Ақпараттық технологияларды пайдаланудың 2 бағыты бар екендігі анықталды:
Ақпараттық технологиялар білім,білік,дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды.
Ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін қамтамасыз етеді.Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес,сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт беруші.
Инновация ұғымы латын тілінде – жаңарту, жаңалық, өзгеріс деген түсінікті білдіреді. Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатқа жету.
Достарыңызбен бөлісу: |