кұрделі биохимиялық реакциялар жүреді. Сонымен биология, физика және химия арасындағы байланыстан жаңа ғылым саласы – биофизика пайда болды. Биофизика – биологиялық жүйелердегі әртүрлі деңгейлерде болып жатқан физикалық және физика-химиялық процестерді, физикалық факторлардың тірі организмге әсерін зерттейді.
Биофизика көптеген биологиялық құбылыстарды түсіндіруде үлкен маңызға ие. Бұгінгі күні биофизика электрофизиологиямен, офтальмологиямен, фармакологиямен, зоогигиенамен тығыз байланысты. Физиктер, биофизиктер, биохимиктер мен физиологтардың бірлескен зерттеулері биологиялық молекулалардың құрылыстары мен қасиеттері, жасаушаның құрылысы мен жасауша мембранасының әсер ету механизмі туралы көп мағлұматтар алуға көмектесті.
Қазіргі кездегі физикалық әдістерді ветеринария мен зоотехникада қолдану арқылы диагностика, аурудың алдын алу және емдеу жұмыстары жаңа деңгейге жетіп, үлкен жетістіктерге жетті. Мал дәрігері мен зооинженер мал ағзасында өтіп жатқан биофизикалық процестерді, сонымен қоса физикалық және электрондық аппараттардың жұмыс істей мүмкіндіктерін жақсы білуі қажет.
Осы оқу-әдістемелік нұсқаудың мақсаты қашықтан оқитын студенттерге физика мен биофизиканың негіздерін оқып-үйренуге көмектесу. Бұл құралда пәннің бөлімдері туралы қысқаша мағлұматтар, есептерді шығару жолдары, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар, сонымен қатар бақылау тапсырмалары берілген.
Нұсқаудың ең соңында қажетті шамалардың кестелері де берілген.
ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Есеп шығаруға арналған нұсқаулар
Физика есептерін белгілі бір ретпен шығару қажет:
Есептің берілгенін жазу керек.
Барлық шамаларды бірліктердің халықаралық жүйесіне келтіру керек.
Есеп шығаруға қажетті заңдар мен теңдеулерді еске түсіріп, оларды жазып қою керек.
Егер қажет болса сурет, график, сұлба сызу керек.
Есептің шығару жолына қысқаша түсініктеме беру керек.
Есепке қажетті теңдеулерді қорытып шығару белгілі бір ретпен жазылу керек (соңынан тексергенге ыңғайлы болу үшін).
Алынған теңдеуге сан мәндерін қойып, ізделінетін шаманы табамыз.
Есеп шығарған кезде кестелерді қолдану қажет.
Әрбір бөлім алдында қажетті заңдар мен теңдеулер кестесі берілген. Есеп шығармас бұрын осылармен танысып алу керек.
Бақылау жұмысын орындауға қажетті нұсқаулар
Бақылау жұмыстарын таңдау кафедра ұсынған варианттар кестесі
арқылы іске асады. Бақылау жұмысы вариантына сәйкес келмейтін студенттің жұмысы қабылданбайды. Бақылау жұмысын сабақ өткізетін оқытушы тексереді. Бақылау жұмысын орындамаған студент емтиханға жіберілмейді.
Қойылатын талаптар:
Бақылау жұмысы жеке дәптерге жазылып, орындалады.
Дәптерде оқытушы ескерту жазу ұшін орын қалтыру керек.
Есептің берілгені толығымен, анық жазылуы қажет.
Есепті шығару жолы түсіндірмелермен, сөздерді қысқартпай толық түрде жазылу керек.
І. Биомеханика
Негізгі заңдары мен теңдеулері
Шаманың немесе физикалық заңның аталуы
|
Теңдеуі
|
Бұрыштық жылдамдық және бұрылу бұрышын бұрыштық жылдамдық арқылы анықтау
|
;
|
Достарыңызбен бөлісу: |