Дәріхана мекемелеріндегі санитарлық және эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидмеиологиялық ұйымның қызметкерлерімен жүргізілетін үнемі санитарлық қадағалау жүргізудің міндеті аз емес. Дәріхана қызметкерлері үшін гигиена негіздерін білу келесі міндеттерді орындау үшін өте қажет: - Дәріхана мекемелеріндегі санитарлық және эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидмеиологиялық ұйымның қызметкерлерімен жүргізілетін үнемі санитарлық қадағалау жүргізудің міндеті аз емес. Дәріхана қызметкерлері үшін гигиена негіздерін білу келесі міндеттерді орындау үшін өте қажет:
- халықты дәрілік заттармен жоғары мамандандырылған дәрежеде қамтамасыз ету.
- дәрілерді дайындау, сақтау және тарату үшін қолайлы жағдай туғызу.
- дәріхана ішілік инфекцияның алдын алу.
- дәріхана жұмыскерлерінің еңбек жағдайына қолайлы жағдай туғызу.
- алдын ала гигиеналық сынау мен қолданылуы бойынша гигиеналық қорытындылары бар жаңа құрал-жабдықтарды, автоматтандыру және механикаландыру құралдарын, еңбекті ғылыми ұйымдастыру жағдайын технологиялық процеске тиімді енгізу.
- дәріхана гигиеналық талаптарды үйрететін мектеп болып табылады, сондықтан қызмет көрсететін халық арасында гигиеналық білім беру және тәрбиелеу жұмысын жүргізу керек.
Дәріханалардың жер учаскесіне қойылатын гигиеналық талаптар
Дәріханалардың жер учаскесіне 0,1-0,2 га жер бөлінеді. Ол жер құрғақ, жақсы желдетілетін, қалыпты рельефті болуы керек және ластанулар болмауы керек. Оңтүстік жаққа қараған шамалы көлбеуліктің болғаны жөн. Бұл инсоляцияның жақсы болуына және атмосфералық сулардың өздігінен ағып кетуіне мүмкіндік береді. Солтүстік және батыс көлбеуліктер дәріханалар құрылысы үшін ұсынылмайды. Жер асты суларының деңгейі жер бетінен 1,5 метр биіктіктен кем болмауы тиіс. Жер асты суларының жоғары болуы қабырғалардың, іргетастың, ғимараттың және бөлмелердің сыздануына әкеліп, дәрілік заттардың қасиетіне әсер етуі мүмкін.
Дәріханалардың ішкі жоспарлануы мен жабдықталуына қойылатын гигиеналық талаптар
Барлық дәріханалар олардың ұйымдық - құқықтық түріне, ведомстволық бағыныштылығына, меншіктігіне қарамастан екі топқа бөлінеді: өндірістік (дәрілік заттарды дайындау құқысы бар) және дайын дәрілік заттар дәріханалары. Екі топтағы дәріханалардың да тиісті бөлмелер саны мен жұмыс орындары саны жеткілікті болуы керек.
Дайын дәрі-дәрмектер дәріханасы улы, есірткілік, психотропты заттарды және прекурсорларды сататын жағдайда аталған құралдарды сақтауға арналған бөлмелер негізгі сақтау бөлмелерінің құрамына кіруі мүмкін.
Дәріханада санитарлық және эпидемияға қарсы тәртіптің сақталуы үшін бөлмелердің өзара орналасуы гигиеналық тұрғыдан аса маңызды.
- Дәріхана бөлме-жайларын жайлыландыруға қойылатын гигиеналық талаптар
- Технологиялық процеске, бөлмелердің әрленуіне, жайлыландыруына, дәріхана қызметкерлерінің жеке бас гигиенасына қойылатын гигиеналық талаптар тұрғындарға қызмет көрсететін дәріханаларға қойылатын талаптардан айырмашылығы жоқ. ЕПМ дәріханалары мен тұрғындарға қызмет көрсететін дәріханалары үшін ортақ гигиеналық нормативтер бекітілген.
Достарыңызбен бөлісу: |