БАҒАН –
БЭР ЗАҢЫ
150
151
Б
86
∑
Уақыттың баяулауы, с а л ы с т ы р м а л ы қ т е о р и я д а ғ ы – бақылаушыға
қатысты қозғалыстағы санақ жүйесінде өтетін оқиғалардың бақылаушы үшін
тыныштықтағы санақ жүйесіне қатысты өту үрдісінің баяулауы.
БАЯУ НЕЙТРОНДАР – кинетикалық энергиясы 100 квЭ-тан аз нейтрондар.
БАЯУ НЕЙТРОНДЫ РЕАКТОР –
тізбекті ядролық реакциялар кезінде
бөлініп шығатын нейтрондардың энергиясы 0,01 эВ-тан аспайтын ядролық реактор.
Реакторлардың көпшілігінің жұмыс істеу принципі баяу нейтрондар арқылы жүзеге
асатын, өзін-өзі сүйемелдеуші тізбекті ядролық реакцияларға негізделген. Ол тек
уранның
изотопымен ғана жүзеге асырылады. Табиғи уранның құрамындағы
бұл изотоптың мөлшері 0,75%-ға жуық. Сондықтан табиғи уран пайдаланылатын
реакторлардың көлемі өте үлкен болады. Ал ядролық отын ретінде
байытылған
уранды пайдалану реактордың көлемін ықшамдауға мүмкіндік береді. Байытылған
уранның активті аймағында орналасуына орай,
гомогенді және
гетерогенді болып
бөлінеді.
Гомогенді реакторларда байытылған уран мен баяулатқыш (су, ауыр су,
т.б.) біркелкі ерітінді не біркелкі қоспа түрінде пайдаланылады.
Гетерогенді ре-
акторларда байытылған уран шыбықтары баяулатқыштың (графит, су, бериллий)
ішіне орналасады. 1967 ж. 30 қазанда Қазақ КСР ҒА-ның Ядролық физика институ-
тында баяу нейтронды реактор іске қосылды. Ондағы уранның байытылу дәрежесі
36% болып жоспарланған болатын.
БЕЙТАРАП ТОК, к в а н т т ы қ ө р і с т е о р и я с ы н д а ғ ы – ауысулар-
ды бөлшектердің электр зарядтарының өзгеруінсіз сипаттайтын әлсіз өзара-әсерле-
сулердегі («әлсіз токта») ток; электрмагниттік токтың аналогы. Тәжірибеде
ғажаптық, «таңырқарлық», лептондық зарядтар және басқа кванттық ток 1973
ж. жоғары энергиялы ( 1ГэВ) нейтриноның нуклондармен өзараәсерлесулерін
зерттеу кезінде ашылған.
БЕККЕ ӘДІСІ – қатты заттардың сыну көрсеткіштерін (
n) өлшеудің
иммерсиялық әдісінің бір нұсқасы. Зерттелетін зат толған түрде сұйық тамшысына
араластырылып, микроскоп арқылы бақыланады. Әртүрлі сыну көрсеткіштері
болатын екі ортаның шекарасында интерференциялық және
ішкі толық шағылу
құбылыстарының әсерінен жұқа жарық жолақ –
Бекке жолағы пайда болады.
Микроскоптың тубусы жоғары қарай көтерілгенде әлгі жолақ сыну көрсеткіші
үлкен бөлшектер бағытына қарай жылжитын болады, ал тубусты төмен
түсіргенде сыну көрсеткіші аз бөлшектер бағытына қарай жылжиды. Сұйық пен
бөлшектердің сыну көрсеткіштері тең болғанда, Бекке жолағы жойылады. Сыну
көрсеткіші (n) белгілі сұйықтар жиынын пайдалана отырып, қатты заттардың
сыну көрсеткіштері анықталады. Бұл әдісті австриялық минералог Фридрих
Бекке (1855 – 1931) ашқан.
Б
86
∑
БАҒАН – БЭР ЗАҢЫ
152
153
БЕККЕРЕЛЬ (Бк, Bq) – Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ) радиоактивті
көздердегі нуклидтің активтілігінің бірлігі; 1 Бк – 1 секундта бір ыдырау жасай-
тын нуклидтің активтілігіне тең. Француз физигі Антуан Анри
Беккерельдің
(1852–1908) құрметіне аталған. 1 Бк=2,703·10
–11
кюри=10
–6
резерфорд.
БЕЛ (Б, В) – Халықаралық өлшеу бірлігінің (СИ) логарифмдік салыстырмалы
шамасының (екі аттас физикалық шама мәндерінің қатынасының ондық логарифмі)
бірлігі. Американ ғалымы әрі өнертапқышы Александр Грэм
Беллдің (1847 – 1922)
құрметіне аталған. Әдетте белдің 0,1 үлесі – децибел қолданылады. 1 Б=lg (Р
2
/Р
1
)
(мұндағы Р
1
, Р
2
– энергияның және басқа энергетикалық шаманың қуаты, Р
2
=10Р
1
)
немесе 1 Б=2lg (F
2
/F
1
), мұндағы F
2
F
1
, F
2
және F
2
– кернеу, ток күші, т.б. осыған
ұқсас шамалар. Бел бірлігі физика және техника салаларында қолданылады.
БЕРНУЛЛИ ЭФФЕКТІЛЕРІ (латынша «еффектус – әсер, орындау») – 1738 ж.
швейцар математигі әрі физигі Даниил
Бернулли (1700–1782) ашқан сұйық (не-
месе ауа) ағынынының жылдамдығы мен қысымы арасындағы тәуелділікке не-
гізделген тәжірибелерден байқалатын қызғалықты әсерлер. Бұл тәуелділік бойынша:
егер су немесе ауа ағынының жылдамдығы аз болса, онда ағынның қысымы үлкен
болады; егер әлгі ағынның жылдамдығы үлкен болса, онда ағынның қысымы аз
болады. Сызбаларда көрсетілген құбылыстар осы принципке негізделген. Ауа
ағыны шардың астыңғы жағынан жоғары қарай бағытталғанда шардың ағын
аумағынан тысқары ауытқып
кетпеуі де әлгі принципке
негізделген. Ауа ағыны айнала
қоршаған ауадан жылдамырақ
болғандықтан, ол ағынның
қысымы қоршаған ауаның
Тәжірибе жасау. а – шашыратқыш; б – жақын ілінген
жеңіл шарлар арасындағы ауа ағыны; в – D жылжымалы
пластина арасына ауа үрленгенде ол С пластинаға қарай
жақындайды.
Воронкадағы шарикті орап
ағатын ауа ағынының жолы
(D). С нүктеде – ағын жылдам,
қысым аз.