Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет210/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   265

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ

512


513

к

178

өзараәсерлесу шамалары өлшенеді әрі цифрлық түрде бейнеленеді. Әдетте сүзіп өту 



көптеген рет әрқилы қилысатын бағыттар бойынша жүзеге асырылады, бұлардың 

қайталану саны 10

4

 – 10


6

 (10 000 – 100 000)-ға дейін жетеді, жазықтағы қабаттың 

қалыңдығы 1 – 10 мм аралығында болады. Өлшеулер нәтижелері электрондық 

есептеуіш машиналар (яғни компьютерлер) арқылы әлгі қабаттардың кескіндері 

қайтадан  қалпына  келтіріліп,  нысанның 

сүзіп  өтуші  сәуленің  параметрлерін 

(қарқындылығын,  таралу  жылдамдығын 

т.б.)  өзгеріске  ұшыратқан  физикалық 

сипаттамаларының таралуы 

дисплей арқылы 

кескін  сигналына  түрлендіріледі.  Сүзіп 

өтуші сәуле түріне тәуелді түрде 

рентгендік, 

гамма-,  протондық,  ультрадыбыстық 

компьютерлік томографтарға ажыратылады. 

Сонымен  қатар  ядролық  магниттік 

резонанстар негізінде жасалған томографтар 

да бар.


Компьютерлік томографтың құрамында: 

сүзіп  өтуші  сәуле  көзі;  сканирлеуші 

(нысанның кескінін көрсететін) құрылғы; сәуленің нысандық заттармен өзара 

әсерлесуінің нәтижелерін 



детектирлеуге әрі өлшеуге арналған құрылғы; сканирлеу 

және өлшеу үрдістерін (процестерін) басқаратын, өте көп мәліметтерді (бір қабатта 

бірнеше Мбайт мәліметті) жинау және цифрлы өңдеуге арналған 

электрондық 

есептеуіш машина (компьютер); дисплей (телевизялық мониторлы); тағы басқы 

қосалқы құрылғылар болады.

Алғашқы компью- 

терлік  томографтар 

ХХ  ғасырдың  70- 

ж ы л д а р ы н д а   ж а - 

салған.  Қазіргі  кезде 

кейбір  элементтер 

(мысалы,  сутегінің) 

атомдар ядроларының 

радиотолқындарды 

резонансты  түрде 

қайта  шығаруы  қол- 



1-сызба.  Компьютерлік  томографтың 

жұмысының  сұлбасы:  1  –  айналатын 

рентгендік  түтік;  2  –  қозғалмайтын 

сцинтилляциялық детекторлар

2-сызба.  Рентгендік  компьютерлік  томографтың  құры- 

лымдық сұлбасы


к

178

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ



514

515


данылатын 

магниттік компьютерлік томографтар қолданылуда. Бұлар сапасы 

жоғары кескіндер шығарады және бір мезгілде нысанның бірнеше сипаттамаларын 

көрсете алады; ең бастысы олар тірі организмге қауіпсіз. Компьютерлік томограф 

өндірістік интроскопияда кеңінен қолдау тапқан. 



КОНВЕКЦИЯ (латынша «конвектио – әкелу, жеткізу») – қатты заттардағы, 

газдардағы немесе сусымалы орталардағы жылуды заттар ағынымен тасымалдау. 

Ауырлық  күш  өрісінде  табиғи  (еркін)  конвекция  аққыш  немесе  сусымалы 

заттардың біркелкі болмай қызуы (төменнен қызатын) кезінде пайда болады. 

Қызған  дене  архимедтік  күш  әсерінен  салыстырмалы  түрде  аз  қызған  дене 

ауырлық күшке қарама-қарсы бағытқа қарай қозғалады. Конвекция заттардың 

температураларын  теңестіреді.  Затқа  жылу  тұрақты  түрде  тасымалданатын  

кезде тұрақты 



конвекциялық ағын пайда болады. 

Конвекцияның  қарқындылығы  қабаттар  аралығындағы  температуралар 

айырымына, 

жылуөткізгіштікке және ортаның тұтқырлағына тәуелді болады. 

Иондалған газдың (мысалы, Күн плазмасының) конвекциясына магнит өрісі, газдың 

иондалу дәрежесі едәуір әсер етеді. 

Еріксіз конвекция кезінде заттар негізінен 

сорғылар, араластырғыштар т.б. құрылғылар арқылы араластырылады. Конвекция 

табиғатта:  Жер  атмосферасының  төменгі  қабатында,  мұхиттарда,  жер  қойна- 

уында, жұлдыздарда кең таралған құбылыс.



КОНВЕКЦИЯЛЫҚ  ТОК  –  зарядталған  макроскопиялық  дененің  орын 

ауыстыруымен  жүзеге  асырылатын  электр  зарядтарының  тасымалдануы. 



Электрондық теория бойынша зарядтардың кез келген ауысуы ең ақырында 

зарядталған микробөлшектердің конвекциясының (орын ауыстыруымен) есебінен 

пайда болады. Конвекциялық токтың магниттік қасиеттері мен өткізгіштік токтың 

(электрондардың, иондардың реттелген қозғалыстары ) тепе-теңдігі осы жайт- 

пен толықтай түсіндіріледі. Мұны 1879 жылы американ физигі Генри 

Роуланд 

(1848 – 1901 ) және 1903 жылы кеңес физигі Александр 



Эйхенвальд (1864 –  

1944) – ғылыми тәжірибе жүзінде айғақтаған. 



КОНВЕРСИЯ, Гамма сәуленің ішкі конверсиясы – қозған атом ядросы- 

ның электрмагниттік ауысуы кезінде аз энергиялы күйге ауысуынан босап шық- 

қан энергияны тікелей әлгі атомның электрондарының біріне беру құбылысы.  

Осы  құбылыс  кезінде  конверсиялық  электрон  деп  аталған  электрон  шығады 

(таралады). Электрондар атомның әртүрлі қабықшаларынан (К-, L-, М- және т.б.) 

ұшырылып  шығарылады.  Электронның  энергиясы  конверсияланған  ядроның 

ауысу энергиясы мен қабықшалар электрондарының байланыс энергиясының 



КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ

514


515

к

178

(энергияның  аздаған  үлесі  –  жүздік  немесе  мыңдық  %-дық  үлесі  –  «тебілу» 



эффектісі салдарынан соңғы атомға беріледі) айырымына тең болады. 

Конверсиялық электрондардың энергетикалық спектрлерін өлшеу ядролық 

ауысулар  энергиясын  және  олардың  мультиполділігін  анықтауға  мүмкіндік 

жасайды.


КОНВЕРСИЯЛЫҚ ЭЛЕКТРОНДАР – ядроның артық энергиясының осы 

атомның  электрондарының  біреуіне  берілуі  жүзеге  асатын  электрмагниттік 

ауысу  нәтижесінде  аз  энергиялы  қозған  күйдегі  атом  ядросының  шығаратын 

электрондары.



КОНДЕНСАТ (латынша «конденсатус – тығыздалған, қоюланған») – 1) газ- 

дың немесе будың конденсациясы кезінде пайда болатын сұйық. 2) М ұ н а й   

г е о л о г и я с ы н д а – тез қайнайтын (300°С-қа дейін толықтай қайнайтын 

метандық қатардағы көмірсутектен құралған газ-конденсаты. 



КОНДЕНСАТОР (латынша – тығыздаушы, қойылтушы), э л е к т р л і к – 

сыйымдылығы электр тізбегінде пайдалануға арналған, диэлектрикпен немесе 

вакуумнен бөлінген өткізгіш электродтардан (астарлардан) құралған құрылғы.  

Ток  көзін  конденсатордың  астарларына  қосқан  кезде  оның  диэлектриктері 



полярланады (беттердің кейбір нүктелеріндегі қарқындылығы жоғары болатын 

құбылыс).  Полярланған  диэлектриктің  электр  өрісі  астарларға  шоғырланған 

зарядтардың электр өрісін әлсіретеді, осы жайт өз кезегінде берілген кернеуде 

конденсатор  заряды  белгілі  бір  дәрежеде  [диэлектриктің  диэлектриктік 



өтімділігіне (ε) тәуелді түрде] арттыратын болады. Конденсатордың астарлары 

әртекті металдардан, жартылайөткізгіштерден немесе электролиттерден құрала- 

ды. Конденсаторды 1745 жылы неміс өнертапқышы Э.Г. фон 

Клейст жасаған деп 

есептелуде. 

Конденсатор  электр  зарядын  жинақтайды.  Конденсатор  электр  тізбегіне  

көбінесе топталып (батарея түрінде) қосылады; ол параллел қосылған кезде 

батареяның жалпы сыйымдылығы С

б

 =С

1



2



3

+...+С

n

; ал тізбектеліп қосылған 

кезде мына өрнекпен анықталады: 

, мұндағы С



1

, С

2

, С

3

 ..., С



n

 – 


батарея қараушы жеке-жеке конденсаторлардың сыйымдылықтары. Конденсаторлар 

тұрақты және айнымалы сыйымдылықты түрлерге ажыратылады.

КОНДЕНСАЦИЯ  (латынша  –  нығыздаймын,  қойылтамын)  –  заттардың 

салқындатылуы  немесе  сығымдалуы  салдарынан  олардың  газтәрізді  күйден 

конденсацияланған  (сұйық  немесе  қатты)  күйге  ауысуы.  Будың  конденсация- 

лануы 


кризистік (тоқырау) температурадан төменгі температурада ғана мүмкін 

болады. Конденсацияға кері үрдіс (процесс) – булану 



І текті фазалық ауысуға 


жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау