КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
534
535
к
178
∑
орташа шамадан кездейсоқ ауытқуы (флуктуациясының артуы) дыбыстың диспер-
сиясына және оның күшті жұтылуына әкеп соқтырады, жылулық тепе – теңдіктің
орнауын баяулатады (бұл жайт кризистік нүктеде көп сағатқа созылады),
броундық
қозғалыстың, тұтқырлықтың ауытқуына, жылуөткізгіштіктің сипатының
өзгеруіне әкеп соқтырады.
КРИЗИСТІК ҚЫСЫМ – кризистік күйдегі заттың (немесе заттар
қоспаларының) қысымы. Таза заттар үшін кризистік қысым – сұйық пен оның
буында қатар байқалатын ең жоғарғы қысым; кризистік қысымнан төменгі
қысым кезінде жүйенің екі тепе-тең фазаға (сұйық және бу) ажырауы мүмкін.
Кризистік қысым және кризистік температура кезінде сұйық пен будың арасындағы
айырмашылық жойылады, зат бір фазалы күйге ауысады. Сондықтан кризистік
қысымды сұйық және бу фазалары болғанның өзінде шектік (ең жоғарғы) қанық-
қан будың қысымы ретінде анықтауға болады. Кризистік қысым заттардың
физикалық-химиялық тұрақты шамасы (константты) болады.
КРИЗИСТІК МАГНИТ ӨРІСІ, асқынөткізгіштегі – магнит өрісі кернеу-
лігіне (Н
к
) тән мәннен артқанда асқынөткізгішке толықтай немесе ішінара енетін
мәні. Н<Н
к
болған кезде магнит өрісі асқынөткізгішке енбейді, оны беттік
асқынөткізгіш ток қалқалап (экрандап) қалады (
Мейснер эффектісі).
Көпшілік таза металдар жататын І текті асқынөткізгіштерде тек Н>Н
к
І текті
фазалық ауысу болған кезде зат түгелдей қалыпты асқынөткізгіштік күйге ауы-
сады. Таза металдарда Н
к
-нің ең үлкен мәні жүздеген эрстедке (Э) жетеді. Егер
магнит өрісі Н
к
І текті асқынөткізгіштің кейбір нүктелерінде Н
к
-қа тең болса, онда
аралық күй (асқынөткізгіш және қалыпты фазалар кезек-кезек алмасатын) пайда
болады.
ІІ текті асқынөткізгіштерде (бұлар негізінен қорытпалар) өрістің енуі негі-
зінен өзегінде магнит өрісі шоғырланған құйынды жіптердің пайда болуынан ба-
сталады. Соның өзінде зат асқынөткізгіштік қасиеттерін жоғалтпайды және онда
сыртқы өрісті қалқалайтын (экрандайтын) ток ағатын болады.
КРИЗИСТІК МАССА – ыдырайтын заттардың (Уран-233 (
233
U) және уран-235
(
235
U) және плутоний-239 (
239
Рu) және басқа заттардың)
тізбекті ядролық реак-
циясы басталатын ең аз массасы.
Уран-233-тің кризистік массасы ~48 кг-ға тең.
КРИЗИСТІК НҮКТЕ –
күй диаграммасындағы кризистік күйге сәйкес
келетін нүкте. Екі фазалы сұйық-бу тепе-теңдігіндегі кризистік нүкте булану
қисық сызығындағы ақырғы нүкте болып табылады және де температураның (Т
к
),
қысымның (
р
к
), көлемнің (V
k
) кризистік мәндерімен сипатталады. Кризистік нүк-
те фазалық ауысудың дербес жағдайы болып табылады және де заттардың
к
178
∑
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
536
537
тығыздығы немесе құрамы бойынша термодинамикалық тұрақтылықтың жойы-
луымен сипатталады. Кризистік нүктенің бір жағындағы зат біртекті (Т>Т
к
бол-
ған кезде), ал екінші жағында тепе-теңдік фазаларға жіктеледі.
Заттардың кейбір параметрлерінің сұйық-бу кризистік нүктелерінің мәндері:
Т
к
,
К
р
u
,
атм
V
к
·10
6
м
3
/моль
Гелий
5,2
2,26
57,8
Сутек
33,24
12,8
65
Оттек
154,78
50,14
78
Азот
126,25
38,54
90,1
Спирт (этил)
516
63,0
167
Су
647,3
218,39
56
Сынап
1460±20
1640±50
48
КРИЗИСТІК ОПАЛЕСЦЕНЦИЯ (латынша «опал – әйнектәрізді минерал +
«есентиа – әлсіз әсер») – жарықтың таза заттардың кризистік күйлерінде, сондай-
ақ сұйықтар немесе газдардың ерітінділерінің ерітілуінің кризистік нүктелеріне
жеткен кезде кенеттен күшеюі. Кризистік опалесценцияны 1907 жылы поляк фи-
зигі Мариан
Смолуховский (1872 – 1917) түсіндірген; кризистік температу-
ра кезінде заттың сығылғыштығы күшті артады, соның салдарынан заттың
бөлшектерінің жылулық қозғалысының энергиясы тығыздықтың микроскопия-
лық кездейсоқ ауытқуларының санының «кенеттен» күшті арттыруға жететін
болады. Осының нәтижесінде орта кризистік температурадан жоғары және кіші
болған кезде іс жүзінде кризистік күйде болады.
КРИЗИСТІК ТЕМПЕРАТУРА – 1) кризистік күйдегі заттардың температу-
расы. Жекелеген заттар үшін кризистік температура тепе-теңдіктегі сұйық пен
будың арасындағы физикалық қасиеттердің айырмашылықтары жойылатын кез-
дегі температура ретінде анықталады. Кризистік температура кезінде қаныққан
бу мен сұйықтың тығыздықтары өзара теңеледі. Сол себепті бу түзуші жылу
нөлге тең болады. Кризистік температура – заттардың физикалық-химиялық
тұрақты шамалардың (константтардың) бірі. Қос жүйелерде (мысалы, пропан
– изопентан) сұйық-бу тепе-теңдігінде бір ғана кризистік температура емес,
кеңістіктік бірнеше кризистік температура болады, оның шеткері нүктелері таза
компоненттердің кризистік температуралары болып табылады. 2) Шектеулі еритін
компоненттері болатын сұйық қоспаларда олардың өзара шектеусіз еруі баста-
латын температура; бұл температура
ерудің кризистік температурасы деп атал-
ған. 3) Бірқатар өткізгіштердің асқынөткізгіштік күйге ауысу температурасы.