Еуропалық экономикалық комиссия экологиялық саясат жөнінддегі комитет



жүктеу 4,05 Mb.
Pdf просмотр
бет94/115
Дата30.12.2019
өлшемі4,05 Mb.
#25563
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   115

 
9-Тарау: Су ресурстарының тұрақты менеджменті
 
  193 
 
 
9.4 
Су ресурстарын  интеграциялы басқару тұжырымдамасының негізінде өзен 
суалаптарын басқару 
 
Жалпы жағдай жəне статистика 
 
БҰҰДБ-ның  мəліметіне  сəйкес, 2006-жылы  Қазақстан  халқының 39 пайызы  таза  ауыз  суға 
тұрақты  түрде  қол  жеткізе  алмаған.  Бұл  проблема  əсіресе  ауылдық  жерде  қатты  байқалады. 
Ауылдық жерде тұратын халықтың үштен екісінің қолы ауыз суға əрдайым жете бермейді (9.1 
кестені қараңыз).  
 
Осыған ең алдымен сумен қамтамасыз ету жүйесінің техникалық ескіргені себеп болып отыр. 
Су  нысандарының  басым  көпшілігі  осыдан 25-30 жыл  бұрын  салынған.  Тəуелсіздік  алғаннан 
бергі  жылдары  жөндеу  жəне  қалпына  келтіру  жұмыстары  қаржының  жетіспеуі  себепті  сирек 
жүргізілетін  болды.  Бір  жағынан  мемлекеттің  бұл  мақсаттарға  бөлетін  қаржысы  бұрынғымен 
салыстырғанда  азайса,  екінші  жағынан  су  бағасының  əдейі  төмен  деңгейде  ұсталатындығы 
салаға  қаржы  тартуға  мүмкіндік  бермейді.  Техникалық  құрал-жабдықтар  физикалық  жəне 
моральдық  жағынан  ескіріп  қалды.  Тек  соңғы  жылдары  ғана,  2002-2010-жылдарға  арналған 
Ауыз  су  бағдарламасы  жəне  2004-2010-жылдарға  арналған  Ауыл  бағдарламасы 
қабылданғаннан кейін ғана ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңартуға біртіндеп көбірек 
қаржы бөліне бастады.  
 
СРК  үйлестіретін  мемлекеттік  бюджет  негізінен  ауыз  суды  аймақтар  арасында  тасымалдау 
жүйелерін  қалпына  келтіру  мақсатында  жұмсалады. 2000-жылы  осыған 705 миллион  теңге 
(4,96  миллион  АҚШ  доллары)  бөлінсе, 2006-жылғы  бюджет 18,416 миллиард  теңгені (146 
миллион АҚШ доллары) құраған. 2007-жылы бұл көрсеткіш 25 000 миллиард теңге шамасында 
(204 миллион АҚШ доллары) болады деп болжанып отыр.  
 
Осы  қаржы  есебінен  қалпына  келтірілген  нысандар  қазіргі  таңда  жүйелі  түрде  облыс 
əкімшіліктерінің  қолына  беріліп  жатыр.  Алайда  болашақта  осы  нысандарды  жөндеуге 
жергілікті билік органдары мен суды пайдаланушылардың  мұршасы жетпейтіндінге ұқсайды.  
Өзге  техникалық  мүмкіндіктер  де  жіті  зерттеліп  көрмеген.  Мемлекеттік  бюджеттен  бөлінген 
қаржының күрт ұлғайғанына қарамастан, өткен қателіктер қайталануы əбден мүмкін.  
 
9.1 Кесте: Халықтың ауыз су мен канализацияға қолжетімділігі 
 
Адам
Пайыздық 
үлес
Адам
Пайыздық 
үлес
Адам
Пайыздық 
үлес
Қалаларда
8 520 222
57,0
6 777 789
79,4
5 373 499
63,0
Ауылдық жерде
6 433 510
43,0
2 319 360
36,1
Барлығы
14 953 732
100,0
9 097 149
60,8
Халық саны
Ауыз суға қол 
Канализацияны 
 
Дерек көзі: БҰҰДБ-ның «Қазақстанда ауыз су мен канализацияға қол жеткізу» есебі, 2006-жылдың 
қаңтар айы. 
 
Ал қалалар деңгейінде болса, су басқару жүйесі 2000-ші жылдан бастап орталықсыздандырыла 
бастағаннан кейін қала əкімшіліктері мен су компаниялары (Суканал компаниялары) өздерінің 
басқару  құрылымдары  мен  нысандарын  өзгерткілері  келмей,  дайындық  жұмыстарына, 
үйлестіру шараларының қажеттілігіне кажетті көңіл бөлмей, аз коммуникация жəне жеткіліксіз 
тəжірибе жағдайында жұмыс істей берген. Аймақтық қалаларда эксперимент түрінде мынадай 
басқару  үлгілері  жүзеге  асырылып  көрген:  а)  толыққанды  жеке  компаниялар  моделі 
(Шымкент);  ə) жартылай  мемлекеттік компаниялар (Қарағанды); б)  мемлекеттік  компаниялар 
(Ақтөбе);  жəне  в)  лизингтік  компаниялар  (Павлодар).  Ауылдық  елді  мекендерде  жəне 
тұрғындар саны 20 мыңнан аз шағын қалаларда негізінен жеке компаниялар енгізілген. Кейін 
осы  жаппай  əрі  стихиялық  жекешелендіру  процесіне  шамалы  тоқтау  салу  үшін  Президенттің 


194
 III 
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды 
көтермелеу 
 
 
арнайы №4694 қаулысы шығып, стратегиялық маңыздылығы бар су қоймалары мен нысандары 
мемлекеттің бақылауында қалу керек екендігі ұйғарылды.  
Аталмыш  өтпелі  кезең  кезінде  Суканал  компанияларының  кейбірі  су  мөлшерін  есептейтін 
есепші  құралдардарды  (счетчиктерді)  қолданысқа  енгізуді  қолға  алды.  Мысалы,  Шымкентте 
жедел жұмыс істейтін  компаниялардың  кейбірі 100% толығымен осындай  есепшілерге  көшіп 
үлгерді. Бұл суға деген сұраныстың күрт қысқаруына əкелді. Демек, суға тиімді инвестициялар 
жасау жолында ілгері қарай бір қадам жасалды.  
 
Басқару  жүйесі  қаншама  əр  түрлі  болса,  су  тарифтері  де  соншама  əркелкі  болады.  Қалалық 
жерлерде су тарифтері бұрынғыдай төмен болып қала берді. Əсіресе орташа тұрмыс деңгейі ең 
жоғары Алматы қаласында: ауыз су бағасы - 12,34 теңге/м

 (0,10 АҚШ доллары), канализация 
бағасы – 7,28 теңге/м
3
 (0,059 АҚШ  доллары).  Суы  ең  қымбат  дейтін  қалаларда  ауыз  су  мен 
канализацияның  жалпы  бағасы  шамамен 50 теңге/м
3
 (0,40 АҚШ  доллары)  құрайды.  Су 
төлемдерін  жинау  дəрежесі  негізінен  жоғары  деуге  болады.  Бірақ  төмен  табыс  табатын  үй 
шаруашылықтары  шоғырланған  жерлерде  суға  жоғары  баға  тағайындалғанда,  төлемдерді 
жинау деңгейі 40 пайызға түсетін кездер де болады.  
 
Су  компанияларының  мəліметтеріне  қарағанда,  қалалық  жерлерде  су  қызметін  көрсетуге 
кететін  пайдалану  шығындары  көбіне  өтелмейді,  сондықтан  компаниялар  мемлекеттік 
субсидияларсыз  күн  көре  алмайды.  Субсидиялар  инвестициялар  жасау  үшін  ғана  емес,  кейде 
тіпті компаниялардың пайдалану шығындарын өтеу үшін де қажет. Бұл алаңдатарлық жағдай 
болып  отыр.  Себебі  шығындардың  өтелмеуі  компаниялардың  су  желілері  мен  тазарту 
нысандарын жөндеуді, жетілдіруді тежеуі мүмкін.  
 
Су тарифтері жергілікті билік орындары мен Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне бірдей 
тəуелді.  Суканалдары  бюджетке  өтініш  жасаған  кезде  инвестициялық  жоспарды  да  қосып 
жіберулері тиіс. Солай бола тұра су компанияларының шығындары өтеле ме, жоқ па, сондай-ақ 
төмен  табыс  табатын  тұтынушылар  тағайындалған  су  тарифтерін  көтере  ала  ма,  алмай  ма – 
осының  ешқайсысы  əлі  күнге  дейін  зерттелмеген  көрінеді.  Бұған  қоса  тағы  бір  проблема  –
жергілікті жəне орталық билік органдары (əкімшіліктер жəне Табиғи монополиялар агенттігі) 
Суканалдарының қаржылық өтініштерін объективті техникалық критерийлерге сүйеніп бағалай 
алмайтынға  ұқсайды.  Сондай-ақ,  облыс  əкімшіліктерінде  инвестициялар  жасау  процесінің 
процедуралық,  əрі  техникалық  жақтарын  басқаруға  мүмкіндік  беретін  тəжірибе  мен  білім 
жетіспейді.  
 
9.5 
Қорытындылар мен ұсыныстар 
 
Қоршаған  ортаны  қорғау  шараларына  алғашқы  шолу  жасалғалы  бері  жаңа  заңдар  мен 
стратегиялар  қабылданып,  Қазақстанның  кең  байтақ  аумағындағы  су  ресурстарын  бірігіп 
басқаруға  бағытталған  даму  процесі  басталып,  жаңа  су  саясаты  іске  асырылып  келеді.  Осы 
жаңа саясаттың құрамдас бөліктері түрлі халықаралық ынтымақтастық жобалары арқылы алға 
жылжытылып,  трансшекаралық  бассейндерге  қатысты  келісімдерге  қол  қойылып,  су 
пайдалануға  қатысы  бар  түрлі  мүдделі  топтарды  басқару  процесіне  тарту  мақсатында  сегіз 
бассейннің аумағында арнайы кеңес топтары құрылған болатын.  
 
Алайда саяси ынталандырудың əлсіздігі себепті Қоршаған ортаны қорғау шараларына алғашқы 
шолу жасалғаннан бері су саласындағы басқару ісі реформаланбай, бұрынғы күйде қала берді. 
Бұған  су  ресурстарын  басқару  ісіне  қатысы  бар  түрлі  əкімшілік  органдардың  арасында 
үйлесімнің жетіспеуі де өз əсерін тигізеді. Қазіргі таңда су менеджментінің жеке мəселелерімен  
(мысалы, қоршаған ортаны қорғау, суды ауыл шарушылығында пайдалану, жерасты суын жерге 
шығару,  су сапасын бақылау) айналысатын түрлі билік орындары арасында үйлесімдік емес, ал 
өзара  қарсыласу  əдеті  кеңінен  қанат  жайып  келеді.  Ауыл  шаруашылығы  министрлігі 
құрамындағы  Су  ресурстары  комитетінің  қолында  айтарлықтай  билік  те,  тəуелсіздік  те  жоқ 
болғандықтан, оның беделі түсіп жатыр. Судың негізгі пайдаланушысы болып табылатын осы 
комитет  су  басқару  ісіне  қатысы  бар  өзге  органдардың  функцияларын  үйлестіре  алмайды. 


жүктеу 4,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   115




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау