Бақылау тапсырмалары
81. Гальванизацияға арналған аппарат сүзгісінlе индуктивтігі 65 Гн дроссель мен сиымдылығы 20 мкФ электролиттік конденсатор бар. Жиілігі 50 Гц айнылмалы ток жіберген кезлегі дроссель мен конденсатор кедергілерін анықтаңдар. Конденсатор астарларындағы кернеу 170 В болса, ол арқылы қандай ток өтеді? Дроссельдің активті кедергісін ескермейміз.
82. Жануар денесінің индуктивтік кедергісінің сиымдылық кедергісіне қатынасы 0,4-ке тең. Егер жануардың индуктивтілігі 4 мГн, ал сиымдылығы 30 мкФ болса, онда өлшеулер айнымалы токтың қандай жиілігінде жүргізілді?
83. Ұлпаларда қабыну процестері болғанда жасауша мембранасының құрылымы өзгеріске ұшырайды, сондықтан олардың электр сиымдылығы да өзгеріске ұшырайды. Ұлпаның қалыпты жағдайдағы сиымдылық кедергісін өлшеу жиілігі 1,3 кГц айнымалы ток тізбегінде өткізілді. Осы ұлпаның ауырған кездегі сиымдылық кедергісін өлшеу де осындай жағдайда өтті, бірақ айнымалы ток жиілігін 6,2 кГц етіп алды. Екінші жағдайда сиымдылық кедергінің шамасы бірінші жағдайға қарағанда 3,5 есе кем болды. Ұлпаның электр сиымдылығы ауырған кезде неше есе кеміді?
84. Айнымалы ток тізбектеріндегі жиілікті 10 кГц және 100 кГц өзгерткенде бұлшық еттің толық кедергісі қанша есеге өзгереді? Бұлшық еттің активті кедергісі 80 Ом, ал электр сиымдылығы 0,5 мкФ.
85. Ірі қараның бауыр диатермиясын емдеген кезде өлшемі бір электрод бауыр аймағына қойылады да, екінші электрод бірінші электродқа қарама- қарсы жаққа орналастырылады. Электродтар арасындағы ток күші 1,1 А. Емдеу шарасының ұзақтығы 15 мин. Қалыңдығы 5 см бауыр көлемінен бөлініп шығатын жылу мөлшері қандай? Бауырдың меншікті кедергісін -ге тең.
86. Индуктермия үшін қолданылатын ДКВ-1 аппараты жиілігі 13,56 МГц айнымалы кернеу тудырады. Осы аппаратқа 1625 кГц жиілікте жұмыс жасайтын индуктотермиялық катушка қоссақ, жылулық эффект неше есе кемиді?
87. Маститті емдеу кезінде УВЧ-терапия қолданылады. Осы кезде 10 мин ішінде көлемі желіннен қандай жылу мөлшері бөлініп шығады? Электродтар арасындағы электр өрісінің эффективті кернеулігі 350 В/м. Желіннің меншікті кедергісі 8 Омм деп алыңдар.ъ
88. УВЧ-терапея жасайтын май қабатының ауданы , қалыңдығы 3 см. Оның активті кедергісі қандай? Электр сиымдылығы 85 пФ, жиілігі 4,68 МГц болса, осы бөліктің толық кедергісін анықтаңдар. Май қабатының меншікті кедергісі 35 Омм.
89. Активті кедергісі 2,5 кОм, электр сиымдылығы 0,022 мкФ бақа терісіндегі жиілігі 2 кГц айнымалы токтың ток пен кернеу арасындағы фаза ығысуын анықтаңдар? Активті кедергі мен электр сиымдылық тізбектей қосылған деп есептеңдер.
90. Жиілігі 1 кГц айнымалы ток тізбегіндегі ламинария үшін ток пен кернеу арасындағы фаза ығысуы . Осы ламинарияның электр сиымдылығы неге тең, егер оның активті кедергісі 850 Ом-ға тең болса. Активті кедергі мен электр сиымдылық тізбектей қосылған деп есептеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |