«Сейфуллин оқулары
-
11:
Жастар және
ғылым» атты Республикалық
ғылыми-теориялық
конференциясының материалдары = Материалы Республиканской научно-теоретической конференции
«Сейфуллинские чтения - 11: Молодежь и наука». – 2015. – Т.1, ч.2. - Б.149-153
ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Каренова С.Т.
Экономикалық дамудың тиімділігі тек қана еңбек ресурстарының ұтымды
қайта бөлінуіне ғана байланысты емес, сонымен бірге, олардың қолданылуы мен
еңбек
әлеуетінің
барынша жүзеге асырылуына да байланысты. Еңбек
ресурстарының қолданылуы – олардың өсіп-өну үдерісінің құрамдас бөлігі.
Еңбек ресурстарын жетілдіру жүйесі, іс жүзінде, еңбек ресурстары
категориясының
мазмұнын, оның құрылымын талдауды және басқа да
категориялармен арақатынасын анықтауды талап етеді. Сондықтан елдің еңбек
ресурстарының
өсіп-өнуі
тұрғындар
мен
еңбек
әлеуетінің
өсіп-өну
мәселелерімен қатар кешенді түрде зерттеледі.
Аймақтың еңбек әлеуеті – ғылыми-техникалық прогрестің бағыттарына
сәйкес жалпы білімділік және кәсіби-біліктілік дайындыққа ие еңбекке қабілетті
халықтың аумақтық жиынтығы.
Еңбек
ресурстары
өндіргіш
күштерді
аймақтық
орналастыру
факторларының бірі. Өндіргіш күштерді ұтымды орналастыру - жұмыс орны мен
адамдардың
тұру орындарының
сәйкестігін
қажет етеді, яғни еңбек
ресурстарының саны мен сапасы арасындағы теңсіздікті жою. Сондықтан
материалдық өндірісті тиімді орналастыру есебі: нақты еңбек ресурстарын
қолдану мен материалдық өндіріс пен әлеуметтік инфрақұрылым салаларында
қызмет етуге басқа аймақтардан тұрғындар тартуға қатысты шығындарды
ескереді.
Еңбек ресурстарының аймақтық-салалық құрылымы келесі шарттармен
анықталады:
- аймақтың шаруашылық кешенінің аймақтық-салалық құрылымымен;
- жұмыс орындарының аймақтық-салалық үйлесімділігімен;
- еңбекке қабілетті тұрғындардың кәсіби және біліктілік дайындық
дәрежесімен;
-
аймақтың
еңбекке
қабілетті
тұрғындарының
демографиялық
параметрлерімен .
Еліміздегі еңбек ресурстарының өсіп-өнуін онан әрі зерттеу қажеттілігіне
байланысты аталған көрсеткіштер жүйесін екі бөлімде қарастыруды ұсынамыз:
1. Еңбек ресурстарының өсіп-өнуінің нақты көрсеткіштері;
2. Еңбек ресурстарының өсіп-өнуіне әсер етуші факторлар көрсеткіштері.
Енді оларға тоқталып өтейік.
1. Еңбек ресурстарының өсіп-өнуінің нақты көрсеткіштері:
- сандық көрсеткіштер: халықтың жыныс бойынша бөліну саны; жұмыспен
қамтылған халық саны (жалпы қоғамдағы, саладағы, аймақтағы, кәсіпорындағы);
еңбекке жарамды жастағы халықтың ішіндегі жұмыспен қамтылғандар саны;
толық емес жұмыс күні бойынша еңбек ететіндер саны; жоғарғы табысты
тұрғындардың 10%-ы мен төменгі табысты тұрғындардың 10%-ы арақатынасы
түріндегі децильді коэффицент;
- сапалық көрсеткіштер: еңбек ресурстарының білім деңгейі бойынша
құрылымы мен саны; еңбек ресурстарының кәсіби-біліктілік деңгейі бойынша
құрылымы мен саны; жұмыспен қамтылғандардың қызмет түрі бойынша
құрылым мен саны; орындайтын қызметіне білім деңгейі, мамандығы және
біліктілігі бойынша сәйкестігі; еңбек ресурстарының жалпы және мамандығы
бойынша жұмыс өтілінің құрылымы мен мерзімі .
2. Еңбек ресурстарының өсіп-өнуіне әсер етуші факторлар көрсеткіштері:
- демографиялық факторлар: барлық тұрғындар саны; халықтың
жалпы өсімі; туылғандар мен қайтыс болғандар саны; халықтың
табиғи өсімі; туудың жас ерекшеліктері бойынша коэффициенттері;
әйелдермен еркектердің өмір сүру жасының ұзақтығы; жанұялар
саны мен көлемі; некелесу мен ажырасу сандары және олардың
коэффициенттері;
- денсаулық сақтау көрсеткіштері: 10 000 тұрғынға шаққандағы
барлық
сала бойынша дәрігерлердің
саны, 10 000 тұрғынға
шаққандағы орта буынды медициналық қызметкерлер саны; аурухана
және амбулаторлы-емханалық
мекемелер саны; 100 тұрғынға
шаққандағы уақытша жұмысқа жарамсыздық жағдайларының саны,
10 000 тұрғынға шаққандағы жұқпалы, жүрек-қан тамырлары және
т.б. аурулардың тіркелу саны; еңбекті қорғауға бөлінетін шығындар;
мемлекеттік бюджеттің денсаулық сақтауға бөлген шығындары;
- тұрғындар табысының көрсеткіштері: ұлттық табыс, оның
ішінде жан басына шаққандағы деңгейі; тұрғындардың номиналды
және нақты ақшалай табыстары (жан басына шаққандағы);
тұрғындардың
ақшалай табыстарының құрылымы (жалдамалы
қызметкерлердің
жалақысы,
әлеуметтік
төлемдер,
әлеуметтік
трансферттер, меншіктен түсетін табыстар, кәсіпкерлік қызмет
табыстары және т.б); Джинни индексі; ақшалай табыстардың
аймақтық дифференцияциясы, ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен
табысты тұрғындар саны; жалақының
салааралық
теңсіздігі;
жалақының аймақтық теңсіздігі; жалақының сатып алу қабілеті;
- өндіріс деңгейі мен кәсіпкерлік қызметтің басқа да түрлері
бойынша көрсеткіштер: жалпы ішкі өнім (жан басына шаққандағы);
жалпы ішкі өнімнің құрылымы; негізгі өндірістік қорлар;
- инвестициялық қызмет пен
ғылыми-техникалық
прогрес
көрсеткіштері: негізгі капиталға салынған жалпы инвестиция көлемі;
өндіріс саласына инвестиция көлемі; қызмет көрсету саласына
инвестиция көлемі (оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау,
мәдениет, спорт және т.б.); ғылымға инвестиция көлемі; өндіріс
орындарының
техникалық
деңгейін анықтаушы көрсеткіштер;
ғылыми мекемелер саны; ғылыми қызметкерлер саны; ғылыми-
өндірістік бірлестіктер саны; жоғарғы тиімділікті жаңалықтардың
өндірісте қолданылуы; жаңа техника мен технологияны ендірудің
экономикалық тиімділік көрсеткіштері (ендіруге жұмсалған нақты
шығындар, табыстың өсімі, шығындардың қайтарылу мерзімі және
т.б.);
- еңбек ресурстарының өсіп-өнуін, даярлау мен
қайта
даярлауын қамтамасыз ететін көрсеткіштер жүйесі: мектепке дейінгі
мекемелер саны; орта білім беретін мектептер саны; орта арнаулы
және жоғарғы білім беретін оқу орындарының
саны; орта
мектептердегі оқушылар саны; 1000 адамға шаққандағы жоғарғы
және орта арнаулы оқу орындарындағы студенттер саны; 1000
адамға шаққандағы жоғарғы мен орта арнаулы оқу орындарын
бітіруші түлектер саны; кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда
қызметкерлердің дайындығы мен біліктілігін арттыру көрсеткіштері;
- еңбек ресурстарын қолдану көрсеткіштері: еңбек өнімділігінің
орташа жылдық көрсеткіштері; аймақтық және салалық бөлініс
бойынша еңбек өнімділігі мен жалақының өсімі; жұмыс уақытының
күнтізбелік қорының қолданылуы, әкімшілік шешімі бойынша
мәжбүрлі демалыстағы қызметкерлер саны; әкімшілік демалыстарға
байланысты пайдаланылмаған жұмыс уақытының 1 қызметкерге
шаққандағы мөлшері; бос жұмыс орындары мен ұсынылатын қызмет
орындарының арақатынасы.
Көрсеткіштердің мұндай жүйесі туралы жалпылама айтқанда, олардың
статистика мен динамикада да қатар қолданылатындығын естен шығармаған
жөн. Бұл көрсеткіштердің абсолютті өлшемдері және олардың үлесін қолдану
еңбек ресурстарының іс жүзіндегі деңгейін талдауға және бағалауға мүмкіндік
береді, ал көрсеткіштер индекстері арқылы бұл үдерістің уақыт өзгерісіне қарай
даму үрдістері мен қарқынын анықтауға мүмкіндік туады.
Еңбек ресурстарының өсіп-өнуін дамыту теориялары туралы айтқанда, ең
алдымен, ХХ ғасырдың 50-60-жылдарында қалыптаса бастаған адами капитал
теориясына сүйенеміз. Бұл теорияның авторлары ретінде Т.Шульц, Г.Беккер,
Г.Джонсон, Дж.Минцер, М.Блауг және т.б. ерекше атап өтуіміз қажет .
Сонымен бірге, адами капитал теориясы тұрақты емес, ол үнемі дамып
және жетілдіріліп отырады. Осы теорияның негізінде рыноктық экономикадағы
адам жөніндегі барлық ілімдер қалыптасады.
Адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін болашаққа
белсенді инвестициялау аса маңызды болып табылады .
Адами капитал теориясы тұрақты емес, ол үнемі дамып және жетілдіріліп
отырады. Осы теорияның негізінде нарықтық экономикадағы адам жөніндегі
барлық ілімдер қалыптасады.
Р.Макконелл және С.Л.Брю адами капитал инвестицияларын үшке бөледi:
1) бiлiмге шығындар – жалпы және арнаулы, ресми және
бейресми бiлiм, жұмыс орнында т.б.
2) денсаулық
сақтау шығындарының
маңызы зор. Жақсы
денсаулық ауру профилактикасы, диеталық тамақтану және тұрмыс
жағдайын жақсартуға шығындар салдары – жұмысшылар өмiрiн
ұзарту.
3) жұмылдыру шығындары - жұмыскерлерге өнiмдiлiгi төмен жерлерден
өнiмдiлiгi жоғары орындарға көшуге көмектеседi.
Дамыған батыс елдерінің басым көпшілігінде білім беруге кететін
шығындар мемлекеттің перспективалы капитал салымының
нысаны ретінде
қарастырылып, ұлттық табыстың артуы да оған тәуелді болатынын жаңа
индустриялық елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Қазіргі заманғы даму білім
беру саласының маңызының артуына байланысты әлемдік даму процесінде
мынадай негізгі тенденциялар қалыптасып отыр:
– білім қоғамның тікелей өндіруші күшіне айналған заманауи
технологиялар дәуірінде осы білімдерді өндіретін зияткерлерге деген
қажеттілік арта түсті;
– жаһандану, халықаралық ынтымақтастық, студенттер алмасу
дүниежүзілік ортақ білім беру жүйесінің пайда болып, қалыптасуына
әкелді;
– алдыңғы
қатарлы
елдер
–
білім
беру
қызметтерін
экспорттаушылар
әлемдік шаруашылық
саласын
–
білім беру
қызметтері нарығын қалыптастырды. Бұл – ондаған миллиард доллар,
қатаң бәсеке, экономика, геосаясат пен ХХІ ғасырдағы басым даму
факторы;
– сапа революциясы тауарлар мен қызметтер өндірісінде жұмыс
істейтін мамандар қызметінің сапасына жоғары талаптар қоюда,
осының
нәтижесінде
дайындығы
әлсіз
мамандар
бәсекеге
шыдамағандар ретінде еңбек нарығынан ығыстырылады.
Адами капиталдың салааралық қозғалысы капиталдың бір саладан екінші
салаға құйылуы нәтижесінде пайда болады. Оған:
- ғылыми-техникалық прогресс;
- өндірісті техникалық жетілдіру;
- өндірісті оңтайландыру;
- адами капитал сипатының сапасын жетілдіру;
- ынталандыру механизмі;
- әлеуметтік және демографиялық себептер әсерін тигізеді.
Қызметкерлердің фирма шеңберіндегі қозғалысы олардың өз қалаулары
бойынша (жоғарғы жалақы алу, білімін жетілдіру, мамандығын өзгертуге
ұмтылыс) және әкімшіліктің шешімімен жүргізіледі. Мұндай үдеріс фирма
қызметшілері арқылы алдын-ала жоспарланады және оның мақсаты адами
капиталдың қызмет ету тиімділігін арттыру болып табылады.
Адами капиталдың аумақтық қозғалысы бір елдің көлеміндегі капиталдың
кеңістіктік қозғалысымен тығыз байланысты. Ол келесі себептерге қатысты
қалыптасады:
- ғылыми-техникалық
прогресс
және
оның
ықпалынан
туындаған қоғамдық өндірістің орналасуының аумақтық өзгерістері
нәтижесінде;
- өндірістің
бірнеше
түрлерін
шоғырландырған
жаңа
экономикалық аймақтардың пайда болуымен.
Аумақтық қозғалысқа нарық конъюнктурасы, атап айтқанда еңбек нарығы
үлкен әсерін тигізеді. Нарықтағы адами капиталдың тапшылығы немесе
артықшылығы оның осы аймаққа келуіне немесе басқа аймаққа қарай ағылуына
себеп болады. Адами капиталдың аумақтық қозғалысы еңбек нарығындағы
жағдайды тұрақтандыруға, жұмыссыздықтың жоғары деңгейінің алдын-алуға
мүмкіндік жасайды. Ал бұл
өз кезегінде, еңбек нарығының,
көлік
қатынастарының, ақпараттық байланыстардың тиімді қызмет жасауына негіз
болады. Мемлекет
әртүрлі себептерге байланысты ауыр экономикалық
жағдайларға кезіккен қызметкерлердің бір ауданнан келешегі бар екінші ауданға
көшуіне жағдай жасауы қажет, атап айтқанда, оларға салықтық жеңілдіктер
жасалуы және тікелей дотациялар мен субсидиялар берілуі тиіс.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру, өз
кезегінде, жаңа жұмыс орындарын құруға, халықты жұмыспен қамтуға
ынталандырудың жаңа тетіктерін іске қосуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Индустриалды-инновациялық саясаттың жемісті болуы еңбек ресурстарына,
олардың сан және сапа жағынан қамтамасыз етілуіне де көп байланысты болады.
Әдебиеттер тізімі
1.2013-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының АӨК дамытуға
арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
2.Богина Д. О. Формировании рынка рабочей силы на селе. // АПК: экономика,
управление. 1992 год. № 6
3.Дузбаева М. Социально-экономические факторы миграции трудовых ресурсов
// Труд в Казахстане – 2004, №12 с 11-15
4.Ахметов Н. Эффективное использование трудовых ресурсов в экономической
системе // Транзитная экономика – 2004, №1 с 70-76
5.Better late than never: Workforce supply implications of later entry - Authors:
Auerbach, DI;Buerhaus, PI;Stalger, DO Volume 26, Journal: HEALTH AFFAIR,
Issue 1, Page: 178-185 Year: JAN-FEB 2007 URL:
http://thomsonreuters.ru//archive.sciencewatch.com/dr/nhp/2008/08maynhp/08maynhp
Auerbach/
Ғылыми жетекшісі: Анафияева Ж.А. э.ғ.д., профессор
Достарыңызбен бөлісу: |