Айнадағы бейне әдісі арқылы шешу
Денелердің ( өткізгіштердің ) электрсиымдылығын, электр зарядтарының өзара әсерін, электр өрісіне қатысты есептің шешулерін қарстырған кезде « айнадағы бейне әдісі » деп аталатын әдіс жиі қолданылады. Ол жоғарғы мектептің мысалы, Калашников С.Г (1,66-67) және Сивухин Д.В (2,90-95) оқулықтарында жақсы көрсетілген. Осындай атаумен белгілі механиканың кейбір есептерін шешу кезінде аналогиялық түрде қолданылуы мүмкін. Бұл есептер басқа денелермен (бөгет, кедергімен) серпімді өзараәсерлесуге қатысатын денелердің қозғалысына қатысты есептер. Осындай өзараәсерлесуден кейін күштің сақталу заңы мен энергияның айналуы кезінде дене қозғалысының жылдамдық модулі сақталады, ал оның бағыты (импульстің сақталу заңына сәйкес) соқтығысуға дейін жылдамдықтың бағыты, айнадағы бейне болып табылады. (1-сурет) Дененің бөгетпен (кедергімен) соқтығысуы кезіндегі уақыты, бұл жерде айна болып табылатын, барлық жағдайда өте аз деп есептейміз.
с урет-1
Эксперименттік есептерді шешу әдісі
Білімді игерудің нәтижелігі таным процесіне адамның әртүрлі сезім мүшелерінің іске қосылуы және нақты заттар мен құбылыстарға бетпе-бет келгенде оны сезіну, көре білу және қабылдау арқылы артады. Бұл жағдайда физикалық эксперементтің маңызы зор. Физика сабақтарында оқушылардың эксперементтік жұмыс дағдасын, шығармашалақ қабілетін дамыту тұлғасын арттыруға болады. Мұғалімнің үйге эксперементтік тапсырмалар беруі сирек кездеседі. Дегенмен, оқу процесінде дәл осы тәсілді қолданудың ерекше маңыздылығы, біріншіден, үй жұмысының формасын түрлендіреде (кітапты оқыту, есеп шығару), екінші оқушының алдына тек қана өздігінен эксперементтік тәжірибе жасау арқылы ғана шешілетін мәселені қояды.Үй тапсырмасына эксперементтік тапсырмалар беру оқушының мынадай қабілеттерін және шеберліктерін дамытады: интеллектуалдық (салыстыру қабілеті, негізгіні ажыраты білу, зерттеу, эксперемент нәтижелерін жазу және қорытындылау), пәндік (теорияны практикамен ұштастыру шеберлігі, физикалық білімдерін құбылыстарға анализ жасауға қолдану, көптеген үй аспаптары мен құралдарының жұмыс істеу принципін түсіндіру), ұйымдастыру-танымдық (құрал-жабдықтардың функционалдық міндеттерін анықтай білу, техникалық құрылғылармен жұмыс істегенде техника қауыпсіздігі мен пайдалану ережелерін сақтау), еңбек ету (қол құралдарымен жұмыс істеуді үйрену дағдысы, ұсталық, т.б.). Эксперементтік есептерді шешу тәсілдері оларды шешудегі эксперементтік жұмыстың қойылуына тәуелді. Мысалы, есепті шешу үшін барлығын тексеру қажет болса, онда есептің шешуін нұсқауларға сәйкес жазады. Эксперементтік есептердің басқа түрлерінде есепті шешу және баяндау қажет болады. Егер есепті шешу үшін қажетті шамалар тәжірибе нәтижесінде алынса, онда эксперементті қою және өлшеулер жүргізу маңызды. Есеп түріндегі эксперементтік тапсырмаларды шешу және жазу келесі элементтерден тұрады: есептің қойылуы, шарттарды анализдеу, өлшеулер жүргізу, есептеулер, тәжірибеден тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |