Ф и з и к а әож 3. 049. Физика сабақтарында



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет64/89
Дата01.01.2018
өлшемі5,03 Kb.
#6313
түріСабақ
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   89

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
 
 137
 
интеллектуалды  әлеуетті  қалыптастырады.  Бұл  процесс  қалалардың  ӛсуіне  және  ауыл 
шаруашылығының  дамуына  себебін  тигізеді.  Ӛнеркәсіп,  ғылым,  білімнің  ӛркендеуі  ірі 
қалалардың  экономикалық  ӛсуінің  діңгегіне  айналды.  Қалалар  және  оларды  қосатын 
жолдар  аумақтың  сүйенетін  қаңқасы  тәрізді.  Ірі  қалалар  -  адамның  шығармашылық 
әлуетін  дамытуға  мүмкіншілік  береді.  Қалалықтар  қызмет  түрінің  кӛптеген  түрлерін 
пайдаланып,  жайлы  қоныстанған  және  мәдениеттілігі  жоғары  болып  келеді.  Сондықтан 
болар,  дүние  жүзінің  барлық  елдеріне  тән  үрдіс  -  адамдардың  қалаға  жылжуы. 
Қалалардың қалыптасуын және дамуын урбандалу деп атаймыз (лат. urbanus - қалалық). 
1)  қаланың және халқының ӛсуі; 
2)  қалалық тіршіліктің ӛркендеуі; 
3)  орналасудың жаңа түрінің пайда болуы. 
Қалалық  орналасудың  тарихи  қалыптасқан  3  формасы  бар.  Қала,  қалалық 
агломерация және мегаполис. 
Жалпы  алғанда,  әр  түрлі  тарихи  кезеңдерде  әлем  елдерінің  тарихынан  айқын 
кӛрінетіндей  ірі  қалалардың  маңында  ірі  агломерациялар  құрылып  отырған.  Сондай-ақ 
астаналар    және  басқа  да  ірі  қалалар  ӛздеріне  шағын  қалалық  елді  мекендерді  тартып, 
олардың  шеңбері  уақыт  ӛткен  сайын  ұлғая  түскен.  Агломерация  (лат.  Agglomero  – 
«қосылу»  деген  сӛзінен  шыққан)  –  қалалық  орналасудың  екінші  формасы,  яғни,  бір 
қаланың  ірілену  нәтижесінде  ӛзінің  бұрынғы  шекарасынан  шығып,  айналасындағы  елді 
мекендерді  соның  ішінде  ауылдар  мен  шағын  қалаларды  жұтып  қоюы  немесе  тең 
дәрежедегі  екі  үлкен  қаланың  араларында  бос  жер  қалмауына  байланысты  бір  біріне 
қосылып кетуі осы құбылыстың әсері. 
Агломерация  негізгі  қаладан  (ядро)  және  серіктес  қаладан  (ӛндірістік,  кӛліктік, 
сауда, туристік) тұрады.  
Қалалық  агломерациялардың  құрылуы  жаһандық  урбандалудың  қазіргі  заманға  сай 
аса  сипатты  белгілерінің  бірі  болып  табылады.  Агломерацияның  қалыптасуына  алып 
келетін  тарихи  шарттарға  қала  маңын  және  оған  жақын  орналасқан  елді  мекендер, 
нақтырақ  айтсақ,  қала  аумағының,  олардың  ӛзара  тұрақты  ӛндірістік  басқару,  еңбек, 
мәдени-тұрмыстық және рекреациялық байланыстарының орналасуы жатады.  
Агломерация  ӛндірістік  қатынастардың  дамуына  тиімді  жағдайлар  жасайды.  Ол 
біріншіден, кәсіпорындарды ірілендіру және экологиялық  урбандалу барысында орталық 
ядро  болып  табылатын  қаладан  зиянды  ӛндіріс  орындарын  қала  маңына  шығару. 
Ӛндірістің урбандалу барысындағы ӛзіндік ерекшелігі әркелкі кӛлемде ӛндіріс орындарын 
қалыптастыра отырып біріктіру, яғни, олардың бірыңғай күрделі  ӛндіріс үрдісімен ӛзара 
тығыз  байланысы  болуы  тиіс.  Сондықтан  урбандалу  кезіндегі  ірілендіруі  ӛндіріс 
құрылымының  күрделенуімен  ғана  шектелмейді,  ол  шектелген  агломерация  шеңберінде 
жаңа  ӛндіріс  орындарының  қалыптасуын  қажет  етеді.  Қала  агломерацияның  шынайы 
үлгісі  –  ол  орталық  қала  аумағындағы  тұрғын  ауылдар  ӛзінің  жоғары  дамыған 
инфрақұрылымымен, әркелкі бағыттағы ӛндіріс орындарымен, еңбек ресурстарымен, жер 
және  басқа  да  табиғи  қорларын  ұтымды  пайдалануымен,  тиімді  экономикалық-
географиялық  орны  арқылы  ірі  қаланы  үздіксіз  толықтырып  отыратын  жоғары  дамыған 
орта. Болашақта бұл орта ірі қалаға ӛзінің «қысымын» бәсеңдетуі қажет, яғни, ол ортаның 
тұрғылықты  халқы  қалаға  қоныс  аударуға  ұмтылмай,  керісінше  ӛзінің  тұрғылықты 
жеріндегі тұрмысын қанағат еткені дұрыс. Қала агломерациялар келешекте ірі қалалардың 
орнын  басып  алуы  мүмкін.  Сондықтанда,  ірі  қаланың  даму  үрдістері,  олардың  басты 
функционалдық  құрылымының  айырмашылықтары,  сол  құрылымдағы  ӛзгерістер  мен 
әлеуметтік-экономикалық  құбылыстар  арнайы  зерттеулерді  керек  ететіні  анық. 
Зерттеушілер  П.И.Дубровин,  Г.М.Лаппо  пікірлері  бойынша  жоғары  урбандалған  арнайы 
ортаның пайда болуы және дамуы – нақты урбандалу үрдісінің мағынасын ашады [2]. 
Кристаллердің теориясы негізінде қалалардың қатаң иерархиялық жүйесінің нұсқасы 
тӛменгі  деңгейде  әр  элемент  одан  жоғары  деңгейдің  орталықтарына  (Әлеуметтік-
экономикалық  ықпал  немесе  әкімшіліктік  басқару)  бағынатынын  шамалайды,  олар  ӛз 


138  Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
 
кезегінде келесі  деңгейдің орталықтарына бағынады және т.с.с., яғни, жүйенің ең жоғары 
деңгейіне дейін (мыс: елдің басты қаласына) барады. 
Жоғары  урбандалған  ортада  ғана  адамның  еңбекке,  тұрмысына,  демалуына 
қойылатын  негізгі  талаптарының  орындалу  мүмкіндіктері  шексіз.  Бірақ,  ірі  қаладағы 
кемшіліктің  бірі  –  ол  қала  халқына  табиғат  аясында  демалу  мүмкіндігін  қамтамасыз  ете 
алмауында. Сондықтан ірі қала  маңында агломерациялардың қалыптасуы заңды құбылыс. 
Қалалық  агломерациялар  тек  ірі  қаланың  мүмкіндігін  кеңінен  пайдаланып  ғана  қоймай, 
олар оның инфрақұрылымының дамуына маңызды ықпал ететіні сӛзсіз, олардың қаладан 
гӛрі,  белсенділігі  басым  ӛзгеріске  жылдамдығы  ӛз  ортасымен  ғана  шектелмейді, 
жанындағы  аймақтың  бәріне  ӛз  әсерін  тигізеді.  Қала  агломерациясының  ішкі  ӛзара 
байланыстарын  бірнеше  талаптарға  бӛлуге  болады,  атап  айтсақ,  оларға:  ӛндірістік, 
коммуналды-шаруашылық, еңбек және мәдени-тұрмыстық қатынастар жатады.  
Агломерациялық  үрдістің  негізіне  орталық  қала  мен  қала  маңы  елді  мекендерінің 
ӛзара байланыстары жатады. Дүние жүзіндегі ірі қалалар секілді Алматы қаласы мен оның 
маңындағы ауылды елді мекендер жүйесі Алматы агломерациясын құрайды. Қазақстанда 
қазір  қалалық  агломерацияның  дамуы  ең  алдымен  Алматы  қаласының  бет  бейнесінен 
байқалады.  Бұл  қала  ӛзіне  Талғар,  Николаев,  Қалқаман  секілді  бірнеше  елді  мекендерді 
қосып  алу  арқылы  барған  сайын  қанатын  кең  жайып  келеді.  Енді  бір  адым  аттаса 
Қаскелеңге  жетпек.  Қапшағай  қаласы  да  қол  созым  жерде  тұр.  Мамандардың  айтысына 
қарағанда, Алматы тӛңірегі бір ядролы қалалық агломерация ретінде қалыптасып келеді.  
Осы  тұрғыдан  алғанда  Алматы  қаласын  халықтың  арнайы  ӛмір  сүруіне  лайықты, 
жоғары  урбандалған  орта  деп  атауға  болады.  Себебі,  Алматы  қазіргі  кезеңдегі  ғылыми-
техникалық үдерістің дамуы және халықтың тұрғын орындарына қойылатын талаптарына 
сай  келеді.  Алматы  агломерациясы  республикамыздағы  ірі  агломерацияларының  біріне 
жатады. Ол Алматы қаласы мен оның маңындағы елді мекендердің топтасқан жиынтығы. 
Бұл агломерацияның орталығы – 1247896 адамы бар Алматы қаласы.  
Алматы  агломерациясының  орталыық  ядросы  –  Алматы  қаласы  және  сыртқы 
зоналары  –  қала  маңы  аймағынан  тысқары  орналасқан  серік  қалалар  мен  елді  мекендер 
тобынан  тұрады.  Алматы  агломерациясының  таулы  оңтүстік  маңы  демалыс  зонасы,  ал 
батысы  мен  шығысындағы  тау  бӛктері  ӛндірістік  зона  болып  есептеледі.  Ірі  қаланың 
аймағында:  Қапшағай,  Қаскелең,  Талғар,  Есік  қалалары  және  4  қала  типтес  –  Боралдай, 
Ӛтеген  батыр,  Покровка,  Первомайский  және  т.б.  елді  мекендер  бар.  Агломерацияның 
транспорттық құрылымы дамыған теміржол, автокӛлік жүйесімен шектеліп қана қоймай, 
Алматы  қаласындағы  және  Боралдай  аэропорты  мен  Қапшағайдағы  су  жолдары  арқылы 
сипатталады. 
Ірі  агломерация  мен  Алматы  облысының  бірыңғай  Алматы  аймағы  ретінде  даму 
мүмкіндіктері  мол.  Ол  қала  мен  облыстың  негізгі  ұтымды  ерекшеліктерін  тиімді 
пайдаланып,  халықаралық  дәрежеде  ӛзін  тек  қаржылық,  инвестициялық,  инновациялық 
бағытта  ғана  емес,  оған  қоса  енді  кӛліктік-логистикалық  және  туристік  орталық  болу 
мүмкіндігі  айқындалған.  Алматы  қаласы  Алматы  облысының  ауылшаруашылық 
мүмкіндіктерін  есепке  ала  отырып  келешекте  ауылшаруашылық  ӛнімдерін  қайта  қуатты 
орталықтарының  бірі  болып  қалуы  мүмкін  және  ол  ӛнімдерді  ӛндіру,  сату  тек  осы 
аймақтың  маңында  ғана  емес,  сонымен  қатар  Сібір  мен  Ресейге  шығару  мүмкіндіктерін 
кең пайдалануға болады.  
Облыс экономикасының дамуына Алматы қаласы айтарлықтай қомақты үлес қосуда. 
Алматыда  тіркеуден  ӛткен  80188  кәсіпорын  жұмыс  істейді.  Осы  заңды  ұйымдардың 
ішінде шағын кәсіпорындар саны – 78104, орта – 1637 және 447 ірі ӛндіріс орындары бар. 
Соның  ішінде  меншік  нысаны  мен  түріне  қарай  олар  мемлекет  меншігінде  1366,  жеке 
меншік түрінде 69832-сі тіркелген. Қаладағы ірі кәсіпорындардың бірі – ол металл, мұнай 
ӛндеуші,  ӛндіріске  құрал-жабдықтар  шығаратын  Алматы  ауыр  машина  жасау  зауыты  – 
бұл  машина  жасау  ӛнеркәсібінің  аса  ірі  кәсіпорындарының  біріне  жатады.  Зауыт 
стандарты  мен  машиналардың  30-ға  тарта  түрін,  сымдардың  барлық  түрлерін,  созуға 


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау