«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 011 жылғы 18 ақпандағы №407-iv заңы (2018. 04. 07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



жүктеу 0,55 Mb.
Pdf просмотр
бет6/8
Дата19.01.2020
өлшемі0,55 Mb.
#27103
1   2   3   4   5   6   7   8

2)  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  наградалар  туралы  заңнамасына  сәйкес 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларына ұсынылуы; 

3) үздік ғылыми зерттеулері мен жұмыстары, ғылым саласындағы аса зор жетістіктері 

үшін жыл сайынғы сыйлықтарды алуға ұсынылуы;  

4) мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылуы мүмкін.  

Мемлекеттік ғылыми стипендиялар: 

мемлекет  үшін  басым  бағыттарда  іргелі  немесе  қолданбалы  зерттеулерді  жүргізуге, 

ғылыми кадрларды даярлауға белсене қатысатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге; 

ғылыми проблемаларды шешу бойынша зерттеулер жүргізуге белсене қатысатын және 

ғылыми қоғамдастық мойындаған, отыз бес жасқа дейінгі (отыз бес жасты қоса алғанда) 

талантты жас ғалымдарға да берілуі мүмкін.  

2.  Сыйлықтар  мен  мемлекеттік  ғылыми  стипендиялар  беруді  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасына  сәйкес  өз  құзыреті  шегінде  уәкілетті  орган  мен  салалық 

уәкілетті органдар жүзеге асырады. 



2018.04.07. № 171-VІ ҚР 

Заңымен

 3-тармақпен толықтырылды 

 

3.  Жоғары және  (немесе) жоғары оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  ұйымы  эндаумент-



қорының  инвестициялық  кірісі  қаражатынан  білім  алушыларды,  ғалымдарды,  ғылыми 

жұмыскерлерді және ұйымдарды көтермелеу шарасы ретінде стипендия төленуі мүмкін. 

  

16-бап.  Ғылыми,  ғылыми-техникалық  кадрларды  даярлау,  қайта  даярлау  және 

тағылымдамадан өткізу 

1.  Жоғары  білікті  кадрлары  және  материалдық-техникалық  базасы  бар  ғылыми 

ұйымдар, жоғары оқу орындары өздері үшін басым бағыттар бойынша ғылыми, ғылыми-

техникалық кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және тағылымдамадан өткізуді жүзеге 

асыруға құқылы. 

2.  Ғылыми,  ғылыми-техникалық  кадрларды  даярлау,  қайта  даярлау  және 

тағылымдамадан өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 

мемлекеттік  бюджеттен  ұлттық  та  және  шетелдік  те  ғылыми  ұйымдары  мен  жоғары оқу 

орындарында жүзеге асырылуы мүмкін.  

  

  



5-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ 

БАСҚАРУ  

  

17-бап.  Ғылыми,  ғылыми-техникалық  және  инновациялық  қызметті  басқару 



және оның қағидаттары 

1.  Стратегиялық,  сараптамалық  және  әкімшілік  функциялардың  бөлінуін  сақтай 

отырып,  Қазақстан  Республикасында  ұлттық  ғылыми  жүйені  дамыту  және  оның  жұмыс 

істеуі мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті басқаруды:  

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі; 

2) Жоғары ғылыми-техникалық комиссия; 

3) ұлттық ғылыми кеңестер; 

4) уәкілетті орган; 

5) салалық уәкілетті органдар жүзеге асырады.  

2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті басқару мынадай қағидаттарға 

негізделеді: 

1)  ұлттық  экономиканың  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  мақсатында  ғылыми  және 

(немесе) ғылыми-техникалық қызметтің басымдылығы; 

2)  мемлекеттік  қолдауды  алу  кезінде  ғылыми  және  (немесе)  ғылыми-техникалық 

қызмет субъектілерінің ашықтығы, объективтілігі және теңдігі; 

3)  ғылыми,  ғылыми-техникалық  және  инновациялық  қызмет  субъектілерін 

мемлекеттік қолдаудың экономикалық тиімділігі мен нәтижелілігі; 



4) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын дамыту; 

5)  ғылыми,  ғылыми-техникалық  жобалар  мен  бағдарламаларға  сараптама  жасаудың 

объективтілігі мен тәуелсіздігі; 

6) ғылымның, білім беру мен өндірістің интеграциясы; 

7) ғылымның және ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттары бойынша жоғары 

білікті кадрлар даярлау; 

8) халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту; 

9) 


преференциялар 

беру 


арқылы 

экономиканың 

басым 

секторларында 



технологияларды коммерцияландыруды ынталандыру; 

10)  жеке  кәсіпкерлік  субъектілерінің  ғылыми,  ғылыми-техникалық  және 

инновациялық  қызметті  дамытуға  қатысуы  үшін  оларды  көтермелеу  және  жағдайлар 

жасау; 


11)  білім  алуды,  оны  технологияға  трансформациялауды  және  оның  экономикаға 

трансфертін ынталандыру. 

  

18-бап. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия 

1.  Жоғары  ғылыми-техникалық  комиссия  Қазақстан  Республикасының  Премьер-

Министрі  басқаратын,  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  жанындағы  алқалы  орган 

болып табылады. 

2.  Жоғары  ғылыми-техникалық  комиссияның  құрамы  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің  мүшелері,  мемлекеттік  органдар  басшылары,  жетекші  ғалымдар,  білімнің 

әртүрлі  салаларының  сарапшылары,  ұлттық  басқарушы  холдингтердің,  ұлттық  даму 

институттарының,  ұлттық  холдингтердің,  ұлттық  компаниялардың,  жеке  кәсіпкерлік 

субъектілерінің 

және 


ғылыми 

қоғамдық 

бірлестіктердің 

өкілдері 

қатарынан 

қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі. 

3.  Жоғары  ғылыми-техникалық  комиссияның  негізгі  міндеті  ғылыми,  ғылыми-

техникалық  және  инновациялық  қызметті  дамытуға  бағытталған  стратегиялық  міндеттер 

мен  басымдықтарды  қалыптастыру,  ғылым  бағыттары  бойынша  басым  іргелі  және 

қолданбалы  зерттеулерді  айқындау,  ұлттық  ғылыми  кеңестердің  ұсыныстарын  қарау, 

ғылыми  және  (немесе)  ғылыми-техникалық  қызметті  мемлекеттік  бюджеттен 

қаржыландыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады. 

  

19-бап. Ұлттық ғылыми кеңестер 

1.  Ұлттық  ғылыми  кеңестер  ғылыми  және  (немесе)  ғылыми-техникалық  қызметті 

дамытудың бағыттары бойынша алқалы органдар болып табылады. 

2. Ұлттық ғылыми кеңестердің негізгі міндеттері: 

1)  Жоғары  ғылыми-техникалық  комиссия  айқындаған  басымдықтарға  сәйкес 

мамандандырылған ғылыми бағыттарды қалыптастыру; 

2)  ғылыми  зерттеулер  жүргізу  үшін  бөлінетін  қаржыландырудың  нысандары  мен 

көлемдерін айқындау; 

3) ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми 

жаңалығын,  ғылыми-техникалық  деңгейін,  перспективалығын,  әзірлену  дәрежесін, 

сұралатын қаржыландыру көлемінің экономикалық негіздемелелігін бағалау; 

4) Қазақстан Республикасының жаңа ғылыми бағыттардағы қажеттіліктерін бағалау; 

5)  мемлекеттік  бюджеттен  қаржыландыруға  ұсынылатын  іргелі  және  қолданбалы 

зерттеулер  бойынша  ғылыми,  ғылыми-техникалық  жобалар  мен  бағдарламаларды 

конкурстық іріктеуді жүзеге асыру; 

6)  жүргізілетін  ғылыми  зерттеулерді  іске  асыру  барысындағы  мониторинг  жүргізу, 

оның ішінде жүргізілетін жеріне барып мониторинг жүргізу болып табылады. 

3.  Ұлттық  ғылыми  кеңестер  Қазақстан  Республикасының  әлеуметтік-экономикалық 

дамуының мемлекеттік басымдықтарына сәйкес ғылым бағыттары бойынша құрылады. 



жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау