Физика әлемі пӘндік энциклопЕдИя



жүктеу 6,54 Mb.
Pdf просмотр
бет118/265
Дата25.05.2018
өлшемі6,54 Mb.
#17438
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   265

Д

100

ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ



296

297


ДИЭЛЕКТРЛІК АЛҒЫРЛЫҚ – ортаның полярлану қасиетін сипаттайтын 

шама. Бұл шама  Е қатынасындағы   – пропорционалдық коэффициенті, 

мұндағы  Е  –  электр  өрісінің  кернеулігі,    –  диэлектриктің  көлем  бірлігінің 

дипольдік моменті. Диэлектрлік алғырлық заттардың диэлектрлік қасиеттерін, 

сонымен қатар диэлектрлік алғырлық СГСЭ бірліктер жүйесінде:  ε = 1+4 π  

қатынасымен байланысқан.



ДИЭЛЕКТРЛІК ӨТІМДІЛІК – электр өрісінің (Е) әсерінен диэлектриктердің 

полярлануын  сипаттайтын  шама  (ε).  Диэлектрлік  өтімділік  Кулон  заңына 

диэлектриктегі екі еркін (бос) зарядтың өзараәсерлесу күштерінің вакуумдағы 

күштен неше есе кем екенін аңғартатын шама ретінде енеді. Өзараәсерлесудің 

әлсіреуі  ортаның  полярлануы  нәтижесінде 

еркін  зарядтардың  экрандалуы 

себепті  пайда  болады.  Байланысқан  зарядтардың  электрлік  бейтарап  ортада 

микроскопиялық қайталанып үлестірілудің салдарынан пайда болады және еркін 

зарядтардан  айырмашылығы  сол  өріс  әсерінен  микроскопиялық  қашықтыққа 

орын ауыстыруға қабілетсіз, яғни заттардың электр өткізгіштігіне қатыса алмай-

ды. Диэлектрлік өтімділік мына формула бойынша анықталады: D=ε·Е, мұндағы 



Е – электр өрісінің кернеулігі, D – диэлектриктегі электр индукциясы. Диэлектрлік 

өтімділіктің шамасы заттың табиғатына, сыртқы әсерлерге (температура, қысым 

т.б.) байланысты өзгереді.

ДОҒАЛЫҚ РАЗРЯД – газдағы дербес квазитұрақты қысымы 10

– 2


 – 10

– 4


 

мм сынап бағанынан асатын кез келген қысымды электродтарының арасындағы 

потенциалдар айырымы тұрақты немесе айнымалы төменгі жиілікті (10

3

 Гц-ке 



дейінгі) электрлік разряд. Бұл разрядтың өзгедей разрядтардан айырмашылығы 

катодтағы  токтың  тығыздығы  (10

2

  –  10


8

  А  /см


2

-дей)  жоғары  және  разрядтық 

аралықтағы ортаның иондалуының эффектілік

 потенциалының түсуінен артпайтын 

болады. Көмір электродтар арасындағы алғашқы доғалық разрядты 1802 жылы 

орыс физигі Василий 

Петров (1761–1834) байқаған. 1808–1809 жылдары ағылшын 

химигі әрі физигі Гемфри 



Дэви (1778–1829) де байқаған. Жарқыраған ток арнасы 

(конвекциялық тасымалдық ағын) 



доға тәрізді болып көрінетіндіктің разряд 

–  д о ғ а л ы қ  р а з р я д деп аталып кеткен. 

Доғалық разрядтың тек белгілі бір сыртқы және шекаралық жағдайларға бай-

ланысты болатын көптеген түрлері бар. Осылардың барлығында катодтағы ток 

өте шағын және катодтың бетінде (катодтық дақ) ретсіз қозғалатын жарық даққа 

шоғырланған болады. Дақтың бетіндегі температура катод жасалған 



материалдың 

«қайнау» температурасына дейін қызады. Сол себепті катодтық токты тасуда – 

термоэлектрондық эмиссияның маңызы зор. Катодтық дақтың үстінде кеңістіктік 

оң заряд қабаты пайда болады, ол заряд эмиссиялауыш электрондарды 



газдың 


Д

100

ДАҚ – ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ



296

297


Доғалық разрядтың  көрінісі

атомдары  мен  молекулаларын 

соққылап  иондауға  жеткілікті 

энергияға дейін үдетуді қамтамасыз 

етеді.  Бұл  қабаттың  қалыңдығы 

өте  жұқа  (электронның  еркін  жол 



ұзындығынан  кем)  болғандықтан, 

ол катодтың бетінде жоғары өрістік 

кернеулік тудырады, әсіресе табиғи 

микробіртексіз  бетте,  осының  сал-

дарынан 

автоэлектрондық эмиссияның әсері айтарлықтай болады. Катодтық 

токтың тығыздығының жоғары болуы және дақтың бір нүктеден өзге бір нүктеге 

«секірісті» қопарылыстық электрондық эмиссия тудырады. Доғалық разрядтың 

катодтық басқадай да тәсілдері белгілі. 

Потенциалдың катодтық түсу зонасының аймағына анодқа дейін созылған оң 

баған тікелей жалғасады. Потенциалдың анод маңайындағы «секірісі» байқалмайды. 

Анодта жарқырауық 

анодтық дақ пайда болады, бұл дақтың өлшемі үлкен, бірақ 

катодпен салыстырғанда баяу жылжиды. Бағандағы өте жоғары температураға 

дейін қызған иондалған газ плазма күйінде болады. Плазманың электр өткізгіштігі 

доғалық разрядтың түріне тәуелді, іс жүзінде кез келген мәнді қабылдай алады.



ДОЗА (грекше «досис – үлес»), с ә у л е н і ң – сәулеленуші зат жұтатын және 

оның бірлік массасына (жұтылған доза) есептелген иондауыш сәуленің энергиясы. 



Жұтылған энергия заттарды қыздыруға және олардың химиялық, физикалық 

түрленулеріне шығындалады. Доза шамасы сәуленің түріне, оның бөлшектерінің 

энергиясына, олардың ағындарының тығыздығына және сәулеленуші заттардың 

құрамына тәуелді. Бұл жайт бөлшектердің және фотондардың заттар электрон-

дарымен және атомдарымен өзараәсерлесу үрдістерінің (процестерінің) әртүрлі 

болуына байланысты. Өзгедей шарттары тең кезде 

дозаның сәулелену уақыты 

қаншалықты ұзақ болса, яғни доза уақыт өткен сайын жинақталатындықтан 

ол соншалықты көп әсер етеді. Дозаның уақыт бірлігіне қатынасы дозаның 

қуаты деп аталған. Дозаның жұтылған бірлігі Халықаралық бірліктер жүйесінде 

(СИ) – г р э й (Гр) бірлігімен өлшенеді. Доза бірлігінің жүйеден тыс бірлігі – р а д 

көп таралған: 1 рад = 10

–2

 Гр. Дозаның 



қуаты Гр/сек, Гр/сағ-пен өлшенеді. 

Экспозициялық доза – ауаның иондануы бойынша анықталатын рентгендік 

және γ-сәулелердің дозасы. Бұл доза ауада пайда болған

 екінші реттік электрондар 

мен позитродардың толық тежелуі кезінде қарапайым көлемде пайда болатын 

ауаның массасына қатынасындай Δm бірдей таңбалы зарядтардың қосындысына 




жүктеу 6,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   265




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау