Excel программасында мәліметтер қорымен жұмыс жасау - Өткізген:
- Абат Қасен Абатұлы
- информатика пәнінің оқытушысы
- №14 Байғанин кәсіптік лицейі -2008ж.-
Сабақ тақырыбы: Excel программасында мәліметтер қорымен жұмыс жасау. - Сабақ тақырыбы: Excel программасында мәліметтер қорымен жұмыс жасау.
- Сабақ мақсаты:
- А) бiлiмдiлiк, Электрондық кестені мәліметтер базасы ретінде қолдану тәсілдерімен танысу; Мәліметтер базасында әртүрлі белгілеріне қарай мәліметтерді іздеу әрекеттерін меңгеру; Мәліметтерді сұрыптап үйрену.
- Ә) дамытушылық, Оқушылардың компьютердi меңгеру дағдыларын, ақпараттық сауаттылығын дамыту.
- Б) тәрбиелiк, Балаларды сауатты азамат болуға, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеу.
- Сабақтың түрi: Жаңа сабақ.
- Сабақты жүргiзу әдiсi: Баяндау.
- Сабақта пайдаланатын көрнекiлiктер: ДЭЕМ, проектор, оқулықтар.
Сабақ барысы: - Сабақ барысы:
- І. Ұйымдастыру кезеңi.
- Оқушыларды орындарына отырғызып, сабаққа дайындаймын. Келмеген оқушыларды анықтап, балаларды түгендеймiн.
- ІІ. Оқушы бiлiмiн жан-жақты тексеру.
- Алдыңғы сабақтарда танысқан материалдарды сұрақтар қойып, қайталап өтемiн.
- 1. Диаграмма не үшін құрылады?
- 2. Диаграммалар шебері қалай жұмыс жасайды?
- 3. Диаграмманың қандай типтері бар?
- 4. Диаграмманың типтерін сипаттаңыз.
- ІІІ. Жаңа материалды игеруге дайындық.
- Excel программасын мәліметер қоры ретінде пайдалануға болады. Біз мәліметтер қорын жасап, оның ішіндегі элементтерінің әртүрлі белгілеріне қарай керекті ақпаратты іздеу мен оларды сұрыптау ісін қарастырамыз.
IV. Жаңа сабақты түсiндiру. - IV. Жаңа сабақты түсiндiру.
- Кестені суретке сәйкес келетіндей Күн жүйесіндегі планеталар туралы мәліметпен толтырып, Планеталар деген атпен сақтаңыз. Кестеде қолданылатын өлшем бірліктері:
- Орбита бойынша айналу периоды – жыл;
- Планетаның Күннен қашықтығы – млн км;
- Экваторлық диаметрі – мың км;
- Массасы – х1024кг
- 1. Автофильтрді пайдалану.
- Автофильтрді пайдалану үшін Данные →Фильтр →Автофильтр командасын орындаймыз. Нәтижесінде мынадай батырмалар пайда болады. Осы батырмаларды тышқанның сол жағымен шерту арқылы әрбір өрістегі мәліметтерді екшеп алуға болады.
Автофильтрді пайдалана отырып, “С” немесе “Ю” әрпінен басталатын, массасы 600 1024 кг-нан кем планеталарды іздеңіз. Ол үшін: - Автофильтрді пайдалана отырып, “С” немесе “Ю” әрпінен басталатын, массасы 600 1024 кг-нан кем планеталарды іздеңіз. Ол үшін:
- 1. Данные →Фильтр →Автофильтр командасын орындаймыз. Осы кезде мәліметтер базасының әрбір өрісінде батырмалар пайда болуы керек.
- 2. Планета өрісіндегі батырманы шертіңіз.
- 3. Ползовательский автофильтр (пайдаланушы автофильтр) сұхбат терезесінде ИЛИ (НЕМЕСЕ) ауыстырғышын қосып, сол жақ өрістерде РАВНО (ТЕҢ) шартын таңдап, оң жақ өрістерде С*, Ю* әріптерін теріп жазыңыз да, ОК батырмасын шертіңіз.
- 4. Масса өрісіндегі батырманы шертіңіз де, Шарт ... (Условие ...) бөлімін таңдаңыз.
- 5. Ползовательский автофильтр (пайдаланушы автофильтр) сұхбат терезесінде Масса өрісінде батырманы шертіп, МЕНЬШЕ (АЗ) шартын таңдап, сол жағында пернелер тақтасынан 600 санын теріп жазыңыз.
- 6. Данные →Фильтр →Отобразить все (Деректер→Фильтр→Барлығын көрсету) командасын орындаңыз.
Автофильтрді пайдаланып, өз бетіңізше орындаңыз : - Автофильтрді пайдаланып, өз бетіңізше орындаңыз :
- 1. Экваторлық диаметрі 50 мың км-ден және массасы 4*1024 кг-нан кем емес планеталарды іздеңіз (Меркурий, Марс, Плутон);
- 2. Күннен ара қашықтағы 100 млн км-ден аспайтын, массасы 3*1024 – 500-1024 кг аралығында болатын және 2-ден артық серігі бар планеталарды іздеңіз (Венера, Жер, Нептун);
- V. Жаңа материалды түсiнгендiгiнiң алғашқы тексерiлуi.
- Оқушылардың сұрақтарына жауап берiп, түсiнбеген жерлерiн қысқаша қайталап өтемiн. Балаларды компьютерге отырғызып, Excel программасымен жұмыс жасатқызамын.
- VI. Жаңа бiлiмдi пысықтау.
- Жаңа сабақты қорытып, қысқаша қайталап өтемiн.
- А) Мәліметтер базасы деген не?
- Б) Кестенің кез-келген аймағын мәліметтер базасы ретінде қарастыруға бола ма?
- VII. Оқушылар бiлiмiн бағалау. Үйге тапсырма.
- Жаңа сабаққа белсендi қатынасқан оқушылардың бiлiмдерiн бағалап, класқа хабарлаймын.
- Үйге тапсырма: Excel программасы терезе элементтерiн қайталау, анықтама қызметiн қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |