4 Тарау: Халықаралық келісімдер мен міндеттемелерді жүзеге асыру
97
тек Ресей Федерациясы мен Өзбекстан ғана осы құжатты бекіткен. Аймақ үшін су маңызды
мəселе болып саналатындығына байланысты Қазақстан Орталық Азияның басқа да елдерінің
Су Конвенциясына бірігуіне ықпал ететін іс-шараларға жиі қатысады. Осынау игі істер
қатарына қоршаған орта мен суды қорғау туралы түрлі халықаралық форумдарға қосылу
мəселесін көтеру жəне дипломатиялық бастамалар жатады. Қазақстан сондай-ақ Қытайды
Ертіс өзені жəне Балқаш көлімен байланысты мəселені шешуге тартуға үлкен күш жұмсады.
Экономикалық белсенділіктің күшеюінің нəтижесі өзен ағыстары мен су балансының
өзгеруіне, осы бассейндердегі жерүсті жəне жерасты суларының ластануының күшеюіне,
сонымен бірге Балхаш көлінің басым тұздануына жəне жартылай құрғақтануына ықпал етті.
Əлеуетті тəуекелдердің алдын алу немесе оларды азайту мақсатында Қытай жəне Қырғызстан
мемлекеттерімен бірігіп су ресурстарын трансшекаралық тұрғыда басқару туралы үшжақты
келісімді орнатып, қол қою қажет. Қазақстан Су конвенциясының жетекшілігімен ЕЭК БҰҰ
жариялаған трансшекаралық өзен, көл жəне жерасты суларының Бірінші бағалануын
дайындауға белсенді түрде қатысқан еді.
2000 жылы Қазақстан мен Қырғызстан Шу жəне Талас өзендеріне қатысты екіжақты Келісімге
қол қойып, Шу жəне Талас өзендерінің суын тиімді қолдану жүйесін пайдалану жөніндегі
Үкіметаралық Комиссиясын құрды. Комиссия Келісімде көрсетілген су қолдану жүйесін
бірігіп басқаруға жауап береді.
Қазақстан «Орталық Азиядағы плотиналардың қауіпсіздігі: аймақтық қауымдастыққа
қатысты басымдықты арттыру» жобасына қатысады, бұл жобаны Финляндия Үкіметі
БҰҰ Орталық Азия елдеріне арналған Арнайы бағдарламасының (ОАЕАБ) шеңберінде
қаржыландырып отыр. Жоба мына мəселерді шешуге бағытталған: (a) қатысушы елдерді
ұлттық реттеуші шеңбердің үйлесуіне қол жеткізу үшін плотиналар қауіпсіздігін жасауға
немесе қайта қарастыруға ынталандыру; (b) плотиналарда апат немесе төтенше оқиғалар
болған жағдайда ақпарат жəне мəлімет алмасу мақсатында субаймақтық ынтымақтастықты
алға жылжыту. Жоба ЕЭК БҰҰ жəне ЭСКАТО
16
Арал теңізін құтқару жөніндегі Халықаралық
Қордың Атқарушы комитетінің қазақстандық филиалымен бірігіп жүзеге асырылады.
Қазақстан өз аумағында 2007 жылдың қазан айында Алматыда “Өзен бассейндерінің
комиссиясы жəне трансшекаралық су ынтымақтастығының басқа да институттары” семинарын
өткізді. Семинар ЕЭК БҰҰ, БҰҰДБ жəне ЕҚЫҰ бірігіп, Су конвенциясының басшылығымен
жүзеге асрылатын «Шығыс Еуропа, Кавказ жəне Орталық Азия елдеріндегі су
ынтымақтастығының басымдығы» жобасының шеңберінде ұйымдастырылды. Семинардың
мақсаты ВЕКЦА елдерінде шешім қабылдаушы сарапшылар мен тұлғалардың əлеуетін
нығайтуға, сондай-ақ трансшекаралық суларды бірігіп басқаруды мақсат еткен өзен
бассейндерінің біріккен комиссиясын қосқанда, тиімді институттар мен механизмдер құру
жəне оларды қолдау мекемелері аралығында тəжірибе алмасуды қамтамасыз етуге негізделген.
Екіжақты жəне аймақтық ынтымақтастық мəселелері 4.4 бөлімінде жəне 8 тарауда
қарастырылады.
Қалдықтарды жəне химиялық заттарды басқару
2003 жылы Қазақстан қауіпті қалдықтар мен оларды кəдеге асырудағы трансшекаралық
қозғалысты бақылау жөніндегі Базель Конвенциясына қосылды. Базель Конвенциясының веб-
сайтында аталған Конвенцияның Қазақстандағы білікті органы мен жауапты тұлғасы туралы
ешқандай мəлімет берілмеген. Қазақстан зиянды қалдықтар мен оларды кəдеге асырудағы
трансшекаралық қозғалыс салдарынан келтірілген залалды өндіруге қатысты жауапкершілік
пен жəрдемақы туралы Базель Хаттамасымен тең Базель Конвенциясын қолдануға тыйым салу
туралы Қосымшаны да əлі бекіткен жоқ. Базель Конвенциясының талаптарына сəйкес
Қазақстан 2004 жылдан бастап Конвенция Хатшылығына жылдық ұлттық есеп беріп келеді.
Елде зиянды қалдықтарды импорттауға жəне экспорттауға рұқсат беру жүйесі жасалынған.
16
Азия мен Тынық мұхитына арналған экономикалық жəне əлеуметтік комиссия
98
I Бөлім: Саясат жасау, жоспарлау жəне жүзеге асыру
Екінші шикізат жəне өнім түріндегі қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына
шығарудың алдын алатын, зиянды қалдықтар декларациясының жаңа кедендік ережелері
енгізілді. 2006 жылы экспортқа шығарылатын улы заттардың көлемі 98,000 тоннаны құрады
(өндірілетін қалдықтардың жалпы көлемінен 0.042%), бұл қалдықтар негізінен алғанда, Ресей
Федерациясының зерттеу институтына жіберілді. 2007 жылғы Экологиялық кодексте
қалдықтар мен бақыланатын қалдықтар тобын анықтауды қосқанда, Базель Конвенциясының
талаптарымен сəйкесетін зиянды қалдықтардың трансшекаралық қозғалысы туралы бап
қарастырылған.
2007 жылы Қазақстан берік органикалық ластағыштар туралы Стокгольм Конвенциясын (БОЛ
Конвенциясы) бекітті жəне қауіпті химиялық заттар мен пестицидтің жекелеген түрлерін
халықаралық саудаға шығаруға алдын ала келісім беру процедурасы туралы Роттердам
Конвенциясына қосылды.
ҚОҚМ БОЛ Конвенциясының ресми жауапты тұлғасы болып есептеледі. БОЛ қалдықтары
Қазақстан үшін аса күрделі мəселе қатарынан орын алады. Бастапқы баға бойынша
Қазақстанда қалдықтардың көлемі 250,000 тоннаны құрайды екен, яғни, бұл Ресей
Федерациясын қоспағанда ВЕКЦА барлық елдерінің ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш болып
отыр. Аса қобалжытатын өзекті мəселеге айналып отырғаны да осы көнерген пестицидтер
жəне олардың сақталуы, электрлік құрал-жабдықтары (конденсатор жəне трансформаторлар),
бұлардың құрамында полихлорланған дифенилдар (ПХД) бар, сонымен қатар ПХД уланған
аумақтар. БОЛ Конвенциясын бекіту жəне БОЛ бірінші инвентаризациялау дайындығы
БҰҰДБ/ЖЭҚ қолдауымен 2002 жылдан 2005 жылдар аралығында жүзеге асырылған
«Стокгольм жəне БОЛ Конвенцияларының шеңберіндегі міндеттемелерді орындау бойынша
Қазақстан Республикасына бастапқы көмек көрсету» жобасы аясында өткізілді
(қаржыландырудың жалпы көлемі 550,000 АҚШ долларын құрады, соның ішінде 500,000 АҚШ
доллары– ЖЭҚ салымы). Елде осы уақытқа дейін Конвенцияға енгізілген БОЛ бірнеше
номалары мен ережелері жасалынып, қабылданбады. Миссия барысында Роттердам
Конвенциясын жүзеге асырудың тəжірибелік қадамдары туралы ешқандай мəлімет айтылған
жоқ.
Қазақстан химиялық заттарды халықаралық басқару үрдісіне орай жасалынған Стратегиялық
əдіске қатысты (ХХБСҮ). Денсаулық сақтау министрлігі ХХБСҮ жауапты тұлғасы етіп
тағайындалды (Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет).
Халықаралық мағынадағы басқа да экологиялық мəселелер
17
Тəуекелдерді басқару
2001 жылы Қазақстан өнеркəсіптік апаттардың трансшекаралық салдары туралы Конвенцияға
бірікті. ҚОҚМ жəне ТЖМ осы Конвенцияны жүзеге асыруға жауапты білікті органдар болып
тағайындалды. Негізгі жауапкершілік ҚОҚМ жүктелді. Бұл жауапкершілікке мына мəселелер
кіреді: (a) қауіпті өнеркəсіптік кəсіпорындарды анықтау, осы кəсіпорындардың қауіпсіздік
инспекциясын жүргізу; (b) осындай кəсіпорындардың жəне жергілікті орган операторларының
төтенше жағдайларға, ішінара, табиғи апаттардың салдарынан болатын өндірістік апаттарға
дайындығын қамтамасыз ету; (c) олардың салдарына əрекеттесуді ұйымдастыру. Жүзеге
асыру деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Конвенцияны орындаудағы ВЕКЦА мен ЮВЕ
елдері арқылы қабылданатын шараларды күшейту тұрғысындағы көмек көрсету
Бағдарламасына бірікті. Осы аталған қызметтің Қазақстанға 2007 жылдың сəуір айында келген
мүшелері осы елдің туындауы ықтимал өндірістік апаттардың алдын алу, оған дайындығы мен
əрекеттесуіне бағытталған институтционалдық жəне құқықтық шеңбері туралы мəліметтерге
зерттеу жасай отырып, Қазақстан Конвенция шеңберіндегі көмек көрсету Бағдарламасында
сипатталған барлық негізгі міндеттерді толық орындаған деген қорытындыға келді.
17
Қазақстанның экологиялық мəселелер бойынша ақпараттарға, жұртшылықтың шешім қабылдауға қатысуына
жəне əділ сотқа қол жеткізу міндеттерін сақтауы туралы Ақпарат (Орхус Конвенциясы) 3 тарауда берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |