Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы



жүктеу 264 Kb.
бет3/3
Дата19.11.2018
өлшемі264 Kb.
#21280
түріМетодические указания
1   2   3

Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы

050703 – Ақпараттық жүйелер мамандығының студенттеріне арналған

Ақпараттық жүйелерді жобалау пәні бойынша

пәннің материалдарын оқып-үйренуге арналған


ӘДІСТЕМЕЛІК нұсқау
Кафедраның отырысында қарастырылған « » 2008ж. № хаттама
Кафедра меңгерушісі _________________ Ж.К.Нұрбекова

(қолы)



Факультеттің әдістемелік кеңесінде құпталған «___»________ 2008ж. №___ хаттама
ӘК төрайымы _______________________ А.З.Даутова

(қолы)


1- тақырып. Кіріспе

Ақпараттық жүйелер дегеніміз ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге, талдауға және таратуға бағытталған қолданбалы бағдарламалық өнім. Ақпараттық жүйелер кіріс ақпаратты (қандайда бір мәліметтер, нұсқаулар) және шығыс ақпаратты (есептеу, есептеулер) қамтиды, яғни ақпараттық жүйелер кіріс ақпараттарды өңдеп, шығыс ақпараттарды нәтиже ретінде береді. Амалдарды, әрекеттерді бақылап отыратын кері байланыс механизмі де жүзеге асырылынады. Басқа жүйелер сияқты ақпараттық жүйелер де қоршаған ортада болады.





Кірісі: Өңдеу Шығысы:

Бизнес-есептер Шешімдер

- мәліметтер; бағдарламалар; - есептер

- ақпараттар; адамдар; - сызбалар

- есептеулер; құрал-жабдықтар; - есептеулер

- мүмкіндіктер; - дыбыстар



Басқару

басқарушы тұлға; Кері

автоматты басқару; Байланыс


Ақпараттық жүйелердің сызбасы

Ақпараттық жүйелердің құрамына кіретін типтік бағдарламалық компоненттер жүзеге асырады:

- енгізу/шығару диалогын;

- диалог логикасын;

- мәліметтерді өңдеудің қолданбалы логикасын;

- мәліметтерді басқару логикасын;

- файлдармен немесе мәліметтер қорын басқару әрекеттерін;

Соңғы уақыттарда мекемелерде корпоротивті ақпараттық жүйелерді тұрғызу маңыздылығы қазіргі таңдағы шарттарда бизнесті басқарудың қажетті инструменті ретінде қарастырылып отыр. Корпоративті ақпараттық жүйелер – бағдарламалық қамтамасыздандыру орнатылған және бапталған арнайы бағдарламалық өнім және есептегіш аппараты платформаның жиынтығы.

Корпоротивті ақпараттық жүйелерге маңызды әсер ететін 3 факторды ерекше атауға болады;


  1. мекемені (кәсіпорынды) басқарудің әдістемесін дамыту;

  2. компютерлік жүйелердің жалпы мүмкіндіктері мен өнімділігін дамыту;

  3. ақпараттық жүйелердің элементтерінің техникалық және бағдарламалық жүзеге асырылу тәсілдерін дамыту;

Әр факторды жекелей қарастырайық :

1) Мекемені басқарудың теориясы өте кең пән ретінде қарастырылады, сондықтан үнемі оқып үйрену мен дамытуды талап етеді. Бәсекелестіктің өсуіне байланыстыкомпания жетекшілеріне нарықты өздерінің бар болуын сақтап қалатын жаңа әдістерді іздеуге мәжбүрлейді . Сол себептен қазіргі замандық ақпараттық жүйелер менеджмент теориясы мен практикасындағы жаңа кірістірулермен қатар жүру к/к;

2) Компютерлік жүйелердің қуаттылығы мен өнімділігі прогресі, желілік технологиялар мен мәліметтерді жіберу жүйесінің дамуы, компютерлік техниканың әртүрлі жабдықтармен интеграциясының кең мүмкіндіктері қпараттық жүйелердің өнімділігі мен қызметін үнемі дамытып отыруды талап етеді..

3) Ақпараттық жүйелердің аппараттық бөлігінің дамуы мен бірге соңғы жылдары ақпараттық жүйелердің бағдарламалық – технологиялық жүзеге асырылуының жаңа, неғұрлым ыңғайлы және әмбебап әдістерін іздеу тұрақты жүріп жатыр. Соңғы уақытта ақпараттық жүйелердің дамуына үлкен әсер еткен маңызды жаңалықтар мыналар болды:

1) Бағдарламалаудың жаңа тәсілі , яғни объектілі – бағдарлы бағдарламалау тілінің пайда болуы.

2) Желілік технологиялардың дамуына байланысты локальді ақпараттық жүйелер клиент – серверлік және көп деңгейлі ақпараттық жүйелермен ауыстырулыда.

3) Интернеттің дамуы қашықта орналасқан бөлімшелермен жұмыс жасау мүмкіндігін берді. Интернет арқылы сатып алушыларға қызмет көрсете отырып, электронды комерцияның келешегін ашып берді. Мекеменің ішкі желісінде интернет технологияларында ,яғни интернет - технологияларды қолдану жетістіктерін берді.

Корпоративті ақпараттық жүйелердің негізгі құраушылары :



  1. Мекеменің компютерлік нфрақұрылымы. Ол желілік, телекомуникациялық, бағдарламалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық инфрақұрылымдар жиынтығы.

Мекеменің компютерлік инфрақұрылымын корпоротивті желі деп те атайды.

2) Өзара байланысқан қызметтесішкі жүйелер:Бұл мекеменің есептерін шешуді және мақсаттарға жетуді қамтамасыз етеді.


Ақпараттық жүйелердің жіктелуі.

Ақпараттық жүйелер әртүрлі белгілеріне байланысты жіктеледі:

1)Масштабы бойынша жіктелуі.

- дара ақпараттық жүйелер(одиночные)

- топтық ақпараттық жүйелер (групповые)

- корпоротивті ақпараттық жүйелер.



2) Ұйымдастырушылық құрылымы б/ша жіктелуі.

Әдетте мекеме мынандай құрылымдық бөлімшелерден тұрады:бөлімдер;топтар;департаменттер.(мысалы:ПГУ→факультет→кафедралар немесе ДООУП→ФиОУП→Мониторинг)т.с.с.

- Департаменттер үшін А.Ж.

бірнеше қолданбалы бағдарламалар бір қызмет аймағында н/е департаментте қолданылуы мүмкін және олар бір-бірімен тәуелді болуы мүмкін н/е тәуелді болмауы да мүмкін.



  • Мекеменің/кәсіпорынның А.Ж.-департаменттердің барлық қосымшаларының жиынтығы;

  • Ұйымдар(мекемелер/кәсіпорындар) арасындағы А.Ж. бірнеше мекемелерді (партнерларды) байланыстырады.

3) Қызмет аймағы б/ша жіктелуі.

- Партнерларды өңдеу жүйесі – қайталанатын, көп есептерді (рутинные задачи) және әрекеттерді қолдайды, сондай-ақ орындаулар штатын. Транзакцияларды өңдеу жүйесі мәліметтерді өңдеу жылдамдығына байланысты пакетті А.Ж. және жедел А.Ж - лер деп бөлінеді.

