Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет157/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   265

Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



386

387


Орташа жылдамдық – нүктенің біраз уақыт аралығындағы орташаланған 

шапшаңдығы.



Релятивтік  жылдамдық  –  бөлшектердің  арнайы  салыстырмалық  теория 

алдын ала болжаған эффектілер айқын білінетін кездегі жарықтың вакуумдағы 

жылдамдығына жуық қозғалу шапшаңдығы.

Салыстырмалы жылдамдық – 1. Нүктенің санақ жүйесіне қатысты қозғалу 

шапшаңдығы. 2. Нүктенің салыстырмалы қозғалысы себеп болатын абсолюттік 

жылдамдықтың құраушысы.

Фазалық жылдамдық – толқындар фазаларының таралу шапшаңдығы.

ЖЫЛЖУ – дененің жанама кернеулер тудыратын деформациясы.

Изотоптық  жылжу  –  бір  химиялық  элементтің  әртүрлі  изотоптарына  

жататын атомның және спектрлік сызықтардың энергия деңгейлерінің бір-біріне 

қатысты ығысуы.

Лэмбілік  жылжу  –  электронның  физикалық  вакууммен  өзараәсерлесуі  

тудырған  виртуалдық  бөлшектердің  тууы  мен  жұтылуы,  сутек  атомындағы 

және сутекке ұқсас атомдардағы электрон энергиясының айныған деңгейлерінің 

бөлшектенуі. Бұл құбылысты американ физигі Уиллис 



Лэмб (1913 – 2008) ашқан.

Фазалар жылжуы – периодты өзгеретін екі шаманың бірдей фазаларының 

уақыт бойынша үйлеспеуі.



ЖЫЛУ  –  денені  құраушы  бөлшектердің  (молекулалардың,  атомдардың, 

электрондардың, фотондардың, т.б.) ретсіз (жылулық) қозғалыстарының түрі; 

жылудың мөлшерлік өлшемі ретінде жылудың мөлшері алынған, яғни жылу ал-

масу (жүйенің сыртқы параметрлері өзгермейтін кезіндегі: көлемі, т.б.) кезіндегі 

алатын немесе беретін энергия мөлшері. Жылу мөлшері жұмыспен қатар жүйенің 

ішкі энергиясының (U) да өлшемі болып табылады. Жүйенің ішкі энергиясы жылу 

алмасу кезінде жүйе молекулаларының қоршаған денелердің молекулаларымен 

тікелей өзараәсерлесуі (соқтығысулары) нәтижесінде өзгеретін болады. 

Жылудың кинетикалық теориясы бойынша жылу кез келген затты құраушы 

ретсіз қозғалатын атомдардың немесе молекулалардың кинетикалық энергиясы 

болып  табылады.  Термодинамиканың  үшінші  бастамасы  бойынша  заттардың 

барлық молекулалары қозғалыстарын тоқтататын -273,15°С абсолют нөл темпера-

тура шығару мүмкін емес. Сондықтан молекулалар әрқашан үздіксіз «жылулық» 

деп аталатын қозғалыста болады; оның қарқындылығы денені қыздырған кезде 

артады. Осындай қозғалыстың болатынын 1827 жылы ағылшын ғалымы (ботанигі)  

Роберт 


Броун (1773–1858) жанама дәлелдеме арқылы анықтаған. Ол суда қалқып 

жүрген ұсақ тозаңның үздіксіз секірісті қозғалысын байқаған. Әрбір ұсақ бөлшекті 




Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



388

389


(тозаңды) су молекулаларының бірқалыпсыз соққылауы нәтижесінде пайда бола-

тын әлгіндей қозғалыс броундық қозғалыс деп аталған. Бөлшек өте кішкене болған 

сайын, қарқынды қозғалады.

Жылу құбылысын қысқаша тұжырымдасақ, ол: 1) Жылу алмасу тәсілімен немесе 

дененің өзінде жүзеге асатын кез келген үрдіс (процес) кезінде денені құраушы 

микробөлшектердің бейберекет (ретсіз) қозғалысы түрінде қабылданатын немее 

берілетін энергия; 2) денені құраушы микробөлшектердің жылулық бейберекет 

қозғалысының (ретсіз) түрі; 3) дененің микробөлшектерінің жылулық бейберекет 

қозғалысының салдарынан пайда болатын ішкі энергиясының бір бөлігі.

Жылу калориямен немесе джоульмен өлшенеді (1 кал = 4,1808 Дж). 



Балқу жылуы – тұрақты қысым кезінде қатты (кристалл) затты толықтай сұйық 

күйге (заттарды кристалдандыруға) ау-

ыстыру үшін оған берілуге тиісті жылу 

мөлшері.  Заттардың  масса  бірлігінің 

балқу жылуы меншікті  балқу  жы-

л у ы   деп  аталған.  Балқу  жылуы  – 



фазалық  ауысу  жылуының  дербес 

жағдайы. Меншікті балқу жылуы Дж/

кг,  ккал/кг  бірлігімен  және  мольдік 

(молярлық) балқу жылуына (Дж/моль) 

ажыратылған.

Булану жылуы – қысым және температура тұрақты болған кезде затты сұйық 

күйінен газ тәрізді күйге (буға) ауыстыру үшін берілуге қажет жылу мөлшері. 

Заттардың масса бірлігінің булану жылуы меншікті булану жылуы деп аталған. 

Булану жылуы фазалық ауысу жылуының дербес жағдайы болып есептеледі.



Жану жылуы – отынның толықтай жануы кезінде бөлінетін жылу мөлшері (Дж 

немесе 


кал бірлігімен өлшенетін). Жану жылуы төменгі (отынның өзінде болатын 

немесе жану кезінде пайда болатын суды буландыруға шығындалған жылу есепке 

алынбайтын) және жоғарғы (егер жанудың соңғы қалдығында су кездесетін болса) 

жану жылуы деп аталған. Сонымен қатар м е н ш і к т і және к ө л е м д і жану 

жылуына да бөлінеді. Жану жылуы отынның химиялық құрамымен анықталады. 

Егер су бу түрінде кездесетін болса, онда жану жылуы т ө м е н г і, ал егер су және 

сутек отынның соңғы қалдығында (күлінде) кездессе, ол жану жылуы ж о ғ а р- 

ғ ы жану жылуы деп аталған. 



Конденсациялық жылу – қаныққан будың конденсациялануы кезінде бөлінетін 

жылуы.


Мұздың салқындығы және қолдың жылуы


Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



388

389


Қайнау жылуы – «б у л а н у  ж ы л у ы» деген ұғыммен мағыналас.

Меншікті жылу – фазалық ауысу жылуының заттың массасына қатынасы.

Мольдік жылу – фазалық ауысу үрдісінде бөлінетін жылудың моль өлшеммен 

өрнектелген осы үрдіске қатысушы заттар мөлшеріне қатынасы.



Пайда болу жылуы – жай заттардан олардың стандарттық күйлерінде химиялық 

қосылыстардың пайда болуының жылулық эффектісі.



Сублимация жылуы – қысым және температура тұрақты болатын кездегі 

қатты 


денені сұйық күйге ауыстырмастан тікелей газтәрізді күйге ауыстыру- 

ға қажет жылу мөлшері. Заттардың масса бірлігінің сублимация жылуы м е н- 

ш і к т і сублимация жылуы (құрғақ айдау) деп аталған.



Фазалық ауысу жылуы – тепе-теңдік үрдісте заттардың масса бірлігінің 

бір фазадан өзге фазаға ауысуы үшін екі фазалы жүйеге берілуге қажет жылу 

мөлшері.  Фазалық  ауысу  жылуы  бірінші  текті  фазалық  ауысудың  сипаттық 

белгісі болады.



ЖЫЛУ АҒЫНЫ – уақыт бірлігінде изотермиялық бет арқылы берілетін жылу 

мөлшері. Жылу ағынының өлшемділігі қуаттың өлшемділігімен үйлеседі (бірдей). 

Жылу ағыны ваттпен немесе ккал/сағат (1 ккал/сағат = 1,163 Вт) арқылы өлшенеді. 

Жылулық ағынның изотермиялық бет бірлігіне қатынасы жылулық ағынның т ы- 

ғ ы з д ы ғ ы, меншікті жылу ағыны немесе 

жылулық жүктеме деп аталған; әдетте 

q арқылы белгіленген, Вт/м

2

 немесе ккал/м



2

·сағат) арқылы өлшенеді.



ЖЫЛУ  АЛМАСУ  –  температураның  өзгерісінен  туындайтын  жылу 

тасымалының өз еркімен өтетін қайтымсыз үрдісі. Жалпы жағдайда жылу тасы-

малы өзгедей физикалық шамалар өрістерінің біртексіз болуы себепті де пайда 

болады, мысалы, шоғырланудың өзгерісі – 



Дюфур эффектісі. Жылудың қызуы 

мол денеден қызуы кем денеге таралуы. Жылу алмасу жылу өткізгіштік,  кон-



векция, жылулық сәулелік жылу алмасу, фазалық түрлендірулер кезіндегі жылу 

алмасу деген үрдістерге ажыратылған; іс жүзінде жылу алмасу көбінесе бірнеше 

түрмен тікелей жүзеге асырылады. Жылу алмасу табиғатта (мысалы, жұлдыздар 

мен ғаламшарлардың эволюциясы, Жер бетіндегі метеорологиялық үрдістер, т.б.), 

техникада және тұрмыста көптеген үрдістерді анықтайды немесе қабаттасып өтеді. 

Көптеген жағдайда, мысалы, кептіру үрдісін, буландырып салқындату, диффузияны 

зерттеулер кезінде жылу алмасу масса алмасумен бірлестіріліп қарастырылады. 

Екі жылу тасығыш (газбен, сұйықпен) арасында оларды бір-бірінен ажыратып 

тұрған қатты қабырғалар немесе олардың арасын бөліп тұрған беттер арқылы 

жылу алмасу жылу беру деп аталған.




жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау