2.3. Паскаль тілін оқыту интерфейсін программалау
Мультимедиялық технологиялар
Мультимедиялық технологиялар- бейнелік және аудио эффектілік әр түрлі мцльти программалық мүмкіндіктерді интерактивті программалық жабдықтың басқаруымен орындата алатын электрондық құжаттарды дайындау тәсілдері.
Мультимедия құралдары деп әр түрлі орталарды: Графиканы, гипермәтінді, дыбысты, анимацияны, бейнелік көріністерді пайдалана отырып тұтынушының компьютермен әрекеттесуін жүзеге асыратын аппараттық және программалық құралдардың біріктірілген кешендерін айтады.
Мультимедия жарнамалық бизнесте, компьютерлік ойындар жасауда кең қолданылады. Мультимедия технологияларынының қызықты мүмкіндіктері электрондьщ оқу құралдарын жасауда және де басқа оқып үйренуге арналған материалдар дайындауда көп пайдаланылады. Мультимедиялық технологияларды кеңінен қолдану оқытудың қазіргі компьютерлік технологияларын дамытудың жаңа бағыттарын дамытуға зор үлес қосып келеді.
Мультимедия технологиялары кұралдарын оқу-әдістемелік материалдары кешендерін жасауда қалай қолдануға болады? Оларға әр түрлі мультимедиялық эффектілерді жай мәтіндермен салыстырғанда қандай көлемде қосуға болады? Оқу құжаттарында мультимедиялық қосымшалар пайдалануға шек қойыла ма? Осындай мәселелерді шешу бағытында нақты зерттеу жұмыстарын жүргізу керек, өйткені гармонияны бұзу, өте жарқын, әсерлі қосымшаларды, мультимедиялық эффектілерді шамадан тыс қолдану оқушылардың жұмыс қабілетін төмендетіп, оларды тез шаршатуы да ықтимал. Осындай сұрақтарға жауап беру, оқыту ісіндегі шамадан асып шарықтауды болдырмай, оқу-әдістемелік материалдарын тек эффектілі түрде көрсетпей, оның тиімді жағын қамтамасыз етуі керек.
Мұндай оқулықтың мынадай бөлімдері болады: теориялық бөлім, бақылау тапсырмалары, лабораториялық жүмыстар, өзін-өзі тексеру сүрақтары. Бұлар қалыпты оқулықтарда да болады. Бірақ электрондық оқулық көлемі шағын (бір компакт-дискіге толық сияды), оның ішінде балаларды қызықтыратын бейне фильмдер, дыбыстық үлгідегі мәтіндер мен әндер болғандықтан, оның берері мәліметі де толығырақ болады. Дискіні пайдалану да жеңіл, түсінбей қалған жағдайда бір оқыған материалға қайтып оралу да қиын емес. Кітапты парақтап отырғаннан гөрі пернелерді басып кез келген тақырыпқа да оңай көшуге де болады. Мұндай оқу құралы балаларды қызықтырып, сол пәнді ары қарай тереңдетіп оқуға итермелейтіні сөзсіз, әрине білім деңгейіне әсер етпей қоймайды.
Мультимедиялық технологиялар мұғалімдерге қалыпты оқыту жүйесінің бұрынғы тәсілдерінен бас тартып, еңбек етудің интеллектуалдық түрлерін пайдалануға мүмкіндік туғызып, оқу материалдарын басты көлемдерін бұрынғыша азайтып, жаңа тәсілдің жақсы жақтарын кеңінен қолдануға итермелейді.
Жаңа мультимедиялық технологияларға байланысты компьютерлік программаларды да көрнекі материал ретінде қолданып, тесттер және бақылау жұмыстар өткізіп, шығармашылықты дамытатын есептер шығарып, қашықтан оқыту сабақтарына қатысып, бұрынғы қалыптағы тәсілмен қоса компьютерлерде де жұмыс істеуді қатар атқарып, әрбір балаға бағытталған ойын сабақтарын т.с.с. жасау мүмкін болып отыр.
Паскаль тілін оқытуды интерактивті тақта арқылы ұйымдастыруды программалау электронды оқулығын құруда Delphi визуальды программалау ортасы мен HTML программалау тілі қолданылды. Мәтіндерді осылай байланыстыра отырып, белгілейтін мүмкіндікті беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен нәтижелері бар.
HTML тілінде мәтінді пішімдеу тәсілдерінің де бар екенін айтып кету керек, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мазмұны кең оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады. Мысалы, тілдің соңғы HTML 4.0 нұсқауында мәтінді пішімдеу командаларын пайдалану ұсынылмыған. HTML - бұл - құжат аты .htm қосымшасы бар, қарапайым құжат. HTML – тілінде жазылған файлды қажетті HTML файлының кеңейтілуімен дискіде сақтасақ, оның белгішесі өзгеріп Интернетте көруге болатын түрге айналады.
Төменде программаның негізгі беті көрсетілген:
1-сурет.
1- суреттегі Turbo Pascal тіліне арналған электронды оқулық сілтемесін басқанда 2-сурет ашылады.
2-сурет.
2-суреттегі Турбо Паскаль сілтемесін басқанда программаның мазмұны ашылады.
3-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: |