ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫ-ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
« Хандық дәуір әдебиеті» пәнінің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
Шымкент 2015
КІРІСПЕ
1. Шымкент университетінің «Филология» кафедрасында ЖАСАлДЫ ЖӘНЕ ҰСЫНылДЫ
2. РЕЦЕНЗЕНТТЕР
3. Шымкент университеті ректорының 2015 жылдың __03___07 № __40т___ бұйрығымен күшіне енгізілді
4. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 2006 жылдың 3 тамыздың № 269 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және жоғары білімнен кейінгі мамандық пәндерінің типтік оқу бағдарламасын жасау және рәсідеу бойынша әдістемелік ұсынымына» сәйкес жасалған
5. «Филология» кафедрасының әдістемелік комиссиясында (2015 жылдың _12____ маусым № ___11__ хаттама) және мәжілісінде (2015 жылдың __12___ маусым № ___6__ хаттама) ТАЛҚЫЛАНДЫ
6. Гуманитарлық құқық факультетінің әдістемелік кеңесінде (2015 жылдың __15___маусым № _11___ хаттама) ҚАРАЛДЫ ЖӘНЕ МАҚҰЛДАНДЫ
7. Шымкент университетінің оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде
(2015 жылдың ____18_ маусым № __6___ хаттама) ҚАРАЛДЫ ЖӘНЕ БЕКІТІЛДІ
ТҮСІНІК ХАТ
Қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі бір сала - жыраулар поэзиясы. Қазақ атымен аталатын дербес мемлекет - Қазақ хандығының негізі қаланумен байланысты өз алдына жеке әдебиет те қалыптасты.
«Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» атты бұл пән ұлттық әдебиетіміздің алғашқы өкілдері - Асан қайғы, Қазтуғаннан бастап Доспамбет, Шалкиіз, ХVІІ ғасырда өмір сүрген Жиембет, Марғасқа, ХVІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясының соқталы өкілдері Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырау және ақындық поэзияның көрнекті өкілдері - Көтеш, Шал ақындар шығармашылығын қамтып, ежелгі түркілік поэзия мен жыраулық поэзияның сабақтастығы идеялық-көркемдік жалғастығы мәселелері, жыраудың қоғамдық-әлеуметтік тұлғасы, жыраулар поэзиясының көркемдік негіздері, жыраулық мұралардың тарихилық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыдан түсіндіріледі.
Пәнді оқыту барысында пәнаралық байланыстар да басты назарда болады. Бұл кезең әдебиетінің тарихи оқиғалармен, саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланысты дамуы ерекшеліктеріне де назар аударылады.
Достарыңызбен бөлісу: |