Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет24/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   265

А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



72

73

Айну  температурасы  кезінде  ферми-газдың  бүкіл  төменгі  энергетикалық 



деңгейлері толтырылған болады. Металдардағы өткізгіштік электрондар үшін 

Т

0

~10


4

 К.


АЙНЫҒАН  ГАЗ  –  кванттық  механикада  бірдей  бөлшектердің  айырма- 

шылығының  болмауы  себепті,  газ  бөлшектерінің  кванттық-механикалық  өза- 

раәсерлесуінің салдарынан қасиеттері классикалық идеал газдың қасиеттерінен 

өзгеше болатын газ (Tene-теңдік принципі). Бөлшектердің мүмкін болатын энер-

гия деңгейлерінің толтырылу әсерінің нәтижесінде өзге бөлшектердің берілген 

деңгейлеріне тәуелді болады. Сондықтан айныған газдың жылу сыйымдылығы 

және қысымдарының температураға (Т) тәуелділігі классикалық идеал газдікі- 

нен өзгеше болады; энтропия, термодинамикалық потенциалдар және басқа па-

раметрлер өзгеше өрнектеледі.

Айныған  газ  температурасының  бірқатар  төменгі  температураға  дейін 

төмендеген кездегі мәні 

айну температурасы деп аталған. Толық айну абсолют- 

тік нөл температураға сәйкес болады.



АЙНЫҒАН  ЖАРТЫЛАЙ  ӨТКІЗГІШ  –  жылжымалы  заряд  тасушылар 

(өткізгіштік электрондар және кемтіктер) көп шоғырланған жартылайөткізгіш. 

Айныған жартылайөткізгіштегі заряд тасушылар Ферми – Дирак статистикасы-

на бағынады, Ферми деңгейі өткізгіштік зонада немесе валенттік зонада жатады. 

Әдеттегі (айнымаған) жартылайөткізгіште заряд тасушылардың шоғырлануы көп 

болмайды және олар Больцман статикасына бағынады, Ферми деңгейі тыйым 

салынған зонада орналасады. Заряд тасушылардың күшті инжекциясы жағда- 

йында электрондар мен кемтіктердің бірмезгілде айныуы мүмкін. Ферми деңгейі 

екі квазидеңгейге бөлшектенеді, ол деңгейдің біреуі өткізгіштік зонада, екін- 

шісі валенттік зонада жата алады.

АЙНЫМАЛЫ ТОК – к е ң  м а ғ ы н а д а: уақыт бойынша өзгермелі электр 

тогы.  Бұл  токты  айнымалы  кернеу



  тудырады.  Техникада  ток  деп  бір  период 

аралығында 



ток күші мен кернеудің орташа мәні нөлге тең болатын электр тогын 

айтады. Ең аз уақыт аралығында (секунд есебімен өлшенетін) ток күші мәнінің 

қайталану мерзімі айнымалы токтың периоды (Т) деп аталған. Айнымалы токтың 

маңызды сипаттамасы оның жиілігі (f) – 1 секунд мерзімдегі период саны: = 1/Т, 

айнымалы тоқтың стандарт жиілігі = 50 – 60 Гц.

Электр энергиясын шалғайға жеткізу әрі тарату үшін көбінесе айнымалы ток 

(бұл токты алысқа жеткізу үшін оның кернеуін өзгерту жеткілікті) пайдаланыла-

ды. Айнымалы ток тұрақты токқа өзгертіле алады (мысалы, жартылай өткізгіш 

түзеткіштермен), соңынан қайтадан жартылай өткізгіш инверторлармен айны-

малы токқа айналдыру оңай әрі арзан, жиілігін де өзгертуге болады. Айнымалы 




А

79

АБСОЛЮТ БЕЙТАРАП БӨЛШЕК – АЭРОСТАТИКА



72

73

ток қозғалтқыштары тұрақты ток қозғалтқыштарымен салыстырғанда құрылысы 



қарапайым әрі сенімді болады. 

АККРЕЦИЯ (латынша – өсімше, көбею) – заттардың қоршаған кеңістіктен 

ғарыштық денеге (мысалы, жұлдызға) құлап түсуі. Аккрецияның бір-біріне жақын 

орналасқан, біреуі (алып қызыл жұлдыз) заттарды екінші жұлдызға (ақ ергежейліге, 

нейтронды жұлдызға) немесе қара апанға қарқынды түрде беретін қос жұлдыз 

үшін маңызы бар. Жаңа жұлдыздардың оталуының мүмкін себептерінің бірі ақ 

ергежейлі жұлдыздардағы аккреция құбылысы деген болжал бар. Бір жұлдыздан 

екінші  жұлдызға  ағып  өтетін  заттарда  сутегі  басым  болады.  Ақ  ергежейлі 

жұлдыздың  өзінде  сутегі  жоқ  (ақ  ергежейлі  жұлдыз  пайда  болған  кезде  әлгі 

сутегі термоядролық реакция нәтижесінде гелийге айналып кеткен). Жұлдыздың 

бетіне түскен сутегі жинақталады да, сутегі термоядролық жануға жеткілікті 

температураға дейін қызатын болады. Егер реакцияның жылу бөлу жылдамдығы 

жылу тарату жылдамдығынан артатын болса, жаңа жұлдыздың оталуы ретін- 

дегі  жылулық  жарылыс  (қопарылыс)  байқалатын  болады.  Жас  нейтрондық 

жұлдыздар – 



пульсарлар жоғары энергиялы бөлшектердің қуатты көздері болып 

табылады. Сондықтан бұлардағы аккреция құбылысы қиындаған. Уақыт өткен са- 

йын пульсарлардан және «жастары» 10

– 10



7

 жылдан артық нейтрондық жұл- 

дыздар үшін де заттардың бөлініп шығуы әлсірейтін болады. Рентгендік сәуле- 

лердің ғарыштық көздерінің жарқырауын қамтамасыз етуде аккрецияның ма- 

ңызы үлкен. 

АКТ (латынша «актус – әсер»), ыдырау актісі – бір атом ядросының ра- 

диоактивтік ыдырауы.



АКТИВТЕНДІРУ (латынша «активус – әрекетті») – активтілікті қоздыру не-

месе күшейту; тыныштық күйден қозғалысқа көшу; әрекеттілік күйге ауысу.

Ф и з и к а д а: затқа радиоактивтілік 

қасиет беру үшін оны ядролық бөлшек- 

пен сәулелендіру.

АКТИВТІ ЗОНА (латынша «активус – 

әрекетті»), я д р о л ы қ  р е а к т о р д а ғ ы  –  

ішіндегі ядролық энергия (басым бөлігі 

жылу түрінде) бөлінумен қосақталатын, 

басқарылатын  тізбекті  ядролық  реакция 

өтетін кеңістік. Физикалық тұрғыдан алғанда 

активті зонаның ең тиімді пішіні – шар, бірақ 

жасалу тұрғысындағы ерекшелігіне орай – ци-

линдр пішіндес болып құрастырылады. 

Реактордың активті зонасы



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау