4. Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамдарын уәкілетті орган салалық уәкілетті
органдардың, ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының және ғылыми қоғамдық
бірлестіктердің ұсыныстары мен ұсынымдары бойынша қазақстандық және шетелдік
білікті ғалымдар, мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық
даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік
субъектілерінің өкілдері қатарынан қалыптастырады және Қазақстан Республикасының
Үкіметі бекітеді.
5. Ұлттық ғылыми кеңестер:
ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың
жобалары мен бағдарламаларын;
ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар
бөлігіндегі басқа да бағдарламаларды;
Қазақстан Республикасы ғылыми мекемелерінің, ұйымдары мен кәсіпорындарының
қатысуымен іске асырылатын мемлекетаралық ғылыми-техникалық бағдарламалардың
жобаларын;
инновациялық
жобаларды
мемлекеттік
бюджет
есебінен
гранттық
және
бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату) туралы шешімдер
қабылдайды.
6. Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдерін уәкілетті орган және салалық уәкілетті
органдар міндетті түрде орындауға тиіс.
7. Ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелері нақты мәселелерді қарау кезінде өздеріне
мәлім болған мүдделер қақтығысы туралы кеңесті хабардар етуге міндетті және кеңес
қабылдайтын шешімдердің объективтілігі мен негізділігі үшін жауапты болады.
8. Ұлттық ғылыми кеңестер ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық
қызметтің тиісті бағыттары бойынша орындалатын ғылыми зерттеулер жөнінде ғылыми
және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аралық және қорытынды есептерін
қабылдайды, сондай-ақ өздері қабылдаған шешімдердің орындалу мониторингін жүргізуді
жүзеге асырады.
9. Нақты жобаға, бағдарламаға (олар бойынша есепке) сараптама, ғылыми
жұмыстардың орындалу мониторингін жүргізгені үшін сыйақыны, сондай-ақ
қазақстандық және шетелдік ғалымдардың іссапар шығыстарын қоса алғанда, ұлттық
ғылыми кеңестердің қызметін қамтамасыз етуді Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық
сараптама орталығы мемлекеттік бюджеттен жүргізеді.
2013.04.07. № 131-V ҚР
Заңымен
20-бап өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
20-бап. Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы
1. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар
сараптамасының
әкімшілендіру
бірыңғайлығын,
тәуелсіздігін,
ашықтығы
мен
жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі
Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығын құрады.
2. Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының құзыретіне:
1) мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-
техникалық жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама
жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2) ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру;
3) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама нәтижелерін Ұлттық ғылыми
кеңестерге жіберу;
4) орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен
бағдарламалардың нәтижелерін (есептерін) бағалау;
5) жүргізілетін ғылыми зерттеулердің, ғылыми-техникалық және инновациялық
жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігінің мониторингін жүзеге асыру;
6) қазақстандық және шетелдік сарапшылар құрамын сапалы іріктеуді қамтамасыз ету;
2015.13.11. № 398-V ҚР
Заңымен
6-1) тармақшамен толықтырылды
6-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-
техникалық жобалар мен бағдарламаларға сараптама жүргізу үшін сарапшылар құрамын
іріктеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының
талаптары сақтала отырып, қазақстандық ғалымдар қатарынан жүзеге асырылады;
7)
мемлекеттік
ғылыми-техникалық
сараптаманы
әдістемелік
және
ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету;
8) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың
деректер банктерін қалыптастыру;
9) өз қызметін жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді
жүзеге асыру кіреді.
3. Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының:
1) мемлекеттік органдардан, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет
субъектілерінен функцияларды жүзеге асыруға және өзіне жүктелген міндеттерді
орындауға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
3) ғылыми зерттеулердің орындалу және аяқталу сатыларында оларға мониторинг
жүргізуге;
2015.13.11. № 398-V ҚР
Заңымен
4) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
4) ғылыми зерттеулерге сараптама жасау және оларға мониторинг жүргізуді жүзеге
асыру үшін белгіленген тәртіппен өзге де ұйымдарды, қазақстандық және (немесе)
шетелдік ғалымдарды тартуға;
5) белгіленген тәртіппен шетелдік ғылыми ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
6) ғылыми-техникалық қызмет саласында консультативтік-кеңесші органдар құруға;
7) ғылыми және ғылыми-техникалық даму мәселелері бойынша іс-шаралар өткізуге;
8) баспа қызметін жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының қызметін
қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүргізіледі.
2013.04.07. № 131-V ҚР
Заңымен
21-бап өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
21-бап. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама
1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ғылыми, ғылыми-техникалық және
инновациялық жобалар мен бағдарламаларды талдамалық бағалауды дайындау
мақсатында сараптама қорытындыларының тәуелсізділігі, объективтілігі, біліктілігі,
кешенділігі, дәйектілігі, толықтығы және негізділігі қағидаттары бойынша жүзеге
асырылады.
2. Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылуға жататын ғылыми, ғылыми-техникалық
жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптаманы құзыретті
шетелдiк және қазақстандық сарапшылар жүргiзедi.
3. Ғылыми-техникалық сараптама жүргізуге сарапшыларды тарту үшін шетел
сарапшыларының дерекқоры құрылады, олардың кандидатураларын шетелдік жетекші
университеттер, ғылыми-зерттеу мекемелері, ұлттық ғылым академиялары мен ғылыми
қоғамдастықтар ұсынады.
Сарапшыларды іріктеу олардың мамандануына және жобаның ерекшеліктеріне сәйкес
жүргізіледі.
4. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларды
бағалауға тартылған ғалымдар, сарапшылар, оның ішінде шетелдіктер сараптамаға
ұсынылған материалдардың құпиялылығын сақтауға және коммерциялық құпияны
сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.