Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет200/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   265

к

178

КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ



490

491


жылулық энергияға ауысар кезінде электр энергиясын шашыратуға әкеп соқты- 

рады (Джоуль – Ленц заңы).



Айнымалы ток тізбегінде шекті өлшемді кез келген өткізгіш активті электрлік 

кедергіге қоса индуктивтілік және сыйымдылықтық кедергіге ие, кернеу (U) мен 

ток күшінің (І) әсер ететін шамаларының U/І қатынасы электрлік кедергі R-мен 

дәл тең болмайды. Айнымалы электр өрісінде жиілік (ν) артқанда металдардың 

электрлік кедергісі де өсетін болады. Бұл жайт өткізгіштің көлденең қимасындағы 

ток  тығыздығының  бірқалыпты  болмауынан  туады;  жиілік  (ν)  қаншалықты 

үлкен болса, ток өткізгіштің бетінде соншалықты көп шоғырланатын болады 

(скин-эффектісі). Электрлік кедергі 



омметрмен өлшенеді. Электрлік кедергінің 

Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ) бірлігі Ом. 1 Ом = 1,11∙10

–12


 СГСЭ бірлігі 

=10


9

 СГСМ бірлігі. 2) Электрлік кедергі ток күшін шектеу немесе реттеу үшін 

электр тізбегіне қосылатын электр тізбегінің құрылымдық бөлшегі.

Активті электрлік кедергі – ток өтіп тұрған денелерден жылу бөлуге әкеп 

соқтыратын электрлік кедергі.



Акустикалық кедергі – дыбыстық қысымның дыбыстық толқынның өтуі 

кезінде тепе-теңдік қалыптың маңайында тербелетін орта бөлшектерінің қозғалыс 

жылдамдығына қатынасы.

Аэродинамикалық кедергі – газда қозғалатын денеге осы газ тарапынан әсер 

ететін күш.



Гидродинамикалық кедергі – 1) дене қозғалысына оны орап ағатын сұйық 

тарапынан жасалатын кедергі; 2) сұйықтың қозғалысына құбыр немесе арналар 

қабырғаларының ықпалын тудыратын кедергі.

Индуктивтік кедергі  – 1) қанаттан сырғитын құйындар себепші болатын 

аэродинамикалық  кедергінің  бір  бөлігі;  2)  индуктивтілігі  болатын  тізбектің 

реактивті электрлік кедергі.

Магниттік кедергі – магниттік тізбектегі магниттік қозғаушы күштің осы 

тізбектің көлденең қимасы арқылы өтетін магниттік ағынға қатынасы.



Меншікті электрлік кедергі – заттың электрлік қасиеттерінің берілген заттан 

жасалған цилиндрлік өткізгіштің көлденең қимасының ауданының осы өткізгіштің 

кедергісінің ұзындығына қатынасының көбейтіндісіне тең сипаттамасы.

Ортаның кедергісі – ортада қозғалатын денеге осы орта тарапынан тежеулік 

көрсету қасиеті.



Реактивті электрлік кедергі – денелерде айнымалы электр тогының болуы 

жылу бөліп шығаруға әкеп соқтырмайтын электрлік кедергі.




КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ

490


491

к

178



Сыйымдылықтық  кедергі  –  электрлік  сыйымдылығы  болатын  тізбектің 

реактивті электрлік кедергісі.

Термиялық кедергі – жазық қабаттан өтетін жылулық ағынның қабат ауданы 

мен оның беттері температураларының айырымына қатынасы.



Теріс электрлік кедергі – электр тізбектері арқылы өтетін электр тогы күшінің 

артқан кезіндегі тізбекке түсетін кернеудің кемуін өрнектейтін электр тізбегінің 

кейбір бөліктерінің қасиеті.

Толқындық  кедергі  –  1)  газдың  асқындыбыстық  жылдамдығы  кезіндегі 

аэродинамикалық кедергі; 2) гидродинамикалық кедергінің сұйықтың бетінде онда 

қозғалатын дене тудыратын толқындардың пайда болуына байланысты құраушысы; 

3) электр ток күшінің толқындар таралатын желісіндегі кернеуге қатынасы.



Электрлік кедергі – өткізгіштің электрлік қасиеттерінің өткізгіштің ұштары 

аралығындағы тұрақты кернеудің осы өткізгіштен өтетін электр тогының күшіне 

қатынасымен анықталатын сипаттамасы.

КЕЛЬВИН (К) – термодинамикалық температураның судың үштік нүктесінің 

термодинамикалық  температурасының  1/273,16  үлесіне  тең,  Халықаралық 

бірліктер  жүйесінің  (СИ-дің)  бірлігі.  Ағылшын  физигі  Уильям 

Томсонның 

(Кельвин) (1824–1907) құрметіне аталған. 1968 жылға дейін «Кельвин градусы» 

деп аталып, «°К» болып белгіленіп келген болатын, қазір «Кельвин» деп аталып 

«К» белгісімен белгіленетін болған. Халықаралық қолданбалық температуралық 

меже (шкала) бірлігі ретінде қолданылады. 1 К = 1°С.

КЕЛЬВИН МЕЖЕСІ, Кельвин шкаласы – термодинамикалық температуралық 

меженің  жиірек  қолданылатын  атауы.  1848  жылы термодинамиканың  екінші 



бастамасы  негізінде  температуралық  меже  жасау  принципін  ұсынғаны  үшін 

ағылшын физигі Уильян 



Томсонның (К е л ь в и н) құрметіне аталған.

КЕМПІРҚОСАҚ – атмосферада түрлі түсті бір немесе бірнеше доға түрінде 

аспан күмбезінде жаңбыр пердесінің бүркеуінде, Күнге қарама-қарсы тұста пайда 

болатын оптикалық құбылыс. Ол көбінесе аспан күмбезінің бір жағында жаңбыр 

жауып,  ал  қарама-қарсы  жағы  ашық  болып,  Күн  көзі  жарқырап  тұрған  кезде 

байқалады. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан 

және тамшы бетінен шағылған толқын ұзындығы әр түрлі сәулелердің дифракциясы 

мен  интерференциясының нәтижесінде пайда болады. Оның айқындығы мен 

жарықтылығы  жаңбыр  тамшыларының  өлшемдеріне  байланысты  өзгереді. 

Тамшының өлшемі неғұрлым ірі болса, кемпірқосақ та солғұрлым айқын жарқырап 

көрінеді. Кейде негізгі кемпірқосақпен қабаттасқан екінші кемпірқосақ байқалады. 

Бұлар 

қосарланған кемпірқосақ делінеді. Кемпірқосақ күн сәулесі тамшыға белгілі 



жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау