к
178
∑
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
458
459
маңызы зор болды. Осы цикл арқылы К.
Клаузиус пен У.
Томсонның (Кельвиннің)
термодинамиканың екінші бастамасына берілген тұжырымдарының парапарлығы
дәлелденген. Карно циклі температураның абсолюттік термодинамикалық межесін
(шкаласын) анықтауға пайдаланылған, т.б.
КАТАЛИЗ (грекше «катализ – қирату), м ю о н д ы қ –
Мюондық катализ
мақаласын қараңыз.
КАТИОН (грекше «ката – төмен» + «ион – жүруші») – электр өрісінде
катодқа
қарай қозғалушы оң зарядталған ион. Бұл ион көптеген тұздар мен негіздердің
ерітінділері мен балқымаларында болады. Иондық кристалдардағы оң зарядталған
иондар да катион деп аталған.
КАТОД (грекше «катһодос – төмен қарай жүріс, қайту») – 1) ток көзінің
(аккумулятордың, гальвани элементінің, т.б.) теріс полюсі (немесе қысқышы). 2)
вакуумда немесе газда
электрод арасындағы аралықта өткізгіштікті қамтамасыз
етуші электрондардың көзі болатын электрвакуумдық немесе газразрядты
аспаптардың теріс электроды.
КАТОДТЫҚ ДАҚ – катодтың бетіндегі жарқырауық дақ. Солғын разряд-
тың доғалық разрядқа ауысуы кезінде электрондардың негізгі шығу құбылы-
сының өзгеруіне байланысты пайда болады: қарапайым жағдайда автоэлек-
трондық эмиссия
термоэлектрондық эмиссияға ауысады, эмиссия зонасы
катодтың бүкіл беті бойында тұтасып, кішірек катодтық даққа топталады да,
температурасы кенет артып, балқу немесе айдау (возгонка) температурасына
дейін жететін (жоғарылайтын) болады. Катодтың материалына, пішініне, және
ток шамасына тәуелді түрде солғын разрядтың
доғалық разрядқа ауысуы
термоэмиссияларға қосымша өзге құбылыстар (мысалы, қопарылысты электрондық
эмиссия, плазмалық катод) негізінде де пайда болуы мүмкін.
КАТОДТЫҢ ҚАРАҢҒЫ КЕҢІСТІГІ – солғын разрядтың электрондарды
күшті электр өрісінде үдететін негізгі бөліктерінің бірі.
КАТОДТЫҚ СӘУЛЕЛЕР – үдетіле келе катодтық күңгірт кеңістіктің бүкіл
разрядтық аралығынан өтетін солғын разрядты едәуір төменгі қысымдағы
электрондар ағыны. Катодтық сәулелер аспаптың әйнек қабырғасына түскен кезде
әйнектің флюоресценциясын тудырады. Қазіргі кезде «катодтық сәулелер» ғылыми
атауы қолданыстан шығып қалған.
КАТОДТЫҚ ЛЮМИНЕСЦЕНЦИЯ – заттарды сыртқы электр өрісінде
үдетілген электрондар ағындарымен қоздыру кезінде пайда болатын люминесценция.
Бұл люминесценция ХІХ ғасырда электрон ашылғанға дейінгі уақытта белгілі
болған; вакуумдалған әйнек түтіктерінде жарқырау тудырған электрондар шоқтары
КАВИТАЦИЯ – КЮРИ НҮКТЕСІ
458
459
к
178
∑
катодтық сәулелер деп аталған болатын, сондықтан әлгі жарқырау катодтық
люминесценция деп аталған. Бұл люминесценцияны физикалық құбылыс ретінде
алғаш зерттеген ағылшын физигі Уильям
Крукс (1832–1919) болды.
Катодтық люминесценция кезінде электрондар энергиясының түрленуі
бірнеше тізбекті кезеңдерден өтеді. Қоздырылған электрон ~10
-14
секунд уақытта
негізгі заттың атомдарын (немесе иондарды) алғашқы иондалуға ұшыратады,
осы жайт заттарды каскадты (бірнеше рет) иондауға ұшыратудың басы болады.
~10
-12
секунд уақытта, электрондардың (өткізгіштік зонада) және кемтіктердің
(валенттік зонада)
табалдырықтық энергиядан кем болған кезінде қарапайым
қоздырулардың көбею үрдісі (процесі) аяқталады (табалдырықтық энергия тағы
бір электрондық-кемтіктік жұпты түзуге қажетті энергия болып табылады).
Жарқырау орталықтарына заряд тасушыларды иондандыру және келесі сәуле
шығарғыштық рекомбинация осы орталықтарда әлгіндей заряд тасушылар жы-
лулық жылдамдыққа дейін баяулатылған соң (~10
-11
–10
-10
сек), яғни олардың
кинетикалық энергиясы кристалдық тордың жылулық тербелістеріне дейін
кемітілген кезде жүзеге асырылады. Жылулық шығынның болуы салдарынан
катодтық люминесценцияның эффективтілігі 30–40%-дан аспайды.
Көрінетін, инфрақызыл немесе ультракүлгін сәулелер әртүрлі дәрежеде катод-
тық люминесценцияға шығаруға бейім келеді. Мұндай қасиеттер көптеген таби-
ғи немесе арнайы синтездел-
ген заттарда – таза және легир-
ленген (қоспалар қосылған)
жартылай өткізгіштерде және
диэлектриктерде, әйнекте,
молекулалық кристалдарда,
ерітінділерде және қатты күй-
дегі инертті газдарда байқа-
лады. Катодтық люминесцен-
ция техникада, (теледидардың,
электронды-оптикалық түрлен-
діргіштердің экрандарын
жарқыратуда, т.б.) кеңінен
қолданылуда.
КАТУШКА, индуктивтік
катушкасы – электр тізбегінің
берілген индуктивтілігін
Индуктивтік катуш-
ка –
электр тізбе-
гінің соленоиды бо-
латын бөлігі. Катуш-
кадан ток өткен кез-
де магнит өрісі пай-
да болады. Себебі
өрістің қарқынды-
лығы токтың ка-
тушканың орамда-
рын қиып өтетін күш
сызықтары санының
артуына немесе ке-
муіне байланысты өз-
гереді. Бұл –
токтың
қарама-қарсы өзге-
рісіне қарсы өзгере-
тін генератор секіл-
ді. Индуктивтік ка-
тушканың эффек-
тивтілігін оның ор-
тасына темір өзек-
ті сұғындыру немесе
ш ы ғ а р у а р қ ы л ы
өзгертуге болады.