199
I Қосымша
ЭКОЛОГИЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ НƏТИЖЕЛІЛІГІ
ТУРАЛЫ БІРІНШІ ШОЛУДА МАЗМҰНДАЛҒАН
ҰСЫНЫСТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
*
I-БӨЛІМ:
ҚОРШАҒАН ОРТА САЯСАТЫ МЕН МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ЗАҢДЫҚ
ЖƏНЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1 Тарау:
Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған заң құралдары жəне
институционалдық тұғырнама
1.1 ұсыныс:
Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған заңнаманы күшейту үшін енді жетіспейтін заңдар
мен заң актілерін дайындап (мыс., озон, биологиялық əр түрлілік, флора мəселелеріне
қатысты), бұған дейін қабылданған заңдарды іс жүзінде орындауға күш салу керек. Ең басты
назар қоршаған орта сараптамасының процедурасын соңына дейін анықтайтын, қоршаған
орта саласындағы қамсыздандыру схемасын (соның ішінде міндеттемелер схемасын)
қалыптастыратын, қоғамды қатыстыру процедуларын айқындайты жəне, қоршаған орта
туралы мəліметтерге қол жеткізу құқығын қорғайтын заң актілеріне аударылуы тиіс.
Бұрынғы Кеңес Одағы кездерінен қалған ескі заң құралдарын жаңадан жетілдіру керек.
Министрліктің құрамында қоршаған ортаға қатысты заң шығару жұмысын үйлестіретін
арнайы заң департаменті құрылуы қажет. 3.1, 5.1, 7.1, 8.1, 9.1, 13.1. ұсыныстарын қараңыз.
2000-жылдан бері ел үкіметі заңнамадағы кем-кетіктерді толтырып, бірқатар заң мен заң
актісін қабылдап үлгерді. Ел Президентінің 2006-жылы халыққа жолдаған жолдауынан кейін,
2007-жылы Экологиялық кодекс қабылданды. Аталмыш кодекс қазақстандық заңнаманы
халықаралық көпжақты келісімдермен сəйкестендіруге, өзге мемлекеттердің заң жүйелеріндегі
озық тəжірибені есепке алып, жаңа стандарттаға көшуге, қоршаған орта саласында мемлекеттік
бақылау жүйесін дамытуға бағытталған. Экологиялық кодекс бір жылдың ішінде əзірленді.
Ауа қабатын қорғау туралы заң жəне Қоршаған ортаны қорғау туралы заң сияқты 80-ге жуық
түрлі нормативтік құжат Экологиялық кодекстің құрамына кіргізілді. Кодекстің əзірленуіне
берілген уақыттың тар болғаны сонша, кодекс қабылданған кезде 40-тан астам заң актісі əлі
дайын болмаған еді. 2008-жылдың сəуір айына жетіспеген 46 нормативтік құжаттың бəрі
қабылданып үлгерді. Қоршаған орта саласындағы заңнаманың барлық аспектілерімен
айналысатын жəне соған байланысты əрекеттің бəрін үйлестіруші орган -
Қоршаған ортаны
қорғау министрлігі құрамындағы Заң жəне халықаралық ынтымақтастық департаменті.
1.2 ұсыныс:
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық іс-əрекет жоспары қайта қаралып, сондағы
басымдықтар қайта анықталуы қажет. Бұл жоспар қоршаған ортаны қорғау саласындағы
жүйелі іс-шаралардың бірден-бір жоспарлау бағдарына айналуы тиіс. Онда көрсетілген
қадамдардың барлығына сəйкесінше қаржы бөлінуі қажет. Жаңадан жасалған өзгерістер
өзге стратегиялық саясат құжаттарға қайшы келмеуі шарт. Өзгертілгеннен кейін
жоспарды басып шығарып, Парламенттің қарауына беру керек. Жоспардың орындалуын
тұрақты түрде бақылайтын жəне өзгеріс енгізетін механизмдер келісіліп, басып шығарылуы
тиіс. 14.2 ұсынысты қараңыз.
*
Қазақстанда алғашқы шолу 2000-жылы жасалды