Ұйымдастырушылық басқарудағы А.Ж – лерге транз. өңдеудің оперативті режимі қолданылады.(OLTP-Online Transaction Proccessing) - уақыттың сәтінде пәндік аймақтық өзекті жағдайын бейнелеу.

OLTP жүйесі үшін қарапайым транзакциялардың (тапсырыстар, төлемдер, сұраныстар) жеткілікті түрдегі қарқынды ағыны сәйкес келеді.

Қойылатын талаптардың маңыздылығы:

1)транзакцияларды өңдеудің жоғары өнімділігі;

2)телекоммуникация б/ша МҚ-ына қашықтан кіруде ақпараттың жету кепілдемесі.

- Менеджменттің А.Ж- сі – менеджменттердің қызметтік әрекеттерін қолдайды;

- Офистік автоматтандырылған жүйе - офистік қызметкерлер үшін;

- Шешімдерді қабылдау жүйесі (СПР- система поддержки решений)- менеджерлер мен аналитиктердің шешімдер қабылдануында қолданылады;

- орындаушылық А.Ж. – жоғары басқарушылардың шешімдерін қолдайды.

- ИАЖ (интелектуалды АЖ).

- Ақпараттық – анықтамалық жүйелері.

5) А.Ж.- дің ұйымдастыру тәсілі б/ша жіктелуі.

- файл-сервер архитектурасы;

- клиент-сервер архитектурасы;

- көпдеңгейлі архитектурасы;

- Интернет/Интернет технологиялары негізінде.


2- тақырып. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың концепциясы.

АЖ.жобалардың әдіснамасының негіздері.

1.АЖ б/ша өмірлік цикл.

АЖ жобалаудың әдіснамасының негізгітүсініктерінің бірі- оның бағдарламалық қамтамасыздандыруының (БҚ) өмірлік циклі түсінігі. БҚ ОЦ-оны жасаудың қажеттілігі туралы шешім қабылдаған уақыттан қолданудан толық шығарылып тасталатын уақытына дейінгі үзіліссіз процесс.

БҚ ОЦ регламентіне берілетін негізгі нормативті құжат ISO/IEC 12207 халықаралық стандартты болады.

ISO – International Organization of Standardization- международная организация по стандартизации, IEC- International Electrotehnical commission – Международная комиссия по электротехнике.

Ол БҚ жасау уақытында орындалатын процестерді, әрекеттерді және міндеттерді құрайтын ОЦ құрылымын анықтайды.

ISO/IEC 12207 стандарты б/ша БҚ ОЦ- інің құрылымы процестердің 3 тобына негізделген:



  • БҚ ОЦ – інің негізгі процестері (алу, жеткізіп беру, әзірлеу, эксплуатация, сүйемелдеу/сопровождение).

  • Негізгі процестердің орындалуын қамтамасыз ететін қосымша процестер (құжаттау, конфигурацияны басқару, сапаны қамтамасыз ету, верификация, аттестация, бағалау, аудит, мәселелерді шешу).

  • Ұйымдастырушылық процестер (жобаларды басқару, жобалардың инфрақұрылымын жасау, ОЦ- дің өзін жақсарту және бағалау , оқу).

БҚ ОЦ әзірлеу БҚ жасау бойынша барлық жұмыстарды жобалау және эксплуатациялық құжаттарды, жұмыс жасау қабілеттілігі үшін қажет материалдарды даярлау, бағдарламалық өнімнгің сапасының сәйкестілігін, қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыруға қажетті материалдарды қамти отырып, берілген талаптарға сай компоненттердің сәйкестігін қамтиды.

Эксплуатация қолданысқа БҚ компоненттерін енгізу бойынша жұмыстарды атқарады, бұның ішінде мәліметтер қорын және пайдаланушылар орнын конфигуруциялау, эксплуатациялық құжаттармен қамтамасыз ету, қызметкерлерді оқытуды жүргізеді.

Жобаны басқару жұмыстарды жоспарлау және ұйымдастыру, әзірлеушілердің колективін жинақтаумен, орындалатын жұмыстардың мерзімін және сапасын бақылаумен айналысады.

Жобаны техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жобаны жүзегеасыратын әдістермен инструменталды құралдарды таңдауды қамтамасыз етеді.

Жобаның сапасы АЖ-ні верификация, тексеру және тестілеумен байланысты.

Верификация – осы кезеңде жеткен АЖ-ні әзірлеудегі ағымдағы жағдайы осы кезеңдегі талаптарына жауап беретінін анықтайтын процесс.

Тексеру әзірлеудің параметрлерінің бастапқы талаптарымен сәйкестігін бағдарламалауға мүмкңндңк береді.Тексеру нақты және күтілетін нәтижелердің арасындағы айырмашылықтарды теңестірумен және АЖ-нің бастапқы талаптарымен сәйкестігін бағалаумен байланыстыболатын тестілеумен де сәйкес келеді.

Жобаны жүзеге асыру процесінде идентификация (текңестіру) сұрақтары, конфигурацияның жекелеме компоненттерінің және тұтастай жүйенің өзін сипаттау және бақылау сұрақтары маңызды орын алады.

Конфигурацияны басқару АЖ-дің ОЦ-інің негізгі процестерін қолдайтын, АЖ-ні әзірлеу және сүйемелдеу процестері.Әрбір компоненті әр түрлі және әр нұсқалы болатын көптеген компоненттерден тұратын.Күрделі АЖ-дің жобаларын жасау барысында олардың байланыстары мен функциялары есепке жасап алу мәселесі,бір текті және жүйенің толықтай қамтамасыз ету мәселелері туындайды. Конфигурацияны басқару оң барлық кезеңінде АЖ-ні ұйымдастыруға енгізетін өзгерістерді жүйелі түрде есепке алып, бақылауға мүмкіндік береді.

АЖ-нің ОЦ-нің әрбір процесі жекеленген есептермен және оларды шешу әдістермен, алдыңғы кезеңде алынған бастапқымәліметтермен және нәтижелерімен мәнездемелері.

Талдаудың нәтижелері функционалдық моделдер, ақпараттық моделдер және оларға сәйкес диаграммалар бола алады.

АЖ- дің ОЦ-і итерациялық сипатта болады.

2. ОЦ-дің моделі дегеніміз ОЦ барысында орындалатын міндеттер мен әрекеттердің, процестердің орындалудың және өзара байланысының тізбегін анықтайтын құрылым. ОЦ-дің моделі АЖ-дің ерекшелігіне байланысты.

Қазіргі кезде ОЦ-дің екі моделі кеңінен тараған:

1)каскадты модель(70-85ж)

2)спиральді модель(86-90ж)

Каскадты модельдің негізгі мінездемесі АЖ-ні әзірлеуді кезеңдерге бөлу, бір кезеңнен екінші кезеңге өту ағымдағы кезеңдегі жұмыс толығымен аяқталғанда ғана жүреді. Әрбір кезең АЖ-ні әзірлеу әзірлеушілердің басқа командасына тапсырылатындай құжаттардың толық жинаымен аяқталады.
Талдау
Жобалау

Жүзеге асыру

Ендіру
Сүйемелдеу

АЖ-ні жобалаудың каскадты схемасы.

Каскадты модельдің жағымды жақтары:


  • әрбір кезеңде аяқталған жобалау құжаттарының пакеті қалыптасады.

  • Логикалық тізбектегі жұмыс кезеңдері барлық ...

Каскадты тәсіл АЖ-ні әзірленудің басында әзірленушілерге барлық талапларды толық және дәл қоятындай АЖ-ді тұрғызуда өте ыңғайлы.

Негізгі кемшілігі: нәтижелерді алудың көп кешіктірілуі.
Талдау

Жобалау

Жүзеге асыру

Ендіру

Сүйемелдеу

Каскадты моделдің проблемеларын шешу мақсатында АЖ-дің ОЦ-нің спиральді моделі ұсынады. Мұнда талдау және жобалау кезеңдеріне басты назар аударылған.Бұл кезеңдерде техникалық шешімдердің жүзеге асырылуы прототиптерді жасау жолымен тексеріледі. Спиральдің әрбір ұшы АЖ-ні жасаудың үзіндісіне немесе нұсқасына сәйкес келеді, сонда жобаның мақсаттары мен мінездемелері нақтыланады жіне сапасын анықтай отырып, спиральдің келесі ұшының жұмысы жоспарланады. Осылайша жобаның детальдары тереңдетіліп, нақтыланады, нәтижесінде жүзеге асырылатын негіздемесі бар нұсқа таңдалынады.

Итерациялық әзірлеужүйені жасаудың объективті спиральді циклды бейнелейді.

Әрбір кезеңнің жұмысының толық аяқталмауы оны күтпей-ақ келесі кезеңге өтуге мүмкңндік береді, яғни итерациялық тәсілде жетпей тұрған жұмысты келесі итерацияда орындауға болады. Басты міндеті – пайдаланушыларға жұмыс жасауға қабілетті өнімді тезірек көрсету, ұсыну болып табылады.

Спиральді циклдің негізгі проблемасы – келесі кезеңге өту сәтін анықтау. Оны шешу үшін ОЦ-дің кезеңдерінің әрбіреуіне уақытша шектеу енгізу керек. Кезеңнен кезеңге өту жоспарға сәйкес жүзеге асырылады, тіпті жоспарланған барлық жұмысаяқталмаса да. Жоспар алдындағы жобалардан және әзірлеушілердің жеке тәжірибесінен алынған статистикалық мәліметтер негізінде құрылады.
3-тақырып. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың әдістемелік принциптері.

АЖ-ді жобалаудың әдіснамасы мен технологиялары.

АЖ-дің жобасының негізін құраушылар:


  • жобалаудың әдістері.

  • Жобалаудың технологиялары.

  • Жобалаудың аспаптық құралдары(CASE құралдары)

АЖ-ді жобалаудың әдістері және технологиялары.

Жобалау әдістері мен инструменталды құралдары (CASE-құралдары) АЖ-нің жобасын орындаудың формальданған пәнінің орталық бөлігін құрайды.

АЖ-ді жобалаудың әдісі дегеніміз нақты анықталған нотацияларды қолданып әзірленетін жүйенің әртүрлі аспектілерін сипаттайтын модельдерді жасаудың процестерінің жиынтығы.

Әдіс мынандай құраушылардың жиынтығы ретінде анықталады.

1)Концепциялар және теориялық негіздер.Бұндай негіздер ретінде құрылымды немесе объектіге бағытталған тәсіл қарастырылады;

2)Жобаланатын жүйенің тәртібінің динамикасының және статикалық құрылымының модельдерін тұрғызуда қалданылатын нотациялар; әдетте нотациялар ретінде графиктік диаграммалар қолданылады, себебі олар неғырлым көрнекті және қабылдауға қарапайым.

(Мысалы: мәліметтер орнының диаграммалары, “мән-байланыс” диаграммасы-құрылымдық тәсілде, ал 0-ге бағытталған тәсілде қолдану қолдану нұсқаларының диаграммалары, кластар диаграммасы).

3) Әдістің практикалық қолданысын анықтайтын процедуралар: модельдерді тұрғызу тізбектілігі және ережелері, нәтижелерді бағалауда қолданылатын критерийлер.


Жобалаудың әдіснамасы ОЦ-дің процестерңн орындауды қамтамасыз ететін нақты технологиялар және олардың қолданылатын стандартты әдістемесі және аспаптық құралдары арқылы жүзеге асырылады.

Жобалаудың технологиясы төмендегі құраушылардың жиынтығы ретінде анықталады:



  • Жобалаудың технологиялық амалдарының тізбегін анықтайтын қадамдық процедуралар;

  • технологиялық амалдарыдың орындалу нәтижесін бағалауда қолданылатын критерийлер мен ережелер;

  • Жобаланатын жүйені сипаттау үшін қолданылатын графикалық және мәтіндік құралдар;

Жобалаудың технологиялық амалдарының көрсетілімі.

Әдістемелік материалдар,

Нұсқаулар, нормативтер,

нәтижелерді бағалау критерийлері.

Стандартты көрсе- Технологиялық Стандартты көрсе-

тілімдегі бастап- амалдар тілімдегі нәтижелер

қы мәліметтер

(құжаттар, жұмыс

материалдары, ал- Орындаушылар,

дыңғы амалдар программалық және

нәтижелері) техникалық құралдар.


Технологияның негізгі мазмұнын құрайтын технологиялық нұсқаулар орындалатын амалдарға байланысты технологиялық амалдардың тізбегінің, шарттарыңың және амалдарының өздерінің сипаттамасынан тұрады.

АЖ-ді жобалау , әзірлеу және сүйемелдеу технологиясы мынадай талаптарды қанағаттандыру керек:

1)технология АЖ-нің ОЦ-ін толық қолдау керек;

2)технология АЖ-ді әзірлеудің мақсаттарына жетуді берілген сапаға және уақытқа сәйкес қамтамасыз етуі қажет;

3)технология ірі жобаларды ішкі жүйелер ретінде орындау керек, яғни жобаның декомпозиция мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

4)технология жеке ішкі жүйелерді жобалау б/ша үлкен емес топтармен (3-7 адам) жүргізуді қамтамасыз ету;

5)технология жұмысқа қабілетті АЖ-ні қысқа уақытта алуды қамтамасыз ету керек;

6)технология жобаның конфигурациясын басқаруын қамтамасыз ету керек, жоба құжаттарын автоматты түрде шығаруын және оның версияларын жоба версияларымен синхрондығының мүмкіндігін қамтамасыз ету керек;

7)технология орындалатын жобалық шешімдердің АЖ-ді жүзеге асыру құралдарынан тәуелсіздігін қамтамасыз ету керек;

8)технология ОЦ-дің барлық кезеңдеріне орындалатын процестерді автоматтандыруды қамтамасыз ететін келісілген CASE – құралдарының кешендерімен атқарылуы керек.

АЖ-ді жобалау, әзірлеу және сүйемелдеу технологиясы мынандай стандарттарды сақтауы тиіс:

1)Жобалау стандарты;

2)Жобалық құжаттарды безендіру стандарты;

3)Пайдаланушы интерфейсі стандарты.


4-тақырып. Ақпараттық жүйелердің компоненттерін жобалаудың модельдері мен әдістері.

RAD әдіснамасы.

ОЦ- дің спиральді моделінің шеңберінде АЖ-ді әзірлеудің мүмкін тәсілдерінің бірі болып соңғы уақыттарда кеңінен таралған.

RAD (Rapid Application Devolopment) – қосымшаларды жылдам жасаудың әдіснамасы болып табылады.

Бұл термин бойынша 3 элементті құрайтын АЖ – ді әзірлеудің процесі түсіндіріледі:


  • програмисттердің үлкен емес командасы (8-10 адам);

  • қысқа, бірақ тиянақты атқарылатын ойында график (3 ай);

  • қайталанатын цикл.

RAD әдіснамасы бойынша АЖ-дің ОЦ-і 4 кезеңнен тұрады: 1) талаптарды талдау және жоспарлау кезеңі;

2) жобалау кезеңі.

3) жобаны жүзеге асыру кезеңі;

4) жобаны енгізу кезеңі.

1-кезең талаптарды талдау және жоспарлау кезеңінде жүйені пайдаланушулар жүйені орындайтын функцияларды анықтайды, олардың ішінен алғашқы болып өңдеуді талап ететін неғұрлым приоритетті функциаларды ерекшелейді, ақпараттық қажеттіліктерді сипаттайды. Жоба масштабы шектеледі, келесі кезеңдердің әрбіреуі үшін уақыт шектеулі анықталады. Осы кезеңнің нәтижесінде болашақ АЖ-нің функциаларының тізімі мен приоритеттілігі, функцианалдық және ақпараттық моделдері нақтыланады.

«Жобалау» кезеңінде пайдаланушылардың бөлігі әзірлеуші-мамандардың жетекшілігімен жүйенің техникалық жобалауына қатысады. Қосымшалардың (бағдарламалардың) жұмыс істейтін прототиптерін жылдам алу үшін сәйкес инструменталды құралдар (CASE-құралдар) қолданылады.Пайдаланушылар әзірлеушілермен тікелей байланыс жасай отырып, алдыңғы кезеңде анықталмаған талаптарды (жүйеге қатысады) нақтылайды, толықтырады. Осы кезеңде мынандай әрекеттер орындалады:

1) жүйенің процестері нақты қарастырылады;

2) қажетті болса әр қарапайым процесс үшін жекелеме прототиптер жасалады: экрандық форма, диалог, анық емес немесе бір мәнді еместіліктерді жоятын есептер.

3) мәліметтерге қатынау шектеу талаптары анықталады.

Осыдан кейін әзірленетін жүйенің функционалды нүктелерінің (function point) саны бағаланады және АЖ-ні ішкі жүйелерге бөлу шешімі қабылданады (RAD-жоба уақытында (3 айға дейін) әзірлеуші топтың жүзеге асыра алатын ішкі жүйелеріне) функционалды нүкте деп әзірленетін жүйенің мына әлементтерінің түсіндіріледі:



  1. қосымшаның кіріс элементі (кіріс құжат немесе экрандық форма)\

  2. қосымшаның шығыс элементі (шығыс құжат немесе экрандық форма)

  3. сұраныс (”сұрақ/жауап”жұбы)

  4. логикалық файл, яғни қосымшаның ішінде қолданылатын мәліметтер жазуларының жиынтығы.

  5. Қосымшаның интерфейсі, яғни басқа қосымшаға берілетін немесе одан алынатын мәліметтер жазбаларының жиынтығы.

CASE-құралдар. Жалпы мінездемесі және жіктелуі.

CASE-құралдарына АЖ-дің өмірлік циклінің процестерінің жиынтығын автоматтандыратын бағдарламалық құрал жатады және мынандай негізгі мінездемелік ерекшеліктерімен сипатталады:



  1. Әзірлеушімен ыңғайлы интерфейсті қамтамасыз ететін және оның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытатын АЖ-ді сипаттау және құжаттау үшін қуатты график құралдар;

  2. АЖ-ді әзірлеудің үрдісін қамтамасыз ететін CASE-құралдарының жекелеме компоненттерінің интеграциясы.

  3. Жобалық метамәліметтердің (репозитория) ұйымдастырған қоймасын арнайы қолдану;

Интеграцияланған CASE-құрал мынандай компоненттерден тұрады:

1. CASE-құралдың негізі болатын репозиторияны.Ол жоба версияларын сақтауды және оның жекелеме компоненттерін, топтық әзірлеуде әртүрлі әзірленушіден түскен ақпаратты синхронизациялануды және қарама-қайшы еместігіне бақылауды қамтамасыз етуі керек;

2. АЖ-дің моделін құрайтын иерархиялық байланысқан диаграммаларды (абциссаны DFD,DRD...) жасауды және редакторлауды қамтамасыз ететін талдау мен жобалаудың графиктік құралдары;

3. 4GL тілдерін және кодтар генераторларын қамтитын қосымшаларды әзірлеудің құралдары;

4. Конфигурациялық басқару құралдары;

5. Құжаттау құралдары;

6. Тестілеу құралдары;

7. Жобаны басқару құралдары;



  1. Реинжиниринг құралдары;

Қазіргі барлық CASE құралдары типі және категориясы бойынша жіктелуі.

Типі бойынша жіктелу CASE-құралдардың ОЦ-дің әрбір үрдістерінің функционалдық бағытын көрсетеді.

Категориясы бойынша жіктелу орындалатын функциялар интеграциялану дәрежесін анықтайды және үлкен емес автономды есептерді шешетін жекелеме локальді құралдарды, АЖ-дің ОЦ-інің кезеңдерінің мейлінше көбін қамтитын жартылай интеграцияланған құралдардың жиынын қамтиды.

CASE-құралдары мынандай белгілері бойынша да жіктеуге болады:

1)қолданылатын әдіснамасы және модельдері және МҚ бойынша;

2)МҚБЖ-мен интеграциясы дәрежесімен;

3)қолданылатын платформасы бойынша;

Қазіргі метологиялар және оларды іске асыратын технологиялар CASE құралдарымен бірге электрондық түрде көрсетіледі және методология бағытталған БҚ-дың жүйелерін құруға арналған процестер кітапханасынан, шаблонардан, әдістерден, модельдерден және басқа да компоненттерден тұрады. Электрондық методологиялар нақты пайдаланушылар үшін бейімделуді және нақты объекттерді орындау нәтижелері бойынша методологияның дамуын қамтамасыз ететін құралдарды қамтиды.

Бейімделу процесі ӨЦ-дің қажет емес процестерін, әрекеттері мен методологияның басқа да компоненттерін жою, сәйкес келмейтін процестер мен әрекеттерді, сонымен қатар, әтістерді, модельдерді, стандарттарды өзгерту болып табылады. Методологияны реттеу келесі аспектілер бойынша іске асырылады: ӨЦ – дің кезеңдері мен операциялары, жоба әзірлеушілері, ӨЦ – дің қолданылатын моделдері, концепциялар және т.б.

Электрондық методологиялар мен технологиялар (және CASE құралдары) АЖ – ні құру ортасының ұйымдастырылған аспаптық құралдар комплексінің ядросын жасайды.



3.1.1 DATARUN методологиясы

Дүние жүзінде электрондық методологиялардың ішіндегі кең таралған түрлерінің бірі DATARUN методологиясы болып табылады. DATARUN методологиясына сәйкес БҚӨЦ ISO 12207 стандартымен анықталатын негізгі процестерді орындау нәтижелерімен байланысатын кезеңдерге бөлінеді. Әрбір кезең келесі кезеңнің жұмыс жоспарымен аяқталуы керек.

Талаптарды құру мен жоспарлау кезеңі жобаның құны мен бастапқы бағалар көлемін анықтайтын әрекеттерді қамтиды. АЖ – ні құруға арналған талаптар мен экономикалық негіздеуді құру қажет (сформулировать). Сонымен қатар, жобаның іске асырылуының техникалық бағалануына негіз болатын мәліметтердің бастапқы концептуалды моделі мен функционалдық модельдерді (мекеменің бизнес - процестер модельдерін) құру керек. Осы кезеңнің негізгі нәтижелері ретінде мекеме қызметінің(процестер мен мекеме мәліметтерінің бастапқы модельдері), жүйеге қойылатын талаптардың модельдері мен бастапқы бизнес – жоспар болуы керек.

Жобалаудың концептуалды кезеңі бастапқы мәліметтердің детальді талдануы мен мәліметтердің концептуалды моделін анықтаудан басталады. Содан кейін жүйенің архитектурасы жобаланады. Жүйе архитектурасы концептуалды моделдің көз жетерлік ішкі модельдерге бөлінуін қамтиды. АЖ – ді пайдаланудың мүмкіндігі бағаланады және оларды түрлендрудің сәйкес әдісі таңдалады. Жоба құрылғаннан кейін бастапқы бизнес – жоспар анықталады. Осы кезеңнің қорытынды компоненттері болып мәліметтердің концептуалды моделі, жүйе архитектурасының моделі және анықталған бизнес – жоспар табылады.

Қосымшаларды спецификациялау кезеңінде жобаны құру мен детализациялау процесі жалғасады. Мәліметтердің концептуалды моделі мәліметтердің реляциялық моделіне түрленеді. Қосымшаның құрылымы мен экрандар, есептер(отчет) мен пакеттік процестер түрінде көрсетілетін қажетті интерфейстері анықталады. Мәліметтердің моделі әр кесте үшін бизнес – ережелермен және әдістермен анықталады. Осы кезең аяқталған кезде қосымшаларды жүзеге асыру әдісі туралы тиянақты шешім қабылданады. Кезеңнің нәтижелері бойынша АЖ архитектурасының, мәліметтердің, функциялардың, интерфейстердің(сыртқы жүйелер мен пайдаланушылармен бірге), өңделетін қосымшаларға арналған талаптардың, қосымшаларды интеграциялау талаптарының моделдерін қамтитын АЖ жобасы құрылуы керек. АЖ – ні құрудың ақырғы жоспары жасалуы қажет.

Әзірлеу, интеграциялау және тестілеу кезеңінде мәліметтердің жеке және комплекстік тесттері, тестілік қоры жасалуы керек. Жобаға сәйкес МҚ мен қосымшалардың әзірленуі, тестіленуі мен прототиптелінуі өткізіледі. БҚ – дың ағымдағы нұсқасының конфигурациясы сипатталады. Тестілеу нәтижесі негізінде МҚ мен қосымшалардың оңтайландырылуы өткізіледі. Қосымшалар жүйеге интеграцияланғаннан кейін қосымшалардың тестіленуі өткізіледі. Кезеңнің негізгі нәтижелері ретінде жүйедегі комплекстік тестілеуден өткен дайын қосымшалар, БҚ конфигурациясының ағымдағы сипатталуы, сынау нәтижелері бойынша түзетілген жүйенің нұсқасы мен жүйені эсплуатациондық құжаттау болып табылады.

Енгізу кезеңіне МҚ мен қосымшаларды енгізу мен орнату әрекеттері кіреді. Кезеңнің нәтижелері ретінде эксплуатацияға дайын және тапсырыс берушінің бағдарламалық – аппараттық платформасына ауыстырылған жүйенің нұсқасы, сүйемелдеу құжатталуы (документациясы) мен эксплуатация нәтижелері бойынша қабылдау сынақтарының акті болуы қажет.

Сүйемелдеу мен даму кезеңдерінде қателерді тіркеуге, табу мен жоюға, өзгертулерді енгізу мен тестілеуге, БҚ – дың жаңа нұсқаларын тираждау мен таратуға, қосымшаларды жаңа платформаға ауыстыру және жүйені масштабтауға байланысты процестер мен операцияларды ұйымдастырады. Даму кезеңі әзірлеу кезеңінің қайталау итерациясы болып табылады.

DATARUN методологиясы 2 модельге негізделген:


  • Мекеме моделі;

  • АЖ моделі.

DATARUN методологиясы мекеме қызметін сипаттауды жүйелі түрде көрсетуге негізделген. Модельдерді жасау процестерді сипаттаудан басталады. Процестерден бастапқы мәліметтер алынады. Бастапқы мәліметтер мекеменің өнімдерін немесе қызметтерін, орындалатын операциялар(транзакциялар) мен пайдаланатын ресурстарын сипаттайды. Бастапқы мәліметтерге сыртқы және ішкі мәндер, яғни, клиенттер немесе агенттіктер жатады. Сонымен қатар, бастапқы мәліметтер ретінде шешімдерді қабылдау нәтижесінде алынған мәліметтер алынады. Мысалы, жұмыс графигі, тауарлар бағасы.

DATARUN методологиясының негізгі принципі - бастапқы мәліметтердің АЖ архитектурасын жобалау үшін негіз болуы. АЖ архитектурасы тұрақты болады, егер ол бизнестің көрінісін анықтайтын негізгі операциялармен тығыз байланысқан бастапқы мәліметтерге негізделген болса.

Кез келген АЖ (3.1 сурет) процессорлармен орындалатын және МҚ – мен өзара әрекеттесетін модульдер жиынын көрсетеді. МҚ мен процессорлар орталықтандырылған немесе үлестірілген болуы мүмкін. Барлық транзакциялар бір немесе бірнеше МҚ – мен өзара әрекеттесетін интерфейстер модулі немесе объектілер арқылы жүзеге асады.

3.1. сурет. АЖ моделі.
DATARUN методологиясының 2 мақсаты болады:


  • АЖ құрылатын тұрақты құрылымды анықтау. Мұндай құрылым ретінде мекеменің фундаментальді процестерін көрсететін бастапқы мәліметтерден алынатын мәліметтер моделі болып табылады;

  • Мәліметтер моделі негізінде АЖ – ні жобалау.

Мәліметтер моделінің негізінде құрастырылған объектілер клиент-сервер ортасының серверлерінде орналасатын МҚ – ның объектілері болып табылады. Компьютерлік жүйе архитектурасында анықталған интерфейс объектілері, әдетте, клиенттік бөлігінде орналасады. МҚ – ның пайдаланатын объектілері мен интерфейстің әртүрлі объектілерін спецификациялау үшін негіз болып табылатын мәліметтер моделі АЖ – нің сүйемелденуін қамтамасыз етеді. 3.2 суретінде АЖ – ні жобалаудағы қадамдардың реті көрсетілген.

3.3 суретінде АЖ – ні әзірлеу прцесінде құрылған модельдер көрсетілген. Оларды құру үшін 5.1. бөлімінде сипатталған CASE – құралы Silverrun қолданылады. Silverrun DATARUN методологиясына сәйкес жобалық жұмыстардың өткізілуінің автоматтандырылуын қамтамасыз етеді. Осы құралдармен көрсетілетін жобалау ортасы жоба басқарушысына жұмыс әрекетін бақылау, жұмыстың орындалуын қадағалау, жұмыс тәртібінен ауытқуларды дер кезінде байқау мүмкіндігін береді. Жобаның кез келген қатысушысы осы ортаға қосылғаннан кейін өзіне берілген тапсырма мен орындау мерзімін біле алады, тапсырманы орындау техникасын детальді зерттей алады.

АЖ бизнес-процесстер моделдерінен басталып және осы процесстерді автоматтандыратын программалау моделімен аяқталатын моделдер қатарынан тізбектеліп құрылады.

BPM (Business Process Model) – бизнес-процесстер моделі

PDS (Primary Data Structure) – алғашқы мәліметтердің құрылымы

CDM (Conceptual Data Model) – мәліметтердің концептуалды моделі

SPM (System Process Model) – жүйе прцесстерінің моделі

ISA (Information System Architecture) – АЖ- нің архитектурасы

ADM (Application Data Model) –

IPM (Interface Presentation Model) – интерфейсті көрсету моделі

ISM (Interface Specification Model) – интерфейсті спецификациялау моделі.

Құрылып жатқан АЖ мекеме орындайтын фунуцияларға негізделуі керек. Сондықтан алғашқы құрылатын модель – бұл Silverrun BPM модулінде құрылымы іске асатын бизнес- процесстердің моделі. Бұл модель үшін арнайы BPM нотациясы қолданылады. Бизнес- фунуцияларды талдау мен спецификациялау процесінде мәліметтер құрылымы ретінде құжатталатын негізгі ақпараттық объектілер анықталады. Құрылымды құру үшін мекемеде пайдаланылатын құжаттар, инструкциялар, өндірістік операцияларды сипаттау пайдаланылады. Қажет емес ақпараттарды нормализациялау мен жою Silverrun ERX модулінде мәліметтердің концептуалды моделін құруда жүзеге асырылады. Бизнес-процестердің моделін құрғаннан кейін ақпарат жобаның репозиториінде сақталады.

Мекеме жұмысын зерттеу барысында алғашқы мәліметтер құрылымы анықталады және құжатталады. Осы құрылымдар мекемедегі құжаттарды, хаттарды, мәліметтерді сипаттау арқылы BPM модулінің репозиторийіне енгізіледі. Бизнес-процестер моделінде мәліметтердің алғашқы құрылымдары ақпараттың ағыны мен сақталуымен байланысты болады.

Мәліметтердің алғашқы құрылымдарының негізінде Silverrun ERX модулінде мәліметтердің концептуалды моделі(ER - моделі) құрылады. Концептуалды модель мәліметтердің алғашқы құрылымдарынан қажет емес ақпаратты жоюмен, нормализациямен және түсініктер атауларының стандартизациясымен ерекшеленеді. Бұл операциялар ERX модулінде кірістірілген экспертті жүйе арқылы жүзеге асады. Мәліметтердің концептуалды моделінің мақсаты – пайдаланылатын ақпаратты МҚ – нда ешбір детальсіз сипаттау.(нормализацияланған түрде).

Бизнес-процестер моделі мен мәліметтердің концептуалды моделінің негізінде АЖ – нің архитектурасы жобаланады. Жүйеге кіретін қосымшалар анықталады. АЖ архитектурасы арнайы ISA нотациясын қолдану арқылы Silverrun BPM модулінде құрылады. Осы моделдің негізгі мазмұны – жүйенің құрылымдық компоненттері мен олардың өзара новигациясы. Мәліметтердің концептуалды моделі қосымшаларға сәйкес болатын бөліктерге бөлінеді.

Қосымшаны құру алдында МҚ –ның корпоративті құрылымы жобалануы керек. DATARUN реляциялық моделге негізделген мәліметтер қорын пайдалануды ұсынады. Мәліметтердің концептуалды моделі нормализациядан кейін арнайы ERX- RDM арқылы Silverrun RDM реляциялық моделдеу модуліне ауыстырылады. Модельдің ERX форматынан RDM форматына түрленуі пайдаланушының әрекетінсіз автоматты түрде іске асады. Форматтардың түрленуінен кейін МҚ – ның реляциялық моделі пайда болады. Бұл модель Silverrun RDM модулінде физикалық іске асырылуының анықталуымен (МҚБЖ мәліметтерінің типтерінің, кілттердің, индекстердің, триггерлердің)нақтыланады. Мәліметтерді өңдеу ережелерін МҚБЖ программалау тілдерінде ғана емес, сонымен қатар, декларативті түрде де көрсетуге болады.

Жүйелік прцестерінің моделдері арқылы әр қосымшаның әрекеті неғұрлым дәлірек құжатталады(документируется). BPM модулінде бизнес – процестердің қалай жүзеге асатынын анықтайтын жүйелік процестер моделі құрылады. Бұл модель әр қосымша үшін жеке құрылады және қосымшаның мәліметтер моделімен тығыз байланысты болады.

Қосымша интерфейстік объектілерден (экрандық формалардан, есептерден, ақпаратты өңдеу процедураларынан) тұрады. Жүйенің әр интерфейсі (экрандық форма, есеп, мәліметтерді өңдеу процедуралары) мәліметтер қорының ішкі жиынымен байланысты болады.


5-тақырып. Корпоративті ақпараттық жүйелерді жобалаудың технологиясы.

Rational Rose – дегеніміз автоматтандыру процестерін талдау және ПО жобалау үшін арналған , сонымен қатар әртүрлі тілдердегі кодтарды генерациялауға және жоба ­ құжатнамаларды шығаруға арналған Rational Software Corporation фирмасының объекттілі - бағытталған Case құралдары.

Rational Rose UML тіліне негізделіп жобалау және обьектілі бағытталған талдау әдістерін қолданады. Rational Rose осы болжамасы C++, Visual C++, Visual Basic, Java, PowerBuilder, CORBA Interface Definition Language (IDL) бағдарламалар үшін кодтар генерациясын және ANSI SQL, Oracle, MS SQL Server, IBM DB2, Sybase үшін мәліметтер қорының генерация бейнеленуін, сонымен қатар диаграмма түріндегі жобалау құжаттарын және егжей- тегжейлерін іске асырады. Rational Rose жаңа жобаларда бағдарламалық компоненттерінің қайта қолдануын қамтамасыз ететін бағдарламалар мен мәліметтер қорының реверстік инжинирингтің құралдарынан тұрады.

Құрылымдар және функциялар. Rational Rose- да жұмыс істеудің негізі жүйе архитектурасының статикалық және динамикалық аспектілерін анықтайтын UML егжей- тегжейі мен диаграммаларды құру болып табылады. Rational Rose құрамындағы келесі алты негізгі құрылымдық компоненттерді белгілеуге болады: репозиторий, қолданушының графикалық интерфейсі, проектті қарау құралдары (браузер), проектті бақылау құралдары, документтердің статистикалық және генераторлық құралдарын жинау. Оларға сонымен қатар кодтар генераторлары (әрбір тіл үшін жеке) және реверстік инжинирингті қамтамасыз ететін C++ үшін анализатор кіреді.

Репозиторий проекттің мәліметтер қоры болып табылады. Брау­зер иерархия кластары бойынша орын ауыстыру, диаграммалардың бір түрінен екінші түріне ауысуды проект бойынша «навигацияны» қамтамасыз етеді.

C++ тіліндегі автоматы түрдегі генерация кодтар бағдарламасының құралдары компоненттер мен диаграммалар кластарында болатын бағдарламаны қолданады да тақырыптар және класстардың файлдары ­және объектілерін қалыптастырады. Осындай түрмен бағдарламаның «қанқасын» жасайды да ол C++ тілінде тура бағдарламалауда анықталады. C++- тағы кодтар анализаторы жеке бағдарламалық модуль тәрізді негізделген. Оның тағайындалуы C++- тегі қолданушы анықтайтын текстерінде болатын бағдарламаның негізінде Rational Rose- дағы проекттер модулін құру. Жұмыс барысында анализатор тексттердің дұрыстылығын және қателердің болдырмауын іске асырады. Оның жұмыс қорытындысында алынған модель бүтіндей немесе бөлшектей әртүрлі проекттерде қолданылуы мүмкін. Анализатордың кіріс және шығыс күі бойынша кең мүмкіншіліктері бар. Мысалы файлдар типін, компилятор қорларын , қандай анықтама моделге кіруі және қандай модель элементтері экранға шығуы екенің анықталуы мүмкін. Осындай мүмкіншіліктермен Rational Rose/C++ бағдарламалық компоненттердің қайта қолднылуын қамтамасыз етеді. Проектті құрудың қорытындысында Rational Rose- дың CASE құралдарының көмегімен келесі документтер құралады:



  • UML диаграммалары;

  • Кластар, обьектілер, атрибуттар және операциялар спецификациясы;

  • Бағдарламалар текстінің дайындау нүсқалары;

Бағдарлама тексті програмисттің келесі жұмыстары үшін дайындау нұсқалары болып табылады.

Келесі құралдармен әрекеттестік және топпен жұмыс жасау ұйымы.

Rational Suite келесі варианттары бар:



Rational Suite AnalystStudio- анықтау және толық жиындар талаптарын басқаратын құралдар жүйесі;

Rational Suite Development Studio- По- ны жобалау және орындауға арналған;

Rational Suite Test Studio- қосымшалардың автоматты түрде тестілеу үшін арналған нәрселер жиыны;

Rational Suite Enterprise- ПО- ның толық өмірлік циклін қамтамасық етеді;

Rational Suite жиынына Rational Rose- дан басқа келесі компоненттер кіреді:

Rational Requisite Pro- өңдірушілер тобының бірігіп жұмыс істеу ұйымы үшін арналған талаптармен басқару құралы;

Rational ClearCase– ПО конфигурациясымен басқару құралы;

Rational SoDA– жобалы құжаттаманың автоматты генерацияның құралы;

Rational Clear Quest- e-mail және web құралдар негізінде өзгерістерді басқару және пректте ақауларды қадағалау құралы;

Rational TeamTest– бағдарламаның орындалуы кезіндегі қателерді автоматты түрде табу және регресивті тестілеу өткізу үшін сценарилер генерациясының құралы;

Rational Robot– тестілердің автоматты түрде жіберілу және модификацияны құру құралы;

Rational Purify - Бағдарламаның орындалу кезіндегі қиын табылатын қателерді локализациялау құралы;

Rational PureCoverage– тестілеу кезінде өткізілген кодтың идентификациялау учаскісінің құралы;

Rational Quantify - Бағдарламаның толық жұмыс жасау нәтижелілігіне байланысты болатын тар орындар көлемін анықтау құралы;

•Rational Suite Performancestudio – «клиент-сервер» қосымшасы мен Web-қосымшасының жүктемелік тест құралы. Топтық жұмыстың ұйымы үшін Rational Rose-та модельді басқаратын ішкі модельдерге бөлуі мүмкін. Олардың әрбіреуі дискда тәуелсіз сақталады немесе модельге жүктеледі, r сапасында ішкі модельдер қаттама немесе ішкі жүйелерге қатысуға болады.



Функцияландыру ортасы. Rational Rose әр түрлі платформада функцияландырады: IBM PC {Windows 95/98/NT), Sun SPARCstations {UNIX, Solaris, SunOS), Hewlett-Packard (HP UX) IBM RS/6000 (ADC).

2.2.2. RATIONAL ROSE ОРТАСЫНДА ЖҰМЫС

Rose интерфейсі экранының элементтері - бұл браузер,құжаттар терезесі, құралдар тақтасы, диаграмма терезесі және журнал. Олардың белгілеулері келесі түрде сипатталады:

  • браузер {browser) – модель бойынша жылдам навигация үшін қолданылады.

  • құжаттар терезесі {documentation window) – модель элементінің текстік мазмұнының жұмысы үшін қолданылады;

  • құралдар тақтасы(toolbars) – таратылған топтарға жылдам рұқсат үшін қолданылады;

  • диаграмма терезесі (diagram window) – қарау үшін және бір немесе бірнеше UML диаграммасын саралауда қолданылады;

  • журнал (log) – қателерді көру үшін және әр түрлі топтардың орындағаны жөнінде есеп беруде қолданылады.

2.20-суретте Rose интерфейсінің әр түрлі бөліктері көрсетілген.

Браузер – модель бойынша навигацияны жүзеге асыруға рұқсат беретін иерархиялық құрылым. Оған қосылатындардың барлығы – әрекет етуші жеке тұлғалар, қолдану нұсқалары, кластар, компоненттер браузер терезесінде көрсетілетін болады.

Браузердің көмегімен төмендегілерді орындауға болады:



  • моделге элементтерді қосу;

  • моделдің бар элементтерін қарастыру;

  • моделдің элементтерінің арасындағы бар байланыстарды қарастыру;

  • модель элементтерінің орнын ауыстыру;

  • бұл элементтерді өзгерту;

  • диаграммаға модель элементтерін қосу;

  • элементті файлмен немесе Интернет адресімен байланыстыру;

  • қаттамада элементтерді топтастыру;

  • элементтің деталденген спецификациясымен жұмыс жасау;

  • диаграмманы ашу.

Браузер төрт көрсетуді қолдайды(view): қолдану нұсқаларының көрсетілуі, компоненттер, орналастыру және ло­гикалық көрсетілу. Олардың барлығы және де оған кіретін модельдің элементтері төменде сипатталған.

Браузердің ұйымы бұрынғы құрылымды көрсетеді. Модельдің әрбір элементі оның иерархиясының төменгісінде орналасқан басқа элементерден тұруы мүмкін. «-» белгісі-яғни, оның тарауы толығымен ашық. «+»белгісі – яғни, оның тарауы жиналған.

Құжаттар терезесі. Оның көмегімен Rose моделінің элементтерін құжаттауға болады. Мысалы, әрбір әрекет етуші жеке тұлғаға қысқаша сипаттама жасауға болады. Құжаттар Rose ортасында құрылатын есеп беру сияқты енгізілетін болады.

Құралдар тақтасы. Rose кеңейтілген топтарға жылдам рұқсатты қамтамасыз етеді. Бұл ортада құралдар тақтасының екі типі бар: стандартты тақта және диаграмма тақтасы. Стандартты тақта әрқашан көрініп тұрады, оның баспалары кез келген диаграммамен жұмыс жасау үшін қолданылатын топтармен сәйкес келеді. Диаграмма тақтасы UML диаграммасының әрбір типі үшін қолданылады.

Барлық құралдар тақтасы қолданушымен өзгеруі немесе реттелуі мүмкін. Бұл үшін Tools > Options меню пунктін, одан кейін Toolbars қалтасын таңдаңыз.

Келесі түрде стандартты құралдар тақтасын(диаграмманың құралдар тақтасын) көрсетуге немесе жасыруға болады:

  1. Tools > Options пунктін таңдаңыз.

  2. Toolbars қалтасын таңдаңыз.

  1. Көрінетін немесе көрінбейтін стандартты құралдар тақтасын жасау үшін Show Standard ToolBar (не Show Diagram ToolBar) тексеру ауыстырғышын белгілеңіз (не белгішені алыңыз).

Құралдар тақтасында баспаның өлшемін үлкейту үшін:

  1. Көрсетілген панелге барып, тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.

  2. Жылжитын менюде Use Large Buttons (Үлкен баспаны қолдану) пунктін таңдаңыз.

Құралдар тақтасын реттеу үшін:

  1. Көрсетілген панелге барып, тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.

  2. Customize (реттеу) пунктін таңдаңыз.

  3. Баспаны қосу немесе өшіру үшін сәйкес келетін баспаны таңдап алыңыз,содан кейін Add(қосу) немесе Remove (өшіру) баспасын тышқанмен шертіңіз. 2.21-сурет.

Диаграмма терезесі. Мұнда UML-модельдің бір немесе бірнеше диаграммасы көрініп тұрады. Диаграманың элементінде Rose өзгеруінде автоматты түрде браузер жаңартылады. Элементте өзгертілу кезінде Rose браузерінің көмегімен сәйкес диаграммалар автоматты түрде жаңартылады. Бұл қарама қайшылықсыз жағдайда модельді қолдауда көмектеседі.

Журнал. Жұмыстың әрекетіне қарай сіздің моделіңіздегі анықталған ақпарат журнал терезесіне бағытталатын болады. Мысалы, оған кодты генерациялағанда шығатын қате жөніндегі хабар кіреді. Журналды мүлде жабу тәсілі болмайды,бірақ оның терезесі кішірейтілген болуы мүмкін.

Rose моделінің төрт жағдайда қарастырылуы


Rose моделінің төрт жағдайда қарастырылады- ол нұсқаның қолданылуы, логикалық үйлестірілуі, компонент және таратылу үйлестірілуі. Әрбіреуі өзінің маңыздылығы бойынша және сәйкес аудиторияға байланысты . Кітаптың келесі тарауларда біз қысқаша бұл модельдердің сипаттамасын береміз.

Нұсқаның қолдануы орындаушыларды , нақты диаграмма жүйесінің толық нұсқаларын және ол кейбір тізбектілік диаграмма және кооперативті диаграммасын құрайды. 2.22 суретте Rose браузердің нұсқаның қолданылуы көрсетілген.

Нұсқаның қолданылуы келесіден тұрады:


  • Орындаушы

  • Қолдану нұсқасы

  • Қолдану нұсқасының құжаттарды ( оларда болған оқиғалар ағынын қателерді жөндейді).Бұл пиктограмма Rose моделіне қосылған сыртқы файлға ұқсас. Пиктограмманың пішіні оқиғалар ағынына қолданылған құжаттармен сәйкес болуы керек.

  • Қолдану нұсқасының диаграммасы. Жүйенің бірнеше бұндай диаграммалар болады, олардың әрқайсысы ішкі орындаушыларды немесе қолдану нұсқасын құрайды.

  • Пакеттер, олар қолдану нұсқасының топтары немесе орындаушылар.

Логикалық үйлестірілуі (2,23 сурет) қолдану нұсқасында жүйе қалай өзінің әрекеттерін іске асыруын қарастырылады. Ол нақты суретті ,өзінде болған нақты бөліктерді береді. Логикалық үйлестірілуі өзіне қосады: нақты қарастырылатын кластар және диаграмма құрылымы.Олардың көмегімен жүйеде қарастырылатын деталдық проект құрастырылады.

Логикалық үйлестірілуі құрайды :



  • Кластар

  • Кластар диаграммалар. Жүйені көрмсету үшін бірнеше кластар диаграммалар құрайды, олардың әрбіреуі әрбір жүйеде ішкі кластары бар.

  • Қолдану нұсқасында оқиғалар ағынының объектілерді көрсеті үшін қолданылатын қарам-қатына диаграммалары.

  • Жағдайлар диаграммасы.

  • Кластардың топтармен қарым-қатынас жасыйтын пакеттер.

  • Компоненттер үйлестірілуі құрайды:

  • Физикалық кодтын модульдерді құрайтын компоненттер.

  • Компоненттер диаграммалары.

  • Топтар мен компоненттер арасындағы байланыс жасайтын пакеттер.

Таратылу үйлестірілуі- бұл Rose –нің ең соңғы үйлестірілуі. Ол логикалық архитектурадан өзгеше болатын жүйенің физикалық таратылуына сәйкес келеді.
Таратылу үйлестіруге кіреді :

  • Жадының оларға сәйкес облыста болатын (threads) оқиғалар ағынының процессорлар.

  • Өзгеше қарастырылған мәліметтер , әртүрлі компьютерлер қосатын процессорлар.

  • Құрал- жабдықтар: мәліметтерді өндей алмайтын әртүрлі аппаратура . Мысалы (кіруі-шығарылуы терминалдар және принтерлер).

  • Таратылуы диаграммасы.

  • Атрибуттарды және операцияларды көрсету.

  • Операцияларды скрыть

  • Атрибуттарды

  • Кейбір атрибуттарды немесе операцияларды көрсету.

  • Операцияларды олардың толық сигнатурамен немесе тек қана олардың аттарын ғана көрсету.

  • Атрибуттарды және операцияларды көрсету немесе көрсетпеу.

  • Атрибуттардың стереотиптерді және операцияларды көрсеті немесе көрсетпеу.

Параметрдің әрбір мәнін Tools>Options пунк меню арқылы көрсетуге болады.

Берілген кластын диаграммасында болады:



  • Атрибуттарды көрсету.

  • Атрибуттарды көрсетпеу.

  • Тек қана таңдалған атрибуттарды көрсету.

Атрибуттардың шығуын көрсету.

Атрибуттың подавлени атрибуттың диаграмадан жоюлуы ғана емес, кластарда орналасқан атрибуттардың түзулерді де жояды.
жүктеу 264 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау