«Филология» мамандыєына арналєан


Модуль 2. Отбасылық қарым-қатынас психологиясы



жүктеу 1,74 Mb.
бет4/10
Дата05.01.2018
өлшемі1,74 Mb.
#6988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Модуль 2. Отбасылық қарым-қатынас психологиясы.

Тақырып. Отбасылық қарым – қатынас.

Дәріс жоспары:

1. Отбасындағы ата –ана мен бала қарым - қатынасы.

2. Отбасылық қарым – қатынастағы тәрбие стилі.


Дәрістің қысқаша мазмұны

Қазіргі таңда қоғамда отбасы психологиясы өзекті мәселелердің бірі. Отбасы әлемі әр алуан. Ол ата – аналарға адам өмірінің кереметін сезінуге, оны түсінуге, өз бар болмысын балалар үшін ұзартуға мүмкіндік береді. Бірақ, отбасы өмірі – сан қилы , рахаттанумен қатар қиындықсыз, мәселесіз отбасы болмайды. Отбасы тәрбиелеу көзі. Отбасы мәселелері - бүкіл қоғам мәселелері. Дәстүрлі отбасының дағдарыстық жағдайы кең құбылыс.

Ата – аналардың балалармен өзара әрекеттестік және өзара қатынас тарихы отбасы тарихымен тығыз байланысты. Отбасы – бұл баланың өзі және басқалар туралы ойы қалыптасатын және оның әлеуметтік табиғи, сондай – ақ рухани мәдениеттің орталығы. Баланың дүниеге келген сәті сияқты , оның мектепке дейінгі жасы, өсуі, дамуы және жеке тұлға болып қалыптасуы ғалымдар мен психологтардың айтуынша үңіле зейін аударатын маңызды және жауапты құбылыс. Әсіресе ең маңызды кезеңі мектепке дейінгі балалық шақта өзіндік сана дамиды, өзіндік баға және қоршаған ортаға деген қарым – қатынасы қалыптасады. Дәл осы кезеңде баланың тұлғалық дамуына отбасының қарым – қатынас стилінің әсері өте маңызды. Балалар ата – аналармен әрекеттестігінде басқалармен қарым - қатынас әдісін меңгереді. Олар баланың өміріндегі қарым – қатынас жасаушы субъектілердің біріншісі және үлгі болатын басымырақ оқытушылары болып саналады.

Отбасы туралы В. Сатирдің пікірі бойынша: «Барлық әлемнің микрокосмасы, яғни әлемді түсіну үшін отбасын толық тану қажет».Ал Л.Ковар болса, отбасы қатынасының жалпы үлгісін қалай бағалайды және оларға қатынас жасау арқылы бағаланады деп көрсетті.

Отбасындағы ата – ана мен бала қарым – қатынасы білім, іскерлік дағдыны берудің жай қосындысы емес, өзара әсерлесу нәтижесінде өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі.

Тұлғаның жас ерекшелігіне және дамуына байланысты әр бала қарым – қатынастағы қажеттілікпен анықталады,негізінен үлкендермен қарым – қатынас жасау арқылы қанағаттандырылады. Зерттеулерден балалардың дамуының алғашқы жеті жасқа дейінгі кезеңінде қарым – қатынас өзіндік үш формасы болады. Алғашқы және генетикалық ерте жастағы баланың қоршаған ортамен тікелей эмоциялық қарым – қатынасы. Оның белгілері баланың қоршаған ортамен тікелей эмоциялық қатынасқа түсуге ынтасы. Мұндай қарым – қатынас арқылы нәресте өзіне қажетті үлкендердің мейірімі және зейінімен қанағаттанады. Бала қол қимылын меңгеріп, ойыншықтарды манипуляция жасай алғаннан кейін, ол қарым – қатынастың келесі формасы – ситуативті бірігіп әрекет жасауға ауысады. Бала мен үлкендердің біріккен іс – әрекеті эмоциялық байланыспен жалғасады. Әдістемелік құралды ұсынуда біз төмендегі ұстанымдарды мақсат еттік:



  • Өзін – өзі бақылау және отбасындағы үйлесімді жақсарту;

  • Өзіндік сананы көтеру;

  • Отбасы табиғатының жүйесін түсіну;

  • Өз отбасыларында қарым – қатынас жүйесін жақсарту;

  • Бұрын түсінбеген отбасындағы болып жатқан өзгерістерді анықтауға мүмкіндік жасау;

  • Отбасы мүшелерінің әрқайсысына ерекше көңіл бөлу;

  • Балаларының пікірімен санасу және түсіну.

Сондықтан ата – ана – бала қатынасы болашақ ұрпақтың тұлға ретінде қалыптасуында маңызды орын алады.

Отбасы қоғамдық тіршілік сферасы. Сондықтан отбасының ішкі ахуалы саяси, әлеуметтік – экономикалық және психологиялық факторларға да байланысты.

Отбасы қарым – қатынасы , оның баланың жеке басына әсері туралы әр түрлі саладағы мамандар зерттеуінен бірнеше аспектілерді анықтаған. Сол арқылы ата – ана – бала қатынасының толық бейнесін жатқызуға болады. Олар:


  • Ата – ананың баламен өзара әрекеттестігі;

  • Ата –ананың балаға қатынасы санадан тыс мотивациясына негізделген;

  • Ата –ананың балаға қатынасы рефлекстік жағдайда қалыптасқан;

Бұл тұжырымдар мына факторлардың ықпалында болады:

  1. Ата –аналардың тұлғалық ерекшеліктері мен міңез – құлық факторлары.

  2. Ата – аналардың психологиялық компененттілігі, білім шамасы.

  3. Отбасындағы эмоциялық атмосфера.

  4. Тәрбиенің әсер ету диапозоны.

  5. Отбасы өміріне баланы араластыру деңгейі.

  6. Баланың өзекті қажеттіліктері және оларды қанағаттандыру сатысын есепке алу.

Балаға отбасында үлкендердің қарым – қатынасы өте маңызды. Оған отбасының әрбір үлкен мүшесі үлгі болады.

Ата – аналардың балаларға психологиялық әсері қашанда жеке дара. Жеткіншекке аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана – сезімінің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталынады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы қатынастар өзгереді.Әсіресе жеткіншекке әкесі, анасы немесе отбасындағы кез келген ересек адамның қарым – қатынасы ерекше әсер етеді.

Отбасылық өмір стилі тұлғаның қалыптасуына үлкен із қалдырады. Психологтар мен педагогтар бір ауыздан Отбасылық өмір атмосферасы ұғымына отбасы мүшелерінің қарым – қатынасы, ақпарат алмастыру, қабылдау мен меңгеру, ата – анамен балалардың біріккен еңбек және эстетикалық іс – әрекетінің әртүрлі формалары сияқты факторларды енгізді.

Отбасылық қарым – қатынастағы тәрбие стилінің қандай түрі болмасын баладан стимулдық пен жауапкершіліктің төмендігін, ата – ана және бала қарым – қатынасындағы өзара серіктестігінің болмауы және баламен шектен тыс жақындыққа ұмтылуды көрсетеді.

Жалпы алғанда дұрыс қалыптасқан отбасылық қарым – қатынас баланың тұлғалық – психологиялық дамуының ғана емес, оның шығармашылық қабілеттерімен іскерліктерінің дамуының қайнар көзі болып табылады. Сондықтан отбасы қарым – қатынасын ұйымдастыруда ата – аналар үшін баланы жан – жақты дамыған, саналы тұлға ретінде қалыптастырудың тиімді ережелері:


  • Баланы сүю, құрметтеу, табиғи қабілетін ескеру;

  • Балаға әсер ететін құрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын көнілден шыққандығы мәнді;

  • Баламен қарым – қатынаста оның жас ерекшелігімен, шамасымен шар болуы қажет. Сонда ғана үлкендер мен кішілер арасында қақтығыс жағымды шешіледі;

  • Баланың пікірін соңына дейін тыңдау, не айтқысы келгендігін түсіну, асығыс қорытынды жасаудан алдын алу;

  • Жазалауды баланың дамуына әсер етпейтіндей етіп жкасау;

  • Балаға үйрететінді ең бірінші ата – ананың өзі толық меңгеруі қажет.

Американ психологы Дж.Боулби ата – аналар міңез құлқының өзіндік патогендік ерекшеліктерін анықтап берді. Оның ойынша , балалар үшін ең ауыр жағдайлар төмендегілер:

  • Ата – аналар балаларына қажетті махаббат сезімімен қанағаттандырмайды немесе оны түгелімен шеттетілуі;

  • Бала ерлі зайыптылар арасындағы конфликтіні шешуші құрал болуы:

  • Ата – аналар баланы сүюден бас тарту және оны отбасынан кету үшін себепші ретінде қолдануы;

  • Баланы ата –аналары ашық түрде олардың барлық қатерлерінің себепшісі деп кінәлауы;

  • Баланың айналасында оның уайымын түсінетін жақын адамның жоқ болуы;

А.С. Спиваковская өзінің зерттеулерінде баланың дамуы мен тәрбиесіне керісінше әсер ететін сәтсіз отбасыларды жіктеп берді:

- «Отбасы – санаторий». Қатаң қадағалау, болар болмас қауіптен шеттен тыс сақтау.

- «Отбасы – қамал». Ата – аналарда принциптілік ұстанымы өте жоғары, барлық жағдайда бала іс – әрекетті дұрыс және қателіксіз орындаулары қажет деп санайды.

- «Отбасы - үшінші артық». Мұндай отбасында ата – аналардың эмоциялық қатынасы маңызды орында.

Негізгі ұғымдар: ата-ана, қарым-қатынас, бала, отбасылық стил, тұлғалық, мінез-құлық, түсіністік.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Отбасында ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынас қандай болуы керек?

2.Жанұяның баланың психологиялық тұрғыдан дамуына әсері туралы айтып беріңіз?

Әдебиеттер:

1.Тұрдалиева Ш.Т. Қарым – қатынас психологиясы. Алматы – 2013.

2. Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

3. Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998

4. Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991
Тақырып. Жанұялық қарым-қатынастардың типтері.

Дәріс жоспары:



    1. Отбасының түрлері.

    2. Жанұялық қарым-қатынас типтері.

Дәрістің қысқаша мазмұны

Аралас отбасы немесе қайталанған некелі отбасы. Бұл бірінші неке сәтсіз болғанда қайта некелесуден пайда болған отбасылары. Ондағы мүшелердің жартысы бұрынғы некеден туылған балаларды қамтиды. Мұндай отбасыларын Ресей ғалымдары үш түрге бөледі (Ф. А. Мустаева):

  1. Балалы әйелдің баласыз еркекке тұрмысқа шығуы;

  2. Балалы еркектің баласыз әйелге үйленуі;

  3. Балалы еркек пен балалы әйелдің ортақ отбасылық тұрмыс құруы.

Мұндай отбасы типтері қазақстандық отбасылары арасында да жиі кездеседі. Мұндай жағдайда ерлі-зайыптылар мен олардың бұрынғы жұбайлары және балалары арысындағы байланыс немесе таныстық бәрібір орын алады. Аралас отбасы ондағы әрбір адамның қажеттілігі мен маңыздылығы болғанда ғана дұрыс дами алады. Сондықтан болар орыс ұлтында ажырасып кеткен ерлі-зайыптылар отбасында бұрынғы күйеуі балаларымен еркін араласып, қарым-қатынас орната алады. Әйтсе де, қазақ отбасыларында бұл жағдай біршама қиындық туғызады. Сондықтан бұл тек ажырасқан әйел қайта тұрмысқа шықпаған жағдайда ғана балаларын әкелерімен қарым-қатынас орнатып тұруға рұқсат етеді. Ал оның орнын басып отырған әке болғанда мұндай қатынастың орнауы тым қиын немесе бірлі-жарым жағдайда болмаса көпшілік жағдайда мүмкін емес. Әйтсе де, балалары тарапынан әкесін немесе шешесін көргісі келетіндер жиі кездеседі. Көп жағдайда олар ересек болғанда ата-аналарын тауып жатады.

Некесіз отбасы. Бұл өз қарым-қатынастарын заңды ресми түрде рәсімдеуді қажет етпеген әйел мен еркектің ұзақ уақытқа созылған ортақ тұрмыстық одағы. Бұған некеге дейінгі жастардың ұзақ уақыт бойы бірге тұрған келісімді ортақ одағы жатуы мүмкін, көп жағдайда мұндай отбасыларында өмірге сәбидің келуімен заңды некеге тұру қажеттілігі орын алады. Бұл да қазақ халқына тән емес, жат нәрсе. Әйтсе де тұрмыста қазақ жастары арасында кездесіп тұратын жағдай.

Толық емес отбасы. Бұл көбінде ажырасудан кейнгі отбасылары немесе ерлі-зайыптылардың бірінің қайтыс болуына байланысты пайда болған отбасылары, кейде жалғыз адамдардың бала асырап алуынан пайда болған отбасылары болып табылады. Қазақстан жағдайында бүнгі күні мұндай отбасыларының саны да артып отыр.

«Аналық» отбасы. Бұл толық емес отбасыларының бір түрі десек те болады. Ата-анасы некеге тұрмай әйел азаматтың жеке қалауымен бала табуы нәтижесінде пайда болған отбасы болып табылады. Отбасы психологиясына ықпал ететін негізгі фактор екінші ата-анасының болуы және оларға деген қатынасы, әйелдің ата-аналарының балаға деген қатынасы болып табылады.

Мұндай отбасыларының қоршаған әлеуметтік ортадағы қарым-қатынасының сипаты олардың өмірлік қызығушылығының аумағын айқындайды. Әйелдің ата-аналарымен, туған-туыстарымен бірге тұруы, олардың әйелге және оның баласына деген көзқарастары мен қарым-қатынастары, өзара көмек пен қамқорлық көрсетуі отбасыішілік қарым-қатынастың белгілі бір деңгейде дамуына жағдай туғызады. Ата-аналарының жанында болмауы немесе олармен тұрақты байланысының болуы басқа да факторлар секілді отбасының өмірлік қызығушылығын арттыра түседі, яғни бала тәрбиесі мен отбасының бюджеті туралы қомқорлық бірінші орындағы мәселеге айналады. Мұндай жағдайда отбасының қарым-қатынас жасау ортасы ескі таныстарымен шектеледі.



Ажырасудың нәтижесінде пайда болған толық емес отбасы. Ажырасудан кейінгі отбасы көп уақытқа дейін осындай көңіл-күйді басынан кешіреді. Ажырасқан отбасыларының үштен бір бөлігі ғана қайта толық отбасы жағдайына ие болады. Отбасындағы ажырасу мен сәтсіздік отбасындағы бала психикасына елеулі ықпал жасайды, соның салдарынан көп жағдайда анасы мен балалары арасындағы қарым-қатынас бұзылады. Ал мектепте мұндай отбасыларының балаларының сабақ үлгерімі толық отбасыларынан шыққан балаларға қарағанда төмендейді. Олар салыстырмалы түрде аз оқиды, уақытының көп бөлігін үйден тыс жерде өз бетінше өмір сүру әрекетімен өткізеді. Оларда адамды түсінушілік, тілалғыштық, эмоционалдылық, тез ержетушілік қасиеттер тән болады. Әйтсе де, 50% тәртіпбұзушылар толық емес отбасыларындағы балалар болып табылады. Сонымен қатар, ата-аналарының ажырасуы балалардың болашақ отбасылық өміріндегі ата-аналық дамуына да ықпал ететіндігін ұмытпауымыз қажет. Өйткені толық емес отбасында өскен бала ата-аналары қарым-қатынасындағы теріс қасиеттерін тез есте сақтап, меңгереді, соның салдарынан өскенде өз отбасын ұйымдастыруда қолайлы жағдай туғыза алмайтын болады. Сондықтан ел арасында бала ата-анасының тағдырын қайталайды деген сенім қалыптасқан.

Мұндай типті отбасыларына отбасыішілік мәселелерге қызығушылық аса үлкен болады және әкенің орны білініп тұрғандықтан, оған деген қажеттілік те сезіліп тұрады. Отбасындағы шаруашылық-тұрмыстық белсенділік пен тәрбиелік қызмет жалғасын таппағандықтан, ата-ананың бірі ол қызметті өз міндетіне алады. Кейде ол өз маңызын жойып та жібереді, сондықтан көптеген отбасыларында ол жаңа әлеуметтік орта құру мақсатымен жүзеге асырылады. Өмірлік мақсаты алдағы уақытта қайта некеге тұру арқылы отбасын құру мен оны іске асыру шараларымен байланысты анықталады. Ажырасқан адамдардың жаңа өміріне бейімделу барысында қалыптасқан көңіл-күйлері мен психикалық жағдайы баланың ата-анасы мен отбасындағы қарым-қатынасқа, отбасындағы өмір сүру дәстүріне ерекше әсер етеді.



Ата-аналарының біреуінің қайтыс болуынан пайда болған толық емес отбасы. Бұл отбасыларында ата-ана рөлін ана немесе әке орындайтын болады. Кез келген мұндай отбасы жесірлік өмірінің кез келген сатысында дәстүрлі отбасыларына қарағанда отбасы қызметінің барлық түрлері бойынша едәуір психологиялық және әлеуметтік, материалдық қиындықты басынан кешіреді. Серігінен айрылған жесірдің өмірге деген қызығушылығының төмендеуі отбасындағы балалардың өмір сүру дәстүріне және қоғамға еніп, әлеуметтенуіне өзіндік әсерін тигізеді. Қарым-қатынас ортасы біртіндеп ата-анасының ортасына байланысты шектеле бастайды, оның құрамы тәрбиеге қатысты, тұрмыстық үй мәселесіне, отбасы шаруашылығын қамтамасыз ету мәселелерімен байланысты айқындалады. Мұндай отбасыларындағы бұрынғы тұрмыстық көңіл күй мен белсенді әрекет түрлерін қалпына келтіру оңайға соқпайды.

Әйел (немесе еркек) тарапынан бала асырап алу негізінде қалыптасқан отбасы. Мұндай отбасыларына өмірге деген құлшынысының жоғары болуы тән. Бұл көп жағдайда әртүрлі себептерге, яғни баласынан айрылып қалу, балалы болу мүмкіндігінің жоқтығы және т.б. себептерге байланысты адамда болатын алаңдаушылықты жатқызуға болады. Мұндай жағдайда ата-ана бала тәрбиесінде өте сақтықпен жұмыс істейді. Ұзақ уақыт осындай жолмен балалы болу мүмкіндігіне ие болған аналар көп жағдайда шектен тыс балаға қамқорлық жасайтын болады. Бұл мүмкіндіктер біртіндеп өмір барысында сейіледі және уақыты келе нақты тұрақты қалыптасқан ата-аналық сезімнің пайда болуына ұласады.

Дистанттық отбасы. Мұндай отбасыларына қалыпты отбасыларын жатқызамыз. Оларға ерлі-зайыптылардың бірінің кәсіби қызметінің ерекшелігіне байланысты өмірінің көп бөлігін бөлек өткізетін баласыз отбасылары, аз балалы және көп балалы отбасылары кіруі мүмкін. Оған теңізшілер отбасы, геологтар отбасы, косманавттар отбасы, әртістер отбасы, әскери қызметтегі адамдар отбасы және т.б. жатады.

Дистанттық отбасыларының тұрақтылық туралы ойлары қарама-қайшы келеді. Бірі олардың мамандығының ерекшелігі отбасын тұрақсыз етеді десе, екіншісі, мұндай отбасылары тұрақты да берік отбасы болады деп біледі. Әйтсе де, отбасы ата-аналарының екеуі де бала тәрбиесі мен дамуында қиыншылықтардың бар екендігін жоққа шығармайды. Отбасындағы балалардың әлеуметтенуіне ата-аналардың бірінің ықпалы (негізінен анасы) шешуші рөл ойнайды. Жұбайлар арасында бала тәрбиесіне қатысты, оның мінезіндегі девианттық сипат туралы және отбасындағы тәрбиеде қолданылатын әдістер туралы кикілжіңдер мен пікір таластырулар жиі орын алып тұрады.



Әртүрлі деңгейлі отбасы. Мұндай отбасыларындағы жұбайлардың кәсіби бағыты мен білімі әртүрлі деңгейде болады. Отбасы өмірінің қолайлылығы бойынша көзқарас жалпы алғанда нақтылы бір уақыт аралығында қалыптасқан және қол жеткен нәтижелердің сипаты арқылы және өзге отбасыларының көзқарасы мен пікірлері арқылы теңестіріледі немесе компенсация жасалынады. Бүгінгі күні мұндай отбасыларының саны артып келеді. Отбасылық некенің беріктігі көп жағдайда жұбайлар позициясына байланысты анықталады. Мұндай отбасыларына көзқарастарындағы мақсаттарын қолдаудағы әркелкілік, ортақ қызығушылықтың сәйкессіздігі, болашаққа деген бағдардың бірдей болмауы, кикілжіңнің орын алуы және т.б. тән. Кикілжіңнің орын алу себебінің басты көзі мен түрткісі қандай жас кезеңінде болмасын оның байқалу қарқындылығымен ерекшеленетін қызғаныш пен күдік болып табылады. Бұл қызғаныш пен күдік жұбайлардың білім деңгейінен туындайтын өзіне деген сенімсіздігінің пайда болуынан немесе арта түсуінен туындап отырады.

Көп жағдайда мұндай типтегі отбасылары бұл құбылысты байқай бермеуі мүмкін. Өйткені бастапқыда-ақ, оның мінез-құлқы мен білімділігінен туындаған көзқарасы жоғары эмоционалдық күйде болғандықтан, оны солай болуға тиісті қалыпты жағдай ретінде қабылдағаннан болады. Оның осы мінезін бүкіл отбасы мүшелері қалыпты мінез-құлық деп қабылдайды. Соның нәтижесінде отбасында болып жатқан әлеуметтік-психологиялық құбылыстар мен кикілжіңді мінезінің салдары деп ойлайды.

Мұндай әртүрлі деңгейлі жұбайлар отбасындағы ата-аналардың өз әлеуметтік орталары болады, өйткені олардың қызығушылығы өте аз жағдайда ұқсастық табады. Олардың арасындағы қарым-қатынас күрделі және отбасында лидерлік позицияны біреуі ұстанады.

Аралас ұлтты отбасы. Бұл ата-аналарының әртүрлі ұлт өкілдерінен тұратын адамдар некесі, мұнда тіпті олардан туылған балаларының өзі кәмелет жасына толғанда ата-аналарының бірінің ұлтын таңдауға құқылы болады. Содан әр ұлтты отбасы болып шыға келеді. Мұндай отбасыларына олар араласатын этностық әлеуметтік ортаның ықпалы ерекше әсер етеді. Бүгiнгi қазақ қоғамында аралас некелердiң, яғни аралас ұлттар өкiлдерiнен тұратын отбасыларының санының көрсеткiштерi өзгермей отыр. 2000 жылы бүкiл некеге тұрушылардың iшiндегi 20,3%-ы аралас некенi құраған болса, 2004 жылғы санақта бұл көрсеткiш 18,7%-ы берiп отыр. Бүгінгі көптеген елдердегі ұлтаралық қақтығыстар мен өзара түсініспеушіліктің салдарынан болып жатқан жанжалдардан кейін аралас отбасыларындағы татулықтың тұрақтылығына кепілдік беру қиын әрине. Әсіресе, отбасындағы тәрбиеленіп жатқан балалардың ұлттық көзқарастарында қандай ұстанымды басшылыққа алу керектігін шешуде нақтылықты табу қиын.

Жоғарыда қарастырған отбасы типтері өздерінің ерекшеліктеріне қарай қарым-қатынас стилдерін қалыптастырады. Олар туралы да ғалымдар зерттеулері әртүрлі көзқарастарын білдіріп жүр. Атап айтқанда, ғалым-педагог Р. М. Капралова отбасындағы қарым-қатынас сипатына, басқару стиліне қарай отбасының негiзгi бiрнеше түрлерiн ұсынады. Олар төмендегiдей:



Отбасыларының бiрiншi типi - мұнда отбасы мүшелерi арасында жоғары әлеуметтiк бағдарланған өзара келiсiмдi, түсiнiстiкке негiзделген гармониялы қарым-қатынас орнаған. Отбасындағы қарым-қатынас қоғамдық принциптерге сәйкес келiп, қоғамдық тәрбие саласындағы мақсат пен мiндеттерге жауап бередi. Балалар тәрбиесiнде қоғамдық-саяси мотивация, мақсатқа бағыттылық, жүйелiлiк, баланы тәрбиелеудегi мақсат пен әрекет мазмұндарын нақты түсiнушiлiк басым болады.

Отбасыларының екiншi типi - отбасында жоғары әлеуметтiк бағыттылықпен реттелген компромистiк қарым-қатынас орнатылған. Мұндай отбасылары ондағы тұлғаға әлеуметтiк тәжiрибенi дұрыс қалыптастыруға қажеттi жағдайлардың бар болуымен, оның қоғамдық маңызды бағыттылығымен сипатталады. Онда қарым-қатынас реттелген, бiрақ психологиялық атмосфераның қолайсыздығы кейде көрiнiс берiп отырады. Ол шыдамдылықтың жеткiлiксiздiгiнен, ата-аналардың бiрiнiң тәрбиедегi кемшiлiк жiберуiнен пайда болады, дегенмен ондай отбасыларында екiншi ата-ана тарапынан жұмсақтық пен шыдамдылық, яғни кеңшiлiк таныту негiзiнде отбасындағы тәрбие мен психологиялық климат реттелiп отырады. Бұл балаларға деген қарым-қатынаста бiрқатар алшақтық туғызып отырады. Мұндай отбасыларында перспективалық мақсаттар айқындалған, бiрақ оны шешудегi әрекеттер барысында әртүрлi жағдайлар бой көрсетiп отырады. Дегенмен нәтижесiнде тәрбие дұрыс көрсеткiш бередi.

Отбасыларының үшiншi типi - қарым-қатынас тұрақты емес, бiрақ, жалпы алғанда әлеуметтiк бағдар жоғары. Мұндай отбасылары оң және терiс отбасылық қарым-қатынас аралығында болады. Кикiлжiң болмаған кезде мұндай отбасыларында өзара сыйластық, сенiм басым болып, өмiр сүру дәстүрi сипаты жағынан бiрiншi және екiншi типтi отбасыларына жақын келедi.

Отбасыларының төртiншi типi - мұндай отбасыларында қарым-қатынас төменгi әлеуметтiк бағыттылықпен реттелген. Мұндай типтi отбасыларының әрекетiне мещандық, пасықтық тән. Бұл отбасыларындағы адамдардың өзара қарым-қатынасында қамқорлық, бiр-бiрiне деген жылы қатынас болғанымен, өзгеге дегенде қатаң есеппен қарым-қатынас жасау мен суықтық басым болады. Мұндай отбасыларында тәрбие алған балалардың өмiрдегi құндылық бағдары қармап қалу, жеке басының пайдасын ғана көздеу болып табылады.

Отбасыларының бесiншi типi - мұндай отбасыларындағы қарым-қатынас сырттай қарағанда бәрi тамаша қолайлы болып көрiнгенмен, iштей ол отбасыларындағы адамдар қарым-қатынасының әлеуметтiк бағдары өзара қайшы келiп жатады. Кейде мұндай отбасыларындағы ынтымақты қарым-қатынас өзара келiсiм бойынша немесе ерлi-зайыптылардың бiрiне көз жеткiзуiне байланысты (балалар тәрбиесi үшiн қалай да отбасын сақтап қалудың қажеттiгiн түсiндiру), кейде белгiлi бiр себептермен қорқыту арқылы орнатылып отырылады. Ата-аналар балалары алдында жиi ұрсуы мен бiр-бiрiн балағаттауы арқылы беделiн түсiредi. Балалар тәрбиесi мен қамқорлығы көбiнде отбасындағы әйелге жүктеледi. Ал отбасындағы көңiл күй - сенiмсiздiкке алып келедi.

Отбасыларының алтыншы типi - мұндай отбасыларына үнемi кикiлжiңдi төменгi және қайшылықты әлеуметтiк бағытталған қарым-қатынас тән. Жиi кикiлжiңнiң болу себебi - отбасы мүшелерiнiң психологиялық сәйкессiздiгi, ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң, тiптi кейде екеуiнiң де iшiмдiкке салынуы. Бұл отбасыларда бiр-бiрiне деген сыйластықтың жоқтығы, сенiмсiздiк, дөрекiлiк, балағаттау әрекеттерi басым болады. Отбасындағы негативтi жағдайлар мұндағы балалар тәрбиесiне терiс әсерiн тиiзiп отырады.

Бүгiнгi қоғамның талабы берiк отбасыларының болуын, онда болашақ ұрпақ тәрбиесiнде жұмыла қызмет атқаратын ұжымдық бастамаларды керек етедi. Екi жас тұлғаның неке одағы негiзiнен олардың тұлғалық қасиеттерiне және өмiрдегi құндылық бағдарларына байланысты болып келедi.

Отбасының рухани тiршiлiгiндегi негiзгi функциясы бала тәрбиесi болып табылады. Отбасылық және қоғамдық тәрбие бiр-бiрiмен өте тығыз байланысты, олар бiрiн-бiрi толықтырады. Дегенмен отбасы тәрбиесi басқа тәрбие институттарындағы тәрбиеге қарағанда анағұрлым эмоционалды, өйткенi оның негiзiнде өз кезегiнде балалардың ата-анаға деген сүйiспеншiлiгiн туғығатын ата-ананың балаға деген сүйiспеншiлiгi жатыр.

Бәрiмiзге белгiлi соңғы кездерi көпшiлiк отбасыларындағы бiрлiк- береке ондағы өзара түсiнiстiк пен достық қарым-қатынасқа негiзделген отбасының болуын қалайды. Осындай отбасыларында ғана ерлi-зайыптылар мен отбасы мүшелерiнiң тұлғалық қажетiн қанағаттандыру толық және мазмұнды болмақ (сезiмдiк жылылық, өзара түсiнiстiк пен өзара көмектесуде өзiнiң отбасы мүшелерi үшiн қаншалықты қажеттiлiгi мен тұлғалық құндылығын сезiнуi және т.б.). Дәл осындай отбасыларындағы ересектер мен жасөспiрiмдерде әлеуметтендiру институты ретiндегi отбасына бауырбасушылық пен тұлғалық қасиеттердiң маңызды ерекшелiктерi қалыптасады. Отбасы iшiндегi ересектер мен балалар арасындағы өзара түсiнiстiкке негiзделген қарым-қатынас өз бетiнше қатынас жасау формасын қамтиды. Бұл кезде өзара қарым-қатынас қатынас жасаудың әртүрлi қырларын қамтиды: ой алмасу, сезiмнiң пайда болуы, сенiм мен сыйластық, ықылас пен қамқорлық, жауапкершiлiк пен достық, бiрлескен жұмыстар мен қызығушлықтың ортақтығы және т.б. Осындай қарым-қатынас процесi барысында өзара әрекет пен өзара ықпал ету жүзеге асырылады. Үлкендi сыйлау, адалдық, сүйiспеншiлiк секiлдi сезiмдер ата-ана тарапынан отбасында ғана негiзi қаланып, үйретiледi. Егер бала отбасында өзiнiң «жақсы» немесе «жаман» екендiгiне қарамастан шектен тыс мол сүйiспеншiлiкке ие болса, онда ата-аналар тарапынан болған махаббат балада өзiндiк «мен» құндылық сезiмiн қалыптастырады. Олар сол отбасында, сол ата-анасымен өмiр сүретiндiгiн мақтаныш тұтады, тiптi жолдастарына ата-анасы туралы мақтанышпен әңгiме айтып, өзi де өскенде дәл солардай болуды армандайтын болады. Балалардың ересектермен эмоционалдық контакт жасауға деген қажетi туа пайда болмайды, ол өсе келе ересектермен қарым-қатынас жасау барысында әлеуметтiк жолмен бiртiндеп қалыптасады. Балалар мен ересектердiң мұндай қарым-қатынасы тек олар арасында өзара ортақ қызығушылығы мен өзара рухани жақындығы болғанда ғана қанағаттандырылады. Егер балалар мен ересектер арасында мұндай қарым-қатынас бейтарап, елеусiз өтетiн болса, бала өскенде өз құрдастарымен, көпшiлiкпен немесе қоршаған ортамен қарым-қатынаста көптеген қиыншылықтарға кездесiп отырады. Қарым-қатынаста баланың қажетiн дұрыс таңдай бiлудiң маңызы ерекше. Бала нақты бiр адаммен қарым-қатынас жасауға қаншалықты қызығушылық танытса, ол соншалықты дәрежеде барлық қарым-қатынас құралдарын пайдалана отырып өзiнiң қарым-қатынастағы қажетiн өтеуге тырысып бағады.

Қарым-қатынас қажетiн өтеуде, әсiресе, баланың тұлғалық мотивi қарым-қатынастың жетекшi себебi болып табылады. Дәл осы кезеңде баланың өзiне-өзi баға беру қабiлетi қарқынды дамиды, ол өзгелер әрекетiне де баға беруге қабiлеттi болады. Нәтижеде өзара түсiнiстiк пен эмоционалдық тұрғыдан өзгелерге мейірленуге алып келетiн адамгершiлiктiк тәжiрибе қалыптаса бастайды. Қарым-қатынас объектiсi өзгередi: балалар үшiн аса маңызды нәрсе өз құрбыларымен, кейiннен ересектермен қарым-қатынасқа түсу болып табылады. Ата-аналардың балалармен қарым-қатынас жасауы әртүрлi болуы мүмкiн: егер олар арасында бай рухани байланыс болса, қарым-қатынас елеусiз бiр кезеңнен екiншi кезеңге ешқандай кикiлжiңсiз өтедi. Мұндай ортадағы қарым-қатынаста, яғни ата-аналар балаларына үлкен қамқорлық жасап, үнемi олардың сабақ үлгерiмi мен бағаларын қадағалайды, уақтылы тамақтануы мен демалуын ұйымдастырады, олар қалай киiнiп жүр, ол да ата-аналарды ойландырады, кенеттен олар өз балаларының есейiп кеткендiгiн байқайды, балалардың қызығушылығының тiптен басқа екендiгiн түсiнедi.

Баланың қарым-қатынастағы қажетi қашан да мейiрiмдiлiктi, эмоционалдық жылылық пен ата-ананың махаббатын керек етедi. Сонда да болса, кез келген сүйiспеншiлiк шамадан тыс көп болмағаны дұрыс, әйтпесе ол өзiнiң қарама-қайшы ықпалын көрсетедi.

Кейбiр отбасыларында ата-аналар балаларын өте ерекше мейiрiмдiлiкпен өсiретiндiгi де байқалады. Олар баланың әрбiр сәтiнде оны қаншалықты жақсы көретiндiгiн есiне салып отырады. Мұндай ұшан-теңiз мейiрiмдiлiк ортасында өскен бала өсе келе өзiмшiл, қоршаған ортадағы адамдардың бәрi оған аса бiр ерекше iлтипатпен қарым-қатынас жасауы керек секiлдi қабылдайды. Ондай отбасында өскен балалар ересек шағында өздерi де отбасын құрғанда отбасының алғашқы сәтсiздiктерiне шыдай алмай ата-аналарына қайта оралып жатады.

Осы тұста кеңес педагогі В. А. Сухомлинский былай деген болатын: «Бала отбасындағы мейірімділіктің аздығынан ғана зардап шекпейді, оның ұшан-теңіз молдығынан да зардап шегеді. Отбасында мейірімділікті аз көрген бала өскенде тұйық, жасық, өзіне сенімсіз, қорқақ болып өседі, ал мейірімділікті шексіз молынан көрген бала өзімшіл, тәкаппар, жалқау, эгоист болып өседі». Сондықтан тәрбиеде мейірімділік те өз мөлшерінде берілгені дұрыс.

Ғалымдар А. И. Захарованың зерттеулерiне жүгiнсек, ата-аналар тарапынан болатын шектен тыс мол махаббат, яғни жиi-жиi құшақтап қысып сүю, ерiннен сүю, балалармен төсекте бiрге жату, ваннада олардың шомылуына көмектесу және т.б. балалардың сексуалдық дамуын бұзады. Мұндай қарым-қатынаста өскен балаларда алдағы уақытта эротикалық бағыттылық ерекше байқалуы мүмкiн немесе керiсiнше, қарама-қарсы жынысқа деген бейтараптық пайда болуы мүмкiн.

Мұндай қарым-қатынас түбiнде балаларда ата-аналардың махаббатына деген екiжүздiлiк қарым-қатынастың пайда болуына алып келедi: олар бiр мезгiлде олардық сүйiспеншiлiгiн қабылдайды да және қабылдамайды да. Бала ата-анасының тынымсыз сүйiспеншiлiгiне жауап беруге мәжбүр, нәтижеде балада шектен тыс эмоционалдық сезiм дамиды да, ата-ана махаббатына қарсы әрекеттер көрсете бастайды, яғни жылайды, табандылық танытып айтқан пiкiрiнен қайтпайды, мiнезi өте жайсыз бола бастайды және т.б. Мұндай балаларға өзiнiң қайталанбас даралығын жоғалту үлкен қауiп болып көрiнедi. Олар өскенде терiс таңдауда өте талапшаң, өз сезiмдерiн бiлдiруге асықпайтын, өз сүйiктiлерiмен қарым-қатынаста бiршама қиыншылық туындататын болып келедi.

Балаларға қатаң сүйiспеншiлiк талаптары негiзiнде қарым-қатынас жасайтын да отбасылары кездеседi. Ондай отбасындағы балалар аймалау мен еркелету секiлдi сүйiспеншiлiктi ата-аналар көңiлiнен шыққанда ғана алып отырады. Егер ата-аналар сенiмi ақталмай қалса, онда оларда қобалжу мен әрекетiн терiстеу өрши түседi. Мұндай отбасыларында баланың жеке басының құндылығы тiптен назарға алынбайды. Ата-ананың балаға деген махаббаты қарама-қайшылық, тұрақсыздық сипатқа ие. Мұндай отбасыларында өскен балаларда адамдарға немесе өз баласына деген сүйiспеншiлiгiн бiлдiруге қарсы, сезiмiн жасырын ұстайтын болады немесе махаббаты тұрақсыз сипатқа ие болады.

Кейбір отбасыларында балаларға деген сүйiспеншiлiк еркелету, қолдау көрсету, жылы сөздерді жиі айту арқылы көрініс тауып отырмайды. Көбiнесе мұндай отбасыларындағы ата-аналар эмоционалдық салқындылықпен, алшақтықпен, субардинацияны сақтау әрекетімен ерекшеленедi. Оларды жақсы көруге қабiлетсiз деп айтуға болмайды, әйтсе де, балаға мейірімділікті ашық түрде беру керектігіне аса мән бере бермейдi. Отбасында баланың дүниеге келуi ата-аналардың өмiрлiк маңызды мақсаты мен позицияларын iске асыруда кедергi жасайды деп түсiнедi, оны ата-аналық сезiмiнен жоғары қояды. Кейде ата-аналар ұл орнына қыз бала туылды деп балаға суық, бейтарап, ықылассыз қарайды. Мұндай жағдайда балада өзiн керексiз, артықша сезiну көзқарасы қалыптасады. Үлкен отбасыларында өскен балалар жалғыз өскен балаларға қарағанда өмiрге елеулi дайындықпен кiредi. Олар өздерiнiң ағалары мен қарындастары арасында бiр-бiрiне көмектесiп, ойын кезiнде туындаған қарама-қайшылықтарды бiрiгiп шешiп үйренген. Дегенмен мұндағы бiр мәселе, отбасындағы балалар санының көптiгiне сәйкес ата-ана олардың бәрiне бiрдей қамқорлық пен сүйiспеншiлiк көрсете алмайтындығында. Балалардың әлеуметтiк тәжiрибесiнiң аздығынан және әрқайсысының ата-ана махаббатына мұқтаждығына байланысты олар арасында қызғаныш сезiмi пайда болуы мүмкiн. Бұл проблемаларды шешу ата-аналардың өздерiне тиесiлi. Егер ата-аналар балаларымен қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастырып, әрбiр баланың қарым-қатынастағы жеке қажетiн қанағаттандыра алмаса, онда отбасындағы тәрбие терiс көрсеткiштерiн бередi. Сондықтан мұндай отбасында әрбiр баланың дара ерекшелiгi мен қажетiн ескере отырып, онымен жеке қатынас жасау қажет. Өйткенi балалық кезде алған үлкен толқу мен тарығу оның бүкiл өмiрiнiң барысында өз iзiн қалдырып отырады. Ондай жағдайда балада тұтас тұлғалық даму, яғни әлеуметтiк және психологиялық жетiлу кешеуiлдейдi. Мұндай балалар өскенде бөгде адамдардың оған деген ыстық ықыласы үшiн ризашылығын бiлдiредi, олар өте ұяң, ұялшақ, өзiне сенiмсiз, сәттi отбасын құру олар үшiн қиын болып көрінеді.

Ата-аналық сүйiспеншiлiктiң адамның өзiн-өзi құрметтеуi мен өзiндiк жетiстiгi сезiмiнiң қалыптасуында және оны берiк етуде аса үлкен маңызға ие. Өйткенi бақытты, ынтымағы берiк отбасынан шыққан балалар өскенде өздерiнiң де осындай толыққанды отбасын құруға мүмкiндiгi жоғары болады.

Отбасын басқарудың либералдық жүйесiнде ата-аналар балалардың барлық сұранысын қанағаттандырып отырады. Мұндай отбасыларында қандай жағдайда не iстеу керек деген сұраққа ата-аналар орнына балалары шешiм қабылдап отырады.

Қатаң талап негiзiнде басқарылатын отбасыларындағы балалардың дамуында өзiндiк «Мен» түсiнiгiнiң қалыптасуы кешеуiлдеп дамиды. Мұндай отбасында өскен балалар психикасы мен мiнез-құлық нормалары шектен тыс жасанды жолмен қалыптастырылған талаптар мен формаларға бағындырылады. Нәтижеде ата-аналар балалар тәрбиесiнде интеллектуалдық тұрғыдан жоғары жетiстiкке жетуi мүмкiн, бiрақ бұл кезде бала тұлғасының ерiктiк-адамгершiлiктiк қалыптасуы зардап шегедi. Тiптi, мұндай отбасындағы балалар өскенде өз бетiнше шешiм қабылдай алмаушылығымен, өзiне-өзiнiң төмен баға берушiлiгiмен, ерiксiздiгiмен, қарым-қатынастағы төменгi мүмкiндiгiмен, ұялшақтығымен ерекшеленедi.

Бала тәрбиесiне деген ата-аналар көзқарасының әртүрлiлiгi және отбасындағы тәрбие жұмысының жүйесiз әдiстерiнiң қолданылуы, ата-аналар мiнез-құлқының жиi өзгерiп отыруы, баланың мiнез-құлқынан тыс мадақтау мен жазалау тәсiлдерiнiң сәйкессiз қолданылуы (ата-аналардың мiнез-құлқына қарай) отбасындағы баланың мiнезiнiң терiс қалыптасуына әсер етедi.

Толық емес отбасыларындағы балалар тәрбиесi де өзiндiк ерекшелiкке ие. Көптеген зерттеу жұмыстары толық емес отбасыларындағы жалғыз ананың бала тәрбиесiнде әкенiң орнын толтыра алмайтындығын, яғни бiр сөзбен айтқанда баланың толыққанды әлеуметтенуiн қамтамасыз ете алмайтындығын айтады. Соған қарамастан көп жағдайда толық емес отбасыларында ана баланың кезiнде ала алмаған әке қамқорлығын беруге тырысады. Осы мақсатта ана балаға қамқоршы болу, қорғаушы, бақылаушылық позицияны ұстанады. Бұл өз кезегінде әйел адамға да бірқатар ауыртпалықтар тудырады.

Негізгі ұғымдар: аралас отбасы, қайталанған некелі отбасы, толық емес отбасы, «Аналық» отбасы, әртүрлі деңгейлі отбасы, толық емес отбасы.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Отбасының алатан орны қандай?

2. Отбасылық қарым-қатынас типтеріне сипаттама беріңіз.

Әдебиеттер:

1.Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987

2.Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М., 1991

3.Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998

4.Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991



жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау