Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет149/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   265

Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



368

369


Шамалар

Белгіленуі

Бірліктер 

Аталуы 

Белгіленуі 

Жарық ағыны



Ф

υ

Люмен


Лм

Жарық энергиясы



Q

Люмен-секунд

лм·сек

Сәуле шығару эффектілігі



K

Люмен ватқа

лм·Вт

–1

Жарық күші



I

Кандела


кд

Жарықтық 



L

Кандела квадрат метрге 

(ескірген атауы нит)

кд·м


–2

Жарықталыну 



E

Люкс


лк

Жарқырау 



M

Люмен квадрат метрге

лм·м

–2

ЖАРЫҚ ШОҒЫ – шағын денелік бұрыш (dΩ) шегінде жарық бетінің (dS) бөлігі 



шығаратын жарық сәулелерінің жиынтығы. Егер жарық көзі бетінің жарықтылығы 

І болса, онда шоқ осі мен жарық көзі бетіне нормал үйлесетін болса, онда жарық 

шоғы таситын энергия ағыны dФ = IdSdΩ болады.



ЖАРЫҚ  ЭНЕРГИЯСЫ  –  жарық  ағынының  жарықтану  ұзақтығының 

көбейтіндісіне тең негізгі жарық шамасының бірі. Жарық энергиясы бірлігі – лю-

мен-секунд (лм·сек). Энергетикалық шамалар жүйесіндегі бұған ұқсас шама – сәуле 

шығару энергиясы (сәулелік энергия), өлшеу бірлігі – Дж.



ЖАСАНДЫ  РАДИОАКТИВТІЛІК  –  ядролық  реакциялар  нәтижесінде 

алынған изотоптардан байқалатын радиоактивтілік. Жасанды тәсілмен алынған 

атом ядроларының радиоактивтік құбылысы. Жасанды радиоактивтілікті 1934 

жылы ерлі-зайыпты Фредерик (1900–1958) және Ирен (1897 – 1956) 



Жолио-Кю-

рилер ашты. Бұған дейін табиғи радиоактивтілік қана белгілі болатын. Жасанды 

радиоактивтілік пен табиғи радиоактивтілік арасында принципті айырмашылық 

жоқ, өйткені изотоптардың қасиеттері олардың түзілу тәсіліне тәуелді болмайды. 

Алайда 


позитрондарды (β+ ыдырау) шығару және электрондарды қармау 

үрдістері (процестері) тек жасанды радиоактивтілікте ғана байқалады. 

Қазіргі кезде белгілі радиоактивті нуклидтердің (ядросында белгілі санды про-

тондар мен нейтрондар болатын атомдар) жалпы саны ~2000-дай болса, солардың 

~300-дейі ғана табиғи радиоактивті заттар екен, өзгелері ядролық реакциялар 

нәтижесінде алынғандар. Жасанды радиоактивтілікті зерттеу β-ыдыраудың пози-

тронды β+ ыдырауын (Ирен және Фредерик Жолио-Кюрилер) және электрондық 

қармаудың ашылуына әкеп соқтырды.

Ядролық реакциялар нәтижесінде (мысалы, әртүрлі элементтерді α-бөлшектермен 

(альфа-бөлшектермен)  немесе  нейтрондармен  сәулелендірілгенде  яғни 

атқылағанда)  радиактивті  элементтердің  табиғатта  кездеспейтін  изотоптары 

пайда болады. Қазіргі кезде белгілі барлық изотоптардың көпшілігін жасанды 



Ж

104

ЖАЗЫҚТЫҚ – ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ



368

369


радиоактивті элементтер. Ирен мен Фредерик Жолио-Кюрилер массалық саны 27 

алюминийді α-бөлшектермен сәулелендірілгенде ақтық (соңғы) «өнімі» массалық 

саны  30  болатын  фосфордың  радиоактивті  изотопы  пайда  болатын  ядролық  

реакцияны  жүзеге  асырған.  Радиоактивті  фосфордың  изотопының  позитрон 

шығаратыны анықталған. Радиоактивтіліктің осы түрленуі β+ (бета плюс) = ыдырау 

[β- (бета минус) = ыдырау электрон шығару (тарату) болып есептеледі].



ЖАСАНДЫ  ЭЛЕМЕНТТЕР  –  әртүрлі  ядролық  реакциялар  нәтижесінде 

алынған химиялық элементтер. Кейбір жасанды элементтер (технеций, проме-

тий, астатин, трансуран элементтері) табиғи жағдайда кездеспейді, олар жасан-

ды тәсілмен алынған. Жасанды элементтердің барлық изотоптары радиоактивті 

болғандықтан, оларды 

радиоактивті элементтер деп те атайды. Жасанды эле-

менттер Менделеевтің периодты жүйесін толықтырып маңызын арттырумен қатар, 

атомның ішкі энергиясын іс жүзінде қолдану мүмкіндігіне тікелей жол ашты. 2013 

жылға дейін 15 трансурандық жасанды химиялық элемент белгілі болған.



ЖЕЛ – ауаның жер бетіне қатысты көкжиек бағытымен қозғалысы. 

Акустикалық жел – ортаның дыбыс қарқындылығының таралуы кезінде пайда 

болатын тұрақты ағысы.



Күн желі – таралу көзі күн плазмасы болып табылатын ғарыштық кеңістіктегі 

бөлшектер ағыны.



Электрлік жел – электр өрісінің жоғары кернеулігі кезіндегі үшкір заттардың 

ұшынан ағып шығатын электр заряды.



ЖЕРДІҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ БЕЛДЕУЛЕРІ – Жердің магнит өрісі энергия-

сы ондаған кэВ-тан жүздеген МэВ-ке дейінгі кинетикалық энергиясы болатын 

зарядталған бөлшектерді (протондарды, электрондарды, альфа-бөлшектерді және 

едәуір ауыр химиялық элементтердің ядроларын) ұстайтын Жер магнитсферасының 

ішкі  аймағы.  Зарядталған  бөлшектердің  Жердің  радиациялық  белдеулерінен 

тысқары шығып кетуіне геомагниттік өрістің күш сызықтарының ерекше пішіні 

кедергі жасайды, яғни зарядты бөлшектердің тұтқышы ретінде әсер етеді.

Жердің радиациялық белдеуі 1958 жылы ашылған. Ішкі белдеуді американ 

физигі Дж.Ван 

Аллен жетекшілік еткен топ, ал сыртқы белдеуді кеңес физиктері 

Сергей 


Вернов (1910 – 1982) пен Александр Чудаков (1921 - 2001) ашқан. Жердің 

радиациялық белдеулеріндегі бөлшектер ағыны 



Жер серігіне орнатылған Гейгер 

санауышымен тіркелген. Жердің магнит өрісінде магниттік тұтқыштардың болу 

мүмкіншілігін 1913 жылы норвег геофизигі К.



Стермер, 1950 жылы швед физигі 

Ханнес 


Альфвен (1908 – 1995) алғаш ескерткен. Тек Жер серігінде орнатылған 

аспаптар ғана жоғары энергиялы бөлшектермен толған тұтқыштардың болатынын 




жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау