Пәннің коды, атауы: 3210 «Хандық дәуір әдебиеті»
Мамандық Курс 3, семестр 5
Практикалық сабақтарының сағат саны: 30
Шымкент 2015
Құрастырушы : Жантасова З.Т.
Әдістемелік комиссиясында ( 2015 жылдың 26 тамызы № 1 хаттама ) және
«Филология» кафедрасында мәжілісінде ( 2015 жылдың 26 тамызы № 1 хаттама )
талқыланды.
Кафедра меңгерушісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Қ. Нұрымова
Гуманитарлы-құқық факультеттің әдістемелік комиссиясында 2015 жылдың № 1 хаттама ) келісілді.
ӘК төрағасы: аға оқытушы Ғ. Ералиева
ОСӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫ, ЖОСПАРЫ
№
|
ОСӨЖ тақырыбы мен жоспары
|
Сағат саны
|
Бақылау түрлері
|
1
|
Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы тарихи, қоғамдық-әлеуметтік жағдай және оның қазақ әдебиетінің дамуына әсері.
|
3
|
Коллоквиум
|
2
|
Хандық дәуір әдебиетінің көркемдік-идеялық ерекшеліктері.
|
3
|
Тренинг, аyызша сауалнама
|
3
|
Жыраулар поэзиясының даму бағыттары және зерттелу жайы
|
3
|
Жазбаща сауалнама
|
4
|
Қазтуған жырау және Асан қайғы шығармашылығы.
|
3
|
Глоссарий
|
5
|
Доспамбет жырау шығармашылығы
|
3
|
Тест тапсыр-масы
|
6
|
Шалкиіз жырау шығармашылығы
|
3
|
Реферат
|
7
|
Жиембет және Марғасқа жыраулар шығармашылығы
|
3
|
Тренинг, аyызша сауална-ма
|
8
|
VIII ғасырдағы жыраулар поэзиясының даму ерекшеліктері
|
3
|
Коллоквиум
|
9
|
Тәтіқара ақын шығармашылығы
|
3
|
Жазбаша сауалнама
|
10
|
Үмбетей жырау шығармашылығы
|
3
|
Тест тапсыр-масы
|
11
|
Бұқар жырау Қалқаманұлы шығармашылығы
|
3
|
Глоссарий
|
12
|
Шал және Көтеш ақындар шығармашылығы.
|
3
|
Коллоквиум
|
13
|
Жырау, жыршы, ақын: ерекшеліктері мен ұқсастықтары
|
3
|
Ауызша сауалнама
|
14
|
Толғау жанрының өзіндік ерекшеліктері.
|
3
|
Реферат
|
15
|
ХV-ХVІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы.
|
3
|
Тест тапсырмасы
|
|
Барлығы
|
45
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРТЛІГІ
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫ-ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
Білім алушылардың оқу бағасының жетістіктері және бақылау бойынша материалдар (тестілеу тапсырмалары)
«Хандық дәуір әдебиеті» ПӘНІНЕН
Шымкент-2015
Хандық дәуір әдебиеті пәнінен тест сұрақтары.
1. XVIII ғасырда өмiр сүрiп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесшi болған қай жырау?
А) Бұхар
В) Доспамбет
Г) Шалкиiз
Д) Ақтамбердi
Е) Қазтуған
2. «Өмiр дүние дегенiң Ағып жатқан су екен
Жақсы жаман көргенiң Ойлай берген у екен» ... деген шумақ кiмнiң өлеңiнен?
А) Асан қайғы
В) Мiржақып
Г) Мағжан
Д) Абай
Е) Асанқайғы
3. Жерұйық iздеген кiм?
А) Асан қайғы
В) Қорқыт
Г) Әз-Жәнiбек
Д) Есiм хан
Е) Тәуке хан
4. “Таза мiнсiз асыл тас,
Су түбiнде жатады.
Таза мiнсiз асыл сөз,
Ой түбiнде жатады”. қай жыраудың мұрасы?
А) Асан қайғы
В) Шалкиiз
Г) Жанақ
Д ) Жанкiсi
Е) Бұқар жырау
5. “Бұл заманда не ғарiп” қай жыраудың толғауы?
А) Асан қайғы
В) Мұрын жырау
Г) Жиембет жырау
Д) Казтуған жырау
Е) Шалкиiз жырау
6. Ш.Уалиханов “көшпендiлер философы” деп кiмдi бағалаған?
А) Асан қайғы
В) Ж.Баласағұн
Г) Әл-Фараби
Д) Қодан тайшы
Е)Бұқар жырау
7. Берiлген үзiндiнiң авторы кiм?
“Су түбiнде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбiнде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады”.
А) Асан қайғы
В) Шалкиiз
Г) Сыпыра жырау
Д) Ақтамбердi
Е) Абай
8. Бұқар жырау қай жылы дүниеге келдi?
А) 1668 ж.
В) 1657 ж.
Г) 1659 ж.
Д) 1661 ж.
Е) 1665 ж.
9. Асан қайғы қай ғасырда өмiр сүрдi?
А) XV ғ.
В) XIV ғ.
Г) XVI ғ.
Д) XVII ғ.
Е) XVII ғ.
10. Желмая мiнiп, шұрайлы жер iздеушi өмiр кешкен кiм?
А) Асан қайғы
В) Қазтуған
Г) Шалкиiз
Д) Доспамбет
Е) Ақтамбердi
11. Асан атына “қайғы” деген сөздiң тiркесе айтылуы нелiктен?
А) Халық қайғысын, мұң-зарын ойлаумен өткен адам
В) Өз басында қайғысы бар адам
Г) Жай қоя салған
Д) Айналасына наразылықтан
Е) Мұңды адам
12. ХV-ХVІІІ ғ.ғ поэзияның бірден-бір жанры.
А) толғау
В) эпос
Г) лиро-эпос
Д) терме
Е) әңгіме
13. Асан: ”Едiл бол да Жайық бол, Ешкiммен ұрыспа”-неге шақырады?
А) Бiрлiкке
В) Адамгершiлiкке
Г) Ұрысқа
Д) Жауласуға
Е) Ерлiкке
14. Асан қайғы: ”Шабылып жатқан халқың бар, аймағын көздеп көрмейсiң!“-деп кiмге айтты?
А) Ханға
В) Халыққа
Г) Батырға
Д) Жастарға
Е) Мұңсыздарға
15. ”Құйрығы жоқ, құлан қайтып күн көрер, Аяғы жоқ, қолы жоқ,жылан қайтып күн көрер?“-өлең кiмдiкi?
А) Асан қайғы
В) Ақтамбердi
Г) Шалкиiз
Д) Қазтуған
Е) Марғасқа
16. Асан аңыздарға қарағанда қайда дүние салған?
А) Жайық бойында
В) Жетiсуда
Г) Ұлытауда
Д) Сыр бойында
Е) Қаратауда
17. Асан: ”Ердiң құны болса да, Алдыңа келiп қалған соң, қол қусырап болған соң, Аса кеш те қол бер“-не туралы айтылған?
А) Кешiрiмдiлiк
В) Жер мәселесi
Г) Дәстүр,салт мәселесi
Д) Достық
Е) Қамқорлық
18. Асан: ”Ай, хан, мен айтпасам бiлмейсiң,
Айтқаныма көнбейсiң...-қандай ханға қаратыла айтылған?
А) Жәнiбек
В) Әбiлқайыр
Г) Абылай
Д) Тауке
Е) Есiм
19.Асанның әкесiнiң кәсiбi не?
А) Саятшы
В) Педагог
Г) Малшы
Д) әншi
Е) Ақын
20 ”Жыраулардың поэзиясы-көшпендiлер философиясы“ деп таныған кiм?
А) Ш.Уәлиханов
В) М.Мағауин
Г) М.Ғабдуллин
Д) Радлов
Е) Потанин
21. Асан қайғы өз жырларында қандай тәсiлдi шебер қолданған?
А) Психологиялық параллелизм
В) Ирония
Г) Сарказм
Д) Синекдоха
Е) Гипербола
22. Асан қайғының:
«Ашу-дұшпан, артынан
Түсiп кетсе қайтесің, Түбi терең қуысқа!»-деген өлең жолдары неден сақтандырады?
А) Терiс мiнездерден
В) Дұшпаннан
Г) Қауiп-қатерден
Д) Еркелiктерден
Е) Алаңғасырлықтан
23. Қадырғали шежіресінде нелер қамтылған?
А) ескі әдебиетпен өлеңдер
В) мақал-мәтелдер
Г) аңыздар
Д) ертегілер
Е) батырлар жыры
24. Асанның елдi аралауына себеп не?
А) Шұрайлы жер iздеу
В) Игi жақсыларды жинау
Г) Саяхат жасау
Д) Өзiнiң нәсiбi
Е) Өлеңдерiн тарату
25. Асан қайғының ”Көлде жүрген қоңыр қаз“ толғауында не айтылады?
А) Ғибратнамалық ойлар
В) Әйел теңдiгi
Г) Бостандық алу
Д) Ынтымақ
Е) Достық
26. Асан қайғының өлеңi қайсы?
А) Қырында киiк жайлаған
В) Айналасын жер тұтқан
Г) Асқар таудың сәні
Д) Мұнар күн
Г) Жал құйрығын қаба деп
27. Асан қайғының:
”Ата жұрты бұқара өз қолында болмаса қанша жақсы болса да қайратты туған Ер ғарiп...“-қай өлеңiнен?
А) ”Бұл заманда не ғарiп“
В) ”Көлде жүрген қоңыр қаз“
Г) ”Едiл бол да, жайық бол“
Д) ”Қырыңда киiк жайлаған“
Е) ”Айналасын жер тұтқан“
28. ”Бұл дәуiрдегi әлеумет тiршiлiгiнiң ең шешушi мәселесiн әдебиет жүзiне түсiрiп, алғашқы рет халық қамын ойлап, күңiренген Қария-Асан“-кiмнiң айтқаны?
А) Ш.Уәлиханов
В) С.Мұқанов
Г) Б.Кенжебаев
Д) М.Әуезов
Е) Радлов
29. Толғаудың жанр ретінде қалыптасуы
А) ХІІІ-ХІVғ.ғ.
В) ХІV-ХV ғ.ғ.
Г) ХV-ХVІғ.ғ.
Д) ХVІ-ХVІІ ғ.ғ.
Е) XV-ХVІІІ ғ.ғ.
30 XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар мұрасы бiр жүйеге келтiрiлiп, текстологиялық екшеуден өткiзiлiп, алғаш қандай еңбекте жарияланды?
А) ”Алдаспан“ антологиясы
В) ”Бес ғасыр жырлайды“
Г) ”Әдебиет тарихы“
Д) ”Қазақ әдебиетi“
Е) ”Жырау поэзиясы“
31 ”Бұл заманда не ғарiп?“ өлеңi алғаш қайда жарияланды?
А) ”Алдаспан“
В) ”Қазақ әдебиетi“
Г) Газетте
Д) ”Шайыр“ жинағы
Е) ”Әдебиет тарихы“
32 Асан қайғы қазақ хандығы құрылғанда кiм болады?
А) Мемлекет ұраншысы
В) Уәзiр
Г) Би
Д) Шешен
Е) Мемлекет басшысы
33 ...”Тiл алсаң iздеп қоныс көр, Желмая мiнiп жер шалсам, Тапқан жерге ел көшiр Мұны неге бiлмейсiң?!“-Асан қайғының қай өлеңiнен алынған шумақ?
А) ”Ай, хан, мен айтпасам бiлмейсiң“
В) ”Бұл заманда не ғарiп?“
Г) ”Есте көрсең кеме деме“
Д) ”Қырыңда киiк жайлаған“
Е) ”Едiл бол да, жайық бол“
34 Қазақ хандығы құрылмай тұрғанда Асан қайда болған?
А) Дештi қыпшақ жерi
В) Қыпшақ хандығы
Г) Алтын Орда
Д) Орыс хандығы
Е) Ақ Орда
35 Кiмнiң сөзi? Мiнезi жаман адамға Ендi қайтып жуыспа! Тәуiр көрер кесiңмен Жалған айтып суыспа
А) Асан қайғы
В) Қазтуған
Г) Жалкиiз
Д) Ақтамбердi
Е) Үмбетей
36 Қазтуған жырау қай жерде дүниеге келген?
А) Едiл бойы
В) Жетiсу жерi
Г) Шу бойы
Д) Сырдария бойы
Е) Кереку жерi
37 Қазтуған жырау қай ғасырда өмiр сүрген?
А) XV ғ.
В) XVI ғ.
Г) XI ғ.
Д) XIVғ.
Е) XII ғ.
38 Әбілғазының айтулы қандай еңбегін білесің?
А) Түрік шежіресі
В) Тауарих хамса
Г) Құдатғу білік
Д) Кодекс куманикус
Е) Оғызнаме
39Қазтуған жыраудың шыққан тегi кiм болған?
А) Шонжар
В) Хан
Г) Қара
Д) Ақсүйек
Е) Дана
40 Қазтуған басқарған түркi тайпасы қашан қазақ ордасының құрамына өттi?
А) XV ғ. II жартысы
В) XII ғ.
Г) XIII ғ.
Д) XIV ғ.
Е) X ғ.
41 Қазтуған жыраудың өмiрi туралы дерек сақталған ба?
А) Толық сақталмаған
В) Сақталған
Г) Соңғы өмiрi жайлы
Д) Дерек жоқ
Е) Жартылай бар
42 Қазтуған жырау қай жерде әскербасы болған?
А) Дештi қыпшақ
В) Қазақ ордасы
Г) Көшпелi өзбектер
Д) Түркi қағанаты
Е) Түркештер
43 Қазтуғанның әкесiнiң аты кiм?
А) Сүйiнiш
В) Белгiсiз
Г) Жиембет
Д) Үмбетей
Е) Шерқуат
44 Қазтуғаның атын шығарған қай жыр?
А) Мадақ жыры
В) Едiл
Г) Алаң да алаң,алаң жұрт
Д) Жайық
Е) Қазтуған
45 Қазтуған өзi жайлы қай өлеңiнде айтады?
А) Мадақ жырында
В) Алаң да алаң,алаң жұрт
Г) Белгiлi биiк көк сеңгiр
Д) Ұрайна,билер, ұрайна
Е) Барлық өлеңдерi
46 Мына үзiндiлерді Қазтуған қай өлеңiнде айтады? ”Арғымақтың баласы Арыған сайын тың жортар Арқа мен қосым қалар деп...?“
А)Белгiлi биiк көк сеңгiр
В) Мадақ
Г) Алаң да алаң,алаң жұрт
Д) Едiл
Е) Салп-салпыншақ анау үш өзен
47 Қазтуғанның шешесiнiң аты кiм?
А) Бозтуған
В) Белгiсiз
Г) Қанша
Д) Бибi
Е) Жанбике
48 Қазтуғанның «Мадақ жыры» кiмге арналған?
А) Өзiне
В) Ханға
Г) Биге
Д) Бозтуған
Е) Сүйiнiшке
49 ”Салп-салпыншақ анау үш өзен,. Салуалы менiң ордам қонған жер...“-деген үзiндi қай өлеңнен алынған?
А) Салп-салпыншақ анау үш өзен
В) Мадақ
Г) Едiл
Д) Алаң да алаң,алаә жұрт
Е) Белгiлi биiк көк сеңгiр
50”Бұлт болған айды ашқан, Мұнар болған күндi ашқан...“-деген үзiндiде Қазтуған кiм туралы айтып отыр?
А) Өзi
В) Хан
Г) Би
Д) Ақсүйек
Е) Шаңқұтты
51 Жабағылы жас тайлақ Жардай атан болған жер Жатып қалған бiр тоқты Жайылып мың қой болған жер,...-Қазтуғанның қай өлеңiнен үзiндi?
А) Салп-салпыншақ анау үш өзен
В) Мадақ
Г) Белгiлi биiк көк сеңгiр
Д) Едiл
Е) Ұрайна, биiк, арайна
52 Қазтуғанның: ”Жабағылы жас тайлақ, Жардай атан болған жер
Жатып қалып бiр тоқты, Жайлып мың қой болған жер,...-деген өлең үзiндiсiнде дыбыс үйлесiмдiгiнiң қай түрi?
А) Аллитерация
В) Метафора
Г) Метонимия
Д) Эпитет
Е) Ассонанс
53 Билер отты би соңы, Би ұлының кенжесi Буыршынның бұта шайнар азуы,...-деген Қазтуғанның өлең үзiндiсiнде дыбыс қайталаушылықтың қай түрi?
А) Аллитерация
В) Ассонанс
Г) Теңеу
Д) Параллелизм
Е) Инверсия
54 Балдағы алтын құрыш болат, Ашылып шапсам дем тартар, Сусыным қанға қанар деп,-үзiндiде көркемдегiш құралдың қай түрi кездеседi?
А) Метафора
В) Эпитет
Г) Егiздеу
Д) Теңеу
Е) Инверсия
55Ақ дария толқын күшейтер, құйрығын күн шалмаған балығым Ортамнан ойран салар деп,- деген үзiндiде көркемдiгiш құралдың қай түрi кездеседi?
А) Метафора
В) Теңеу
Г) Эпитет
Д) Метонимия
Е) Ассонанс
56Бұдырайған екi шекелi Мұздай үлкен көбелi-үзiндi қай өлеңнен алынған?
А) Мадақ жыры
В) Белгiлi биiк көк сеңгiр
Г) Алаң да алаң...
Д) Едiл
Е) Әрайна, билер,...
57 Жарлысы мен байы тең Жабысы мен тайы тең Жары мен сайы тең жер,...-үзiндiде қай өзен туралы айтылады?
А) Едiл
В) Жайық
Г) Шу
Д) Талас
Е) Есiл
58 Қазтуғанның өлеңiн көрсет
А) Мадақ жыры
В) Бөгембай өлiмiне
Г) Бәкеге
Д) Жауқашарға
Е) Тiлек
59Халық ауызында: ”Тоғыз тұтам оң жақтан,Толғамалы найза өңгерген, Тоғыз көздi торқалы, Темiр болат сауыт киген“-кiмнiң бейнесi суреттеледi?
А) Қазтуған
В) Үмбетей
Г) Доспамбет
Д) Ақтамбердi
Е) Махамбет
60”Атамыз бiздiң бұл Сүйiнiш, Күйеу болып түскен жұрт
Анамыз бiздiң Бозтуған, Келiншек болып түскен жұрт“-
қай жырау өмiрi?
А) Қазтуған
В) Үмбетей
Г) Махамбет
Д) Ақтамбердi
Е) Доспамбет
61 Қазтуған туып-өскен жер аттары?
А) Едiл,Жайық,Ойыл
В) Ертiс,Жемекей
Г) Ақсу, Балқаш
Д) Ертiс, Қарашық
Е) Талды, Шаған
62Қазтуған туралы жырлап келген ақын.
А) Мұрат
В) М.Әуезов
Г) Ұ.Тәжiбаев
Д) Ә.Мүсiрепов
Е) С.Мұқанов
63”Қазтуғанның туған жерiмен қоштасу“-толғауын кiм шығарды?
А) Мұрат
В) Iлияс
Г) Доспамбет
Д) Үмбетей
Е) Досқожа
64 ”Көгалға үйдi тiктiрiп, Саулы iнгендей ыңыранып, Бәйбiше саба пiскен жер Шаралап қымыз алдырып, Сапырып қымыз iшкен жер“,-үзiндiде қандай мәселе сөз болып отыр?
А) Туған жер
В) Достық
Г) Береке
Д) Салт
Е) Сөз өнерi
65Аңыз жырларында Асан қайғы баласы - Абатпен, Асан қайғымен пiкiрлес жырау кiм?
А) Қазтуған
В) Доспамбет
Г) Шалкиiз
Д)Үмбетей
Е) Шерқұтты
66Қазтуған жыраудың өлеңiн тап
А) Салп-салпыншақ анау үш өзен
В) Арғымаққа оқ тидi
Г) Би темiрге бiрiншi толғау
Д) Қол аяғы бұғауда
Е) Бөгембай өлiмiне
67 Асан қайғы, Шерқұтты би, Ер Абат атты есiмдер қай жырау туындысынан?
А) Қазтуған
В) Үмбетей
Г) Бұқар
Д) Шалкиiз
Е) Доспамбет
68Қазтуған туралы толғауда Жауды көрсе жайнаған, Жай тасындай қайнаған Елде тұрып оқ атса, Жайыққа түсiп жоғалған,- деп қандай мәселенi көтередi?
А) Ерлiк
В) Махаббат
Г) Адал қасиет
Д) Табиғат
Е) Дәстүр, салт
69Еңсегей бойлы ер Есiм, Есiм сенi есiрткен Есiл менiң кеңесiм, Ес бiлгеннен, Есiм хан, қолыңа болдым сүйесiн,-деген өлең жолдарының авторы қай жырау?
А) Жиембет
В) Үмбетей
Г) Доспамбет
Д) Ақтамбердi
Е) Шалкиiз
70Доспамбет жырау қай ғасырда өмiр сүрдi?
А) XV-XVI ғ.
В) XIV-XV ғ.
Г) XVI-XVII ғ.
Д) XVII-XVIII ғ.
Е) XVIII ғ.
71Доспамбет жырау қай қалада туылған?
А) Азау
В) Астрахань
Г) Атырау
Д) Ақтөбе
Е) Ақтау
72Қоғалы көлдер, қом сулар қоныстар қонған өкiнбес Арыстандай екi бұтын алшайтып, Арғымақ мiнген өкiнбес-шумақ қай жыраудiкi?
А) Доспамбет
В) Шалкиiз
Г) Жиембет
Д) Асан қайғы
Е) Бұқар
73Қалаға қабылан жаулар тигей ме, қабырғадан дұспан жалдап жүргей ме, қатарланып, қорланып, қайран ер қарт күреңге мiнгей ме?-қай жыраудың шығармасы?
А) Доспамбет
В) Жиембет
Г) Шалкиiз
Д) Асан қайғы
Е) Бұқар
74Азау,Азау дегенiң Әл-Құсман-патша жұрты екен, Дiн iсләмнiң кiртi екен Азаудың ер Доспамбет ағасы Азаудың бiр бұрышындай нарты екен!-қай жыраудың өлеңi?
А) Доспамбет
В)Қазтуған
Г) Бұқар
Д) Асан қайғы
Е) Шалкиiз
75Айнала бұлақ басы тең, Азаулының Стамбұлдан несi кем? Азаулының Аймадет Ер Доспамбет ағаның Хан ұлына несi жоқ Би ұлынан несi кем?-қай жыраудың өлең жолдарынан алынған?
А) Доспамбет
В) Шалкиiз
Г) Асан қайғы
Д) Бұқар
Е) Қазтуған
76 Тоғай,тоғай су Тоғай қондым,өқкiнбен, Толғамалы ала балта қолға алып, Топ бастадым, өкiнбен-қай жыраудың шығармасы?
А) Доспамбет
В) Жиембет
Г) Ақтамбердi
Д) Бұқар
Е) Дулат
77Айналайын, Ақ жайық, Ат салмай өтер күн қайда Еңiсi биiк боз орда, Еңеке кiрер күн қайда...--қай жыраудың өлең жолдарынан алынған?
А) Доспамбет
В) Шалкиiз
Г) Асан қайғы
Д) Бұқар
Е) Қазтуған
78 Озушылар, озмағыз, Озсаңыз бiзiм бетке бармаңыз! Бiзiм бетке барсаңыз, Есақай, Қосай екi ұл. Алдыңызға жыр кунақлай, Жылап шықса не айтарсыз?--қай жыраудың өлең жолдарынан алынған?
А) Доспамбет
В) Шалкиiз
Г) Жиембет
Д) Ақтамбердi
Е) Бұқар
79Алғаным Әли ағаның қызы едi, қас арудың өзi едi. Маңдайы күнге тимеген, Желге шашын үрмеген - қай жыраудың өлең жолдары?
А) Доспамбет
В) Шалкиiз
Г) Қазтуған
Е) Бұқар
г Асан қайғы
80 Тәңiрiнiң өзi берген күнiнде, Хан ұлынан артық едi менiң несiбем. Азулыдан аға болған ерлер көп едi, Әйтсе де алмаға ат байлағаны жоқ едi! - қай жыраудың шығармасынан алынған?
А) Доспамбет
В) Бұқар
Г) Ақтамбердi
Д) Дулат
Е) Мұрат
81Доспамбеттiң жерленген жерi қайда?
А) Астрахань
В) Азау
Г) Ақтөбе
Д) Ақтау
Е) Атырау
82 “Қоғалы көлдер, қом сулар, қоныстар...” өлеңiнiң жалғасын тап.
А) Қонған өкiнбес
В) Құштар өкiнбес
Г) киген өкiнбес
Д) iшкен өкiнбес
Е) мiнген өкiнбес
83 “Арғымаққа оқ тидi, қыл майқаннан... Аймадетке оқ тидi, Отыз екi омыртқаның буынынан”, - өлеңiнiң тармақтағы жалғасын табыңыз.
А) түбiнен
В) жанынан
Г) артынан
Д) алдынан
Е) тұсынан
81 Доспамбет жыраудың өлең жолдарындағы ”Ж” дыбысының қайталанып келуiн қалай атаймыз? Жара бiр қатты жан тәттi, Жара аузына қан қатты. Жорықшылар көп пе екен, Жармай бiлте саларға Жағдайсыз жаман қалып барамын, Жанымда бiр туғанның жоғынан!...
А) Аллитерация
В) Антитеза
Г) Ассонанс
Д) Литота
Е) Гипербола
82Төмендегi шумақтың өлең құрылысындағы дауыссыз дыбыстардың қайталануы қандай құбылысқа жатады? Күдерiден бай тағып, Кiреуке киер күн қайда. Күмбiр, күмбiр кiсiнетiп, Күреңдi мiнер күн қайда?...
А) Аллитерация
В) Гипербола
Г) Литота
Д) Ассонанс
Е) Антитеза
83Төмендегi үзiндi кiмдiкi? Ер Мамайдың алдында, Шаһид кештiм, өкiнбен!...
А) Доспамбет
В) Шалкиiз
Г) Дулат
Д) Махамбет
Е) Шортанбай
87 Доспамбеттiң ақындық шығармашылығын зерттеушi кiм?
А) М.Мағауин
В) С.Сейфуллин
Г) Ә.Тәжiбаев
Д) Қ.Жұмалиев
Е) М.Әуезов
88Қай жыраудың суреттеуiндегi арғымақ? Арыстандай екi бұтын алшайтып, Арғымақ мiнген өкiнбес...
А) Доспамбет
В) Бұқар
Г) Үмбетай
Д) Дулат
Е) Мұрат
89Қамшыны сипаттаған жырау. қарағайлы көлдiң бойында, Қамшым қалды ойында. Бүлдiргiсi бұлан терiсi, Өрiмi құлан бiлдiң қайысы, Шырмауығы - алтын, сабы жез...
А) Доспамбет
В) Жиембет
Г) Қазтуған
Д) Шалкиiз
Е) Үмбетей
90Сүйген жар сипатын толғаушы кiм? Алғаным Әли ағаның қызы едi, Қас арудың өзi едi. Маңдайы күнге тимеген, Жел де шашын үрмеген...
А) Доспамбет
В) Шалкиiз
Г) Ақтамбердi
Д) Қазтуған
Е) Асан қайғы
91Адамның қарттық кезеңiн бейнелейтiн шумақ қай жыраудан? Дүниенiң басы сайран, түбi ойран, Озар сойды бұл дүние. Азаулының Аймадет ер Доспамбет ағадан...
А) Доспамбет
В) Шортанбай
Г) Үмбетей
Д) Бұқар
Е) Ақан серi
92 “...Сен алтынсың, мен тұлмын. Сен жiбексiң, мен жүнмiн...” деген өлең жолдарын Шалкиiз кiмге арнап айтқан?
А) Би темiрге
В) Мұса биге
Г) Ханға
Д) Батырға
Е) Жолдасына
93 Шалкиiз жырау қай жерде дүниеге келген?
А) Жайық
В) Есiл
Г) Жетiсу
Д) Көкше
Е) Тарбағатай
94Шалкиiздiң шешесi кiмнiң қызы?
А) Мұса би
В) Темiр би
Г) Досай би
Д) Жүсiп
Е) Ысмайыл
95Шалкиiз кiмнiң қолында тәрбиелендi?
А) Нағашы әжесi
В)Апа-атасы
Г) Әке-шешесi
Д) Нағашы атасы
Е) Жеңгесi
96Шалкиiз қай бидiң көмекшiсі болған?
А) Темiр
В) Мұса
Г) Досай
Д) Жүсiп
Е) Ысмайыл
97 Темiр би мен Шалкиiз қандай жерлердi аралаған?
А) Қырым, Кавказ, Дон.
В) Көкше
Г) Арқа
Д) Семей, Жетiсу
Е) Еш жердi араламаған
98Шалкиiз ноғайлыда кiмдi көп жақтады?
А) Жүсiп
В) Мұса
Г) Досай
Д) Ысмайыл
Е) Қосай
99Шалкиiз қай биге толғау шығарған?
А) Темiр
В) Мұса
Г) Досай
Д) Жүсiп
Е) Ысмайыл
100 Шалкиiз қай батырға арнап толғау шығарған?
А) Ер Шобан
В) Қарасай
Г) Наурызбай
Д) Доспамбет
Е) Қабанбай
101 “Ор, ор қоян, ор қоян...” қай жыраудың шығармасы?
А) Шалкиiз
В) Доспамбет
Г) Мұрат
Д) Дулат
Е)Асан қайғы
102 “Алаштан байтақ озбаса” қай жыраудың шығармасы?
А) Шалкиiз
В) Үмбетей
Г) Ақтамбердi
Д) Қазтуған
Е) Доспамбет
103 “Би Темiрге бiрiншi толғау” қай жыраудың шығармасы?
А) Шалкиiз
В) Доспамбет
Г) Қазтуған
Д) Үмбетей
Е) Ақтамбердi
104“Ер Шобан” қай жыраудың шығармасы?
А) Шалкиiз
В) Қазтуған
Г) Ақтамбердi
Д) Үмбетей
Е) Доспамбет
105 “Саздауға бiткен қара ағаш, Кiмдерге сайғақ болмаған?” - қай шығарманың үзiндiсi?
А) “Қоғалы көлдер, қом сулар”
В) ”Жауынды күнде көп жүрме”
Г) ”Шығармақ бұлт жай тастар”
Д) ”Ор, ор қоян, ор қоян”
Е) ”Жел, жел есер, жел есер”
106“Жағына жалаң жiбек байлаған Арулар кiмнен қалмаған” қай шығармадан үзiндi?
А) “Қоғалы көлдер, қом сулар”
В) ”Жауынды күнде көп жүрме”
Г) ”Шығармақ бұлт жай тастар”
Д) ”Ор, ор қоян, ор қоян”
Е) ”Жел, жел есер, жел есер”
107 “Жағы түктi жылқы айуан, Иесiн қайда жаяу салмаған” - үзiндi қай шығармадан алынған?
А)”Қоғалы көлдер, қом сулар”
В) ”Шағырмақ бұлт жай тастар”
Г) ”Ор, ор қоян, ор қоян”
Д) ”Жел, жел есер, жел есер”
Е) ”Жауынды күнi көп жүрме”
108 ”Жалп-жалп еткен жапалақ, Жазыда кiмге жолдас болмаған” - қай шығармадан алынған?
А) ”Қоғалы көлдер, қом сулар”
В) ”Ор, ор қоян, ор қоян”
Г) ”Жел, жел есер, жел есер”
Д)”Шағырмақ бұлт жай тастар”
Е)”Жауынды күнi көп жүрме”
109 ”Жел астына қарасам, Қоға менен төл өсер. Ораздының ұлы өсер...” қай шығармадан үзiндi?
А) “Жел, жел есер, жел есер”
В) ”Ор, ор қоян, ор қоян”
Г) ”Қоғалы көлдер, қом сулар”
Д) ”Шығармақ бұлт жай тастар”
Е) ”Жауынды күнi көп жүрме”
110 ”Сүйінейiн деген жiгiттiң, Сүбеде алтау-жетеу ағайыны тең өсер” қай шығармадан үзiндi?
А) “Жел, жел есер, жел есер”
В) ”Ор, ор қоян, ор қоян”
Г) ”Жауынды күнi көп жүрме”
Д) ”Шығармақ бұлт жай тастар”
Е) ”Қоғалы көлдер, қом сулар”
111 Асау тулап жықпасқа, Артқы айылдың беркi игi” қай шығармадан үзiндi?
А) “Жауынды күнi көп жүрме”
В) ”Жел, жел есер, жел есер”
Г) ”Ор, ор қоян, ор қоян”
Д)”Шығармақ бұлт жай тастар”
Е)”Қоғалы көлдер, Қом сулар”
112 ”Жағаға дұспан қолы тимеске, Артыңда туысқаннның көбi игi” - деген үзiндi қай шығармадан алынған?
А) ”Жауынды күнi көп жүрме”
В) “Жел, жел есер, жел есер”
Г) ”Ор, ор қоян, ор қоян”
Д)”Шығармақ бұлт жай тастар”
Е) ”Қоғалы көлдер, қом сулар”
113 “Жаманға жақыным деп сөз айтпа, Күндердiң күнi болғанда, Сол жаман өз басыңа айғақ-ты! қай шығармадан үзiндi?
А)“Жауынды күнi көп жүрме”
В) ”Жел, жел есер, жел есер”
Г) ”Ор, ор қоян, ор қоян”
Д) “Шығармақ бұлт жай тастар”
Е) ”Қоғалы көлдер, қом сулар”
114 “Күндердiң күнi болғанда, Қырға шықпас жаманның, Барынан да жоғы игi...” қай шығармадан үзiндi?
А)”Жауынды күнi көп жүрме”
В) ”Жел, жел есер, жел есер”
Г) ”Ор, ор қоян, ор қоян”
Д) ”Шығармақ бұлт жай тастар”
Е) ”Қоғалы көлдер, қом сулар”
115 ”Шағырмақ бұлт жай тастар” қай жыраудың шығармасы?
А) Шалкиiз
В) Доспамбет
Г) Қазтуған
Д) Жиембет
Е) Асан қайғы
116 “Жел, жел есер, жел есер” кiмнiң шығармасы?
А) Шалкиiз
В) Қазтуған
Г) Доспамбет
Д) Мұрат
Е) Жиембет
117 “Жауынды күнi көп жүрме” кiмнiң шығармасы?
А) Шалкиiз
В) Доспамбет
Г) Мұрат
Д) Асан қайғы
Е) Жиембет
118 “Асқар, асқар, асқар тау” кiмнiң шығармасы?
А) Шалкиiз
В) Доспамбет
Г) Қазтуған
Д) Асан қайғы
Е) Жиембет
119 “Би темiрге” қай жыраудың шығармасы?
А) Шалкиiз
В) Доспамбет
Г) Асан қайғы
Д) Мұрат
Е) Қазтуған
120 “Алаштан байтақ озбаса” кiмнiң шығармасы?
А) Шалкиiз
В) Доспамбет
Г) Қазтуған
Д) Асан қайғы
Е) Жиембет
Достарыңызбен бөлісу: |